7


  • Учителю
  • Сыныптағы тәрбие жұмысын жоспарлаудың тиімді тәсілдері

Сыныптағы тәрбие жұмысын жоспарлаудың тиімді тәсілдері

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы:

1. Сыныптағы тәрбие жұмысын жоспарлаудың тиімді тәсілдері

Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысын жоспарлау. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының жоспары -педагогикалық құжат. Тәрбие жоспарын құру, оның орындауындағы жауапкершілік сынып жетекшісіне жүктеледі. Сынып жетекшісінің тәрбиежұмысы бір жылға, жарты жылға жоспарланады. Сынып жетекшісінің жоспары тәрбиенің мазмұнын, түрлері мен әдістерін таңдап алуға деген комплексті көзқарасты қамтамасыз етеді. Онда тәрбие мазмұнын негізгі түрлерінің, ең алдымен мектеп оқушыларына жан-жақты жарасымды саяси-идеялық, еңбек, адамгершілік т.б. тәрбие берудің тығыз байланысын ескеру қажет. Жоспар жасағанда сынып жетекшісінің окушылардың жас ерекшеліктерін, қызығушылықтарын, ықыластарын ескерген жөн.
- Жоспарды қандай мерзімге жасаған жөн? Мектеп тәжірибесі көрсеткендей жарты жылға арнап, іске асырылатын жоспар жасау өте қиын, ал бір жылға жасау одан да қиын. Оның үстіне бұл жоспарларының түрі өте көлемді болады. Сондықтан да тәрбие жұмысын тоқсан бойынша жоспарлаған жөн. Аталған басқа сынып жетекшілерінің тәжірибесінде апталық жұмыс жоспарлары да кездеседі. Олар негізгі жоспарларды нақтылауға мүмкіндік беріп, тәрбие жұмысын ұйымдастырып өткізуді қамтамасыз етеді. Оқу жылы басталар алдында сынып жетекшісі жоспарды мектеп директорының бекітуіне береді. Одан әрі жоспардың қандай мерзімге жасалғанына қарай, тоқсан сайын немесе жарты жылдың бойында бекітіліп отырады. Орта мектептерде жоспарды бекітуді директор оқу тәрбиежұмысы жөніндегі орынбасарына немесе сыныптан тыс тарбие жұмысын ұйымдастырушыға тапсыруы мүмкін. Жоспар бекітілген соң онымен сыныптың барлық оқушыларын таныстыру керек. Жоспарды жүзеге асыру үшін сынып активін тартады.
- Жоспар қандай болуы керек, оган қандай талаптар қойылады? Жоспар пәрмеңді құжат болуы үшін, сыныпта тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру үшін ол бірқатар педагогикалық талаптарға жауап беруі керек.
I. Жоспардың белгілі мақсатқа бағытталуы. Тәрбие жұмысының жоспары іс-әрекетке басшылық бола алады, бұл үшін, ол мектеп оқушыларына тәрбие берудегі нысаналықты, оны мектептің ортақ мақсатына бағындыруды қамтамасыз ететіндей идеялық жағынан мақсатқа бағытталған болуы көрек. Барлық жекелеген тәрбие міндеттері мектептің негізгі мақсатын шешуге оқушыларды жан-жақты дамытуға, оларды өмірге дайындауға жәрдемдесетін болуы керек. Жоспардың мазмұны идеялық-саяси, қоғамдық пайдалы бағытта болуын қамтамасыз ету керек.
ІІ. Сыныптағы тәрбиежұмысы мазмұнының, формаларының және әдістерінің әртүрлі болуы. Тәжірибелі сынып жетекшілері тәрбие жұмысының әртүрлі формалары мен әдістерін қолданады. Бұл тәрбие жұмысын эмоциялы және қызықты етуге көмектеседі. Жоспарда жалпы шаралармен қатар оқушылардың қызығулары мен білімділіктерін ескере отырып, топтық және жеке-даралық жұмыстарды қарастыру керек. Соңғы жылдары оқулар түрлі лекторийлер, саяси хабарламашылардың семинары сияқты тәрбие формалары кең өріс алуда.
ІІІ. Оқушыларды тәрбиелеудің сабақтастығын, жүйелілігін және дәйектілігін қамтамасыз ету. Бұл талапта әрбір келесі шаралар өзінен бұрынғылардың жалғасы болып табылады және тәрбиенің қол жеткен нәтижелеріне негізделеді. Жоспар өткен уақыт ішінде істелген істерді және жалпы мектептік жоспарда көрсетілген келешек міндеттерді ескере отырып
жасалады. Егер қол жеткен нәтижеге сүйенбесе, істелген жұмыстың нәтижелерін баянды етуі мүмкін емес. Бірінші, екінші, үшінші тоқсанның жоспарларында күзгі, қысқы және көктемгі каникул кездерінде жүргізілетін, ал төртінші тоқсанның жартысында еңбек пен демалыс мәселелерін ұйымдастыру кезіндегі жұмыстар көрсетілуі тиіс. Оқу жұмысынан айырмашылығы - оқушыларды тәрбиелеуде үзіліс болмауы керек.
IV. Жоспардың нақтылы болуы. Жоспар жасағанда орындалмайтын міндетті қоймаған жөн. Белгіленген жұмыстардың көлемі оқушылар коллективінің мүмкіндігіне сай болуы қажет. Барлық жұмыстарды қамтимын деп сынып жетекшісі көп шараларды белгілемегені жөн. Бірнеше ғана нақтылы міндеттерді белгілеп, мұғалімдердің көмегімен оқушылар ұжымы арасында және ата-аналармен әртүрлі жұмыстарды жүргізген жөн.
V. Жұмысты келісіп жоспарлау. Жоспарды жасамастан бұрын мектептің жоспарымен танысып, оқушылардың ұсыныстары мен тілектерін, сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен келісіп, олардың тілектерін ескеру керек.
- Сынып жетекшісінің қызметін жоспарлаудың формалары. Сынып жетекшісінің жоспары тек мақсат емес, бұл тәрбие жұмысының сапасын арттырудың құралы. Сондықтан жоспардың формасы ыңғайлы, икемді, сыныпта тәрбие жұмысын ұйымдастырудың нақтылы жағдайларын ескерген болуы керек. Жоспарға өмір талап ететін және ойдағыдай орындалатын шаралар болуы керек. Әрине, ол шаралар кездейсоқ емес, тәрбиежұмысы жүйесінде біте қайнасқан буындар болуы керек. Мектеп тәжірибесінде сынып жетекшілерінің жоспарлары түрліше құрылып, әртүрлі бөлімдерден тұрады. Себебі, әр сыныптың жұмыс жағдайлары бірдей емес, жаңа бастаған сынып жетекшісі жоспарды кең, көлемді етіп жасаса, тәжірибелі педагог қысқаша тұжырымдауы мүмкін. Қандай
жағдайда болмасын сынып жетекшілерінің жоспары, тәрбие жұмысының негізгі мазмұны мен бағытын, сынып коллективінің даму болашағын бейнелейтін болуы керек.
Сынып жетекшісі жоспарының үлгілі құрылымы. Сынып жетекшісінің жоспары әдетте төмендегідей бөлімдерден тұрады:
- Сыныптың қысқаша сипаттамасы және оқушылар жайында жалпы мәліметтер.
- Сынып ұжымы қызметінің негізгі бағыттары мен формалары.
- Сыныпта атқарылатын іс-шаралар міндеттері.
- Сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен жұмыс (сынып ұжымын тәрбиелеу ісіне тартудың формаларын көрсетеді, сыныпта жұмыс істейтін мұғалімдердің педагогикалық кеңестерінде талқылау үшін мәселелерді бөлгілейді).
- Ата-аналармен жұмыс.
Сынып жетекшісінің жұмыс есебін жүргізуі.Тәрбиежұмысы нәтижелерінің есебін жүргізу - күрделі іс. Сынып жетекшісі жұмысының есебін жүргізудің маңызды және қажетті түрі күнделік дәптері, күнделік жүргізу міндетті емес, бірақ көп сынып жетекшілерінің күнделіктері бар. Оны тәрбие жұмысының нәтижелері ғана ескерілмейді. Сонымен қатар жұмыстарда талданып отырады, сыныптағы кемшіліктерді жоюдың нақтылы жолдары көрсетіледі. Күнделікте оқушылардың үлгірімі, қоғамдық тапсырмалар, тізімі және тұрақты мекен-жайы жазылады. Әрбір оқушыға бір-екі бет бөлінеді, онда оқушылардың мінез-құлқына жасалған бақылаулар нәтижелері жазылып, мінезінің ерекшеліктері, қызығушылығы мен бейімділігі көрсетіледі. Кейбір сынып жетекшілері тәрбие жұмысының есебіне жүргізетін ашық күнделік дәптер жүргізеді. Бұл сынып ұжымының шежіресі сияқты болады. Онда жалпы сынып және жеке мектеп оқушылары өміріндегі елеулі оқиғалар жазылып отырады. Сыныптың ашық күнделігін жүргізуге сынып жетекшісі оқушыларды, әсіресе сынып белсенділіктерін тартады. Бұл сыныптағы жүргізілген жұмыстың есебін беруге, бағалап отыруға үйретеді және сыныпта жақсы дәстүр қалыптастыруға көмектеседі.

- Сынып жетекшісінің есеп беруі өз жұмысының нәтижелері туралы сынып жетекшісі мектептің педагогикалық кеңесінің мәжілісінде немесе сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігінде есеп беріп отырады. Кейде ол сыныптағы тәртіп пен үлгерімінің жайы туралы мектеп директоры немесе сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысының ұйымдастырушысы шақырған кеңестерде хабарлама жасайды. Оқу жылының аяғында сынып жетекшісі мектеп әкімшілігіне өз сыныбындағы тәрбиежұмысы туралы. Сынып ұжымы туралы жазба түрде есеп тапсырады. Мұнда сынып жетекшісі жұмысын талдап кемшіліктері мен табыстарын көрсетеді. Келесі оқу жылына қандай тәрбие жұмыстарын жүргізу керектігін қандай оқушыларға назар аудару керектігін айтады.
Сынып жетекшісіне қойылатын талаптар.
Сынып жетекшісі басқа мұғалімдерге қарағанда оқушыларға тәрбие беруде қосымша өте маңызды міндеттер атқарады. Сондықтан оған педагогикалық жоғары талаптар қойылады. Сол талаптарды орындаған сынып жетекшісі ғана тәрбие сапасын арттыра алады.
- Жоғары идеялық және қоғамдық саналылық. Сынып жетекшілерінің педагогикалық теорияның терең меңгеруі. Сынып жетекшілері жан-жақты тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін айқын ажыратып, тәрбие қызметінің міндеттерін, мазмұнын, түрлерін және әдістерін анықтаумен жүзеге асыруда педагогикалық принциптілікті басшылыққа алулары қажет.
- Сынып жетекшісінің оқушыларына жасайтын тәрбиелік ықпалының күші оның моральдық беделіне байланысты. Тәрбиешінің өз тәрбиелі болуы керек. Шәкірттерді бойына дарытқысы келген моральдық қасиеттерге өзі де ие болуы қажет.
- Педагогикалық шеберлік.
- Педагогикалық әдептілік (оқушының жеке өзін сыйлау, әкімшілікке жол бермеу, оқушыға сергек және көңіл қойып қарау).
- Балаларға деген сүйіспеншілік пен құрмет.
- Ұйымдастырушылық қабілет.
- Сынып жетекшісінің мамандығын арттыру (өз бетімен білімін көтеру).
- Тәрбие жұмысында шығармашылық көзқарас.
Сынып жетекшісіне қойылатын талаптар мектеп мұғаліміне қойылатын жалпы педагогикалық талаптардан туындайды.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал