7


  • Учителю
  • Урок Жалпыадамзаттық құндылықтар - мектептің біртұтас педагогикалық үрдісінің негізі

Урок Жалпыадамзаттық құндылықтар - мектептің біртұтас педагогикалық үрдісінің негізі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бекітемін:

Мектеп директоры: М. Салқынбаев



Мұғалімдерге арналған әдістемелік

семинардың жоспары



Мектеп: «Көктүбек орта мектебі»КММ

Семинарды тыңдаушылардың саны: 15

Мерзімі: 29.09.2016 ж Мұғалім : Г.Нугыманова

Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинардың тақырыбы :

Жалпыадамзаттық құндылықтар - мектептің біртұтас педагогикалық үдерісінің негізі.





Мақсаты: Мектептің біртұтас педагогикалық үдерісінің негізін жалпыадамзаттық құндылықтар арқылы ашу.



Міндеттері:

1. Мұғалімнің балаларды ізгілікке тәрбиелеуді жалпыадамзаттық құндылықтар арқылы түсіндіру;

2. Баланың бойына жағымды қасиеттерді сіңіре біліп, жанды білімді беруге ұмтылу;

3. Жалпыадамзаттық құндылықтарды жүректен жүрекке жеткізіп, балаларға шапағат нұрын сыйлай білуге талпындыру.



Ресурстары:

Интерактивті тақта, слайд, плакат, гүлдер, қорап, бейнематериал).





Тыныштық сәті. "Нұрға бөлену"

Жоспар:

1.«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздері.



  • Классиктер рухани-адамгершілік білім туралы.

  • «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімнің қағидаттары.

  • Сананың құрылымы. Сананы тазарту.

  • «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту шарттары

2. Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының аксиологиялық негіздері.

  • Тұлға құндылықтардың иерархиясы;

  • Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар;

  • Жалпыадамзаттық құндылықтар және адами тұлғаның болмысы;



3. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасының және басқа пәндердің интеграциясы.



Шығармашылық жұмыс

Менің атым Қожа» атты қазақ фильмін көрсету.

-Не себепті Қожа Майқанова мұғалімге қарсы?

-Оспан Рахмановичтің бойындағы қандай қасиет Қожаны өзіне тарта алады?



  • Сауалнама тарату

«Сүйіспеншілік гүлі» ойыны.

Шарты: Бұл іс-әрекетке барлық мұғалімдер қатысады. Әр мұғалім гүл түрінде кесілген түрлі-түсті қағаз алады. Сол гүлге өздерінің бойындағы ең жақсы қасиеттерін жазулары тиіс, содан кейін барлық гүлдер плакатқа әдемі бақшаның ішіне жапсырылады. Плакат тақтаға ілінеді.

Қорытынды: Балаларға жанданған білім беріп, осы гүл тәрізді әдемі болып өсіп, мұғалімдердің жағымды қасиеттерімен ол гүлдерге шабыт беру.

Талдау







Үй тапсырмаcы. «Сүйіспеншілік гүлі» атты

ойынындағы мұғалімдердің жақсы қасиеттеріне күнделікті тағы жақсы қасиеттердің қосылуын өз іс-әрекеттерінен бақылап, жазу.

Жиналыстың қорытынды сәті.

Әдемі баяу ән.

-Тік отырып, денемізді босатып, терең тыныс алып, көзімізді жұмайық. Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет, сыныпқа оралыңыздар. Көздеріңді ашуға болады.

-Бүгінгі семинарға уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге алғысымды білдіремін. Балалар, біздің болашағымыз, бақытымыз! Ендеше, осы балаларға жанды білім беріп, жағымды қасиеттерді бойларына сіңіре білейік, сонда ғана бұл әлем сақталып қалмақ!





Мұғалім _______________________

</ Директор ______________________











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал