7


  • Учителю
  • ЭССЕ на тему «Біздің –Елбасшы»

ЭССЕ на тему «Біздің –Елбасшы»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

№7 Бабыр ЖОМ КММ









ЭССЕ





ТАҚЫРЫБЫ: «Біздің -Елбасшы»





ЭССЕ на тему «Біздің –Елбасшы»





ОРЫНДАҒАН 7«Б» сынып оқушысы:

Эминтаева М.

Сынып жетекшісі: Ходжамурадова Л.М.

















Ақсукент - 2016ж.





ЭССЕ на тему «Біздің –Елбасшы»



</ ОҚО облысы, Сайрам ауданы,

Ақсукент ауылындағы ЖОМ КММ-ң

7 «Б» сынып оқушысы Эминтаева Мухсина



Біздің -Елбасшы

Сеңім де талай түсті-ау сергелдеңге,

Сын аз ба халыққа серт берген Ерге

«Елім»-деп шырқыраған Өзіңізді

Ұқсатам Күлтегіндей кемеңгерге-деп белгілі ақын Жадыра Дәрібаева жырлағандай, әлем картасынан орын алған Қазақстан атты жас мемлекеттің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев-артынан ерген қалың елінің сеніміне ие болған,әлемге өзінің сындарлы саясатымен танымал болған тұлға.

Барша ұлтты бауырына басқан бауырмал Қазақ халық біреуді артық, біреуді кем деп көрмеген. Татулық пен достықта тұруды ежелден серік еткен. Қазақстан - өз ұлты, халқы, діні, тілі, мәдениеті, тарихы, салт-дәстүрі бар құдіретті ел. Қазаққа тән ата-бабаларымыздан қалған ар-намыс, жігер-қайрат, қайтпас қанат мұра ретінде келешек ұрпаққа дейін жеткен. Тарихқа үңіле отырып: «Кеше кім едік, бүгін кімбіз, ертең кім боламыз?» - деп ойлансақ бұл - туған елінің, халқының өткені мен келешегіне көз жіберген әрбір азаматтың жүрек түкпіріндегі сөзі. Қазақ елі тәуелсіз болса деген арман ұшқын шашса, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Қазақ елінің соңғы он тоғыз жыл тұтқасын ұстап, туын көтерген тұрлаулы да тұғырлы тұлғасы - тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен әлем мойындаған, жаһанға аты жеткен мемлекетке айналды. Ұлы даланың тағдыр-тарихын барлық дем тынысымен түсініп, елінің ендігі тарихын сол ұлылар рухында одан әрі жаңғырта, жасарта алып кететін ер, көзсіз батыр, тап-таза ар - намыстан жаралған қайтпас-қайсар қайраткер, елін басқарып, қос батырдың ісін істей алатындай ерекше тұлғаны тап басып таңдап, тағдырын қолына бергенінде жаза басып жаңылған жоқ еді.

ЭССЕ на тему «Біздің –Елбасшы»

«Атаның баласы болма,

Адамның баласы бол»-деп ұлы Абай атамыз айтқандай,қарапайым қазақ отбасында туып-өсіп, тәрбиеленіп, ата өсиетін,ана ғибратын өмірлік азық еткен Елбасының ғажайып парасатты мен пайымы,ұлтжандылығы жас ұрпақ біздер үшін өнеге. Адамзат басына,күллі әлемге танымал болған осындай Елбасымыздың барына қуанышы да, мақтанышы да!



ЭССЕ на тему «Біздің –Елбасшы»



Қазақ халқының қаншама жылдар, ғасырлар бойы ұлы арманы- тәуелсіздікке ХХ ғасыр соңында қантөгіссіз,дау-жанжалсыз қол жеткізгені әлемге аян. Айналадағы өзге мемлекеттерге кешегі бауырлас демінен одақтас республикадағы соғыстар,қантөгістер күні бүгінге дейін жалғасып отыр. Өзін өз ұлтына барлық Қазақстандарға ақыл-парасытымен,білімдарлығымен сыйлата білген Нұрсұлтан Әбішұлы халықаралық деңгейіндегі беделінің зор екендігі де күнделікті ақпарат көздерінен айқын сезіледі. Елбасымыз арқылы күллі әлем Қазақстанды тани түсуде.Елбасының шетелдерге әрбір сапары қанатымен су тасыған қарлығаштың тірлігіндей ел қамы екені даусыз.



«Тәуекел болмаса, тәуелсіздік бола ма» деп сонау 1997 жылы Астанаға мемлекетіміздің басқала мәртебесін беруінің қандай ұжымды болғандығын айту жеткіліксіз емес пе? Елбасы еліне сенеді,елі Елбасына сенеді.

ЭССЕ на тему «Біздің –Елбасшы»



Жас ұрпақ, біздер де ертеңемізді Елбасымыздың,оның нұсқаған басым бағыттары арқылы елестете аламыз.Еліміздің ауыр да сынағы мол жылдарды артқа тастады.Ендігі кезең жарқын жылдар болмақ. Мен осынау Елбасы туралы ойымды Нұрсұлтан Әбішұлының өз сөзімен аяқтамақпын.

«Алдымызда асу-асу белдер бар, ұлт жолында ұйтқып соғар желдер бар.Белде талар, желде беттен қағар. Бәріне төзу керек,бәріне көну керек жас ұрпақ!!!»



ЭССЕ на тему «Біздің –Елбасшы»



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал