7


  • Учителю
  • Ашық тәрбие сағаты ' Маңғыстау - аңыз арманым!'

Ашық тәрбие сағаты ' Маңғыстау - аңыз арманым!'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мақсаты: Оқушыларға Отан, туған жеріміз Маңғыстау туралы тереңірек түсінік бере отырып бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімді ояту, өз Отанын, туған жерін сүюі, ұлтын жанындай сүйетін саналы, білімді азамат қалыптастыру.

Көрнекілігі: слайд, қанатты сөздер


Барысы. 1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата - аналар мен оқушылар!

2-жүргізуші: Бүгінгі 6 «ә» сыныбы өткізгелі отырған «Маңғыстау - аңыз арманым» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Хор «Қазақстаным менің»

Әні мен сөзі ақын әрі сазгер жерлесіміз Көмек Ыбырайұлынікі

  1. Әлемге аян кең төрі

Ұл - қызы батыр, зерделі

Алтын заңымен көркейер

Егемен елдің ертеңі


Қайырмасы:

Думанға толы айнала

Бағында бұлбұл сайраған

Жомарт қой дархан бай далам

Қазақстаным менің!

Тура жұлдызым таңдаған

Армандар алға жалғаған

Ғажап қой дархан бай далам

Қазақстаным менің!


  1. Осынау елден бақ табам,

Осынау елде шат болам

Мерейін елдің арттырған,

Астанам менің - асқақ ән


Қайырмасы:

Думанға толы айнала

Бағында бұлбұл сайраған

Жомарт қой дархан бай далам

Қазақстаным менің!

Тура жұлдызым таңдаған

Армандар алға жалғаған

Ғажап қой дархан бай далам

Қазақстаным менің!



1-жүргізуші: Кешегі Ақтау бірқатар ақын - жазушыларымыздың шығармаларына арқау болып, бүгінгі Ақтау жырдың бесігінде тербеледі.

2-жүргізуші:

Ақ қала Маңғыстаудың ақ тасынан,

Көк теңіз көбік шашқан тап қасынан.

Арманға аттанды ақ кемелер

Қазақтың жалғыз теңіз қақпасынан.

Ән: «Жаса, Қазақстан» Орындайтындар: Қуаныш Нұрғиса, Игильманов Олжас, Манасов Муслим, Марат Дінмұхаммед

1.Бабалар бұл жерде елін қорғап терлеген

Батырлар бұл жерде намыс қолдан бермеген

Жерін қорғап қазақ жауға қылыш сермеген

Қазақстаным, Қазақстаным

Ал қазір бізге мақтаныш қазақ даласы

Байлығы мол тағы бар жау жүрек баласы

Арманға бастаған құрылған көп қаласы

Қазақстаным,Қазақстаным

Қайырмасы

Алға, Қазақстан,Қазақстан

Самға , Қазақстан,Қазақстан

Жаса, Қазақстан,Қазақстан

Байлығым менің, тәуелсіз елім!

Алға, Қазақстан,Қазақстан

Самға , Қазақстан,Қазақстан

Жаса, Қазақстан,Қазақстан

Байлығым менің, тәуелсіз елім!


  1. Баршаға танулы ұлан байтақ жерім бар

Егемен тәуелсіз қазыналы елім бар

Ашық көк аспаным, асқарлы тау көлім бар

Қазақстаным, Қазақстаным!

Жасасын қазағым, жаса батыр жастарым

Желбіретіп туды жеңіске жол бастаған

Елбасы, тарихы мәңгі болсын дастаным

Қазақстаным, Қазақстаным!


Қайырмасы

Алға, Қазақстан,Қазақстан

Самға , Қазақстан,Қазақстан

Жаса, Қазақстан,Қазақстан

Байлығым менің, тәуелсіз елім!

Алға, Қазақстан,Қазақстан

Самға , Қазақстан,Қазақстан

Жаса, Қазақстан,Қазақстан

Байлығым менің, тәуелсіз елім!

2-жүргізуші: Біздің Маңғыстау облысы 1973 жылдың 20 наурызында құрылды. Бұған дейін ол бұрынғы Гурьев, қазіргі Атырау облысына қайтадан Атырау құраман берілді.

Біздің Маңғыстау экономикалық үлкен мүмкіндіктері мен әлеуметтік жағдайларына қарай 1990 жылы дербес облыс болып, жеке шаңырақ көтерді.

Маңғыстау жері - мұнай мен газдың фосфорит пен көмірдің, марганец пен ұлутастың аса бай мекені.


Ән: «Туған жер» Орындайтындар: Сансызбаева Элиза, Абдолова Амангүл,Сансызбай Анар,Ақмұратова Арухан

1-жүргізуші:

«Бағзы Маңғыстау өңірі - өзінің қасиетті топырағында ел бірлігінің туын көтеріп, дүлдүл шешендерді, суырып салма ақындарды, найза ұстап, түн ұйқысын төрт бөлген батырларды, от ауыз - орақ тілді көсемдерді, жезтаңдай әншілерді, таңды таңға қосқан жыршыларды, құдіретті күйшілерді өмірге келтірген өңір» - деп Ізтілеу Шыртанұлы айтқандай, Маңғыстауда көптеген билер , шешендер өмір кешкен.


2-жүргізуші: «Маңғыстау сонадайдан тозаңытқан жүрегін талай ердің қобалжытқан» деп бұрынғылар толғаған қасиетті мекен, бұл өткенінен өшпес із қалған, тарихи тамыр - тілдері тым терең «жеті жұрт келіп, жеті жұрт кетен» жапан түз деуге жараспас, жолы биік, аты шулы аймақ.

Қазақстанның бүкіл тарихи - мәдени, сәулет ескерткіштерінің тең жартысынан астамын иеленетін бұл өңірде көшпенділердің көне мәдениетінің қайталанбас ғажайып із - өрнектері сайрап жатыр. Құтты қоныс, қазыналы өңір - үш жүз алпыс екі әулиелі Маңғыстау қай кезеңдерде де жұрт назарын бекерден - бекер аудармаса керек.

Осынау Маңғыстау мекенінде көптеген киелі өңірлер көп. Біз ол тамаша, тылсым ғажап жерлерді дәл қазір экраннан тамашалай аламыз.


1-жүргізуші:Қасиетті Маңғыстау жері туралы Президентіміз Н.Ә.Назарбаев «Маңғыстау тұрғындарына көп адамдар өмірінде тым құрығанда бір рет болып көруді армандайтындай жерде тұру бақыты бұйырған» деген. Біз сол бақыттың иесіміз.

Біздің Маңғыстау жерінің тарихындай терең тарих ешбір жерде жоқ.

Қазақстандағы 20 мыңнан астам тарихи - мәдени ескерткіштердің 60 пайызы біздің Маңғыстау жерінде сыңсып тұр.

2-жүргізуші: «Жасаған ие осы бір құлазыған былайғы дүниені шектен шыға таңдандыру үшін жаратқандай. Қиялда ғана болатындай қиян өлкеге көкте самғамасаң, жер бетімен жылжып ғұмыры жете алмайтындайсың» деп Әбіш Кекілбаев атамыз айтқандай, шынымен де бұл өңірді бұрын соңды көрмеген адамның көз алдында елестетуі қиынға соғады. Табиғаты - тұнған, сырға толы шежіре. Дархан даласына көз жүгіртсең, тіршіліксіз құла түзге кезігіп, жаңа әлемге аяқ басқандай боласың. Бірақ осынау құлан жортпас атырап адам бойына үрей ұялатпайды. Керісінше, сортаң шөл мен сусыма құм шағылдары ішіне сыр бүгіп жатқандай сезім сыйлайды.


1-жүргізуші:

Мәңгілік Күн шапақ сеуіп, Құт - тәңірі силаған,

Аршылан боп жарып шыққан ажалдың,

Ары - Азат, айбыны Үстем, Адай деген ер осы

Бір Алладан Ұрпақ үшін, бере көр деп адал Күн

Мінәжатты Пір бабамның мешіт салған жері осы,

Иманы - Нұр тұнығынан перзент сусын қандырған

Бағзы шахар, ежелгі жұрт қара шаңырақ мөрі осы.


Ендігі кезекті сыныптастарымыздың орындауында жерлес ақындарымыздың өлең шумақтарына берейік.


Сабыр Адай «Ойнама!»

«Көп мақтайсың ...

Маңғыстауда құмнан басқа не бар?!»

Келімсектің сөзі

Жастық өтті жанарынан от тамған,

Жасқа келді сабыр етіп тоқталған.

Не десеңде,енді, өзің біл қарағым!

Біздің Отан - басталады Отпаннан.


Атсын, мейлі, ту желкеден тіптен оқ.

Қайдан да, сол, табар іздеп күткен от.

Не десеңде,енді, өзің біл қарағым!

Біздің Отан - басталады Отпаннан.


Алғыс айттық алаулаған өр күнге,

Алғыс емес Хан салтанат, Төр мүлде.

Отпанға бар - біздің Елдің кіндігі,

Ер Адайдың кесенесін көрдің бе?!


Елді жинап, Ұран - Отын жаққанбыз,

Баба салтын баяғыша сақтармыз.

Үміт етті ұл тудым - деп біздерден,

Ел сенімін Ту көтеріп ақтармыз.


Көкбөрісі көкке ұлыған Елденбіз,

Көп Шалдары шейіт болған жерденбіз.

Пір Бекетпен арым ортақ қаным бір!

Сағы сынбас сағым тектес керуенбіз,


Досқа жуас, ал дұшпанға батырмыз,

Оған куә, сонау, сойқан жатыр құз.

Ұл біткеннің ақ білегін сыбантып,

Ұран - Отты жағып тындық, ақыр Біз!


Сыртта дұшпан іште күншіл күңкілдек,

Мойындайды Мендік жырды біртіндеп.

Маңғыстау ма?! ... Жанартау ғой, - бұл деген,

Мың күн тұрып, бір - ақ сәтте сілкінбек.


Доғар жаным , дұшпансыған күлкіні,

Талай жаудың қанға бөккен кірпігі.

Маңғыстаудың киесімен ойнасаң,

Екі аяғың көктен келер бір күні...

... Әй бала ойнама!...

Фархад Мусаев «Маңғыстау»


Маңғыстау мынау, құмды ауыт аймақ, құмды аймақ

Шаруасы көшкен, ойынан малын қырға айдап

Ұлдары тентек ер салынбаған асаудай

Қыздары көркем құлпырған жүзі гүл жайнап ,


Маңғыстау мынау, жырменен таңы атқан жер

Қашаған, Түмен, Сәттіғұлдарым жатқан жер

Қос сөздей болып тарита қалған жаңғырып

Есейген орда Абыл мен Ақтан, Ақтангер

Маңғыстау мынау күнде бір думан боп жатқан,

Күнде бір жиын қайнатып қазан от жаққан

От ауыз тілді, егіленіп келген шешенді

Екі ауыз сөзбен Ерменбет , Мәтжән тоқтатқан


Маңғыстау мынау,бақытсыз келіп бақ тапқан

Тұқымы асыл, көкмойнақ сынды ат шапқан

Достасам деген елдерге, ерлері төсті ашып,

Қастандық еткен залымның қанын қақсатқан


Маңғыстау мынау, шаттық пен құтқа бөлеген

Әулием демеп, әмбием желеп жебеген

Кеңдігі сонша, сауғалап келген қашқынға

Қайдан келдің, неғылып жүрсің демеген!


Маңғыстау мынау, кеудесі толған ұлылық

Күніне туған жұлдыз боп жарқын мың үміт

Таңырқаймын деп, таңданамын деп талайдың

Суырылып көзі, таңдайы түскен жұлынып!


Шынар Түйешиева «Каспийге сыр»


Біледі тіршіліктің бағасын кім?

Көтердің қуанышын, қазасын сың.

Бұлқынады өзіңдей шалқар шабыт,

Ей, теңіз, нені біліп аласұрдың?


Мұңымды айтсам қалайша ұтылмақпын?

Қамқор болып , біреудің құтын бақтың.

Салғырттау боп қарадың кейбіреуге,

Сөйтіп оның өмірін жұтып жаттың...


Ойлап мүжіп, бір толқып, бір басылдым,

Сенен басқа сырымды тыңдасын кім?!

О, Каспий, саған ғана ақтарылам,

Сен менің жанымды ұғар мұңымдайсың!...

2- жүргізуші: Тарихың бар мені ойларға батырған

Мен - шағала, сен - көк теңіз шақырған

Бабалардың көзін көрген киелі-

Маңғыстауым, айналайын атыңнан! (Темір Мыңжас)


1-жүргізуші: Маңғыстау - қасиетті, сан киелім

Шежіре таусылмайтын, ән - күй елім

Өзіңде өле - өлгенше сүйіп өтем,

Басымды бозаң тартқан мәңгі иемін


ӘН: «Жаңғырған Маңғыстау» Орындайтындар: Таңбай Мадина және Табынаева Ғазиза


2- жүргізуші: Қоймауы байлық пен тарихқа толы Маңғыстау Үстіртті! Бұл Құтты қоныс, қасиетті жерге кімдер келіп, кімдер өткен жоқ, кімдер мекен еткен жоқ. Бұл атақты Мысыр билеушісі Бейбарыстың кіндік қаныс тамған жері. Бұл - атышулы Кир патшаның Томирис қыздың күлталқан болып жеңілген жері. Сіздерді келе жатқан Тәуелсіздік мерекесімен шын жүректен құтықтаймыз және құттықтай отырып осы Тәуелсіздікті бағалай білейік достар, біздің ең бірінші байлығымыз осы Тәуелсіздігіміз!

1-жүргізуші: Бұл - Алтын Орданың ханы Тоқтамыстың әкесі Түйе Қожа оғланның өмірден өткен жері. Бұл - Кіші Жүздің ханы Әбілхайыр мен оның ұлдарының Сырым Датұлы мен Есет атамыз түн қатып талай жортқан жері. Бұл талай азамттың көсегесін көтеруге маңдай терін төккен жер. Тәуелсіздік таңы атып, нарықтық экономика үдерісіне ілескен қысқа ғана кезең де бұл өңірдің Ертеңінің жасампаз істерге ,Болашағының жарқын күндерге толы болатынына сенеміз!

Ән: «Ұшады Маңғыстаудан шағалалар»

  1. Ұшады Маңғыстаудан шағалалар

Ғажайып сыр айтқандай саған олар

Елімнің тыныштығын тұр күзетіп

Сақшыдай сапқа тұрған бағаналар


Қайырмасы

Шуағым менің Маңғыстау,

Құмарым менің Маңғыстау!

Сағынып айтар мәңгілік,

Жыр - әнім менің Маңғыстау!


  1. Жастықтың мөлдір жалын тұмарындай,

Теңіздің мөлдір таза тұнығындай!

Ұшады Маңғыстаудан шағалалар,

Шашылған күннің күміс сынығындай!


Қайырмасы

Шуағым менің Маңғыстау,

Құмарым менің Маңғыстау!

Сағынып айтар мәңгілік,

Жыр - әнім менің Маңғыстау!


  1. Каспийдің кемеріне қонғанба күн,

Көрінер Маңғыстаудан жанған жалын!

Ұшады Маңғыстаудан шағалалар,

Халқымның таратқандай армандарын!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал