7


Сырлы жеңге, сұлу қыз

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: «Сырлы жеңге, сұлу қыз»Мақсаты: Жеңге мен қайын сіңлі арасындағы өзара сыйластықты, бір-біріне деген сүйіспеншілікті нығайтып, ана мен бала, жеңге мен қыз арасындағы тәрбиені одан әрі дамыту, адамгершілік қасиеттерін ,Отанын, тілін, қазақи салт-дәстүрді құрметтей білуге,
предварительный просмотр материала

«Сырлы жеңге, сұлу қыз»

Мақсаты: Жеңге мен қайын сіңлі арасындағы өзара сыйластықты, бір-біріне деген сүйіспеншілікті нығайтып, ана мен бала, жеңге мен қыз арасындағы тәрбиені одан әрі дамыту, адамгершілік қасиеттерін ,Отанын, тілін, қазақи салт-дәстүрді құрметтей білуге, ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге, туыстық қатынас, соның ішінде жеңгесінің алар орны мен рөлін ұғынуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сабақтың тақырыбы жазылған плакат, нақыл сөздер, шар, гүлдер.

Бағдарламасы:

Асылбек Еңсеповтың «Детство» күйі қосылып тұрады. Сахнаның сыртынан Мұқағали Мақатаевтың «Ана» атты өлеңі оқылады.

Ана
Сен бақыттысың,
Жыламағын!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағын, жыламағын!

Бармын ғой
Тірімін ғой,
Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын.

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

Тәңірім кеше көрсін кесірімді
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді…

(Өлең аяқталып болған соң, бірден көңілді әуен қосылып жүргізуші сахнаға шығады).

Жүргізуші: Ар ма, ағайын! Қайырлы күн, қымбатты жиналған қауым! Құрметті ақ жаулықты аналар мен әжелер, кер маралдай керілген әпкелер, қарындас, құрдастар, ұстаздар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтай отырып, «Сырлы жеңге, сұлу қыз» атты мерекелік кешке қош келдіңіздер дейміз!

Наурыз айының басында біздің еліміздің көп аймағында әлі де қар жатады. Қыстағыдай ызғарлы, бірақ көңілімізді көктемнің алғашқы мерекесі жылындырады. Бұл мерекенің жылдың басқа мезгілінде болуы қисынға келмейтіндей, себебі, көктем секілді әйелдер де адамзатқа өмір, жылылық пен әсемдік сыйлайды емес пе?

Жер-дүниенің жаңаруын, оның сәні мен мәнін паш етіп келе жатқан тамаша көктемнің мерекесі қарсаңында Сіздерге және отбасыларыңызға мол береке, бақыт, шаттық, мызғымас денсаулық, болашаққа зор сенім, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз! Барша туған-туыстарыңызды жылы жүрегіңіздің мейірімділігі мен ыстық ықыласына бөлеуден шаршамаңыздар! Жылдан-жылға табиғаттың тамаша мерзімі - көктемдей құлпырып, жасара беріңіздер!

Біз ғана емес,

Қадір тұтқан бабалар

Ана деген - тіршіліктің тірегі,

Мерекеңмен, қасиетті Аналар! - дей отырып, алғашқы құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Ерболат Мұратқалиұлына береміз.

Ән:Жеңеше-ай

Жүргізуші:

Ана - жұмақ, мен - шуақ, саябағы,

Ана - шырақ, мен - мен сұрақ санадағы.

Ана - теңіз, мен - қайық тербетілген,

Ана - бұлақ, мен - құрақ жағадағы.

Біздің мерекелік кешіміз жеңге мен қайын сіңілі қатысуымен, бірлесе жұмыс жасауымен өткелі отыр. Яғни, сайысқа 6 жұп қатысады. Құрметті сайысқа қатысушылар, сайысты бастамас бұрын сіздерді сайыстың әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныстырып өтейік.

Сайыс мынадай кезеңдерден тұрады:

  1. «Сәлем - сөздің анасы» (таныстыру)

  2. «Таза мінсіз асыл cөз ой түбінде жатады» (салт-дәстүрге байланысты көрініс қою)

  3. «Өнерлінің өрісі кең (өз өнерлерін көрсету)

  4. «Шебердің қолы ортақ»(қолөнер бұйымын көрсетіп, таныстыру)

  5. «Білгенге маржан» (сұрақтарға жауап беру)

  6. «Ас - адамның арқауы»(дайындалған тағамның құрамымен таныстырып, жасалу жолын түсіндіру)

Жүргізуші: Сонымен қатысушы жұптарды ортаға шақырамыз.

Гүл көңілі қуаныштан өрілді,

Жанарыңнан жалын нұры төгілді,

Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,

Көпшілікке таныстыршы өзіңді, - дей отырып, алғашқы қатысушыларымыздың таныстыруын тамашалайық!

(5 жұп таныстыруын көрсетеді)

Жүргізуші:

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап

Ана дейді жас сәби де жарқылдап

Ана деген - бәйтерегі өмірдің,

Ана деген - алтын қазық, алтын бақ!

Ендігі кезекте жеңгелеріміз бен аруларымыздың салт-дәстүрден хабар беретін көрінісін тамашалуға рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші:

Ең күшті нәрсе не? - десе,

- Әйелдің әмірі! - дер едім.

Әйелдердің барлығын

Жердегі Тәңірі! - дер едім.

Өз басым әйелді осылай деп бағалаймын. Өйткені, адамзатты жарататын - әйел, ұлтын көбейтетін - әйел, ұрпақты ұластыратын - әйел, еркекті Ер ететін - әйел. Бір сөзбен айтқанда, дүниенің тірегі -әйел. Махаббаттың асыл нұры - әйел. Өмір деген алтын сарай есігінің күміс кілті - әйел махаббаты. Ананың қадірін онан сайын сезіне түсіну үшін әдемі бір ән тыңдап алсақ тыңдап алайық:

Ән:Анаға сәлем.

Жүргізуші: Әйел затының міндеті - сырттай қарағанда от басы, ошақ қасы секілді қарапайым көрінгенімен, нақтырақ зер салсақ, үй ішінің шаруасы - кәсібімен айналысып, бала-шағаны бағып-қағу, өсіру, ағайын жұрттың береке-бірлігіне ұйытқы болу сияқты негізінен үйелменнің құт-берекесін арттыратын ең бір маңызды істер әйелге жүктеліп, әр шаңырақтың тұрмыс-тіршілігі, хал-ахуалы да осы үйдегі ақ жаулықты аналарымыз болып келеді. Ендеше, осы күйбең тіршіліктен арылып, аруларымызбен бірлесе дайындаған жеңгелеріміздің өнерін тамашаласақ.

КВН:9 сынып оқушылары

Жүргізуші:

Адам бар ма ана сүтін татпаған,

Алуан - алуан ауыр сынды атанған.

Адалдықты, ар-намысты сақтаған,

Мен анамның сонысына мақтанам!- дей келе, қатысушыларымыздың бүгінгі кешке дайындаған қолөнер бұйымдарымен таныс болайық.

Би: «Қуыршақтар»

Жүргізуші:

Жас ару жас ғұмырдың талғамысың,

Қуантқан әрбір үйдің арманысың.

Дәл бүгін қанат қомдап сыналарда

Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын, -дей отырып, салт-дәстүрге негізделген сұрақтарға жауап беру үшін, ортаға қатысушы жеңгелерімізді құрметпен шақырамыз.

Сұрақтар:

  1. Түйемұрындық дегеніміз не?

  2. Байғазы ұғымының мәні.

  3. Бастаңғы қандай дәстүр?

  4. Тұлым дегеніміз не?

  5. Селт еткізер ғұрпының мәні№

  6. Шарғы дегеніміз не?

Жүргізуші: Әрі қарай сұрақтарымызды көрермендерге қойсақ. Ол үшін ортаға бүгінгі кештің жас тілшілерін шақырайық.

Жүргізуші:

Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,

Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.

Өзің мына сыйға берген өмірде.

Ақ сүтіңді ақтап өту арманым.

Жеңгелеріміз дайындаған тағамның ерекшеліктері мен таныс болайық.

Ән: Әке-ана.

Жүргізуші:

Бойларыңда от бар екен, байқадым
Жүректерде шоқ бар екен, байқадым
Әрқашанда осы шоқты өшірмей
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым, - дей келе сөз кезегін әділ қазыларға береміз.

Жүргізуші:

Барша ана, құтты болсын мерекеңіз!

Әрқашан да ана, сізбен берекеміз!

Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,

Сонда біз кісілікке теңесеміз!

Аяулы аналар! Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегіне сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт дарысын! Амандықта жүздескенше! 8 наурыз мейрамы құтты болсын!

Ән: Сенің анаң алтын.


Сайын Мұратбеков


Өмірбаяны

(1936-2007) туған. 1957-1963 жж. ҚазМУ-де сырттай оқыған, бітірген. 1954-1962 жж. туған ауылында колхозшы, мұғалім, аудандық, облыстық газеттердің әдеби қызметкері, 1962-1972 жж. , бөлім меңгерушісі, кеңесші, директоры, 1972-1977 жж. Қазақстан КП Орталық Комитетінде жауапты қызметкер, 1977-1980 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, 1980-1984 жж. [[Қазақстан Жазушылар одағы]]ның хатшысы, 1984-1986 жж. директоры, 1988-1991 жж. ҚЖО-ның екінші хатшысы болған. XI сайланған депутаты. Жазушының алғашқы шығармалары 50-жылдардың аяғында жариялана бастаған. Содан бергі уақытта әңгімелері мен повестерінің «Менің қарындасым» (1961), «Ауыл оты» (1964), «Көкорай» (1967), «Отау үй» (1968), «Жабайы алма» (1972), «Дос іздеп жүрмін» (1973) жинақтары, таңдамалы шығармаларының бір томдығы (1981), 1986 және 1991 жж. екі томдығы, «Ескек жел» атты әңгімелер жинағы жарық көрген.

«Қалың қар», «Өліара» повестері кітап боп шықты.

Алматы баспаларынан орыс тілінде «Дом молодых», «Камен тугай», «Дикая яблоня», т.б. кітаптары, Мәскеу баспаларынан әр жылдары жарық көрген «Дикая яблоня», «На вершине Учкары», «Запах полыни», «У теплого родника», т.б. кітаптары, өзбек тілінде «Евшан иісі», татар тілінде «Әрем иісі», украин, белорус, грузин, армян, Әзірбайжан, литва, т.б. туыстас халықтар тілдерінде әңгіме, повестері, араб тілінде «Жусан иісі» повестері мен әңгімелері жеке кітап болып шықты.

Аударма саласында белгілі роман-повестерін, сондай-ақ Г.Толмачевтің Д.Қонаев, Н.Назарбаев туралы деректі повестерін Алекс ла Гуманың «Тас ғалам» романын қазақшалаған.

«Тел өскен ұл» (реж. Ш.Бейсенбаев, 1976) кинофильм сценарийінің авторы. 2003 жылы «Жабайы алма» повесі үшін лауреаты атанды.

марапатталған.

«Қалың қар» повесі үшін Қазақстан Жазушылар одағының М. Әуезов атындағы әдеби сыйлығы, атағы берілген. лауреаты (2006).



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал