7


  • Учителю
  • Сөздің тура және ауыспалы мағынасы (5 сынып)

Сөздің тура және ауыспалы мағынасы (5 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы : Сөздің тура және ауыспалы мағынасы

Сабақтың мақсаты :

1)Білімділігі: Бұрыннан өтілген материалдармен сабақты байланыстыру,сөз жасау,сөйлемді дурыс меңгерту,өз ойын жинақы,көркем тілмен жеткізе білуге ұмтылдыру,сөздің тура және ауыспалы мағынасын ажырата білуге үйрету.

2)Дамытушылық ойын арқылы оқушының ойын дамыту.Тапқырлық іздемпаздық қасиеттерге жетелеу.Оқушының тіл байлығын жетілдіру.

3)Тәрбиелік .Тіл құдіретін сезінебілуге, сөз мағынасын келістіре отырып құбылтып ,оларды мейілінше дұрыс қолданып ,дәл түсінуге тәрбиелеу,өз тілін,елін қадірлеуге үйрету

Сабақ түрі: Сайыс сабақ.

Әдіс-тәсілі: "Сын тұрғысынан ойлау" технологиясы, талдау-жинақтау.

Көрнекілігі:Слайдта жазылган сөздер,с уреттер,венн диаграммасы , жалау,арқан," Сэккуэй"

Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру 2мин

2.Үй тапсырмасын тексеру.

3.Сыныпты үш топқа бөлу

Қызығушылықты ояту сатысы

1.Ой қозғау

Бас,тіл,көз,аяқ,бет,құлақ,қабырға,дүние,ақ,терең,күту,күн,қара,тұтқа,кілт.

2.Ой толғаныс

1.Сөз тізбек-ойыны. Сөз тізбектің әрбір сөзі бірдей дыбыстардан басталып,бірдей дыбыстан аяқталуы тиіс,сөздер жазуы керек. Нан,қақ,ана,ата,ара т.б.

2.Ашық сабақта ойыны. Суретке қарап,сол суреттегі аңдарды, жәндіктердің аттарын атап, құрамындағы дыбыстарды пайдалана отырып, әрқайсысы бірнеше мағыналы сөз құрау.

Мысалы: Инелік-ине, елік, ел, ек, иек.

3. Арқан тарту ойыны. Тақтада шағын арқан ілулі тұрады.Оқулықты пайдаланып 44-жаттығуды орындаймыз.Ойын шарты-сөздерді тура және ауыспалы мағыналары білдіруіне қарай бөліп жазу.

4. «Көкпар»ойыны.Тақтаға серкештің бейнесі ілінеді .Жеңген топ көкпарда иеленеді.Оқулықты пайдаланып 45-жаттығуды орындаймыз. «Мүйіз-мүйіз»ойыны мәнерлеп оқып,тексті түсінгеннен кейін,2 топ кезек-кезек мүйізді малдардың атын атап санай бастайды. Ойынның шарты бойынша әлгі түйе,есек сияқты малдардың да аттарын атап жіберсе,сол топтағы балалар сөздердің тура және ауыспалы мағынаны білдіретін сөзді атап,сол сөзге сөйлем құрауы тиіс.Әрбір топтың жеткен жетістігі жөнінде айтып өтемін.

ІV.Бекіту.

Оқушылардың сабақтан алған білімдерін тиянақтау мақсатында «Венн диаграммасын» пайдаландым.

Тура мағна

Жібек ақ күйлек киді.

Айнұр қара сарапан тіктірді

Марат, атты суар.

Ортақ

Ақ

Қара

Ат

Ауыспалы мағна

Жібек ақ көңіл қыз.

Алыстан бір қара көрінді.

Ол нысананы көздеп тұрып атты.«Венн диаграммасы» қабысып 3 дөңгелектен тұрады. Әуелі ортақ қасиеті жазылып, кейін айырмашылығы жазылады.

«Сэккуэй» (5 жолдан тұратын қорытындылау тақпағы)

Тақырыпты түйіндеп айту, терең ойлы сезімді қысқа сөзбен қамту.


  1. Зат есім: Ара

  2. Сын есім: Сары ала, сары

  3. Етістік: Ұшады, қонады.

  4. Сөз тіркесі: бал арасы

  5. Мағыналы сөйлем. Ара гүлге қонды.

V. Сабақты бағалау: Сабақта жауабы толық, сұраққа мәнді де, мағыналы жауап берген және қосымша жауап беріп отырған, жасыл жалауды көп жинаған.

VI. Үйге тапсырма беру: 47-жаттығу. Ережені жаттау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал