7


Класный час на тему Құстар

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Құстар біздің досымыз. Мақсаты:Оқушы санасында құстар туралы ұғым қалыптастыру,ой-өрісін,тіл байлығын,шешендік өнерін дамыту,қанатты достарды қорғауға,оларға қамқорлық жасауға баулу арқылы экологиялық тәрбие беру.

Көрнекілік:торкөз,сөздер,кітап

Барысы:Кіріспе:Сәлеметсіздер ме?Құс күні мерекесі алғаш рет 1924 жылы Смоленск облысына қарасты Ермолинск селолық мектебінде өткізілген.1925 жылы Мәскеу қаласындағы жас натуралистердің Орталық биологиялық станциясының үндеуі бойынша «Құс күні» көктем мерекесі болып жарияланды. Содан бері жыл сайын барлық мектептерде өтіліп келеді.Бүгінгі күні біз де 1 сәуір Құстар күніне орай «Тапқыр достар атты бағдарлама бойынша Құстар біздің досымыз тақырыбында ойын өткіземіз.

Құстар біздің досымыз Балалық қып қызбайық

Құс ұясын бұзбайық Құс ұясын бұзбайық

Ей,балалар,балалар Жұмыртқасын алмайық

Аман болсын аналар Обалына қалмайық

Құстарда да ана бар Тақия тұзақ салмайық

Құстарда да бала бар Қарғысына қалмайық

Кім сүймейді баласын Әдейі көздеп атпайық

Осылар еске түскенде Көп күнәға батпайық

Ойыңда әбден піскенде Балалар мұны ұғыңдар

Бір ойланып қаласың Уәдеден де шығыңдар

Тырнақтай құстың жауы көп Құстар біздің досымыз

Құрулы ажал ауы көп Ұшып жүрсе аспанда

Сыр түйеді жас жанға

Адамзатқа құс не береді?

  1. Құс адамды аспанда қалықтау сезіміне бөлейді.

  2. Құс адамға қуаныш сыйлайды

  3. Бояу,ән,қимыл-қозғалыс,шабыт құс арқылы келеді

  4. Қиялдау,бостандықты көзбе көз көру,әсемдікті түсіну үшін құс адамға көп нәрсе береді

  5. Құстың ой-өрісімізді кеңейтуде алатын орны зор

  6. Қаншама нәзік болса да,құс өміріміздің салтанаттық символына айналды

  7. Әсемдік пен поэзияны түсінуге,бостандық пен қуанышты сезіне білуге көмектесіп,қанаттандырып отырады

  8. Құссыз әлем қаңырап бос қалар еді.

1.Сөз тапқанға қолқа жоқ.

  1. Құстардың негізгі мекені

  2. Қандай құс хат тасушы атанған

  3. Қай құста мүлде ұя болмайды

  4. Адам қай құсты аң аулауға пайдаланды

  5. Қай құстар суда жүзеді

  6. Сізге қандай құс ұнайды

  7. Құс атымен аталатын адам есімдері

  8. Бізде мекендейтін құстар

  9. Құстар қашан ұшып келеді

  10. Қай құс махаббат символы

  11. Құстар туралы қандай әндер бар

  12. Аққуды атуға болама

  13. Ең суыққа төзімді құс

  14. Құс патшасы

  15. Әнші құс

  16. Ең кішкентай құс

  17. Құстардың баласын қалай атайды

  18. Құс немен қоректенеді

  19. Көктемде құстар қайдан келеді

  20. Ең алдымен қай құс келеді

  21. Әтеш қалай шақырады

  22. Қазды қалай шақырасың

  23. Сөйлей алатын қолға үйретілген құс

  24. Ең үлкен құс

  25. Өз атын өзі шақыратын құс

  26. Биылғы жыл құсы

2:Ойлан тап

Суреттер мен сөздер: Тоқылдақ,қаз,қарға,тауық,бүркіт,аққу,қанат,ұя,торғай,қарлығаш, тырна,пингвин,жұмыртқа,көкек,сауысқан,үйрек,балапан,бұлбұл, қараторғай,қырғи

3:Сен білесің бе?

5

10

5

15





15





5





10

5

1-5 сұрағы;Құстар неге ұшады,ал адамдар неге ұша алмайды?(Құстарда алдыңғы екі аяқтың қанатқа айналып,сүйектердіңберік және жеңіл болуы-құстардың ұшуға бейімделген қасиеті.Мұндай қасиет адамдарда болмайтындықтан адамдар ұшпайды.)

2-10 сұрағы;Мұрт атауы тауықтың құрылысында кездесе ме,әлде мысықта ма?(Ол атау тауықта да,мысықта да кездеседі.Тауық қауырсынының пәрінің мұрты болады)

3-5 сұрағы;Ең ірі алып құс (Анд кондоры)

4-15сұрағы;Шәй қайнатып шағала, Бәрін шайға шақырды. Келді сегіз шағала, Неше шағала шәй ішті.(9)

5-15сұрағы; «Тіршілікте айнымасқа тағдыр қосқан,

Құс едің ғой,кең далама бауыр басқан» әнінің аты қандай?(бозторғайым)

6-5 сұрағы;Құсбегі деген кім?(Құстарды баптайтын адам)

7-10 сұрағы;Су тазалығын сақтайтын санитар құс (шағала)

8-5 сұрағы;Тосын сый (Әтеш болып үш рет шақыр)(кукареку)

4.Сөз ойла ,тез ойла.

Тоқылдақ

5.Өнерпаз болсаң.

(Тақырыпқа сай өз өнерлерін көрсету)

Қорытынды:Адамның өзі табиғат перзенті болғандықтан табиғат анаға аялы алақан,жүрек жылуын арнау әрбір саналы адамның парасатты парызы.1 сәуір құстардың мерекесі.Бұл күнді қанатты достарымыз сезбесе де,оларға деген қамқорлық қолымызды созу міндетіміз.Енді осынау бүгінгі тақырыбымызға арқау болған құстар,оның ішінде бейбітшілік құсы атанған « Ақ көгершін» әні және мынадай батамен аяқтайық

Ал,балалар қарағым

Қолдарыңды жая қой

Ақ батамды ала қой

Жаратқан Алла сендерге

Тотының сәнін берсін

Бұлбұлдың әнін берсін

Бүркіттің қырағылығын берсін

Сұңқардың әдемілігін

Аққудың махаббаты мен іңкәрлігін берсін

Ең абзалы,жасын берсін

Әр ісің қарлығаштай жылдам болып

Барлық құстардың еңбекқорлығын берсін

Ақылды ұл-қыз болып өсуіңе

Құдай қолдап,аруақ оңдасын (әумин)































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал