- Учителю
- Әліппе - білім бастауы 1 класс
Әліппе - білім бастауы 1 класс
Тақырыбы: Әліппе - білім бастауы.
Мақсаты: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін
тиянақтау; өз өнерлерін ата - аналарға көрсету, эстетикалық
талғамдарын тереңдете түсу, өзін өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп,
қастерлеуге тәрбиелеу
Автор: Диана
Жеті жасар баласын,
Жетпісте шал жетектеп,
Келе жатыр көшеде,
Қайда әлгі мектеп деп.
Жетпіс келеді сүрініп,
Жеті келеді жүгіріп.
Ата: Айбар
Балам, балам жақсы бол,
Міне, сенің мектебің.
Сабағына зейін сал,
Ақылды бол, тентегім.
Немере: Азат
Қыркүйекте келдім де,
Сыныпқа кірдім қуанып
Қарсы алды ұстаз мейіріммен,
Қадамымды құп алып.
Мұғалім: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біздің
қуанышымызда шек жоқ. Бүгін сіздер 1сынып оқушыларының «Әліппемен
қоштасу» ертеңгілігіне келіп отырсыздар.
Ортаға әліппемен қоштасқалы отырған барлдырғандарымызды шақырайық.
Әуенмен: ортаға келеді
Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі оқып жазатын хәлге жетті.
Құтты болсын білімі балалардың!
Ата-ана қуанып шаттанады,
Оқыды деп баласы мақтанады.
Алдарына бұлардың кім шығыпты,
Барлық маман мектептен аттанады.
Құттықтау сөз:
Ұлағатты ұстаз,мектеп директоры Адилхан Темирхан Адилханұлына
беріледі.
1 - басқарушы: Абдунұр.
Так, так, так
Бәрің бері қараңыз.
Бүгін бізде
Болмақ қандай шара?
2 - басқарушы: Нұрсат.
Тағзым етем, тақсырым,
Айтайын мен жан сырын
Естідім ұзынқұлақтан
1 сыныбында салтанатты шара бар дегенін.
1- басқарушы: Абдунұр.
Ассаламағалейкум, уа, халайық!
Армысыздар аналар,
Бармысыздар балалар,
Сөзіме құлақ салыңыз,
Бір серпіліп қалыңыз.
Әліппеге арналмақ
Бүгінгі жыр, әніміз!
2-бастаушы:
Нұрсат:
- Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! ертеңгілікті бастауға
рұқсат етіңіздер.
1- басқарушы: Абдунұр.
Келеді бүгін ертекке,
Ән салып, би билемекке.
Қоштасқалы отыр екен
Сүйікті кітап Әліппемен.
2-бастаушы: Нұрсат
- Ал ендігі кезекті сыныптастарымызға берейік.
1 - оқушы: Диана Кавалхаан.
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарында қызғалдақтай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
2 - оқушы: Нұрхан
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата - аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
Алдияр: - Бүгін біздің қуанышымызда шек жоқ, өйткені, тұңғыш
рет сауатымызды ашқан жақын досымыз «Әліппені» бітірдік.
Мира: - Мен енді алыстағы туыстарыма өзім-ақ хат жазып,қысқа
әңгімелерді де бөгетсіз оқи аламын, қуаныштымын.
Еркеназ: - Біздер осы уақытқа дейін көп нәрсені үйрендік. сурет
салуға,
ән айтуға, есептеуге, денемізді шынықтыруға, еңбек етуге
үйретті.
Ән: Біз өмірдің гүліміз (Хор)
Мұғалім: Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл - ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
- Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастаймын. Сендер оған жауап
айтыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен: Болашаққа жол ашқан,
Ол сүйікті Әліппе!
Мұғалім:
- Олай болса, бәрімізге ең қымбат
Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе, Әліппе!
Әліппе: Мадина
Менің атым - Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ер жеткен,
Ағаң менен әпкең де.
Армысыздар жас достар!
Армысыңдар, ата - ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Мерекеңмен құттықтаймын
Бүлдіршіндер, балғындар!
Не үйреніп, не білдік
Кәне ортаға салайық.
Әліппе: - Осы сендер қандайсыңдар?
Азат:
- Талабы биік таудаймыз.
Альбина:
- Мың бұралған бишіміз.
Данияр:
- Біз шеберміз.
Қалыбек:
- Ақылдымыз.
Ердәулет:
- Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз.
Қуаныш:
- Көп оқимыз.
Барлығы: Біз - қазақ елінің болашағымыз.
Тақпақтар:
2- басқарушы: Нұрсат
Әліппені бітірдім,
Жаза аламын атымды.
Әліппені бітіріп,
Бала болдым ақылды.
1 - басқарушы: Абдунұр.
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға Ана тілін аламыз.
Ата - ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз,
1-оқушы:Еркеназ
Қош бол, құтты Әліппем,
Көп нәрсені үйреткен!
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеткен.
2-оқушы: Қуаныш
Ең алғаш қолға алғанда Әліппені,
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың,
Ұстазым маған кілтін алып берді
3-оқушы:Нұрхан
Әліппем-жаттаған жақсы әнім,
Сенімен мектепті ашқаным.
Ұстаздың соңына ілесіп,
Бастадым білімнің дастаның.
4-оқушы:Мира
Оқитын әрі жазатын
Білімге қол созатын.
Оқушы болдық сауатты,
Білімнің кілтін ашатын.
5-оқушы:Азат
Әліппем, менің Әліппем,
А деген бастап әріппен.
Сөз құрап жаза бастадым,
Тақылдап таңба танып мен.
6-оқушы:Асылан
Осылай алға бастадым
Әр әріппі жаттадым,
Жаттаған сайын әріпті,
Сөз құрапжаза бастадым.
7-оқушы:Қалыбек
Іші толы әріпке,
Мынау - әйбат Әліппе.
Барлық ілім-білімнің,
Әжесі - осы Әліппе!
8-оқушы:Әділ
Жазуды да жазамыз,
Суретті де саламыз.
Нұрға толған санамыз,
Біз өнерлі боламыз.
9-оқушы:Бекжан
Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,
Алфавитті алғаш сенен жаттадым.
Ұстаз - ана естен кетпес мәңгілік,
Мейіріммен жауырыннан қаққаның.
10-оқушы:Диана К
Ұйретіп бізге алғаш Әліппені,
Ұстазым ғылымға жол салып берді.
Адамның ой - арманы, мақсаттары,
Оқудың сәулесімен жарық көрді.
Ән: Әліппе,Әліппе! (хор)
11-оқушы:Альбина
Жақсы кітап әліппе,
үйретеді әріпке,
Қуыршақпен қоштастым,
Әріптермен достастым.
12-оқушы:Ердәулет
Жүзің жылы, құшағың кең,
Сенен түлеп ұшамын мен.
Өзің берген біліміңмен,
Биіктерге шығамын мен.
13-оқушы:Нұрберген
Әліппе-білім анасы, Әліппе -кітап данасы. Әліппе бетін ашпаған, Адамның бар ма баласы?!
14- оқушы : Қуандық
«Әліппем», менің «Әліппем» Сені қолға алып мен. Есігін аштым мектептің, Ертеңгі сәуле жарықпен.
15. оқушы : Ринат Ашыла берді алдымнан Кең дүние есігі Соғылған сандар алтыннан, «Әліппе»-білім бесігі.
16- оқушы: Диана. «Әліппе»деген -алтын жол, Апарар сені алысқа. Жеңіл емес, ауыр жол, Тырмысып бақ намысқа.
17-оқушы. Данияр Оқуды көп ойладық, Қызығына тоймадық. Әріптерді үйреніп, Сауат аштық, тойладық.
18-оқушы:Айбар Болашаққа жол бастар, Балаң келді ортаға Білім деген ғажаптың, Әліппесін меңгерген. Болашағы қазақтың, Басталады біздерден.
19-оқушы:Алдияр
Қош бол, құтты Әліппем,
Көп нәрсені үйреткен!
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеткен.
Жүргізуші:Нұрсат Балаларға ақ тілек.
Жүргізуші:Абдунұр Болашаққа бақ тілеп.
Хормен: Біздерге білім үйреткен,
Әліппе саған рахмет.
Әліппе: Жарайсыңдар, менің ақылды достарым!
Сендер әріптерді жақсы меңгеріпсіңдер.
Мен сендерге ризамын.
Кір шалмасын беттерін,
Таза болсын оқулық пен дәптерің.
Оқығандарың есте болсың,
Күнделіктерің 5-ке толсын!
Қош сау болыңдар!
Жүргізуші: Нұрсат Бәрімізді сүйіп өткен,
Жүргізуші: Абдунұр Балаларға үйреткен.
Хормен. Әліппе мен ұстазға
Бас иеміз құрметпен.
Ән. « Жарқын жұзді ұстазым» (Хор)
Ойын: «Қар жауады жапалақтап» 3-оқушы оқу өнерін көрсетеді.
Мира,Абдунур, Нұрсат.
Мұғалім: Балалар ,енді Әліппенің орнына Ана тілі, жазудың орнына Қазақ тілі кітаптарын оқитын боласыңдар.
Бізге,Ана тілі кітабы қонаққа келіпті
Мұғалім:Қош келдіңіз,ана тілі
Ана тілі: Жарқынай
Сәлем достар ой, саналы,
Әрбір сөзі ой салады.
Ғылым тәлім өнарім көп,
Достасқанға берерім көп,
-Балалар енді мені оқитын боласыңдар.Мен сендерге көп қызықты ертегі,жұмбақтар айтып беремін.Мені ынта қойып оқысаңдар,көп нәрсені үйренесіңдар. Үлгілі де адал болып ,биіктерден көрінулеріңізге тілек білдіремін.
Жүргізуші: Әбдунұр
Баланың да тірегі,
Дананың да тірегі.
Шаншылмасын ешқашан,
Аналардың жүрегі.
Жүргізуші:
Нұрсат. Ақыл құйған санама,
Күннен де артық расында.
Күн - алыста, ал анам,
Ылғи менің қасымда.
Мұғалім: - Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге жүрген
аналар мен әкелеріміз, аталар мен әжелерімізге мың алғыс айтамыз.
Ендігі ән сіздерге арналады.
Ән : «Ақ мамам» Орындаушылар: Диана, Мира,Нұрсат,
Альбина,Еркеназ,Диана.
Көрініс: «Жалқаубектің жауабы» Бекжан мен Қуаныш
Би: «Боз жорға»
Шетел биі: бишіміз Д.Ермекбаева
Ән: «Асыл анам» Орындайтын: Сәрсенбай Асылан,Кавалхаан Диана
Вальс: «Мектеп»
Ән:Ұландар 1-класс ұлдары
Оқушыларды марапаттау
«Әліппені оқысаң сен қастерлеп,
Марапатқа лайықсың ,сен жас бөбек!»
Мұғалім: Жүрекке жылы сөзбен тілек айтар,
Сөз берейік әкелер мен аналарға.
Мұғалім:
Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар,
Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен, үлкеннен бата сұралар.
Ағай: «Бата»
Мұғалім:
Қымбатты балалар!
Мектептегі алғашқы жетістіктеріңмен құттықтаймын!Әліппе сендерді тек әріптермен таныстырып қойған жоқ,сендерді бір-бірімен достыққа ,мектеп ережесін орындайтын тәртіпті оқушы болуға да үйретті .
Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!
-Құрметті қонақтар!
- Уақыттарыңызды бөліп қуанышымызға ортақтасып келгендеріңізге көп
рақмет!
- Қош сау болыңдар.