- Учителю
- Білім барда ілім бар тәрбие сағаты 5-класс
Білім барда ілім бар тәрбие сағаты 5-класс
Тәрбие сағатының тақырыбы: Білім барда ілім бар!
Мақсаты:
1. Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету.
2. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.
3. Тапқырлыққа, ұтқырлыққа баулып тәрбиелеу.Жылдамдық пен алғырлыққа үйрету.
Көрнекілік: жұмбақтар, өлең жолдары, үзінділер, презентация.
Түрі: интеллектуалды ойын-сайыс
Ойын барысы:
І. Ұйымдастыру.
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.
Ойынға 2 топ қатысады. Ойын ІV айналымнан тұрады.
-
Құпия сандық
-
Ойлан тап
-
Айшықты сөздер
-
Білгенге маржан
Ойын ережесімен таныстыру.
Ойынды бастамас бұрын, әр оқушы өзін таныстырып кетсін.Болашақтағы ұстанымын, өзіне ұнайтын, сүйіп оқитын пәндерін айтып кетсін.
Енді ойынымыздың І- айналымын бастаймыз.
І -айналым «Құпия сандық»
Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 2 тілде (қазақша, орысша) айтуларың керек. Әр оқушыға кезекпен жасырылады.Әр жауапқа 2 ұпайдан қойылады.Егер қазақшасын немесе орысшасын ғана айтатын болса 1 ұпай беріледі.
1-топ: Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады көп. (аяз - мороз)
2-топ: Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық. (қар - снег)
1-топ: Бірін-бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос-жаран. (әріп - буква)
2-топ: Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш - линейка)
1-топ: Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян - заяц)
2-топ: Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды.(мысық - кошка)
1-топ: Жеп көріп ем өзім мен,
Жас шығарды көзімнен. (пияз - лук)
2-топ: Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы. (түлкі - лиса)
1-топ: Әттең, даусым, тілім жоқ,
Құшағымда білім көп. (кітап - книга)
2-топ:Суға батпайды, отқа жанбайды,
Айнымайды шыныдан, қорғады тек жылыдан. (мұз-лед)
1-топ: Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады. (күн-солнце)
2-топ: Тігіп алып көк шатыр,
Қызыл күрең доп жатыр. (қызылша-свекла)
1-топ: 1 санға өсірді.
Өзі қалып орнында,
Бізді алға көшірді. (сынып-класс)
2-топ: Сақталады алты ай жаз,
Сандығымда сары аяз. (тоңазытқыш-холодилник)
1-топ: Екі аяқпен кезек-кезек тебеді,
Зыр жүгіре береді
Ол тынымсыз домалап .(доп-мяч)
2-топ: Ағайынды бес туыс
Жамылатын тоны бар.
Бесеуінде бес қуыс,
Сырттан кірер жолы бар. (қолғап-перчатки)
ІІ айналым «Ойлан, тап»
Бұл кезеңде ұлы ақын-жазушыларымыздың шығармаларынан үзінділер беріледі. Әр оқушыға 1 шығармадан үзінді (өлең, әңгіме) беріледі. Үзіндіні оқып, шығарманың атын және авторын табу қажет.Әр дұрыс жауапқа 2 ұпайдан .Егер шығарманы тауып, авторын таба алмаса 1 ұпай береміз.
1.Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
(«Қыс». А.Құнанбаев)
2. Өнер, білім бар жұрттар,
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып-жұмғанша
Жылдам хабар алғызды.
(«Өнер, білім бар жұрттар». Ы.Алтынсарин)
3. «Құлыным, Қайрошым... Қайда жоғалып кеттің...-деп, әлсіз ғана шыққан дауыс естіледі.Осы төрт-бес сөз өзің ес білгелі ана дегенді танытатын қандай мейірім, қандай сезім болса, соның бәрін бір-ақ көшіріп әкеп, ып-ыстық етіп жүрегіме құйып жібергендей болды.»
(«Ана құшағында» Ғабит Мүсірепов)
4.Кейде күнмен теңесем,
Таласып күнмен мен өсем,
Гүл теремін жерімнен,
Бірге туған елімнен
Өсіп келе жатырмын.! («Өсіп келе жатырмын» Төлеген Айбергенов)
5. «Көзін ауылға келгесін екі күннен соң ашты.Жұрт асырауға көнеді десті.Кішкене Құрмаш Көксерек деп ат қойып алды. Ертеңді-кеш айналасынан шықпайды.Өзіне жеке асқұйғыш-итаяқ әзір болды.»
( «Көксерек» М.Әуезов)
6. «Кадет корпусында оқитын балалар да түс ауа осы Ертіс бойына келеді.Омбы қаласына келіп, оқуға түскен кішкентай Шоқан қаланың қамау көше, тар үйлерін тосырқап, көпке дейін үйрене алмай жүрді.»
(«Қырдың жас түлегі» Сапарғали Бегалин)
Мұғалім:
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,
Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.
Сондықтан да келеді біле бергім
Білімдіні сүйерін білім елдің,- дей отырып,
IІІ айналымды бастаймыз «Егер де мен Президент болсам…»
Бұл айналымда сіздер шешендік өнерлерініңізді және басқарушылық өнерлеріңізді көрсетесіздер.
Сергіту сәті
Ойынымыздың соңғы айналымы «Білгенге маржан» деп аталады
Бұл айналымда 3 пән беріледі.Оқушылар сол пәндердің біреуін таңдап сұрақтарға жауап береді.
1. Мен бір сан ойладым, оған 30-ды қосқанда 80 шықты. Мен қандай сан ойладым?(50)
2. 1дм - де неше см бар?(10)
3. Бір бала қалаға бара жатыр еді, жолда 3 танысы шықты. Қанша адам қалаға бара жатыр? (1)
4. 5 ондық пен 7 ондықтың арасындағы толық ондық?(60)
5. Туристер 3 адамнан 3 қайыққа отырып, жорыққа аттанды. Барлығы неше адам жорыққа аттанды?(9)
6. Ұзындығы 2см және 4см тік төртбұрыштың периметрін тап?(12)
7. Екі адам тоғызқұмалақты 2 сағат ойнады. Әрқайсысы неше сағаттан ойнады?(2)
8. 2 жылда неше ай бар?(24)
9. Екі шеті тұйықталған түзу сызық не деп аталады? (кесінді)
10. Үстелдің 4 бұрышы бар, бір бұрышын кесіп тастағанда оның неше бұрышы болады?(5)
Жаратылыстану пәнінен
1. Қай құс өз атын қайталай береді? (көкек)
2. Құлағы үлкен жануар (піл)
3. Сезім мүшелерін ата (көз, тері, мұрын)
4. Киелі құс (Аққу)
5. Ұша алмайтын құс (түйеқұс)
6. Өсімдік мүшелерін ата (тамыр, сабақ, жапырақ)
7. Ауаның ластану себептері (қоқыс қалдықтары)
8. Дәрілік өсімдіктерді ата (меңдуана, адыраспан)
9. Шөлге шыдамды жануар (түйе)
Қазақ тілі және әдебиет пәндерінен сұрақтар қойылады.
1. Үш биді ата.
2. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
3. Ы. Алтынсарин не ашқан?
4. "Ғылым таппай мақтанба " өлеңінің авторы кім?
5. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
6. Сөз таптарын ата
7. Ертегілердің қандай түрлері бар?
8. Ахмет Байтұрсынов кім?
Қорытынды: Құрметті оқушылар осымен біздің «Білім барда ілім бар» интеллектуалды сайысымыз аяқталды.Қатысып, өз бақтарыңызды сынағандарыңызға көп рахмет.Алдағы уақытты осындай сайыстардан қалыс қалмай қатысып жүріңіздер.Еліміздің болашағы білімді ұрпағында демекші білімді азамат болып өсіңіздер.