7


  • Учителю
  • Мен өмірді сүйемін психологиялық сабақ

Мен өмірді сүйемін психологиялық сабақ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Б. Майлин атындағы № 3 жалпы орта білім беретін мектеп, Қостанай облысы, Арқалық қаласы



Куликова Сауле Кенесбаевна





</<font face="Times New Roman, serif">Сабақтың тақырыбы: «Мен өмірді сүйемін ».

Мақсаты: Оқушылардың өмірге деген қызығушылығын арттыру және өзін тануға жағдай туғызу.Оқушылардың өзіне есеп беруге үйрету.

Көрнекілік: қалам, түрлі-түсті қағаз, нақыл сөздер

Сабақ барысы:

1.Сабақты ұйымдастыру кезеңі: «Көңіл күй» жаттығу.

Оқушы түрлі-түсті қағаз қиындысынан жасалған қиындының біреуін таңдап алады, ол таңдап алынған қиындыны ортаға қойылған қағаз қобдишаға салады.

Психолог: Жаттығу соңында оқушыларға бүгінгі сабақта қандай көңіл күйде отырғандарын айтып береді.

«Мен бүгін өте.. қуаныштымын» жаттығуы.

Қазір мынандай тапсырма беріледі.Қасында тұрған оқушыға қолыңды созып, мынандай сөзді айтыңыз. «Мен бүгін өте.. қуаныштымын» Сөйтіп сенің қолыңды алған оқушы,келесі оқушыға қолын созады.Осылайша бір-бірінің қолынан ұстап шеңбер құрады.

«Мен қандаймын» тақырып бойынша жұмыс

Психолог: Оқушыларға мына үш сөйлем жазылған карточка таратылады.

Менің ойымша, мен....

Өзгелердің көзімен, мен...

Мен алдағы уақытта...

Бұл тапсырманы орындау үшін, қобдишадғы сүйкімді керемет, ақылды, күлкілі, ұялшақ, ақымақ, мақтаншақ, нәзік, қайсар, өтірікші, арам, мейірімді... сөздер жазылған карточкалардан, өзіне керектісін таңдап алады.

«Ыстық орындық» жаттығуы

Психолог: Қазір сендер бір-бірлеріңді не деп ойлайтындарынды білесіңдер және өздеріңнің ойларыңмен салыстырасыздар.

Бір оқушы ортаға шеңбердің ортасындағы орындыққа отырады, ал қалған оқушылар «Ол қандай?» деген сұраққа жауап беру үшін, сол оқушының бойындағы қасиеттерінің бірін айтады. Ортадағы оқушы «Менің ойымша, мен....»деген сөйлемді аяқтаған кездегі жазған анықтамасына сәйкес келетіндігін анықтау керек.

Сабақты талдау.

Психолог: Бүгінгі сабақтан не ұнады?

Қандай қиыңдықтар болды?

Кімді бағалаған қиын?

Психолог: «Майшам» жаттығуы Бүгінгі сабақ өз мәресіне жетті, мен сіздердің барлығыңыз да қатынасқандарыңыз үшін ризамын. Қазір мен майшамды жағып, сіздерге беремін,оны бір-бірімізге жылы сөз айта отырып, майшамды әрі қарай беріп отырамыз.Мен сабақтың соңында майшамды алғаным, от- жылулықтың белгісі.















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал