7


  • Учителю
  • Ашық тәрбие сағаты: 'Ана - өмір шуағы' (5-сынып)

Ашық тәрбие сағаты: 'Ана - өмір шуағы' (5-сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Стамбекова Жанар Тасығанқызы

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы

«Екпінді роталау мектебі» мемлекеттік

мекемесінің қазақ тілі мен әдебиет

пәнінің мұғалімі






Сабақтың түрі: Ашық тәрбие сағаты


Сыныбы: 5-сынып

Сабақтың тақырыбы : «Ана - өмір шуағы»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер ,қабырға газеті
Сабақтың барысы:


Жүргізуші:

8 наурыз 2016 жылдың көктемі,

Қыстың кетті аязының өктемі.

Мерекеңіз құтты болсын ханымдар,

Күндей болып жарқыраңдар көктегі-демекші, 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай өткізгелі отырған

«Ана - өмір шуағы» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.


Ақжүніс:
Ана-өмір қолдаушысы әлемнің
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы
Сейілмесін жанарынан ананың
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы
Аялайық аналарды әрдайым
Қуанышқа бөлейікші өздерін
Әжелердің,аналардың,қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін

Жүргізуші: Ана- барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді,өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана -ұлы адам, Ана-құдіретті жан,ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын, Аяулы аналар!!!
Мади:Арулар!
Сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі - 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймын! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке !
Тәуелсіз еліміз тұрғындары ертеңгі күнге сеніммен қарайды. Бұл сенімділік қойылған мақсаттарға қол жеткізуге және ауқымды жоспарларды іске асыру мүмкіндігіне көмектеседі. Әлемдегі ең асыл жан ол - Ана десек , жүрегімізде сүйікті жанға деген маххабат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан -ақ бірінші сөзін ана деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің.
Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару-ана, Ару-асыл жар, Ару - көңілдің гүлі,
Жасұлан: Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді деген екен бір ғұлама. Қандай нақты айтылған ой десеңізші! Расында бар әйел қауымынсыз мына әлемді елестету мүмкін емес! Иә, Құдайдан кейін құдірет иесі - ана. Мына жарық дүниеге әкелген Ана алдында бәріміздің де бас иетініміз сондықтан десек, бүгінде ұрпақ өсірумен қатар, ел еңсесін көтеріле түсуіне өз үлесін қосып келе жатқан қазақ әйелдері қандайда болмасын құрметке лайық. Бүгінде қоғам өмірінің әйелдер араласпайтын саласы жоқ десе болады. Бірі ғалым , бірі саясаткер, енді біреулері дәрігер, кәсіпкер тізе берсең жалғаса береді. Солардың бірі аяулы ұстаздар. Аналар өмірдің барлық саласын меңгергеніне шүбә жоқ бас иеміз.

Гүлназ:
Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Балғын шақты біз бақытты балалар!


Хайрулла:

Құтты болсын ардақты анам
Асыл анам мерекең
Құтты болсын ұстаздарым
Қуанышты берекең


Жүргізуші:

Дүниенің жарық күні анамыз,
Дана болсақ анаменен данамыз .
Тыңдаңыздар, көңіл қойып ағайын ,
Анаға арнап керемет бір ән саламыз.
Сарсембаев Заманбектің орындауында «Ана» әні.

Жүргізуші:

Әйел,қыздар сендер көктем гүлісің,

Ақындардың өлең арнар жырысың.

Ұрпақ жалғап,өмір сыйлап адамға,

Ғасырларға жалғасады бұл ісің.



Амина:

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

Ер жеткізіп елге берген баласын,

Ақылдысың, ардақтысың, данасың!

Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме, анашым

Анам менің, асылым, лағыл әнім,

Кең кеудеңе гүл болып тағыламын,

Жұлдызындай көгінде жағыламын.

Алыс кетсем аңсаймын сағынамын,

Анам менің, асылым, лағыл әнім.


Дильназ:

Халқымызға билік айтар даналар,

Даналардың өзі анадан жаралар.

Жүрегінің бір бөлшегі бала үшін

Сізден жақын адам бар ма аналар?!

Балаға ең жақыны сіз ғой ана,

Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана.

Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ,

Теңесе алар бір-ақ нәрсе Отан ғана!


Жүргізуші:

Десек те уақытпен жарыспайды,

Қиялға қиялмен қарыштайды.

Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,

Өнерін аналарға бағыштайды.

Тоқтарбаева Аиданың орындауында «Үнді » биі.


Дастан:

Анам менің аялап, әлдилеген

Түн ұйқысын төрт бөліп мәпелеген

Дәмің кетпес ақ сүтің аузымдағы

Қалайша ұмытамын бал татыған


Жасұлан:

Анашым алдыңызда қарыздармын

Өтеуден оны ешқашан қарыздармын

Ананың баласына махаббаты

Мәңгілік алаулаған шам-шырағы


Жүргізуші:Талқамбаева Ақжүністің орындауында «Мама» әні.

Жүргізуші:

Перзентке жұмсаған бала күнін,

Ана ырыс,бақ дәулет,жұбанышың

Көк бөрінің тегінен,тарағандар,

Құтты болсын бүгінгі қуанышың.


5-сынып қыздарының орындауында «Балдәурен» биі

Жүргізуші:

Әйел дейміз,ана дейміз, қыз дейміз

Біз оларсыз шаттанбаймыз,күлмейміз.

Олар біздің бақытымыз,барымыз.

Оларменен бақтағы әсем гүлдейміз -демекші өздерің қыздар, аналар арасында гүл санайтын көрермендерімізді ортаға шақырамыз.(Шыққан көрермендер мақал-мәтел айтудан жарысады,жеңімпаз марапатталады.)


Ақжүніс:

Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды

Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды

Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,

Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.

Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды.

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды

Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым.

Сәрсембаев Заманбектің орындауында «Асыл ана» әні.

Жания:

Алтын анам жасымнан аялаған,

Мен үшін игілікті аямаған.

Сабақтан шаршап үйге келгенімде,

Бал сөзі жаным деген сая маған.


Мади:

Құрметтейік,о адамдар,аналарды,

Бізді өмірге әкелген даналарды.

Себебі ана деген асыл жан ғой,

Ойлауменен істелік эр қадамды.

Адам бар ма ана сүтін татпаған,

Алуан-алуан ауыр сынды аттаған,

Адалдықты ар-намысты сақтаған

Мен ананың сонысына мақтанам.


5-сыныптың орындауында «Менің анам алтын» әні.


Жүргізуші: Тоқтарбаева Аиданың орындауында «Аққу» биі.

Жүргізуші: - Мұсылман қауымы анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң дак парызыңнан құтылмайсың деген екен.

Бәріміз де ана алдында борыштармыз. Сол борышты өтеу бізге міндет.Оқушылардың орындауында «Әлемнің жарығы» әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:

Екі дүниенің сардары, кісіліктің киесі өмірдің үлгісі болып, Аллаһтың хақ дінін насихаттаған пайғамбарымыз Мұхаммед - ке сахабалары келіп:

Алланың елшісі бұл өмірде кімге бірінші сәлем беру керек деп сұрағанда:

- Ол анаңа,- деді, екінші кімге дегенде:

-Тағы да анаңа,- деді, үшінші кімге дегенімізде:

-Тағы да Анаға, - деді, төртінші кімге дегенде:

- Әкеңе, - деді.

-Міне, бұл тек аналарға деген ерекше құрмет. Осындай хақ діннің заңына бағынған халқымның салт-дәстүрін құрметтеген адам аналарын құрметтеуге тиіс.

Аналар,өмірді нұрландырып,шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер.Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегінде сенімділік ұялатып,шуақ сыйлайды. Осы айырықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып,елге ырыс-құт дарытсын.Сіздерге зор денсаулық,баянды бақыт,көтеріңкі көңіл-күй тілейміз.

Әрқашан да аналар беделі биік болсын! -дей отырып тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал