7


Ардақты ана тәрбие сағаты

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мақсаты;

Білімділік; оқушыларды мейірімділікке, аналардың , мұғалімдердің өлшеусіз еңбегін бағалай білуін, анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан , ананың мейірімімен тарааалатының ұғындыру;

Дамытушылық; оқушылардың бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын , ойлау шеберлігін , сөйлеу мәдениетін дамыту;

Тәрбиелік; оқушыларды адамгершілікке, сыйластыққа, қамқор болуға, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.

Барысы.

Құрметті асыл аналар, қыз қызғалдақтар!

Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланаатын 8 наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз.

Сіздерге әлемнің нұрын , өмірдің гүлін, көктемнің шуағын тілейміз. Мына жарық дүниенің мәніде, сәні де сіздерсіздер.

Ананың тілегі , ананың жүрегі, ананың махабаты, ананың ыстық құшағынан қасиетті ештеңе жоқ.Ең ыстық күннің нұры да ананың шапағат мейіріміне жетпейді.

Бүгінгі 8- наурыз аналар мерекесіне арналған «Ана бақыты- бала бақыты» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Бүгінгі мейрамда көктемдей көтеріңкі көңіл сыйлайтын оқушыларымыздың аналарға арнаған өлең шумақтарын қабыл алыңыздар;

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқынды бөліп талай түн қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың аясындай, гүл бақтың.





Мен өзінмен қайда болсам біргемін,

Махабаттың жүрегімді жүр менің.

Күн нұрындай жадырай бір күлгенің,

Қандай жақсы ортамызда жүргенің!





Ер жеткізіп, елге берген баласын,

Ақылдысың, ардақтысың, данасың!

Қарайтыным қас- қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме анашым!





Өскеніңді жүреді аңсап,

Өмір бойы мәпелейді.

Өңінді сәл кірбің шалса,

Дәрігерге жетелейді.

Бір мініңді көре қалса,

Аппақ жүзі қуарады.

Сабағынан «бестік» алсаң,

Бес күн бойы қуанады.

Еркелесем , күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан иіскеп менің,

«Құлыншағым, күнім»- дейтін.



Әлемдегі ақылды адам,

Бәрінен сол жақын маған.

Ол жанымда жүрсе, менде,

Батырларша батылданам.

Жамандықтан сақтандырып,

Жақсы ісімді мақтан қылып,

Мәпелеген анамды мен,

Жүрсем деймін шаттандырып.

Анам менің күн көзіндей шуақты,

Далакдай кең, таулы өзендей қуатты.

Дүниедегі жақсылықтың барлығы,

Жан анадан тарап жатқан сияқты.

Ананың құт- береке әр қадамы,

Сезімдер әр ісінен даралығы.

Ана- өмір, Ана- Бақыт,

Ана- Жүрекк,

Тіршіліктің ғұмырының даналығы.



Ана деген өмірдің кәусар бұлағы,

Ана деген тіршіліктің шұғылалаы шуағы.

Ана деген- теңдесі жоқ ұлылық,

Көз алдымда тұлған биік тұрады.

Ана мейір күн көзімен пара- пар,

Тұла бойға қуат болып таралар.

Өміріме шуақ шашып әрқашан,

Көп жасаңдар , ақ ниетті аналар!



Теңдесі жоқ данасының,

Арқа тұтар панаасың.

Еңбегіңді ақтайтын,

Аман болшы, анашым.

Бар өмірдің жүрегі,

Өзің алтын ордасың.

Тіршілігімнің тірегі,

Уайымын болмасын!





О, анашым , таянышым, тірегім,

Бар бақытым бір өзіңнен тіледім.

Мені жақсы болса екен деп қашанда,

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.





Аяулы да алтын нұрлы анашым,

Жүрегіммен мәңгі бірге боласың.

Сен асқарсың, сен аспансың, биіксін,

Сен дархансың, сен жомартсың, данасың.

Сенен өскен балалар,

Сенен өскен даналар.

Құттықтаймыз- мейраммен-

Құрметті аналар!





Бүгін - наурыздың сегізі,

Сұлулықтың негізі.

Әдмі сөз-

Адамның

Анаға айтар лебізі.

Баланың да тірегі,

Дананың да тірегі,

Шаншымасын ешқашан ,

Аналардың жүрегі.

Мәпелейсін мені анам ,

Қолындағы құсындай,

Құлпыра өсіп дем алам,

Құшағында қысылмай.



Қуаныштың ағайын,

Қоңырауын қағайын.

Ағарпасын теңтектер,

Бір анаың самайын.

Мұрат , мүдде, мақсатын,

Жақсы күн мен жақсы түн.

Нағыз бақыт ананың,

Ақтар деу ем ақ сүтін.



Өзінсің сүйікті анам құдіретім,

Жанымды жадыратып күлдіретің,

Сендегі маған деген махабатты,

Нұр толы қос жанарың білдіретін.

Бар ана туған елдің гүлі дер ем,

Анажан қайғын болса күңіренем.

Таусылмас тау суындай ақылын бар,

Сен барда менің әрбір күнім өлең.





Өзіңе тең келе ме дала таңы,

Сипаған маңдайымнан алақаны.

Өмірдің мезгіліндей күз шағында,

Ұядан самғай ұшты балапаның.



Өзіңсін өмірдегі бар ардағым,

Жыр жаздым, тұңғыш саған ән арнадым.

Анашым айтарым көп тіл жетпейді,

Бір сендей асыл адам таба алмадым.



Құлақтан кіріп бойды алар ,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсен менше сүй,-деп, Абай атамыз айтқандай оқушыларымыздың орындауындағы «Апатйым- анашым» әнін қабыл алыңыздар.

Балаларға арналған сұрақтар;

  1. Ең асыл жан кім?

  2. Қызығынды да бұзығынды да көтеретін кім?

  3. Үнемі жанында періштедей қорғаштап, демеу беретін кім?

  4. Сонымен бүгін қандай мейрам?

  5. Осындай үлкен мейрамда аналардың жүзіне кішкене болса да қуаныш сыйлағымыз келе ме?

  6. Аналардың жүзінен балалары күлкі оятулары керек .(Әркім өз қалауы бойынша)

Бишілер бар біздерде қыздар тобы,

Мерекеге өнерімен келген бүгін.

Таң қалдырып қанекей би билеші,

Қол соғып демеу берер көрермендер,-демекші, ендігі кезекте түрік биімен Анарды қарсы алыңыздар.

Бүгінгі мейрамда көктемдей көтеріңкі көңілмен сөзжұмбақ шешейік;

Көлдененінен;

1) Ең сүйікті адам.

2) Ананың аяулысы.

3) Әке асқар ….

4) Бала жағасындағы….

5) Нәзік жан

6) …..тің көзінен өткендей.

Келесі сайысымыз «Анашым» сөзінің ішіндегі әріптерден бірнеше сөз құрастыру.

Ардақты аналар, қыздар!Сіздерге осынау мереке тек қана жақсылықтар әкелсін!Дендеріңізге саулық, бала -шағаларыңыызға амандық тілейміз. Жүздерінізден қуаныш пен шаттық кетпесін. Еңбектеріңіз табысты болсын, шаңырақтарыңызға құт-береке дарысын! Аспанымыз ашық, мемлекетіміздің іргесі берік болсын!











№25 жалпы білім беретін орта мектеп

























« Наурыз- жыл басы !»



(меркелік шара.)

























Мауенова Э.И.









Қарағанды 2011ж.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал