7


  • Учителю
  • Тіл - достықтың дәнекері сыныптан тыс шара

Тіл - достықтың дәнекері сыныптан тыс шара

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Сыныптан тыс шара

Тақырып: Тіл - достықтың дәнекері

Сынып: 9 «А»





Мақсаты: оқушылардың өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жас ұрпаққа мемлекеттік тіліміздің қадір-қасиетін дарыту, қазақ тілінің мықты болуына негіз қалаған аға ұрпақ өкілдерінің еңбектерінен оқып үйрену, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оқушыларды тез ойланып жауаптарын тиянақты, жүйелі айта алуға, топ алдында еркін сөйлеуге баулу.

Көрнекі құралдар: бейнежазба, интерактивтік тақта, теледидар, маркер, қағаз, смайликтер, түрлі түсті жолақтар және т.б.

Әдіс-тәсілдер: ойын, сұрақ-жауап, мұғалімнің сөзі және т.б.

Іс-шараның барысы.

Сабақтың дәйексөздері:

Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді ...

Ғабит Мүсірепов.

Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата - бабамызды, тарихымызды ұмыту. (Бауыржан Момышұлы)

Кімде - кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды. (Мұхтар Әуезов)

Мұғалімнің сөзі: Құрметті оқушылар, ұстаздар қош келдіңіздер.

Сергіту сәті: Қазір балалар біз кең шеңберге тұрып, алақынымызды ұстап, жылы тілек бір-бірімізге айтайық

Мұғалімнің сөзі: Тіл - халықтың жаны, сәні (Язык - душа народа). Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Ендеше, тілге қандай құрмет көрсетсек те лайық. Тіл мерекесі, тіл салтанаты, тіл қуанышы құтты болсын!

Құрметті оқушылар, бүгін біз 3 топқа бөлінеміз : көк түс - «Тапқырлар» тобы, қызыл түс- «Зеректер» тобы, жасыл түс - «Ойшылдар» тобы. Қазақ тілі еліне сапар шегеміз. Алдымыздан көп бекеттер кездеседі. Ондағы тапсырмаларды орындаған топ мүшелері «Қазақ тілі елінің құрметті азаматтары» атағын жеңіп алады. Әділ қазылар алқасын сайлайық.

Қазір бізде таныстыру бөлімі. Әр топ өзін таныстырып өтеді;

Командалар топтардың аттарын және ұранын айтып өтеді.

Сабағымыз 5 кезеңнен тұрады:

1-в. І кезең - «Таныстыру»

2-в. IІ кезең - «Бәйге»

3-в. IIІ кезең - «Полиглот»

4-в. ІҮ кезең - «Өнерпаздар»

5-в. V кезең - «Орамал тастамақ» ойыны

1-кезең. Таныстыру. Әр топ өзін таныстырып өтеді. Командалар топтардың аттарын және ұранын айтып өтеді.

2-кезең. Бәйге (сұрақтарға жауап беру)

Бұл бөлімде сайыскерлер 1 минут ішінде қойылған сұрақтарға нақты әрі тез жауап беруі тиіс.Әрбір дұрыс жауап - 1 ұпай.

1.Қазақтың ұлы ақыны кім? (Абай)

2.Қазқтың тұңғыш педагог - жазушысы кім? (Ы.Алтынсарин)

3.Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар? (42)

4.Абайдың әжесінің аты кім? (Зере)

5.Қазақстан Республиксының рәміздері (ту,елтаңба, гимн)

6. 100 жасаған ақын (Жамбыл)

7.Киіз үйдің төбесі (шаңырақ)

8. «Тар жол тайғақ кешу» романын кім жазды? (С.Сейфуллин)

9. Тілдің қатысына қарай дыбыстар қалай бөлінеді? (жуан,жіңішке)

10. «Күй» поэмасының авторы кім? (І.Жансүгіров)

3-кезең. Полиглот.

Мақал - мәтелдің түсіп қалған сыңарын тауып айту.

1.Құлақтан кірген суық ...........

Жүрекке барып мұз болар. (сөз)

2.Таза мінсіз асыл ...........

Су түбінде жатады.

Таза мінсіз асыл сөз

Ой түбінде жатады. (тас)

3.Бас кеспек болса да, ..... кеспек жоқ. (тіл)

4.Сөз анасы -құлақ, .... анасы - бұлақ. (су)

5.Ілім - бұлақ, .... - шырақ. (білім)

6.Жігіт бір сырлы, ... қырлы болсын. (сегіз)

7.Тіл тас жарады, тас жармаса ..... жарады. (бас)

8.Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ... біл. (ілім)

9.Қаһарлы сөз .... бұзар. (қамал)

10.Айтылған сөз атылған ..... тең. (оқпен)

11.Ине көзінен сынады, ...... сөзінен сынады. (шешен)

12. ..... сөз - жарым ырыс. (Жақсы)





ІҮ кезең - «Өнерпаздар». Сахналық көрініс. Қазір біздің қатысушыларымыз өнерлерін көрсетеді.

1 топ, 2 топ, 3 топ

Ү кезең - «Орамал тастамақ» ойыны. Оқушылар бір-біріне тіл туралы мақал- мәтелдер айтып , орамал лақтырады. Қағып алған оқушы мақал айтып, келесі оқушыға лақтырады.

Қорытынды бөлім.

Сайысымызды қорытындылап жеңімпаз топты анықтау үшін қазыларымызға сөз берейік.

Міне осылайша «Тіл тағдыры - ел тағдыры» атты сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті.Тіл - әр ұлттың қайталанбас байлығы.Тіл бар жерде ұлт та, ел де, жер де болмақ.

Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне тағы көз жеткіздік.







































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал