- Учителю
- Тәрбие сағатының тақырыбы: «Әдептілік–әдемілік»
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Әдептілік–әдемілік»
Сынып 6
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Әдептілік-әдемілік»
Тәрбие сағатының мақсаты:
Білімділік: Адамның бойындағы ұнамды - ұнамсыз қасиеттерді айта отырып, оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, адамдармен қарым - қатынас дағдыларын жасауға баулу.
Дамытушылық:Оқушылардың сөздік қорын көбейтуге ықпал ету, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, кішіпейілділікке, әдептілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Тәрбие сағаты
Сабақтың әдіс - тәсілі: Сыни тұрғыдан ойлау, топтастыру, ой бөлісу
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, сандық, шарлар
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Кезекшімен сұхбат.
ІІ. Сабақты түсіндіру:
Мұғалім сөзі:
Өзін ғана ойлаған -
Жамандықтың белгісі.
Өзгені де ойлаған -
Адамдықтың белгісі,- деген ұлағатты жолдардың терең түсінігі бар. Өйткені, адам баласына адамдықтың белгісі адамгершіліктен қалыптасады.
Ал, адамгершілік дегеніміз не? Мұның жауабы, әрине, адам бойындағы асыл қасиеттерді атаймыз.
Ал, енді бүгінгі сабағымызда балалар «Адамгершілік - асыл қасиет» жайлы ойөрбітеміз.
1. Әдепті болу үшін қандай қасиеттер бойымызда болу керек? Қане атап жіберейікші.
2. Әдепті бала қандай бала?
3. Әдептілік туралы қандай мақал - мәтел білесіңдер?
4.Өздеріңді әдепті деп санайсыңдар ма? (Әр оқушының пікірі тыңдалады)
Балалар мен сендердің барлығыңды әдепті балалар деп ойлап, азғана болғанымен өте құнды сыйлық ала келдім. Ол мына бір әсем сандықта жасырылып тұр.
- Сандықтың ішінде не бар?! Көргілерің келе ме?!
- Ал неге отырмыз онда, қане ашып сыйлығымызды алайық.
Әдепті болу үшін өздерің айтқан қасиеттерді сыйлық ретінде мен сендерге сыйладым. Сендердің бойларыңнан осы қасиеттер еш уақытта өшпейтініне сенемін. Адам бойындағы асыл қасиеттері еңбек сүйгіштік, достық, әдептілік, көмек беру, қоғамға қызмет ету, инабаттылық, имандылық, елін, жерін сүю, кішіпейілділік. Яғни адам бойындағы осы қасиеттер жоғары тұрса ол адамның адамгершілігі жоғары болмақ. Осындай қасиеттерді бойына сіңірген балалар өте әдепті адамгершілігі зор болады. Сондықтан, біз осы қасиеттерді кішкентай кезімізден бойымызға сіңіруіміз қажет. Әдептілік - әдемілік екенін ұмытпайық!
Слайд арқылы ұлы Абайдың сөзімен нақтылап өтсек:
«Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба,
Ойнап, босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол.
Адам боламдесеңіз,
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекермалшашпақ -
Бес дұшпаныңбілсеңіз.
Талап, еңбек, тереңой,
Қанағат, рақымойлапқой -
Бес асыліскөнсеңіз…» -деп, адамбаласына тек адамгершілікқасиеттердіайтыпкеткенібізгесабақ.
Адам бойындағыасылқасиеттердібағалайбілейік.
-
Балалар ал сендердің жанындағы отырған достарың қадай жіне оған қандай тлек тілер едіңдер? (Әр бала қасыда отырған досына аздап тілек айтып, достарының мінезін сипаттайды )
(Жүрекшелер үлестіріледі)
● Ал енді жүрекшенің бір жағына адамгершілікке, әдептілікке жат қасиеттерді, бір жағына адамгершілік қасиеттерді жазыңдар. Адамгершілікке жат қасиеттерді ешкім көрмесін.
● Жүрекшенің бір жақ жарты бөлігіндегі адамгершілікке, әдептілікке жат қасиеттерді жыртып, қоқыс жәшігіне тастайық. Адамгершілікке жат қасиеттер осымен кетсін.
(қоқыс жәшігіне жыртып тастайды)
● Адамгершілік қасиет жазылған жүрекшені жүрек жақ тұстарына іліп қойыңдар.
IV. Сабақты қорытындылау
Бүгінгі сабағымызды аяқтар болсақ: шарларды алайық. Әр әдемі шармен бірге менің сендерге деген ақ тілегім де бар. Қолдарыңдағы шармен бірге берілген әдемі хатты ашып оқыңдар.
«Ақ тілек»
Құрметті оқушым! Егер сен бала күніңнен әдепті болып өссең, есейе келе ата - анаңның, өз Отаныңның мақтанышы боласың. Абай атамыздың ғибратты сөздері естеріңде болсын! Адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білетін әдепті де әдемі бала болатындарыңа сенеміз!
V. Бағалау: Балалар бүгін сендер сабаққа жақсы ойлар айтып, белсенділік таныттыңдар. Мен сендерге ризамын.
VI. Үйге тапсырма: Әдептілік туралы эссе (ой толғау) жазып келу.
«Үштөбе негізгі орта мектебі» КММ
Тәрбие сағатын талдау
Тақырыбы: «Әдептілік - әдемілік»
6 сыныбы
Өткізген: Уызбаева А.А.
2016 оқу жылы
Тақырыбы: «Әдептілік - әдемілік»
Өткізген күні : 17.01.2014
Өткізілген сынып : 6
Мақсаты: Адамның бойындағы ұнамды - ұнамсыз қасиеттерді айта отырып, оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, адамдармен қарым - қатынас дағдыларын жасауға баулу. Оқушыларды адамгершілікке, кішіпейілділікке, әдептілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу.Адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге тәрбиелей отырып, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне жауапкершіліктерін қалыптастыру.
Тәрбие сағатының жоспары :
-
Сабақ мақсатымен таныстыру
-
Балалаға адамгершілік не екенін түсіндіру
-
Әдептілік белгісі туралы әңгімелесу
-
Слайд арқылы Абай атамыздың әдептілік туралы көзқарасын балаларға жеткізу.
-
Балалардың ойын тыңдау.
-
Қортындылау (мұғалімнің балаларға тілегі).
Бұл тәрбие сағатымды 6 сыныпта өткізген себебім - әр баланы жастайынан тәрбиелеу қажет. Осы тәрбие сағаты арқылы балаларға аз уақыт болса әдептілік белгілері, адамға ұнамды - ұнамсыз қасиеттері таныстырылды. Сабақта түсіндіру, ауызша баяндау, сұрақ-жауап әдістерін қолданылды. Көрнекі құралдардан әдептілік туралы қанатты сөздер, газет, журнал деректері, слайд болды. Бұл тәрбие сабақ өте сәтті де, мәнді, тиімді өтті. Оқушылар да белсенді түрде қатысып, өз ойларын ерік ортаға сала білді. Кейбір оқушылар бұл сабақ барысында тақпақ шығарып, ақындық өнерлерін де танытты.Сабақ соңында әр баланың өз достары туралы пікірлері, оларға деген тілектері тыңдалып , мұғалімнің қортынды сөзімен аяқталды.
«Үштөбе негізгі орта мектебі» КММ
Тәрбие сабағы
Тақырыбы: «Әдептілік - әдемілік»
6 сынып
Өткізген: Уызбаева А.А.
2015 оқу жылы