7


  • Учителю
  • Әке-отбасының тірегі Тәрбиелік шара

Әке-отбасының тірегі Тәрбиелік шара

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Әке - отбасының тірегі»

Мақсаты:Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту,әке орнының ерекше екендігін ұғындыру,әкеге деген бала махаббатын ояту. Адамгершілікке,ынтымақтыққа,кішіпейілдікке,ізеттілікке, үлкенге құрмет,кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу.

Мұғалім : Әкенің ақылы керек екен,

Таптырмас ой-сана береді екен.

Алтыннан жасалған үш әріпке,

Өмірде еш нәрсе жетпейді екен- дей отырып құрметті әкелерімізге арналған «Әке - отбасының тірегі» атты тәрбиелік шарамызға қош келдіңіздер!

Әке, әке, әке! Осы үш әріп мейірімді, әрі естір құлаққа жағымды.«Ана - сая болар бағың болса, Әке - асқар тауың» дейді қазақта.Иә, солай. Әке бізге әрқашан мейірімді, сабырлы. Алақанымен аялап, әрқашан шуағын шашып күлімдеп, жаман қылық жасасаң ақырын ғана ақыл айтатын - осы әке. Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке - отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы.

Әке деген кім? Бейнекөрініс

Ақнұр:Нағыз әке ақылгөй де асқар жан,

Барлық ұрпақ әкелерден басталған.

Ал, әкелер, өздеріңе арналған

Бүгінгі той, қуаныш пен мереке.

Мирас: Әкем менің асқар тауым, тірегім,

Бәрінен де сен қымбатсың білемін.

Қанат қағып кетсем алыс қияға,

Сен деп соғар жұдырықтай жүрегім.

Айгерім: Есімде бейнесі әкемнің,

Күлімдеп маған қарайтын.

Мен саған талпынсам,

Құшағын жая сап көтеріп алатын.

Бексұлтан : Сәулелі сөз сөне ме,

Орны бөлек батаның.

Бізге тәлім, өнеге -

Ақ тілеуі әкенің.

Әр сөзінің ақырын,

Жақсылыққа тірейді.

Қадап айтып ақылын,

Көпке бақыт тілейді.

Малика : Атамның ән - күйі ғажайып,

Әжемнің әлдиі ғажайып.

Анамның мейірімі ғажайып,

Әкемнің пейілі ғажайып.

Осындай жақсы әдет ғажайып

Қалмасын ешқашан азайып.

Айбек: Әкем шытса қабағын -

«Байқа балам» дегені.

Алған көп - ақ сабағым,

Жақсы көрем мен оны.

Бойға қуат береді,

«Әй, жарайсың»дегені.

Мен әкемнен әр кезде,

Соны естігім келеді.

Нұржан:Шаршаса да сыр бермеген әкешім,

Сен мен үшін еңбексүйгіш әкесің.

Өзіңде үлгі, ісіңде үлгі ұлыңа,

Кім сүймейді болса өзіңдей әкесін.

Ән: «Әке туралы жыр»

Би: «Аққу» Малика, Дана

«Әке - асқар тауым!» (оқушылардың жазған шығармаларынан үзінді)

Ана туралы монолог

(Ақнұр мен Бекзат)

Көрініс: «Әке еркелігі»

Мұғалім:Сізсіз әке - ең ақылды, ең шыншыл,

Сізсіз әке - ең жақыным, ең сыршыл.

Шуақ шашқан қашанда асыл жүрегің,

Жанымдасың, қамқорымсың білемін.

Қабыл алғын бала - жүрек тілегін.

Ән: «Әкешім» Ақнұр

Нұрдәулет:Менде азамат атанармын өсейін,

Өзің құсап сан түйінді шешейін.

Ұл әкеге тартпай туса қорлық қой,

Қартайғанда менде орныңа көшейін.

Мейіржан Қамқорсың әке өмірде,

Қуатым сенсің көңілге.

Әлпештеп мені өсірдің,

Ұшармын ертең көгіңде.

Айым: Асқар тау әкешім бар сүйенішім,

Ізгілік, адалдықты сүйеді шын.

Қабақ шытса балалық қылығыма,

Ешқашан болмақ емес ренішім.

Нұрбек;Көмегімен біздерді мәпелеген,

Ардақты жан өмірде әке деген.

Бақыттымын өмірде әкем барда,

Сол бастаушым - биікке жетелеген.

Бәрі:Көкке өрмелеп көңілің,

Нұрға толсын өмірің.

Бақытты бол, жан әке,

Ұзақ болсын ғұмырың

Видеокөрсетілім : «Әке мен бала»

Ән: Әке -ана Бекзат,Мейіржан ,Нұржан

Би: Қазақ биі

(Мирас Бексұлтан,Нұрбек,Нұржан,Ақнұр,Айгерім,Еркеназ,Айым)

</<font face="Times New Roman, serif">Мақал - мәтел мен ұлағатты сөздерге зер салайық

1.Нұрбек Әке - асқар тау.

2.Абылай; Әке көрген оқ жонар, Шеше көрген тон пішер.

3. Еркеназ Жақсы әкенің даналығы - балаға мың жылдық азық.

4. Айгерім: Әке - шаңырақтың негізгі тірегі.

5. Нұрдәулет: Бір бала бар - атаға жете туады, бір бала бар - атадан өте туады, бір бала бар - кері кете туады.

6 Дана: Ұл әкеден үйренбей, сапар шекпес,

қыз шешеден үйренбей, өнеге алмас.

7 Айбек Алты аға бірігіп әке болмас,

Жеті жеңге бірігіп ана болмас.

8 МаликаӘке балаға қарыз,

Бала далаға қарыз.

9 МейіржанӘке балаға сыншы.

10 АқнұрӘкеден - ақыл, анадан - мейір.

11 АйымӘкеден безген ұл болмас,

Анадан безген қыз болмас.

12 Нұржан Әке жүрегі таудан үлкен,

Ана жүрегі теңізден терең.

13 Бекзат Әкесі бардың арысы бар,

Ағасы бардың жағасы бар,

Інісі бардың тынысы бар.

14 МирасӘкесіз жетім гүл жетім,

Шешесіз жетім тұл жетім.





Дана :Т. Айбергеновтің «Перзент сыры»

Сен - менің мәңгілікке өлмес атым,

Атымды алып алыс жылға жалғасатын.

Әкеде өсиет бар өмір жайлы,

Балада қасиет бар алға астын.

Сен - менің ұшар басым биіктеген,

Жолыңа тапқанымды үйіп - төгем.

Сен - менің дүрсілдеген жүрегімсің,

Қай нәрсе сол жүректен сүйікті екен?

Айгерім: Ф.Оңғарсынова «Жылу»

Жылылықтан жаралған,құшағы оның таң мекен

Менің айдай анамнан,асқан сұлу бар ма екен.

Мейірім-нұр төгілген,Күн көзіндей жанары

Ойымды оқып өңімнен,дірілдейді қабағы

Жердегі бар тағамнан,ана сүті нәрлі екен.

Бұл жалғанда анамнан Сүйікті адам барма екен

Жер бетінің ғұмыры ,күн нұрымен арайлы,

Біздің үйдің жылуы ,анамыздан тарайды.



Мұғалім:Арамызда, әкетай аман жүрші,

Ақ жүрекпен ақ тілек арнайды ұлың.

Ән: Әкем әнім Айбек Бексұлтан

Көрініс: Әке мен бала

Әке туралы монолог





Мұғалім:

Әке - білек, саусағы - балалары,

Қан тамырмен жалғасқан аралары.

Ана - тамыр, бойымен бәріне де

Тіршіліктің жылуы таралады.

Құрметті әкелерімізге зор денсаулық, жанұяларыңа мол бақыт, еңбектеріңе жеміс тілейміз.































































Әке туралы монолог

Әкедей тірек табылмас

Әкесіз жүрек қағылмас

Асқар тауым тұрмаса

Жаныңның шамы жағылмас



Әкемен өмір мәндірек

Әкемен жатар ән түлеп

Әкеге деген сағыныш

Айтар ем қалар мәңгілік



Әкенің сөзі оқ деген

Әкеден асқар жоқ деген

Қарайып жүрсе қасыңда

Уайым-қайғы жоқ деген



Әкемен басың жоғары

Әкемен орның толады.

Әкесін сүйген баласы

Мәңгі бірге болады.



Аман болсын асқарым

Өтер өмір қас-қағым

Тіршілік тілі әкелер

Қадірлей біл жастарым.



























Ана туралы монолог

Ақнұр:Ана шырақ ұрпағымен жағылған

Өз анасын бар періште сағынған

Құдыретін сезінгендер бас иіп

Ана деген үш әріпке бағынған



Бекзат:Аман болса ана деген ардағың

Күндей болып нұрланады жанарың

Қуаныш пен бар қайғысын өмірдің

Ана ғана көтереді салмағын



Мұғалім: Ана деген жылағанды жұбатқан

Ана мөлдір жаралғандай бұлақтан

Қорған болып аймаласа перзентін

Тәңірінен амандығын сұратқан



Ақнұр:Ана деген түн ұйқысын төрт бөлген

Ана ғана өткізеді өткелден

Жадыратса жаздай етіп жаныңды

Шуағы ыстық аумайтұғын көктемнен



Бекзат:Ана болса жүзіп өтер кемең бар

Анаң болса қартаймайсың деген бар

Тірі кезде қадірлесең анаңды

Шын өкініш жауламайды санаңды.



Ұзақ өмір жасай берсін аналар

Аналарын қадірлесін балалар

Шаңыраққа шаттық нұрын сыйлаған

Аман болсын ақ жаулықты аналар









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал