- Учителю
- Тазалықты сүйеміз
Тазалықты сүйеміз
Мақсаты: Оқушылардың тазалық,саулық туралы ұғымдарын кеңейту,таза-
лықтың пайдасын ұқтыру.
Салауатты өмір салтына сай оқушыларды болашақтың тірегі болатын, дені сау азамат етіп тәрбиелеу.Жинақылыққа,ұқыптылыққа баулу.
Көрнекілігі: мақал-мәтелдер: «Тазалық-денсаулық кепілі»," «Шынықсаң шымыр боларсың».
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру.
Кіріспе.Бүгінгі сабағымыз тазалық тақырыбына арналады.Сонымен, «Таза-
лықты сүйеміз» атты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.Тазалық,ұқыптылық туралы білетінімізді ортаға салып айтамыз.
Тазалық туралы айтқанда,ойымызға не келеді?(Оқушылар жауабы).«Тазалық»
сөзін топтастыру.
-
Бүгін біз «Кірқоймас» кітапшасымен танысамыз.
Есік қағылып, Кірқоймас көмекшілерімен кіреді.
Кірқоймас:
Тазаланып тұру керек
Ерте мен кеш жас бала.
Кір-кір болу елден ерек,
Мүлдем ұят,масқара!
Мынау менің көмекшілерім.Аттарын атаңдаршы.(сабын,тарақ,орамал)Осы заттар сендерде бар ма? Менің тағы қандай көмекшілерім бар екенін білесің-
дер ме?
Көмекшілерімнің дайындаған жұмбақтары бар екен,соны шешейік:
Бұдан кір қорқады,
Судан бұл қорқады. (Сабын)
Дәмі де жоқ,түсі жоқ,
Пайдаланбас кісі жоқ. (Су)
Жуынып болғаныңда,
Жүреді қолдарыңда. (Орамал)
Қалтамда жатыр,тісі бар,
Тістемей-ақ істер ісі бар. (Тарақ)
Түйістіреді көзіңді көзіңе,
Жолықтырады өзіңді-өзіңе. (Айна)
Осы айтылған заттар не үшін керек?
- Сабын денеміздің кірін кетіріп,таза болу үшін керек.
- Су жуынып,аппақ,тап-таза болып жүру үшін керек.
- Орамал денемізді құрғату үшін керек.
- Тарақ шашымызды тарау үшін керек.
- Айна киіміңді,шашыңды ретке келтіру үшін керек.
Ал енді тазалықтың қастарын айтайық:
Бұл баланы кім дейді?
Әділет
Бәтеңкесін,пальтосын
Өзі кие білмейді,
Бұл баланы кім дейді? (Жалқау)
Аружан
Көзінен жас кетпейді,
Балалардан шеттейді,
Бұл баланы кім дейді? (Жылауық)
Рустам
Айтқанға ол көнбейді,
Қонаққа маза бермейді,
Бұл баланы кім дейді? (Тентек)
Нұргүл
Шықпай жатып көшеге,
Үсті-басы кірлейді,
Бұл баланы кім дейді? (Салақ)
Көрініс: «Аппақ бала» Ә.Табылдиев
- Асан қандай бала еді?
- Анасы Асанға тазалықты қалай түсіндірді?
- Асан анасына не деді?
- Өзін неден көрді?
- Асанды қалай атады?
Осы тұста сыныпқа ұқыпсыз,салақ,үсті-басы кір бала кіреді.
Ха-ха-ха! Мынау келген кімдер? Сендер неге тап-таза болып отырсыңдар?
Мен сендерді суға түспей кір болып жүруге,парта сызуға,құстарды атуға үйретемін.Қайсысың менімен дос боласыңдар?
-
(Оқушылар сөзі)
-
Жарайды,күштеріңді сынайын,кім менімен күш сынасып көреді?
-
Ой-ой ,Қолымды ауырттың ғой...
Кірқоймас:
Ой,оңбаған,кір-кір неме
Көрінбе,әрі,көзіме,
Тап қазанның түп күйесі,
Қарашы өзің-өзіңе:
Мойның мынау,толған батпақ,
Бұл не деген масқара!
Мұрның асты сатпақ-сатпақ,
Қолың көсеу, қап-қара!
Мұғалім:
-
Бұл бала туралы не айтамыз?
-
Салақ,сатпақ,кір-қожалақ, т.б.
-
Таза жүруді білмейтін бала туралы өлеңді кім айтады?
Нұрдаулет
1.Анау бала,
Бетін қара.
Кір-қожалақ,қап-қара.
Тырнағы өскен,
Шашы көптен
Алынбапты-ау масқара!
Оралбек
2.Оның аты-Сабалақ,
Әдеті бар жаман-ақ,
Киімі кір-қожалақ,
Көрген емес тазалап.
Сергіту сәті.
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі келеді.(Қаржауова И.)
-
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Күнде ертеңгілік жаттығу жасайсыңдар ма?
-
Жасаймыз.
-
Жаттығу жасап,денелеріңді таза ұстап,спортпен айналыссаңдар, денсау-
лықтарың мықты болып өсесіңдер.Қане,жаттығу жасайық.
Ән: «Спорт-біздің досымыз»
Тазалық- денсаулық кепілі.
Мадияр
Бірінші талап- дененің күтімі,яғни,теріні дұрыс күту.
Дос бол сабын,сумен сен,
Жиі-жиі жуын сен.
Таңертең де,кешке де,
Жуын күндіз,түсте де.
Жуын тамақ алдында,
Жуын тамақ соңында.
Жуын ұйықтар кезіңде,
Жуын тұрған мезгілде.
Оралбек
Екінші талап- шаш күтімі.
Шашты апта сайын жылы сумен жусақ «Балалар» сабынымен немесе шам
пунмен жуу керек.Құрғақ шаштарды ,бастың терісі құрғақ және қайызғақ-
талса жұмыртқаның сары уызымен жуу керек.Шашты қарапайым жеке та-
рақтармен немесе щетка тарақтармен тараған дұрыс.
Диас
Үшінші талап- тырнақтар күтімі.
Аяқ-қол тырнақтарын өсірмей алып отыру керек. Өскен тырнақ арасына ау
ру тудырушы микробтар ,ішек құрттары жабысқақ келеді.Ұзын тырнақтар әдемі көрінбейді және ол адамның тазалық күйінің төмен екенін көрсетеді.
Әділет
Төртінші талап- ауыз күтімі.
Тісіңді екі рет таңертең және кешке тазарт.
Тамақтан кейін аузыңды шай.
Тіс болмаса,асты қалай шайнайсың,
Тісті күніне екі рет
Тазартуды ойларсың.
Әдет қыл бұл ісіңді:
Тазалап жүр тісіңді.
Кішкене де ыңғайлы,
Тіс щеткасын пайдалан.
Тазалауға болмайды,
Щеткасымен басқа адам.
Ән: «Бұл не?»
Жұмбақтар шешу.
Асқар тауда қалың орман,
Кейде оны шөптей орам. (Шаш)
Оң жағымда бес сарбаз,
Сол жағымда бес сарбаз. (10 саусақ)
Қимылдаса қос шебер,
Қыруар-қыруар іс өнер. (2 қол)
Үй ішінде отыз екі батыр,
Кіргендерді отап жатыр.(тіс)
Таудың екі жағынан
Екі қалқан жабысқан.
Жақын барсаң маңына,
Сезе қояр дыбыстан. (құлақ)
Мұғалім: Тазалықтың денсаулық үшін үлкен пайдасы бар.Таза жүретін баланы қалай атайды?
-
Ұқыпты,мәдениетті,ақылды т.б
-
Тазалық туралы қандай өлеңдер білеміз?
1-оқушы: Мадияр
Мен халатты киемін,
Аппақ болып жүремін
Аппақ болып жүргенді
Өзім жақсы көремін.
Шаң-ласпен достаспайтын,
Тазалықпен қоштаспайтын,
Аппақ балалар сөйлесін.
2-оқушы: Ділназ
Су пайдалы адамға,
Шынығамын күнде мен.
Тоңбаймын аяз,боранда,
Салқын суға үйренген.
3-оқушы: Ілияс
Сынып іші айнадай,
Шаң мен тозаң ұшпайды,
Үзілісте ойнаймыз,
Кіршіксіз қып ұстаймыз.
4-оқушы: Әсел
Сыпырғыш ап сыбанып,
Шаң тозаңды қудым кеп.
Шүберек ап,су алып,
Сырлы еденді жудым кеп.
5-оқушы: Диас
Сыпыр,сыпыр,сыпырғы,
Тазарсын аула ауасы.
Таза ауа мен таза аула
Тазалықтың дауасы.
Би: «Апам үшін» Нұрдәулет,Ділназ,Әсел.
Жарнама. Мадияр,Әсел, Ділназ.
Ойын: «Жалғасын тап».(Мақал-мәтелдерді жалғастыру)
1.....қара,шашыңды тара.(айнаға)
2.........- денсаулық кепілі.(тазалық)
3.Ішің ауырса,аузыңды тый,
Көзің ауырса,.... тый.(қолыңды)
4.Денсаулық.... байлық (зор).
5.Шынықсаң.... боларсың (шымыр).
Мектеп медбикесімен «Тазалық- денсаулық кепілі» тақырыбында
әңгімелесу.(Айтпағанбетова Б)
М:(Кірқоймасқа)
-
Балалардың тазалығы туралы не айтасыздар?
Кірқоймас:Міне,балалар,біз сендермен жете таныстық,барлығың да бізге ұнадыңдар.Көпшілігің таза,ұқыпты жүреді екенсіңдер.Сондықтан да мен сен-дерді біздің тазалық қоғамына мүшелікке аламын. Бірақ мен әрдайым келіп,
тазалықтарыңды бақылап жүрем.Егер араларыңнан кір салақ жүретін оқушы шыға қалса,маған бірден хабарлайтын боласыңдар.Мен ондай баламен сөйле-
семін,егер ол себепсіз кір,қожалақ жүрген болса,онда оны тазалық қоғамының
мүшелігінен шығарамыз.Осыған келісеміз бе,балалар?
-
Келісеміз.
-
Ал сау болыңдар.(көмекшілерімен кетеді)
М: Балалар,Кірқоймас сендердің тазалықтарыңа өте риза болып,тазалық қо-
ғамына мүшелікке алды.Олай болса,біз сендермен күнделікті жуынып,киім- кешегімізді әрдайым таза ұстасақ,онда біздің сынып үнемі тазалық қоғамы-
ның мүшесі бола береді.Таза жүріп,денелеріңді шынықтырып,болашаққа ден-
саулықпен бірге барайық.
Бәрі:
Тазалықты сүйеміз,
Таза болып жүреміз,
Біз баламыз шыныққан,
Денсаулығы мықты жан.
Қорытындылау.
№6 Шұбарқұдық негізгі мектебі
(1 класс)
2011-2012 оқу жылы
Бекітемін: / Т.Әділхан/ Қаралды:
05.03.2012ж.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Өрнектердің түрлері жайындағы түсініктерді тиянақтау. Санды
және әріпті өрнек туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау,есте сақтау және шығармашылық қабі-
леттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Шапшаңдыққа, әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Компьютер,үнтаспа,суреттер,сөзжұмбақ,ойындар,асық,сан-
дықша,қалта.
Түрі: ойын сабақ.
Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелесу.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.
ІІ.Өткенді пысықтау.
Математикалық диктант.
5+4, 8-4, 5+5, 10-5, 6-3, 4+4.
9, 4, 10, 5, 3, 8.
ІІІ.Жаңа сабақ.
1.Көктем суреттері (слаид).
-
Көктем мезгілдерін ата (наурыз,сәуір,мамыр)
-
Көктемде қандай өзгерістер,мейрамдар болады?
(Күн жылынады,қар ериді,малдар төлдейді,құстар келеді,гүлдер өседі,ағаштар бүршік жарады, т.б.)
(8 наурыз-Аналар мейрамы, 22 наурыз- Ұлыстың ұлы күні(жаңа жыл)).
Бүгінгі сабағымызда көктемде болатын өзгерістер мен мейрамдарды атап өтеміз.
Сендер сабаққа жақсы қатыссаңдар, сандықшаның ішіндегі сыйлыққа ие боласың- дар. Ал енді жаңа сабағымыз «Санды және әріпті өрнектер».
2.Мұғалімнің түсіндірмесі.
5+2 10-5 3-2 4+4 2+2 а+2
10-2 санды 10-а әріпті
7-5 өрнектер с+5 өрнектер
Өрнектер 10-0 а-0
Әріпті өрнектің мәнін бірден таба алмаймыз. 10-а,а=2 болғанда 10-2=8.
3.Оқулықпен жұмыс.
1.Құстарға ұя жасау.(тақпақ айту).
№2 Санды өрнектерді оқы.Мәндерін табу:
4+2=6 8+2=10 3+3=6 5+3=8
7-2=5 9-2=7 7-3=4 9-3=6
а)Сөзжұмбақ шешу.
қ
о
с
у
а
п
т
а
а
р
т
ы
қ
т
о
ғ
ы
з
1.Төрт амалдың бірі.
2.7 күн.
3.«Кем» сөзіне қарама-қарсы.
4.Ең үлкен бір таңбалы сан.
2.Төлдерді күту(тақпақ айту).
№3 Әріпті өрнектердің мәнін табу.
а-3,а=3 3-3=0 10-а, а=3 10-3=7 7-а, а=3 7-3=4
а= 4,4-3=1 а=4, 10-4=6 а=4, 7-4=3
а=5, 5-3=2 а=5, 10-5=5 а=5, 7-5=2
Ойын: «Кім жылдам?»
Көлден ұшты жеті қаз, Алшаға кеп,күнара
Қайтып қонды екі қаз, Қонушы еді бір ара.
Қонбады оның нешеуі? Бүгін тоғыз туысын,
Кәне,кім тез шешеді? (5) Ертіп келді бұл ара.
Сонда бүгін алшаға,
Келіп қонды қанша ара?
4 жұмыртқа 4 минутта піседі.Бір жұмыртқа пісу үшін неше минут уақыт керек?(4минут)
3.Аналар мейрамын қарсы алу(тақпақ айту)
№ 4 Қайсысы есеп? Есепті шығар.
5+2 сандарының қосындысының мәні неге тең? Бұл-қосынды.
Аулада 5 тауық және одан 2-еуі артық балапан жүр.Аулада неше балапан жүр?
Бұл-есеп. Шарты,сұрағы,шешуі,жауабы бар.
Тауық-5 Ш: 5+2=7
Балапан-? 2-еуі артық Ж/бы: 7 балапан
Сергіту сәті. Ән: «Есеп сабағы».
4.Наурыз тойын қарсы алу(тақпақ).
а) «Асық ойыны»
1.10-ға дейін тура және кері сана.
2.Ең үлкен екі таңбалы сан (10)
3.Азайтудың компоненттерін ата.
4. 1кг темір мен 1кг мақтаның қайсысы ауыр?(бірдей).
5.а-5,с+3 қандай өрнектер?
ә) «Дүкен» ойыны (есеп шығарып, ұлттық киімдер атып алу).
б) Ребус шешу.
ІҮ.Сабақты бекіту:
Ойын: «Қай үйде тұрады?»(Санды және әріпті өрнектерді үйлеріне кіргізу).
3+3 4-а 6+с 5+5
ҮІ.Үйге: №6, 170-бет. Кесте жаттау.
ҮІІ.Бағалау(сандықшадағы гүлдермен )
Білімділігі: Көпбұрыш қабырғаларының ұзындықтарын өлшеуге және геоме-
триялық фигураларды ажырата білуге үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың танымдық қабілеттерін,зейіндерін,шығарма-
шылық белсенділігін дамыту, ауызша санау, логикалық ойлауын,
байқағыштығын қалыптастыру.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды шапшаңдыққа,ептілікке баулу.Ұлттық ойындарды
насихаттауға, құстарды қорғауға, қамқорлық жасауға, табиғатты
сүюге тәрбиелеу.
Түрі: ойын сабақ.
Әдісі: топпен жұмыс,ойын,сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: құстар макеті,ұя, асық,орамал,геометриялық фигуралар,суреттер.
Құрал-жабдықтар: ақпаратты технология,үнтаспа.
Пәнаралық байланыс: дүниетану,технология,ана тілі.
Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі (оқушылардың сабаққа дайындығы).
Психологиялық дайындық.
«Көңіл ашар» жаттығуы.
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады маған да.
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады саған да,
Шуақты көктем нұр төгіп
Көңілді кетті көтеріп.
Оқушыларға жыл мезгілін айтқызып, табиғатта қандай өзгерістер болатынын,келетін жыл құстарын атап, оларды қалай қарсы алатынын айтқызу. (Көктем мезгілі, құс мезгілі, құстардың ұшып келе жатқан суретін слайдтан көрсету, даусы)
Бүгінгі сабақта жыл құстарын қарсы аламыз және әрқайсысының тапсырмалары бар, орындау арқылы құстарды өз ұяларына қондырамыз.
ІІ. Өткен сабақты пысықтау.
Жұмбақ шешу арқылы құстың атын табу.
Көктемде құстар қайтқанда,
Ең алдымен келетін.
Өзіміз күтіп алатын,
Ұя жасап беретін.
-
Бұл қандай құс, балалар?
(Қараторғай)
Енді осы құстың даусын тыңдайық.
Сонау алыстан бізге қараторғай қонаққа келіпті. Оның бізге екі тапсырмасы бар екен.
Деңгейлік тапсырмалар.
1-тапсырмасы: «Ханталапай» ойыны . Бұл қазақтың ұлттық ойыны.
Асықпен ойналатын ойын. Ойын жүргізуші қолындағы асықты «хан талапай» деп ортаға қарай шашып жібереді. Отырғандар жылдам жиып алулары керек.Көп асықтың ішінде біреуін қызыл түске бояйды. Сол асық «хан» болады.Ханды алған бала арнайы сұраққа жауап береді, қалған балалар асықтағы нөмірлерге қарап, сұраққа жауап береді.
Мақсаты: балалардың жылдамдығын жеделдету, нерв жүйелерін шыңдау, ойда сақтау қабілеттерін жетілдіру.
1. Екі жағы бітеу түзу сызық (кесінді).
Арнайы сұрақ:Шаршының сол жағында үшбұрыш, оң жағында дөңгелек орна- ласқан. Шаршы қай жағына салынған? (ортасында).
2. Төрт қабырғасы бар фигура қалай аталады? (төртбұрыш).
3. Натурал сандарды ата (1, 2 ... 9).
4. Ондықтарды ата (10, ... 90).
ІІІ. Жаңа сабақ.
2-тапсырмасы. «Ребус» шешу арқылы жаңа сабақ тақырыбын білу (үшбұрыш,төртбұрыш - көпбұрыштар деп аталады).
1) Мұғалімнің түсіндірмесі.
№1 Практикалық жұмыс жүргізу.
4 см
4 см
4 см 4 см
Бұл қандай фигура? Бұл қандай фигура?
Оның неше қабырғасы бар? Оның неше қабырғасы бар?
Фигуралардың қабырғаларының ұзындықтарын өлшеуге болады (өлшеп көрсету).
2) Ұзақ қарғаны жұмбақ шешу арқылы табу,ұясына қондыру (даусын тыңдау).
Жыл құстарының ішіндегі ең қарасы,
Егінді құрттардан қорғайды.
(Ұзақ қарға)
1). №2. Өлше. Кесінділер ұзындықтарының айырмасын тап.
6см 2см
6см - 2см = 4см
2). «Ақсүйек» ойыны.
Қызықты тапсырмалардың артында «ақсүйек» тығылып жатыр.Тапсырмаларды кім дұрыс шешсе,сол «ақсүйекті» табады.
А) Көлден ұшты жеті қаз,
Қайтып қонды екі қаз.
Қонбады оның нешеуі
Қане, кім тез шешеді?
(Бес)
Ә) Су құйып ем астауға,
Үш қаз ұшты аспанға.
Үш қасқалдақ, бір қазан,
Екі үйрек, бір сазан.
Бір көксерке, бір қарға
Қосылды кеп бұларға.
Айт неше құс ұшып жүр,
Неге екенін түсіндір (10).
3) Қарлығашты ұясына қондыру (даусы).
Шарлап келіп даланы,
Үйіме үйін салады (Қарлығаш).
А) №3 Фигураларды ата. Шаршының қабырғаларын өлше.
2см
2 см
2 см
2см
Ә) Сергіту сәті: Көк аспанға қараймын,
Келген құсты санаймын,
Үшбұрыш болып тырналар
Жылы жақтан оралар.
4) Көкекті ұясына қондыру (даусы).
Қайталап атымды,
Ән салып аламын.
Кез келген ұяға,
Жұмыртқа саламын. (көкек)
Ә) Геометрияық фигуралардан балапан суретін құрастыру:
5) Аққуды айдын көлге қондыру (даусы).
Көлдің көркі, сәні екен,
Ұшқанда сазды ән екен.
Адамдар оны атпаған
Бұл қай құс, балалар?
(Аққу)
А)№5. «Орамал тастамақ» ойыны.
Ойын басқарушы санды айтып,орамалды кез келген оқушының алдына тастай салады.Ол оқушы тез жауабын айтып,орамалды келесі оқушының алдына тас-
тайды.
10, 20, 30, 40, 50, 60, 70, 80, 90, 100.
Ә)Еркін өлшеммен көпбұрыш сызу.
ІҮ.Үйге тапсырма: №4, 199-бет.
V. Сабақты бекіту.
2.Сөзжұмбақ шешу.
ү
ш
б
ұ
р
ы
ш
а
л
п
ы
с
а
р
т
ы
қ
ү
ш
а
й
ы
р
м
а
1.Көпбұрыштың бірі.
2.6 ондық.
3. «Кем» ұғымына қарсы.
4.Натурал сан.
5.Азайтудың компоненті.
ҮІ.Бағалау
Үздіктер тобы.
Екпінділер тобы.
Қанағаттанарлық тобы.
ҮІІ.Ән көңілдің ажары.