7


«Менің уақытым жоқ» эссе

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Менің уақытым жоқ» эссе



Өтіп жатқан өмір. Күн артынан күн өтіп, уақыт зырылдауда...

Тіршіліктің әрбір кезеңі уақытпен өлшенеді.

Уақыт дегенде менің ойыма болашақ елестейді. Яғни, болашаққа сеніммен қарау үшін бала тәрбиесіне зор мән берген дұрыс.

«Егер сен бір жылдық өміріңді ойласаң, арпа ек, он жылдық өміріңді ойласаң, ағаш ек, ғасырлық өміріңді ойласаң, бала тәрбиеле», - дейді халық даналығында. Бала тәрбиесінің алтын бесігі - отбасы болатын болса, әр ата-ана өз баласын қанатының астына алып, өзі білген, өзі жеткізген, өзі қабылдаған жақсы тәрбиесін үлгі-өнеге етіп ұрпағына беріп отырса, несі жаман?!

Сәбиге тән бір нәрсе естігені мен көргендерін есте сақтағыш, тез қабылдағыш, мейлінше сенгіш, еліктегіш, барынша таза, адал көңілді, білуге, тануға құмартқыш келеді. Сонымен қатар қаталдықты, өрескелдікті, қайырымсыздықты, тағы басқа жағымсыз жайттарды баланың нәзік жаны жаратпайды. Баланың мінез - құлқы мектеп жасына дейінгі кезеңде қалыптасатындықтан, әсіресе, осы кезеңде алған тәлімі, өнегесі- оның өмір бойғы моральдық бейнесінің негізі болады. Бұл кезеңде сәбилердің зердесіне жақсы өнегелер, құрғақ ақылдан гөрі, ата- ананың, үйдегі басқа да ересектердің күнделікті әдеті, іс - әрекеті, дағдысы, басқаларға деген құрметі мен қамқорлығы, сөйлеу мәнері, өзін қалай ұстауы көбірек әсер етеді. Әдетте, көпшілік ата- ана баласының дені сау, тамағы тоқ, киімі бүтін, теріс әдеттерден аулақ болу жағына барынша көңіл бөледі де, оның бойында жастайынан жақсы қасиет, мінез қалыптастыруға онша мән бермейді. Бала мінезінің жағымды, жағымсыз болып қалыптасуы жанұя ортасына, ондағы адамдардың өзара қарым - қатынасына да байланысты.

«Балам жаман болсын» деп әдейі теріс тәрбие беретін ата- ана жоқ. Ал, дұрыс тәрбие бере алмайтын әке- шешелер кезінде өзі жөнді тәрбие көрмеген не араққа салынып азғындаған, қылмыс жасап, теріс жолға түскен, мінезіндегі, тәрбиесіндегі кемшіліктің нәтижесінде жанұя жауапкершілігін сезіне алмағандар.

Осындай сәтсіздікке ұшыраған ата-анадан туған балалар да жарымжан. Олардың ұғымталдығы нашар, нерв жүйесі әлсіз, түрлі ауруларға шалдыққыш, тәртібі нашар болып келеді.

Қайсыбір ата-аналар «өзіміз кезінде қызығын көрмеген нәрселерді енді балаларымыз иеленсін» деп заттың бағасына, баласының жасына қарамай небір қымбат бұйымдарды алып береді. Соның әсерінен бүгінгі оқушылардың да, жасөспірімдердің де талабы мен қалауы барған сайын өлшеусіз өскен үстіне өсе түсуде.

Иә, әр отбасының хал- ахуалы сан алуан. Қу тіршіліктің соңына түсіп, балам басқалардан қалмасын деп материалдық жаққа көбірек көңіл бөліп, баланың рухани жағын ақсатып жатамыз.

Қазір жаһандану заманы, өмір ағысы өте қатты. Жаһанданудың соңына түсіп, көшіне ілесеміз деп бұрынғы қазақшылығымызды ұмытып бара жатқандаймыз. Уақыт табу, уақытпен жүру, уақыт көрсетеді, уақытқа бағыну деп айтып жатамыз. Уақыт тапшы, уақыт күтпейді, менің уақытым жоқ деген сөзді жиі қолданып бара жатқанымызды өзіміз де аңғармай барамыз.

</<font face="Times New Roman, serif">Уақыттың берері мол. Ата-аналар бір сәт уақытын балаларына бөлсе, алуан өнермен табыстыра жүріп, өзі де баласының жан дүниесін, көңіл күйін, қабілет- қасиеттерін жақсы сезетін болады. Баламен өмір жайлы, көрген кино, оқыған кітаптар, адамдар, достар жайлы әңгімелесіп сыр алысу- ата- ана мен баланың достығын нығайтып, бір- біріне деген сүйіспеншілігін шыңдай түседі.

Көз - көруге, құлақ - естуге тоймаса, адам жақсылыққа тоймағаны, перзентінің бойына жақсы қасиеттерді дарытқаны хақ.









































«Ш. Уалиханов атындағы орта мектеп» КММ









.













«Менің уақытым жоқ»

эссе

















Жазған : Сапанова Мадина Оразкановна























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал