- Учителю
- Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды. ҰЛы Жеңістің 70 жылдығына орай. Тәрбие сағаты. 6-7 Сынып.
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды. ҰЛы Жеңістің 70 жылдығына орай. Тәрбие сағаты. 6-7 Сынып.
Б.Уахатов атындағы орта мектебі.
6- сынып жетекшісі: Салимова Мейрамгуль Сагдатовна.
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды.
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай.
Тәрбие сағаты.6-7 сынып.
Тәрбие сағатының мақсаты: «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу. Оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, жерлес майдангерлер туралы мағлұматтарды кеңінен бере отыра оларға деген құрметті арттыру
Көрнекілігі:бейне материалдар, фото суреттер,
Өтетін орын: мұражай,
Келген қонақтар: Қали ата
Тәрбие сағаты мына көрініс арқылы ашылады:
6-7 сынып оқушылары мұражайда.
Тәрбие сағатын бастаушы оқушылар:
Айсана: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қонақтар мен оқушылар!Бүгінгі біздің тәрбие сағаты ерекше өткелі тұр. Яғни, біз мектебіміздегі өлкетану мұражайында, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай жерлес майдангерлердің ерліктері мен еңбектері туралы өлкетану мұражайында жұмыс істейтін «Қызыл ізшілер» тобы оқушылардың өздері ұйымдасытрған тәрбие сағаты болмақ.
Қуанышбек: Және бүгін біздің тәрбие сағатымызға балалық шағы соғыс жылдарымен қатар келген, соғыстың шетін болса да көзімен көріп қалған атамыз Қали ата қатысып отыр.
Айсана: Бүгінгі шарамыз Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, соғыстан кейін еліміздің өркендеуіне үлес қосқан, бүгінде ортамызда жоқ Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналады.
Толқын:С.Мәуленов «Дәуір дауысы» өлеңін оқиды./ әуен ойналады/
Жаңғырып орны жараның
Жазылып әлі кеткен жоқ
Жоғалтқан ұлын ананың
Көз жасы әлі кепкен жоқ.
Жабысқан соғыс суығы,
Денеде жатыр дерт болып.
Шырпыдай жанған шыбығы
Елестер орман өрт болып.
Тауларды бомба төңкеріп,
Өмірге оқтар дақ салған.
Жиырмада өлең өртеніп,
Жиырмада шашты ақ шалған.
Жаралы ол да қарлығаш,-
Қаралы хабар,қанды хат.
Қалды ғой тұл боп қарындас,
Жаңбырлы көзі жаудырап...
Жорыққа бүгін шықты жұрт,
Жоюға соғыс тұманын.
Тыңдады дүние тік тұрып,
Коммунистер ұраның:
-Түспесін ауыр басқа күй,
Болмасын соғыс-қанды апат.
Қалмасын жетім жас сәби,
Қалмасын жесір махаббат!
Қуанышбек: Ұлы Отан соғысынан 105 жерлесіміз оралмаған. Оларға арналған ескерткіш тақта ауылымыздың қақ ортасына орналасқан. Жылда 9- мамыр күні мектеп оқушылары сол ескерткіш маңына жиналып, митинг өткізіп тұрамыз.
Айсана. Биылғы оқу жылында мұражайға тапсырылмай қалған ардагерлеріміздің суреттеріне іздеу жүргізіліп, соның нәтижесінде мұражай 5 фото суретпен толықтырылды.Сонымен қатар мұражайда жерлес ардагарлардің майдан даласынан жазған өлең жолдары туыстарының тапсыруларымен сақтаулы. Сол өлең жолдарынан үзінді тыңдап көрелік.
Дина: жерлес Ұлы отан соғысының ардагері жырау Боранбай атамыздың қан майданнан жазған өлеңінен үзінді./әуен/
Тоғыз қақ - қалдың қайран туған жерім,
Құрбымен ойын-сауық құрған жерім.
Жаз жайлап «Жантекені» егін салып,
Ақар-шақар еңбекпен болған жерім.
«Бас Мая» кәрі -жасқа мекен едің,
Көп емес есіңді енді жиып едің.
«Қара Оба» ас салған қазынама,
Ырысты «Ақпан» байтақ көлім едің.
Дүниенің ғажап қалам жалғанына,
Мағуаш, Сартай,Сәкен қалғаның ба?!
Құдай-ау, құдіретіңе жоқ қой шара,
Жекізіп кімді алып ең арманына?!
Мағуаш, Сартай,Сәкен туған балам,
Алтыаннан қымбат едің сендер маған.
Кетпейсің күндіз ойдан, түнде түстен,
Көруге несіп етсін хақтағалам.
Айсана: Мамлям ақсақалдың өлеңінен үзінді/әуен/
Мамлям атамыздың 1943 жылы Смоленск облысы Калуга қаласының госпиталында жазған өлеңінен үзінді.Туыстарының қолымен атамыздың шығарма өлеңдері мектеп мұражайына тапсырылған.
Жаралы болып құладым,
Санчастен көмек сұрадым,
Алмаса жауда қалдық қой,
Қамығып сонда жыладым.
Мен зарландым тәңірге,
Құлақ сап халқым сөзіме,
Қолтығымнан сүйейтін,
Көрінбеді қазақ көзіме.
Жауға қарсы біз жүрдік
Қолға қызыл ту алдық,
Отан үшін соғысып,
Аяқсыз болып біз қалдық.
Тоқтаттым сөздің аяғын,
Қайтарды елдің талабын
Арманым көп дүниеде,
Қалмады бір аяғым.
Толқын: Жұмажан ақсақалдың өлеңінен үзінді. /әуен/
Әуелі мен сөйлеймін бір Аллалап,
Отырған естейін деп жүрт анталап.
Азырақ іштің шерін тарқатамын,
Ағызып көздің жасын жылап-жылап.
Отанға жауыз Гитлер дайындалды,
Соғысып мемлекетті жаулап алды,
Екі жүз девизиясы қаруланып,
Батыста көп ұрыста көп жан өлді.
Күнделік хабар соғыс болды.
Естіген бала шаға үрейленіп,
Енді отан соғысына аттануға тура келді.
Біз келдік Петропавл қаласына,
Он күндей дайындалдық даласында,
Штабтан приказ оқып былай деді:
Барасын Москваның қаласына
Шалонға алып келді солдаттарды
Ант алып өлімге бас байламаққа
Отанға сертімді беремін жауды құртуға
Қасықтай қан шыбындай жан қалғанынша
Сонымен қару алдық соғысуға
Ісіне бір алланың бар ма шара
Қуанышбек: барлықтарыңыздың назарларыңызды мұражайдың үшінші бөлімен аударуларыңызды сұраймын. Бұл бөлім «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» біздің жерлес майдангерлерімізге арналған./ Ұлы Отан соғысы ардагерлері туралы кеңінен баяндайды/
Айсана: сөз кезегін бүгін қонаққа келіп отырған атамызға береміз.
Ата соғыс басталған жылы сіз біз сияқты 9-10 жастағы бала екенсіз. Балалық шағыңыз соғыс кезімен дәл келген сіздің есіңізде не қалды? Ауылымзыдан майданға аттанғандар туралы білесіз бе?
Оқушылар сұрақтар қояды.
-сіздің отбасынан майданға кім аттанды?
-майданнан келген үшбұрышты хатты көрдіңіз бе?
- сол кезде балалар, қарттар, әйелдердің барлығы «майдан үшін» деген ұранмен жұмыс істеген екен, сіз өзіңіз қанджай жұмыс істедіңіз?
Айсана: біздің үйірменің оқушылары іздеу жұмыстарын атқарып, мұражайға тапсырылмай қалған ардагерлер суреттерін әкелген болатын. Сол фото суреттер мұражайдың «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» бөліміндегі үлкен кітапша ішінен орын алды./оқушылар кітапша ішіндегі суреттермен танысады/
Қуанышбек:
Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті,
Жер бетінен жамандық мүлде үрікті.
Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз.
Аспандатып жырлаймыз жақсылықты.
Айсана:
Жүрек біткен желпінсін жүйрік аттай,
Сезім біткен серпілсін дамыл таппай.
Дәл бүгін өлең айтпай, ән шырқамай,
Қандай жүрек қалғандай қанат қақпай.
Тәрбие сағатын 6- сынып қыздарының орындауында «Сарбаздар» әнімен аяқтағымыз келіп отыр.
«Қызыл ізшілер» тобының іздестіріп, жинақтауының нәтижесінде мұражай ардагерлер туралы мәліметпен және 5 фотосуретпен толықтырылды.
Сапаров Шарам Жаңа-Ауылда туған.(1922-1970)
1941 жылдың аяғында әскер қатарына шақырылады.
Владимировка қаласындағы танкі бригадасының құрамында соғысқа қатысады.Калинин майданы бағытында Новосокольск ,Великорук қалаларында болған шабуылда жарақат алады.1943 жылы елге оралады.Елге келгеннен кейін почтада жұмыс атқарады.Кейіннен сатушы болып қызмет істейді.
Мукашев Айғазы Жаңа-Ауылда туған.(1912-1968
1941-1945 жылдары соғысқа қатысқан.
Соғыста көзінен айырылып келеді.Соғыстан кейін елде қызмет етеді.Ауылда заправкада жұмыс істейді.Отбасын құрып ,жанұялы болады.56 жасында дүниеден озады.
Алимгазин Ақылжан Жаңа-Ауылда дүниеге келген.(16.02.1916-14.02.1978)
1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысады.Соғыстан кейін ауылда малшы болып жұмыс істейді.Отбасын құрып ,жанұялы болады.3бала өсіріп тәрбиелейді.
Ибрагимов Ташен Ыбрайымұлы Шақа ауылында дүниеге келген.
(1907-25.08.1990
1940 жылы Қызыл Армия қатарына алынған.Әскери борышын өтеп жүрген кезде соғыс басталады. Соғыстың басынан аяғына дейін болып ,тіпті Берлинді алуға дейін қатысқан.Ташен ата Ленинград,Украина жерін , Тернополь, Харьков ,Киев қалаларын азат етуге ,Днепр өзені бойындағы ұрыстарға қатысқан.Үш рет жараланған. Қызыл жұлдыз орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
Тәрбие сағатынан көрініс:
Қорытынды.
С.Мәуленов «Дәуір дауысы»
Оқыған: Мазан Дамир
Жаңғырып орны жараның
Жазылып әлі кеткен жоқ
Жоғалтқан ұлын ананың
Көз жасы әлі кепкен жоқ.
Жабысқан соғыс суығы,
Денеде жатыр дерт болып.
Шырпыдай жанған шыбығы
Елестер орман өрт болып.
Тауларды бомба төңкеріп,
Өмірге оқтар дақ салған.
Жиырмада өлең өртеніп,
Жиырмада шашты ақ шалған.
Жаралы ол да қарлығаш,-
Қаралы хабар,қанды хат.
Қалды ғой тұл боп қарындас,
Жаңбырлы көзі жаудырап...
Жорыққа бүгін шықты жұрт,
Жоюға соғыс тұманын.
Тыңдады дүние тік тұрып,
Коммунистер ұраның:
-Түспесін ауыр басқа күй,
Болмасын соғыс-қанды апат.
Қалмасын жетім жас сәби,