7


  • Учителю
  • «Ал, қанекей, жігіттер!» атты сайыс

«Ал, қанекей, жігіттер!» атты сайыс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Ал, қанекей, жігіттер!» атты сайыс

Өтілу формасы: Конкурс (сайыс)

Мақсаты: Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Өнерді тануға, қызығушылыққа баулу, әдептілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.

Әдісі: Ойын сауық, жарыс.

Пәнаралық байланыс: Тарих, әдебиет, бейнелеу өнері, биология, еңбек.

Көрнекілігі: Ұлағатты асыл сөздер жазылған плакаттар, қабырға газеттері, сурет көрмесі, қолөнер бұйымдары.

І. Ұйымдастыру бөлімі:

- сайыстың тақырыбымен таныстыру,

- сайысқа қатысушы оқушылармен таныстыру,

- әділқазы алқаларымен таныстыру.

- сайыстың шарттарымен таныстыру, (плакатта жазулы тұр)

ІІ. Сайыстың барысы:

ІІІ. Сайыс қорытындысы.

Сайыс барысы:

Жүргізуші:

Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін қолдамақ
Ел намысын қорғамақ.
Жігіттер шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ.
Құрметті көрермен қауым қол соғып, қошеметтеп жігіттерді ортаға шақырайық.

1) - Армысыздар қадірменді көрермен қауым! Бұл сайысқа 7 сыныптың жігіттері өз өнерлерін көрсетуге келіп отыр.

Ендігі сәтте бүгінгі сайысымыздың шартарымен таныстырып өтейін.

1-шарт. «Сәлем - сөздің атасы»

2-шарт. «Бәйге» сұрақ-жауап сайысы.

3-шарт. «Кім жылдам?» (8 мин)

а) Картоп аршу, жуа турау

ә) Инені сабақтап түйіндеу

б) түйме қадау

в) 1 мин ішінде инеге бисер өткізу (кім көп тізіп шығады).

4-шарт. «Шаш өру»

5-шарт. «Жігітке жеті өнер де аз» (оқушыларға қағаз,желім,лента түрлі-түсті қағаз)

Өнер, білім, өнеге тұнған дарын,

Өнерліге өз басым таң қаламын.

Өнерді әділдікпен бағалайтын,

Таныстырайын әділқазы алқаларын.

Әділ қазылар алқасын сайлаймыз.


«Бәйге» 1 оқушы

1. Ұлттық бас киімді ата. (сәукеле, тақия, бөрік т.б.)

2. Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам (құрт)

3. Азық-түлік тапшы болғандағы жұт түрі (аштық)

4. Үш арсызды ата. (ұйқы, күлкі, тамақ)

5. Ою-өрнек түрлері нешеге бөлінеді. (4), (жануар тектес, өсімдік тектес, геометриялық, космогониялық).

6. Химиялық талшықтар нешеге бөлінеді? (жасанды, синтетикалық)

7. Мал сүйегінен шығарылатын дәмі, иісі жоқ мөлдір тағам желімі, ұнтақ немесе сары түстес кесек түйіршіктер (желатин)

8. Киізге ою-өрнек басып жасалған кілемше (түскиіз)

9. Кестелеуге ине мен жіптің қандай түрін алған жөн? (жіңішке ине, кесте жіп)

10. Қандай қолданбалы өнер түрлерін білесіңдер? (кілем тоқу, құрақ құрау, киіз басу, сырмақ сыру)

«Бәйге» ІІ оқушы

1. Табиғи жүнді неден алады? (қой, ешкі)

2. Кешке жатарда асты неше сағат бұрын ішу керек? (3 сағ)

3. Қамырдың негізгі шикізаты (ұн)

4. Көкөністен дайындалған салқын тағам. (салат)

5. Тамақ әзірлеу өнері (кулинария)

6. Тігін машинасының әкесі кім? (Элиос Хоу)

7. Иық бұйымына жататын қазақтың ұлттық киімі (камзол)

8. Шым кесте тігу үшін қандай маталар түрі пайдаланылады? (мақта мата, сиса, кенеп, жібек)

9. Тағамның энергетикалық құндылығы немен өлшенеді? (каллория)

10. Шыт, атлас, жібек (мата)

11. Қолдан тоқылған суретті-кілем (гобелен)

«Бәйге» ІІІ оқушы

1. Тамақтан соң ауыз сүртуге арналған орамал. (салфетка)

2. Бидайдан әзірленген ұнтақ (манка)

3. Адам баласы тәуліктің қай мезгілінде жақсы тамақтану керек? (түсте)

4. Кестелеу үшін қандай құрал керек? (кергіш, оймақ, ине)

5. Сумоншақтың орысша атауы (бисер)

6. Ежелден келе жатқан кәсіп (қолөнер)

7. Ұсақ моншақ қай елде алғаш пайда болған? (Египет)

8. Құрақтың қандай түрлерін білесің? (жұлдыз, ботагөз, тырна қатар, шаршы, шахмат)

9. Нанның кептірілген бөліктері (сухари)

10. Түксіз кілем (алаша)

«Бәйге» оқушы

1. Картоптан жасалған ботқа (пюре)

2. Моншақпен тоқуда керекті құрал заттың бірі (сым)

3. Шашқа тағатын әшекей (шашбау)

4. Бағалы металл (алтын)

5. Үйдегі машина, бірақ онымен ешқайда бара алмайсың. (кір жуатын машина, тігін машинасы)

6. Тістегі пломбаны тартып шығыратын кәмпит (ирис)

7. Мойынға тағатын әшекей (алқа)

8. Су моншақты ең көп шығаратын ел (Жапония)

9. Түрлі тігіс тігетін бұйым (машина)

10. Уақытша тігістің түрі (көктеу)

3-шарт. «Кім жылдам?»

а) Картоп тазалау. (әр топтан 1 қыз шығып, картопты тез әрі жұқа, әрі үзілмеген етіп аршылуы керек).

б) Инені сабақтап, түйіндеу. (тез әрі дұрыс істеуі керек).

в) Түйме қадау. (түйме мата түсіне сәйкестігіне, ине, жіп түйілгені ескерілуі керек).

г) Бисер тізу. (1 мин ішінде сабақталған инеге бисер өткізу керек. Ең ұзын тізбек тізген оқушы жеңеді)

4-шарт. «Шаш өру» Бұрымды арулардың шашын жігіттер өреді ең әдемі өрілген шашты бағалау.

5-шарт . «Жігітке жеті өнер де аз» оқушылардың алдына берілген заттардан 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне құттықтау қағаз немесе гүл шоқтарын жасау.

Ендеше іске сәт сайыскерлер!

Осымен бүгінгі сайысымыз мәресіне жетті. Ал қазір кімнің ұпайы көп екенін білу үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз. Жеңген оқушылар мараппатау қағазымен мараппаталады.

Жігіттер, бүгін сендер өз білімдеріңді ортағас салып тамаша өнерлеріңді алдарыңда отырған Аналарыңа, сыныптас құрбыларыңа көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан жігіттерімізге және көрермендерімізге үлкен алғысымызды айтамыз.

Қорытынды: Салт-дәстүр, әдет-ғұрып ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасып келе жатқан халқымыздың асыл мұрасы. Салт-дәстүрлер қоғамдық әлеуметтік дүние, ол халықтың мінез-құлқы мен іс-әрекетінің рухани негізі. Халқымыздың осындай баға жетпес құнды қазынасын бүгінгі ұрпақтың санасына сіңіріп, әрі қарай жалғастыруына мүмкіндік жасау басты мақсатымыз.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал