- Учителю
- Тәрбие сағаты толеранттылық қарым -қатынас ережелері 11сынып
Тәрбие сағаты толеранттылық қарым -қатынас ережелері 11сынып
мақсаты:
Білімділік: 1851 жылдан бастау алып келе жатқан дүниежүзілік көрмелер тарихы және 2017 жылы Қазақстанда өтетін ЭКСПО көрмесі туралы білімдерін тереңдету.
Дамытушылық: Шығармашылық қабілеттерін нығайту, тарихи зерделілік қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды қоғам жаңалықтарынан және өзгерістерінен тыс қалмауға баулу. Отанымыз жетістіктеріне мақтаныш сезімін ояту.
Өткізілу формасы: зерттеу жұмысы ретінде
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, ЭКСПО дүниежүзілік көрмелері және сайыс бөлімдерінің тапсырмалары туралы слайдтар.
Барысы: бейне ролик көру.
Келесі кезекті оқушылардың зерттеу жұмыстарына берсек.
оқушы: Халықаралық көрмелердің тарихы
Алғашқы халықаралық көрмені лондондық Гайд-паркте, арнайы жасалған әйгілі Хрусталь сарайы өткізген уақыттан бастап есептегенде 2012 жылы 161 жыл толыпты.
Бұл, қатысушы-елдер қонақтарға өз өндірушілерінің шеберлігін және бірдей, бірақ әр-түрлі елде жасалған тауарлардың сапасын салыстыруға мүмкіндік бере отырып, ұлттық өндірістің заттарын бір жерде және бір мезгілде көрсетуге келісті. Дәл осы кезде сол көрмелік тұрғылар тәжірибеге енгізіле бастады, уақыт өте келе олар міндеттіге айналып, кейін тиісті халықаралық нормативтік актілерге белгіленді.
Бүкіләлемдік көрмелер өзінің ауқымы, жалпы-саяси және эконмикалық мәнділігі бойынша теңдессіз оқиғалар болып табылады.
Олардың басты мақсаты - жаңа ғылыми-техникалық жетістіктер, даму келешегі, сондай-ақ қатысушы-елдердің дәстүрлері мен тарихының жұрт алдындағы шеруі.
Олар көп жерде халықаралық экономикалық және ғылыми байланыстардың дамуы мен кеңеюіне ықпал етеді. Бүкіләлемдік көрмелер әр-түрлі елдерде тұратын, бірақ бірдей құндылықтар, мүдделер және мақсаттармен біріккен адамдардың араласуының бірегей мүмкіндігін сыйлайды.
Қазірдің өзінде 63 көрме өткізілді.
160 жыл ішінде ХКБ-нің өзіндік мұрасы пайда болды:
Лондондағы Хрусталь сарайы;
Париждегі Эйфелева башня;
Париждегі Александр III көпірі;
Венадағы Ротонда - әлемдегі ең үлкен күмбез астындағы павильон;
Мельбурндегі патшалық көрме павильоны.
ХҚБ экспозициялары екі түрге бөлінеді Бүкіләлемдік әмбебап көрмелер және Халықаралық мамандырылған көрмелер.
Бүкіләлемдік әмбебап көрмелері (International Registered Exhibition) жарты жылға созылады және әр бес жыл сайын өтеді, мұнда олардың ауданы мен тақырыбы шектелмейді. Мысалы, мамыр мен қазан айларының аралығында Шанхайда «Жақсы қала -жақсы өмір» ұранымен өткен EXPO-2010 жұмысына 190 ел қатысты. Жалпы алғанда көрмеге 100 миллион адам келді.
Халықаралық мамандырылған көрмелер (International Recognised Exhibition) екі Бүкіләлемдік әмбебап көрме арасында өтеді және үш айға созылады. Мұнда көрме ауданы 25 гектардан аспауы тиіс және тақырыбы міндетті түрде ұйымдастырушылармен белгіленіп алады. Әдетте, тақырыптары нақты саладағы, гуманитарық, әлеуметтік және экологиялық аспектілерді қоса, ғылыми, технологиялық және экономикалық жетістіктердің көрінісі болады. Мысалы, соңғы Сарагосадағы өткен EXPO-2008 көрмесінің тақырыбы: «Су және тұрақты даму» болды. Мұнда көрме тақырыбы міндетті түрде тек Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ғана емес, басқа да бүкіләлемдік ұйымдармен, соның ішінде БҰҰ-мен келісілуі тиіс.
Қазақстан өткізуге үміттеніп отырған кезекті Халықаралық мамандырылған көрме 2017 жылы болады.
Қазіргі типтес бірінші әмбебап көрме Англия астанасы - бүкіл әлемнің жетекші өнеркәсіптік нүктесі, өзінің орасан зор билігі арқасында Викториандық дәуір кезінде еркін сауда жүргізумен көптеген жетістіктерге қол жеткізіп, гүлденген Лондонда 1851 жылы өткен. 1889 жылғы Париж көрмесінің мәдени қолжетістігі Эйфель мұнарасы болып табылады.
Осыдан соң үлкен қалалардың басқалары да мұндай өндірушілер мен шеберлерді тартуға қызығушылық таныта бастады. Ең табысты халықаралық көрмелер қатарында Вена, Амстердам, Брюссель, Барселона, Сент-Луис, Турин және Филадельфияда өткен көрмелер деп танылды.
оқушы: Қазақстан & EXPO
1997 жылдан бастап Қазақстан Халықаралық Көрме Бюросына мүше-ел болып табылады. Мемлекетіміз Экспо Көрмелерінде 2005 жылдан бастап белсене қатысады. Экспо Сарагоса Көрмесінің нәтижесінде, қатысушы "C" категориялы елдер ішінде, Қазақстан Республикасы жүлделі үшінші орынды алып, қола медальмен марапатталды.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, осындай шараның Астана қаласында өткізу маселесін, алғаш рет Экспо Сарагоса көрмесіне ресми сапары кезінде айтқан болатын.
Казахстанның EXPO көрмелеріне қатысуы туралы мәліметтер:
«EXPO 2005, Аичи» Жапония
• Келушілердің саны: 370 000 адам
• Қазақстан экспозициясының алаңы: 324 ш.м.
• Тақырыбы: «Табиғат даналығы»
«EXPO 2008, Сарагоса Испания Корольдігі
Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі безендіру критерийлері бойынша Қола жүлдеге ие болуы;
• Келушілердің саны: 361 500 адам
• Қазақстан экспозициясының алаңы: 590 ш.м.
• Тақырыбы: «Су және тұрақты даму»
«EXPO 2010, Шанхай» Қытай Халық Республикасы
• Келушілердің саны: 446 000 адам
• Қазақстан экспозициясының алаңы: 1500 ш.м.
• Тақырыбы: «Астана - Еуразия жүрегі»
оқушы: "Халықаралық Көрме Бюросы" ұйымы
Халықаралық Көрме Бюросы 1928 жылы 22 қараша айында, Париж қаласында қол қойылған Халықаралық көрмелерге қатысты Конвенция өтінімдерін қамту және бақылау негізінде құрылды. Оның мүшесі болып мүше-мемлекеттердің Үкіметтері болып табылады.
ХКБ штаб-пәтері Париж қаласында орналасқан.
Бюроның құрамына Бас Ассамблея, Президент, Атқарушы комитет, Мамандандырылған комитеттер кіреді (1928 ж. 22 қарашада, Париж қаласында қол қойылған Халықаралық көрмелерге қатысты Конвенцияның 25 бабы).
Қазіргі таңда Халықаралық көрмелер бюросы ұйымында 157 қатысушы ел бар.
Қазақстан ХКБ ұйымы қатарына 1997 жылы қабылданды.
EXPO көрмелері екі түрде өткізіледі:
Халықаралық Тіркелген көрме (Әмбебап), ұйымдастыру жиілігі - 5 жылда бір рет; ұзақтығы - ең көбі 6 ай; алаңы - шектелмеген; тақырыбы - барлық қатысушыларға ортақ.
Халықаралық Танылған көрме (Мамандырылған), ұйымдастыру жиілігі - екі Халықаралық Тіркелген көрме аралығында өткізіледі; ұзақтығы - ең көбі 3 ай; алаңы - ең көбі 25 га; тақырыбы - мамандырылған.
оқушы:
Астананың өтініш беруі
2011 жылдың 10 маусымында Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының штаб-пәтерінде EXPO-2017 жобасының ұлттық үйлестірушісі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Рапиль Жошыбаев ХКБ-нің Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеспен кездесті. Кездесу барысында Рапиль Жошыбаев ҚР Премьер-Министрі қол қойылған Қазақстан Республикасының ресми өтінімін тапсырды.
Сөйтіп 10 маусымда Казақстан Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу бойынша сайлау нақанына кірісті. Жыл соңына дейін Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда Министрлігі жыл соңына дейін өтінім құжаттамасын (көрмені өткізу тұжырымдамасы, техникалық-экономикалық негіздеме, көрмені өткізу жоспары, қонақтардың қауіпсіздігі мен оларды қарсы алу туралы инфрақұрылымдық шешімдер) дайындап оны Халықаралық көрмелер бюросына тапсырады деп күтілуде. ХҚБ талаптарына сай көремені өткізуге белгіленген үш ай ішінде Астана қаласының әлемнің 100 мемлекетінен 3-4 млн. адамды қабылдайтындай шамасы болу керек.
Қазақстанның астанасы EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрме өткізілетін орын болып сайланды. Астана - жеңімпаз қала. Астанадағы ЕХРО-2017 көрмесі ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы өткізілетін ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрме болмақ.
Ұйымдастырушылармен таңдалған тақырып Future Energy (Болашақ қуаты) болып табылады. Қазақстан энергетиканы дамытуға өз үлесін қосуға және Астанада альтернативтік энергетика саласында таңдаулы ойшылдар мен жобаларды жинауға ұмтылып отыр. Бұл тақырып энергия сақтау бойынша таңдаулы әлемдік технологиялармен, әлемде бар альтернативтік күн, жел, теңіз, мұхит және термалдық су энергияларын пайдалану бойынша жаңа жобалар мен технологиялармен кеңінен таныстыруға мүмкіндік береді.
Қорыта келгенде, күннен күнге дамып жатқан заманауи технологияларды тиімді пайдалану үкіметтік деңгейде қолға алынса, біздің дәстүрлі энергия көздеріне тәуелділігімізді айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік туар еді. Сонда біз қоршаған ортаны зиянды қалдықтардан қорғап қана қоймай, көптеген жұмыс орнын құрып, сатып алу қабілеттілігін арттыра аламыз. Сондықтан да біздің Тәуелсіз жас мемлекетіміз үшін EXPO-2017 көрмесін өткізудің маңызы өте зор. Әрбір қазақстандық біздің жеңіске жететінімізге сенеді және Көрмелердің халықаралық бюросы делегаттары оң жауап береді деген үмітте. Өйткені біз үшін жеңіс маңызды
Халықаралық көрмелердің тарихы
Алғашқы халықаралық көрмені лондондық Гайд-паркте, арнайы жасалған әйгілі Хрусталь сарайы өткізген уақыттан бастап есептегенде 2012 жылы 161 жыл толыпты. Бұл, қатысушы-елдер қонақтарға өз өндірушілерінің шеберлігін және бірдей, бірақ әр-түрлі елде жасалған тауарлардың сапасын салыстыруға мүмкіндік бере отырып,
ұлттық өндірістің заттарын бір жерде және бір мезгілде көрсетуге келісті. Дәл осы кезде сол көрмелік тұрғылар тәжірибеге енгізіле бастады, уақыт өте келе олар міндеттіге айналып, кейін тиісті халықаралық нормативтік актілерге
белгіленді.
Олардың басты мақсаты - жаңа ғылыми-техникалық жетістіктер, даму келешегі, сондай-ақ қатысушы-елдердің дәстүрлері мен тарихының жұрт алдындағы шеруі. Мысалы, соңғы Сарагосадағы өткен EXPO-2008 көрмесінің тақырыбы: «Су және тұрақты даму» болды. Мұнда көрме
тақырыбы міндетті түрде тек Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ғана емес, басқа да бүкіләлемдік ұйымдармен, соның ішінде БҰҰ-мен келісілуі тиіс. Қазақстан өткізуге үміттеніп отырған кезекті Халықаралық мамандырылған көрме 2017 жылы болады.
оқушы:
Қазақстан мен EXPO 1997 жылдан бастап Қазақстан Халықаралық Көрме Бюросына мүше-ел болып табылады.
Мемлекетіміз Экспо Көрмелерінде 2005 жылдан бастап белсене қатысады. Экспо Сарагоса Көрмесінің нәтижесінде, қатысушы "C" категориялы елдер ішінде, Қазақстан Республикасы жүлделі үшінші орынды алып, қола медальмен
марапатталды.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, осындай шараның Астана қаласында өткізу маселесін, алғаш рет Экспо Сарагоса көрмесіне ресми сапары кезінде айтқан болатын.
оқушы:
Казахстанның EXPO көрмелеріне қатысуы туралы мәліметтер:
«EXPO 2005, Аичи» Жапония
• Келушілердің саны: 370 000 адам
• Қазақстан экспозициясының алаңы: 324 ш.м.
• Тақырыбы: «Табиғат даналығы»
«EXPO 2008, Сарагоса Испания Корольдігі
Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі безендіру критерийлері бойынша Қолажүлдеге ие болуы;
• Келушілердің саны: 361 500 адам
• Қазақстан экспозициясының алаңы: 590 ш.м.
• Тақырыбы: «Су және тұрақты даму»
«EXPO 2010, Шанхай» Қытай Халық Республикасы
• Келушілердің саны: 446 000 адам
• Қазақстан экспозициясының алаңы: 1500 ш.м.
• Тақырыбы: «Астана - Еуразия жүрегі»
оқушы:
Қазақстанның астанасы EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрме өткізілетін орын болып сайланды. Астана - жеңімпаз қала. Астанадағы ЕХРО-2017 көрмесі ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы өткізілетін ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрме болмақ.
Ұйымдастырушылармен таңдалған тақырып Future Energy (Болашақ қуаты) болып табылады. Қазақстан энергетиканы дамытуға өз үлесін қосуға және Астанада альтернативтік энергетика саласында таңдаулы ойшылдар мен жобаларды жинауға ұмтылып отыр. Бұл тақырып энергия сақтау бойынша таңдаулы әлемдік технологиялармен, әлемде бар альтернативтік күн, жел, теңіз, мұхит және термалдық су энергияларын пайдалану бойынша жаңа жобалар мен технологиялармен кеңінен таныстыруға мүмкіндік береді. Сондықтан да біздің Тәуелсіз жас мемлекетіміз үшін EXPO-2017 көрмесін өткізудің маңызы өте зор. Әрбір қазақстандық біздің жеңіске жететінімізге сенеді және
Көрмелердің халықаралық бюросы делегаттары оң жауап береді деген үмітте. Өйткені біз үшін жеңіс маңызды.
оқушы:
Астана ұсынған көрменің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталады, ол баламалы энергия көздеріне және «жасыл» технологияға арналған. 2012 жылғы 22 қарашада ХКБ-ге мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру
барысында Астана ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын болып таңдалды. Астананың өтінімін 103 ел қолдады. ЕХРО-2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ.
оқушы:
2012 жылғы 26 қарашада Мемлекет басшысы «ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізужөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» №436 Жарлыққа қол қойды.Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасатын болады. Оған әлемнің 100-ге жуық елі және 10 халықаралық ұйым қатыса алады.Көрмеге 5 миллионнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр.
оқушы:
ЭКСПО -2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, күн, жел, теңіз, мұхит және термалды су тәрізді бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді. Астана осы саладағы ең үздік әлемдік әзірлемелер мен трендтер көрсету үшін тиімді алаңға айналуы мүмкін.
Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты серпін береді.
1. Дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі тұңғыш өткен жыл?
2. Халықаралық көрмелер бюросы қашан құрылды?
3. 1876 жылы АҚШ - тың алғашқы ЭКСПО көрмесі қай қаласында өтті?
4. 1889 жылы ЭКСПО көрмесінің символына айналған Лондонда тұрғызылған ғимарат?
5. АҚШ тарихында дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі қанша рет өтті?
6. Австро - Венгрия империясы дүниежүзілік ЭКСПО көрмесін қай жылы өткізген еді?
7. 1888 жылғы дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі Испанияның қай қаласында өтті?
8. 1893 жылы дүниежүзілік ЭКСПО көрмесінде Чикагода орыстың көрнекті ғалымы Славянов өзі ойлап тапқан қандай құралды ұсынған?
9. 2008 жылы дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі өткен мемлекет?
10. Қазақстан дүниежүзілік ЭКСПО көрмесінде қанша рет өз павильонын орнатты?
11. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін 1958 жылы алғашқы "бейбіт" көрме өткен қала?
12. 1967 жылы адамдардың ғарышқа деген қызығушылығы артқан уақытта, Кеңес Одағының павильонына 13 млн. көрермен келген, дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі өткен қала?
13. Дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі 2017 жылы өтетін қала?
Мұғалім: ЭКСПО - ның пайдасы қандай?
Баламалы энергия көздері бойынша ғылыми зеттеулер жасап жүрген ғалымдарымыз үшін маңызды.Халықаралық көрме барша әлемге осы саладағы қазақстандық ақыл- ойдың қуаты мен әлеуетін паш ететін болады.Бұдан басқа, ЭКСПО нысандары үшін жол салу,қоғамдық көлік, коммунальдық шаруашылық, әуежай, вокзал тәрізді инфрақұрылымдық жұмыстар өркендейді.Бұл дегеніңіз жаңа жұмыс орындары.Екіншіден, Астана мен оның маңындағы аймақтарда шағын және орта бизнестің дамуына және ішкі туризмнің артуына серпін бермек.Үшіншіден,елімізге шетелдік туристер ағыны күшейетіні белгілі.Көрмеге үш айда 100 елден 5 млн. адам (күн сайын 50 мыңдай) келеді деп күтілуде.Төртіншіден,ЭКСПО болашақта Қазақстанды ірі несиелер құюға болатын халықаралық ақпараттық- экономикалық алаң ретінде тануға мүмкіндік береді.
EXPO-2017 өткізу астанамыздың да, тұтас республикамыздың да экономикалық және инфрақұрылымдық дамуына қосымша ынталандырушы күш болмақ. Дамуға деген жаңа, әрі айтарлықтай екпінге астана мен шектес аумақтардың
шағын және орта бизнестері де ие болады, әсіресе ең алдымен - халыққа қызмет көрсету, қонақ үй бизнесі мен ішкі туризм салалары. Бұл шара көрме нысандарының құрылысы мен астананың инфрақұрылымына жеке инвестициялардың көлемді бөліктерін тартуға мүмкіндік береді.
Көрме әлемді көп ұлтты мәдениетпен, ежелгі тарихпен, өнермен, дәстүрмен және қазақстандықтардық қонақжайлылығымен таныстыратын болады, ал бұл өз кезегінде Қазақстанның туристтік тартымдылығының танымалдығын арттырады.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылдың 15 қаңтарындағы №11 Қаулысына сай «Астана ЕКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы құрылған. «Астана ЕКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ қызметінің негізгі мақсаттары:
- Астана қаласында мамандандырылған халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуді дайындау және өткізу;
- мамандандырылған халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі аяқталғаннан кейін ЭКСПО-2017
нысандарын пайдалану және қолдану болып табылады.
Ұлттық компанияның басты міндеті тіркелетін құжаттамалардың мазмұндық бөліктерін дайындау, ЭКСПО-2017 территориясында инфрақұрылымдар мен нысандарды жобалау және олардың құрылысын жүзеге асыру.
Ұлттық компанияның басты міндеті тіркелетін құжаттамалардың мазмұндық бөліктерін дайындау, ЭКСПО-2017 территориясында инфрақұрылымдар мен нысандарды жобалау және олардың құрылысын жүзеге асыру. 2013 жылдың шілде айында Астана қаласында Мамандандырылған халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің жаңа белгісіне ұлттық онлайн дауыс берудің қорытындысы жасалды.
Мемлекеттік комиссияның шешімі бойынша мамандандырылған халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің
жаңа белгісі Астанада бекітілді - «Жел энергиясы».