- Учителю
- Тақырыбы: Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз!
Тақырыбы: Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз!
Тақырыбы: Тіл тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз!
Мақсаты: Балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге,мәртебесін көтеруге баулып,танымдылық қабілетін арттыру.Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: плакаттар, слайд
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.
Мұғалімі: Балалар,бүгін ерекше күн екен.
Арайлап таң атты,
Алтын шуақ таратты.
Қайырлы таң, балалар!
Балалар біз бәріміз бір үйдің балаларындай тату-тәтті доспыз. Қане,бір-бірімізге деген достығымызды нығайту үшін жақсы тілектер айтайықшы.
Балалар: Күніміз жарық болсын. Аспанымыз ашық болсын. Деніміз сау болсын. Еліміз тыныш болсын. Досымыз көп болсын. Балабақшамыз жайнап тұрсын. Нанымыз көп болсын.
Мұғалімі: Ия,балалар,осындай жақсы көңіл-күйімізбен орындарымызға жайғасайық.
Мұғалімі: Жарайсыңдар,балалар.Олай болса ерекше күн деп есептеп,тақырыбымызды «Тіл-тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз»,-деп бастайық.
Мақсатым балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге, мәртебесін көтеруге баулып,танымдылық қабілетін арттыру.Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу.
І Ғажайып сәт.
Есік қағылып,ішке шет мемлекеттен қонақ келді.Ол біздің елімізге ұшақпен жетіпті.Оның арманы біздің еліміз туралы көп білгісі келеді екен.
-Сәлеметсіңдер ме балалар?
-Балалар,бұл қай мемлекет?
-Қазақстан Республикасы
-Бұл мемлекеттің бас қаласы қай қала?
-Астана қаласы
-Мен сендердің мемлекеттерің туралы толығырақ білсем деп отырмын.Сендер маған көмектесесіңдер ме?
-Ия, көмектесеміз.
-ҚР Елбасы кім?
-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
-
ҚР-ның мемлекеттік тілі қай тіл?
-Қазақ тілі
Мұғалімі: Қәне,балалар,біз қонағымызға мемлекетіміздің әнұранын айтып берейік.
Балалар әнұранды орындайды.
-Ана тілі туралы қандай тақпақ білесіңдер?
Аружан :Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың елдігің.
Арайлым:Ана тілім
Жүрегісің анамның
Жүрек - ана
Мен өзіңмен жаралдым.
Өсірген ой - білімді
Сүйем туған тілімді
Мақсат етем әр сөздің
Мәнін терең білуді.
Олжас:Ақыл - ойындананың,
Анатілденаламыз.
Анатілімардақты,
Ақсүтіндейанамның.
Бақдәулет :Ана тілім - қазақ тілім туған тіл,
Қасиетті тіліміздің бәрін біл.
Ана тілді құрметтеңдер адамдар,
Заманға сай өзге тілдің бәрін біл.
Гаухар:Қазақстан халқының,
Қазақ тілі тірегі.
Ана тілде айтылар,
Әнұраны жүрегі
- Жарайсыңдар,балалар,рахмет сендерге.Мен сендерден көп нәрсе біліп алдым,көп нәрсе біледі екенсіңдер.Енді маған рұқсат мен кетейін.Сау болыңдар!
ІІ Мұғалімі: «Мақал-сөздің мәйегі» демекші туған тілімізге қатысты тіл өнеріне байланысты мақал мәтелдер айтайық.
Али: Тіл тас жарады, Тас жармаса бас жарады.
Гулназ: Ойнап сөйлесең де, Ойлап сөйле.
Сабина: Сөз сүйектен өтеді, Таяқ еттен өтеді.
Нұрислам: Өнер алды - қызыл тіл.
Жанерке: Жақсы сөз - жарым ырыс.
ІІІ Мұғалімі: Рахмет,балалар,енді барлығымыз орнымыздан тұрып, сергіту сәтін жасайық.
Сергіту сәті. ІV Жұмбақ шешу
Тілден ұшып, құлаққа қонады.(Сөз)
Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса, аттама (Кітап)
Жағалай-жағалай тас қойдым,
Жирен атты бос қойдым. (Тіл,тіс)
Оттан да ыстық, ол не..? (Отан)
Көкпеңбек еді көктемде,
Қызарады күзге жеткенде (алма)
Жерге тырс тырс тамады,
Сайға қарай ағады,
Шешуін кім тамады? (Жаңбыр.)
Жазда жатсаң көлеңкесіне алады,
Қыста жақсаң жаның рахат табады.(Ағаш)
Қорытынды.Сұрақ-жауап
Мұғалімі: Балалар,бүгін бәрің сабаққа жақсы қатыстыңдар. Рахмет сендерге. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» деп айтқаныдай сендер осы ана тіліміздің мәртебесін биікке ұшыратын сұңқары, бәйгенің алдын бермес тұлпары болуларыңа тілектеспін.
Тақырыбы: «Тіл тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз!»
Сынып: 5 «Б»
Сынып жетекші: Джузбаева А.Д.
Астана 2015