7


  • Учителю
  • 'Әдептілік - адамгершілік белгісі'

'Әдептілік - адамгершілік белгісі'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Әдептілік - адамгершілік бегісі

Cабақтың мақсаты:

б)сыйластық сөздерін күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету

д)қайырымдылық ,инабаттылық сезімдерін дамыту

т)адамгершілікке тәрбиелеу

Әдісі:лекция, ойын , сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер: тақырып жазылған плакат, әдепті және әдепсіз бала суреттері.

Жоспар:

  1. Ұйымдастыру бөлімі

  2. Кіріспе сөз

  3. Ертегілер елінен және сыпайылық елінен келген қонақтарды қарсы алу.

  4. Сәлем-сөздің анасы

Мақал-мәтелдер

  1. Сұрақ-жауап

  2. Әдеби-монтаж

  3. Көрініс

  4. «Кімді сыйлаймын» ойыны

  5. Бата беру

  6. Корытындылау


1 жүргізуші

-Келгенде көктемі

Көңілін гүл басқан


2 жүргізуші

-Шырағы көктегі

Жұлдызбен сырласқан

1 жүргізуші

-Өз елім менің

Өзегім менің

Жырыма қосып жүремін

2 жүргізуші

-Төрім деп менің

Жерім деп менің

Соғады мәңгі жүрегім.

1 жүргізуші

-Түлегі сендер

Тілегі сендер

Тірегі сендер сол елдің

2 жүргізуші

-Назары сендер

Базары сендер

Ажары сендер сол елдің

1 жүргізуші

-Сәлеметсіздерме, қымбатты оқушылар, ата-аналар!

2 жүргізуші

-Ассалаумағалейкум, қымбатты ұстаздар!Қош келіпсіздер!

Мұғалім: Халқымыздың әдепті де сыйластық қарым-қатынастарға ежелден көңіл бөліп келгені белгілі. Ұрпақтан-ұрпаққа ауысқан бұл өнегені біз қазақтың мақал-мәтелдерінен, нақыл сөздерінен мол ұшырстырамыз. «Ұлық болсаң, кішік бол», «Әдепті бала өсірсең, ауылдың абыройы», «Кішіпейілділік-кішілік емес кісілік» деп ой тарқататын сөз маржандары халқымыз ұстанған тәлім-тәрбиенің жүйелі бағдарын меңзейді.

Әдеп дегеніміз-адамдармен қарым-қатынас барысында әңгімелесу кезінде шамадан аспау, біздің сөзіміз бен ісіміз сөйлесіп тұрған адамның көңіліне тимеуін ойлап, сыпайылық шегінен шықпау.

Адамның бойында жақсы-жаман қасиеттер болады. Барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуымыз керек.

Адам ажарлы, қайратты, сымбатты болуы мүмкін.Бірақ ол әдепті болмаса, пәс көргенсіз кісіге саналады. Ал әдептен озбаған инабатты тұлғалар жазба тарих аңыздарда дәріптеледі.Олар сан ұрпақтың зердесінде ұялап, талай ғасырдан кейін де баяғысындай абзал да аяулы болып қалуда.

Адалдық-адамгершіліктің басты қағидаларының бірі. Адалдық өсек-өтірікке жоламауды, біреуді сыртынан ғайбаттамауды аңғартады.Адал болу дегеніміз-жаны, жүрегі таза болу деген сөз.

Адал адам ақиқатты ардақ тұтады. Шыншылдықты сүйеді. Біреудің мүлкін, беделін, абыройын, сырттай саудаламайды. Жақынын, туысын, танысын, достарын айналасындағыларын ардақтайды. Ешқашан ешкімді сатып кетпейді. Отанына үнемі қалтқысыз адал. Әр кезде имнын қорғай біледі. Иманмен тиянақталған адалдықты кіршіксіз адалдық деп атайды.

Адалдық рухани тазалықтан туындайды. Жан дүниесі , рухани әлемі таза адам әрқашан абыройы асқақ, беделі жоғары. Ол өтірік айтпайды, ұрлық жасамайды, біреудің затын рұқсатсыз пайдаланбайды. Адал адамның достығы мәңгілік.


Адал жанның ұйқысы тыныш, күлкісі ашық. Оған біреудің жақсылығын, қуанышын қызғану, көре алмау сияқты қасиеттер жат.

Адалдық өзінен-өзі келмейді. Ол тәрбиенің жемісі. Адал болу үшін адам жас кезінен өз жүрегін тыңдай білуі, өзін-өзі тәрбиелеуі қажет.

Халқымыз «Әдепті бала өсірсең, ауылдың абыройы»- дейді. Сіздерден де әдепті, адамгершілігі мол азамат шығатынына сенемін.

Назары сендер

Базары сендер

Ажары сендер сол елдің-деп жүргізушілеріміз әндетіп кеткендей әдептіліктеріңізбен, үлгілі тәртіптеріңізбен тек ауылымыздың ғана

емес, елеміздің де абыройы болатындарыңызға сенемін.

1 жүргізуші

-Бүгінгі біздің тәрбие сағатымызға ертегілер елінен Алдар Көсе, сыпайылық елінен әдептілік елшісі қонаққа келе жатыр.

Алдар Көсе:Сәлеметсіздерме балалар!

Әдептілік елшісі:Сәлеметсіздерме!

-Сәлеметсіздерме төрлетіңіздер.

Алдар Көсе: Қазақта «Әдепті елдің баласы-алыстан сәлем береді» деген сөз бар. Бұл тегіннен-тегін айтылмаған. Ал амандасу жөнінде кім не біледі?

Амандасу-бейбіт пейілдің достық ықыластың белгісі. Адам баласы дамуының балаң кезінде амандасу

  • қолында тасы не басқадай қаруы жоқтықты көрсету үшін жасалған қауіпсіздік әрекеті. «Міне көрдің бе, қолымда дәнеңе жоқ» деп оң қолын көтеріп амандасу, «сенбесең алақанымды ұстап көр» деп оң қолды ұсынып амандасу бейбіт ықыластың ишарасы. Оң қолды көтеру немесе оң қолды ұсыну қару ұстайтын оң қолдың бос екендігін, жауластық ниеттің жоқ екендігін аңғартады.

Осындай ізгі ишара біртіндеп амандасу сияқты тамаша әдетке, одан бірте-бірте мінез-құлық ережесіне айналған.

  • Қазақ халқында амандасуға ерекше мән беріледі. Әдетте кіші-үлкенге, аттылы-жаяуға бұрын амандасады.

  • Ассалаумағалейкум!Бұл сөз Алланың нұры жаусын деген мағынаны білдіреді. Амандасудың кең тараған түрі, сәлем беру.

  • Уағалейкумассалам! Саған да алланың нұры жаусын деген мағынаны білдіреді. Бұл сәлемді алу.

  • Армысыздар!-амандасудың ежелгі қазақи түрі.

  • «Сәлеметсізбе»-бұл амандық сұрау. Сәлем беру.

  • Қол беріп амандасу-шынайы ізгі ниетті білдіреді. Имандылық қағидасы бойынша қол беріп амандасқанда бетті бөтен жаққа немесе теріс қарап амандасуға болмайды. Қыз баланың қол беріп амандасуы міндетті емес.

  • Төс қағыстырып амандасу-ер жігіттердің, батырлардың шынайы достығын білдіреді. Бір-біріне сенетін жігіттер ғана осылай амандасады.

  • Көпшілікпен амандасу

Көпшілік отырған жерге келген кісі әрқайсысымен емес, жұрттың бәріне бір ғана сәлем береді. Отырғандардың бірі сәлем алса, ол бәрінің сәлем алғанын білдіреді. Дастарханның басында бәрімен қол беріп амандасу міндетті емес.

Бір үйдегі отбасы мүшелері, бірге қонып шыққан адамдарда таңертең бір-біріне «Қайырлы таң!» айтып амандасқандары жарасымды.


Алдар Көсе:Жарайсыңдар балалар! Ал кәне кім адамгершілік, сыпайылық туралы мақал-мәтелдер біледі?

-.....

-...

-....

Алдар Көсе:Ой жарадыңдар балалар! Бұл жолы да білімді екендеріңді көрсеттіңдер.

Әдептілік елшісі: Мен сыпайылар елінен сіздерге қонаққа келген «Әдептілік елшісімін». Өзімді таныстырсам:

Атам маған әманда

Әдепті жан бол деген.

Ата сөзі санамда-

Жасы үлкенге жол берем.


Атам маған әманда

Кішіпейіл бол деген

Ата сөзі санамда-

Мақтанбауды жөн көрем.


Атам маған әманда

Әділетті бол деген

Ата сөзі санамда-

Жүрем тура жолменен.


Әдептілік елшісі Мен сіздерге сұрақ қоямын, сіздер маған жауабын айтып беріңдер.


Апаң саған базардан

Алма сатып әперді.

Ең жақсысын үлкенін

Саған таңдап әперді

Не деп барып жеу керек?

- ....


Әдептілік елшісі Өзіңе көм ектескен немесе сыйлық берген адамға не деу керек?

-...

Әдептілік елшісіТамақ ішіп болғаннан кейін не деу керек?

-...

Әдептілік елшісіБайқаусызда біреуді қағып кетсең не деу керек?

-...

Әдептілік елшісіСыныпқа кешігіп келсең не деу керек?

-...

Әдептілік елшісіҮлкен кісі ауыр сөмкелерін көтере алмай келе жатса не деу керек?


-...

Әдептілік елшісіЖарайсыңдар. Ал кәне кім әдептілік, сыпайылық жөнінде тақпақтар біледі

  • Ата-ананың тілегі

Адам болып өскенің

Адамдықтың тірегі

Адал болып өскенің.


  • Әдептілік дегенің,

Әрқашанда керегің.

Әсемпаздық дегенің,

Әуре сарсаң әлегің.


  • Спортпен айналыс,

Сұлулық сыйлаған.

Сол саған пайдалы іс,

Сауық пен кинодан.

  • Тәртіті бала сүйеніш,

Төбең көкке жетеді!

Тәртіпсіз бала күйініш,

Төмендеп басын кетеді.


  • Ұрыншақ бала жанында,

Ұрыс пен керіс айқай- шу.

Ұстамды бала маңынан

Ұнамды қылық байқайсың.


  • Шындықты сақтаймыз,

Шыншылды жақтаймыз.

Шаршы топ алдында

Шығарып мақтаймыз


  • Сыйлап сәлем бергемін,

Көршішілерді көргенде

Ізетті деп білемін,

Үйге қонақ келгенде.

Әдепсіздеп сөкпесің,

Анама айтып өкпесің.


  • Су құйдым да құманмен,

Қолына мен әкемнің.

Содан кейін оған мен,

Орамалды әкелдім.


2 жүргізуші

-Қазір «Жалқаудың жауабы» атты көріністі тамашалайық.

-Қарағым қалғыма

Қара жөндеп алдыңа

Сөздің турасына келсек

Дәптерің қайда көрсет


-Сыныпта қалып кетіпті

Біреулер алып кетіпті


-Одан да балақай

Десеңші жазбадым


-Жоқ ағай жазғам

Кеше құдық қазғам

Сонда түсіріп алдым

Парағын ұшырып алдым


-Кешкілік не істедің


-Асық ойнайтын жерді тегістедім

Енді түрегелі үйге кіре беріп

Табалдырықтан құлап түстім

Ұзынымнан сұлап түстім.


-Кітап бетін аштыңба?


-Иә, көрпенін астында

біраз қарап, парағын санап

Денем ысып кетті

Ішім бүріп кетті

Табамен іші кең

Көжені ішіп ем

Шертиіп тойып кеттім

Төсекке қойып кеттім

Сөйтіп қалжырап

Тәтті ұйқыға маужырап

Сабақ оқи алмадым


-Онда саған тиісті баға «2»

Алдар Көсе:Қазір мен сіздермен «Кімді сыйлаймын» ойынын ойнағым келіп тұр. Бұл ойынның шарты:


Алдар Көсе:Жарайсыңдар! Өркендерің өссін! Сіздермен уақыттың қалай өткенін де байқамай қалған сияқтымыз. Біздер елдерімізге сіздер сияқты әдепті, білімді, сыпайы балаларда қонақта болғанымызды айта барамыз.Мен сіздерге бата беріп кетейін:

Жүйрік тілді ақын бол!

Жақсыларға жақын бол!

Достарыңмен тату бол!

Өз ортаңның гүлі бол!

Ата-ананың көзінің

Сөнбейтұғын көзі бол!

Кім болсаң да әйтеуір

Азаматтың бірі бол,

Туған елдің ұлы бол!


Әдептілік елшісі, Алдар Көсе:Қош сау болыңыздар!

-...

Мұғалім: Сонымен әдепті бала қандай бала екен?

Әдепті бала

1 жүргізуші

-Осымен «Әдепті бала-ауылдың абыройы» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.

2 жүргізуші

-Қош сау болыңыздар!




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал