7


  • Учителю
  • Внекласное мероприятие на фестиваль языков 'Тіл достастығы - ел достастығы'

Внекласное мероприятие на фестиваль языков 'Тіл достастығы - ел достастығы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Начало формы

Сыныптан тыс іс-шараның мақсаты: Оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге, туған ел тарихын білуге, елімізде тұрып жатқан өзге ұлт өкілдерімен тату, достық қарым-қатынаста болуға, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.
Сыныптан тыс іс-шараның көрнекілігі:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә.Назарбаевтың портреті.
2. Нақыл сөздер жазылған плакаттар.
3. кітаптар көрмесі
Сыныптан тыс іс-шараның барысы:

Мұғалім сөзі: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, оқушылар! Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізі әр адамның жүрегінде өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын да сыйлап құрметтей біледі.

Ата-бабам ежелден-ақ дос қылған,

Татар, қазақ болашақты тосты алдан,

Сол достығын тағы міне дәріптеп,

Бүгінгі күн мерекеде жайнаған.

Құрметті қонақтар, сіздерді бүгінгі «Тіл достастығы - ел достастығы» атты кешімізде көруге қуаныштымыз. Сөз кезегі жүргізушілерде...

І - жүргізуші: Сәлеметсіздерме, құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар ! «Тіл достастығы - ел достастығы» атты кешімізге қош келдіңіздер!
ІІ - жүргізуші: Қайырлы күн, кешіміздің қонақтары! Кешімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіз. Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтар достығы бірлік пен татулық орныққан елдің жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан болуы керектігін ұлы міндет етіп қойды. Қазақстан халықтары осынау ұлы көштің басында қол ұстасып бірге жүрмек.

1 - жүргізуші: Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын - қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 16 - желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.
2 - жүргізуші: Қазақстан Республикасы - біздің туып өскен жеріміз, біздің Отанымыз. Бұл жерде қазақ халқы ертеден тұрып келеді.

Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл далада атам қолға ту алған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

1оқушы:
Мерекең құтты болсын егемен ел,
Терезең барлық елмен тең ерен ел.
Бабалар мәңгі бақи арман еткен,
Теңдікті бостандықты иеленгендер.
2 - оқушы:
Бостандық құтты болсын ерікті ел
Айдын көл, көк майсалы, көрікті жер
Бостандықты аңсаған батырлардың
Әруағына бас ұрып, тәу еткен жер.
3 - оқушы:
Егемен елімнің ертеңі деп,
Елбасы баға берді жастарыма
Оқу оқы білім ал, елің үшін
Еңбек ет тыным таппай, жан аяма
4 - оқушы:
Халқымның мақтанышы - алып тұлға,
Әлемнің назары ауды Ақ ордаға
Бәйтерек - көкке қолын созып тұрған,
Ұқсайды менің асқақ арманыма.

1 - жүргізуші: Назарларыңызға 3 сынып оқушыларының орындауында «Қазақстаным» әнін ұсынамыз.

1-жүргізуші: Қазақстан Республикасын мекен еткен 130 дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа, бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік етіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды, сондай-ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдылығы үшін ерекше бағалайды, бастысы - өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауызбірлікте, туыс болуды көздейді.

«Дружба народов Казахстана» слайды.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал