7


  • Учителю
  • ХХІ ғасыр көшбасшысы 'Тіл - татулық тірегі' (сыныптан тыс іс-шара)

ХХІ ғасыр көшбасшысы 'Тіл - татулық тірегі' (сыныптан тыс іс-шара)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

« № 1 жалпы орта білім беретін мектеп-интернаты» КММ

XXI ғасыр көшбасшысы.

«Тіл - татулық тірегі»

(сыныптан тыс іс-шара)





Өткізген:

қазақ тілі пәні мұғалімі

Шопанова Гүлсара Арманбекқызы











Петропавл қаласы



XXI ғасыр көшбасшысы. «Тіл - татулық тірегі»

Ойынның мақсаты: ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары интелектуалдық оқушылардың дарынын ашу, белсенділіктерін арттыру, білімдерін көтеру.
БАРЫСЫ
ЖОСПАР:

1тур - Бәйге
2тур - Көкпар
3тур - Ғажайып жетілік
4тур - Полиглот
5тур - Жорға


Армысыңдар, құрметті қонақтар
Ағайын мен халайық
Көпшіл болған ер дана
Достары көп ер бала
Өнерліден үлгі алып,
Салдырар сәнді мол қамал
Өнерлімен дос болсаң,
Қиялыңды қорғайды - демекші, бүгінгі ХХІ ғасыр көшбасшысы атты интелектуалдық ойынымызды бастаймыз!
Әділ-қазылармен таныстыру.
Бүгінгі ойынымызда білім таластыратын ойыншыларымызды да таныстырайық.

1-ойыншы: Устемирова Диана

2-ойыншы:Павлова Анастасия

3-ойыншы:Жолдыбаев Әділ

4-ойыншы:Смольникова Олеся

5-ойыншы:Кусаинов Валихан

6-ойыншы:Огаркова Виктория

7-ойыншы: Серікпаева Жамиля

8-ойыншы:Ситенок Кристина

Тіл- өте маңызды құрал. Тіл болмаса адам өз ойын жеткізе алмас еді. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет ғұрыптары, салт-дәстүрлері, бізге ана тіліміз арқылы жетеді.Қазақ тілі- өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру - ҚР азаматының парызы.

І тур Бәйге.

Бөлімімізді бастайық. Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда - демекші, қане, көрелік, алғашқы бөлімімізде ойыншыларымыз өздерін қалай ұстар екен...
Ойын шарты:
Берілген сұрақтарды мұқият тыңдап алып, қолдарыңызды көтересіздер. Бірінші болып көтергеніңіз жауап бересіздер. Жауабыңыз дұрыс болмаса, келесі ойыншы жауабын айтуына болады. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.

  1. Қазақстан Республикасының президенті кім? (Н.Ә.Назарбаев)

  2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі? (қазақ тілі)

  3. 1 жылда неше ай? (12 ай)

  4. Қазақстан Республикасының валютасы. (теңге)

  5. Қазақ тілінде неше әріп бар? (42 әріп)

  6. №1 жалпы білім беретін мектеп-интернаты қай көшеде орналасқан? (Панфилов көшесі)

  7. Астананың символы. (Бәйтерек)

  8. Буынның неше түрі бар? (3 түрі)

  9. Мектебімізде қандай 3 тіл оқытылады? (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі)

10.Қазақстан Республикасының тұңғыш ғарышкері (Т.Әубәкіров)


ІІ турымыз - КӨКПАР

Бұл бөлімде сендерге 3 тақырып бойынша сұрақтар беріледі. Жауабын дұрыс тапқан ойыншы 5 ұпайға ие болады.

Көрікті жерлер

Бұл жерді Қазақстанымыздың екінші Швейцариясы деп те атайды. (Бурабай)

Бұл қала 1998 жылы еліміздің бас қаласы мәртебесіне ие болды.

(Астана)

Бұл қала еліміздің оңтүстігінде биік таулар баурайында орналасқан. Қала атауы атақты жеміс атауынан шыққан. (Алматы)

Ұлттық киімдер

Бұл ұлттың тарихы тереңде. Басты ұлттық тағамдарына «шницель», «штрудель» т.б. жатады. Әйел адамдардың киімдерінің негізгі элементтері- кофта, бүрмелі белдемше, алжапқыш. Ерлер киімдері жейдеден, қысқа немесе ұзын шалбардан, жеңсіз киім (кейіннен жилет), мойынға тағатын орамал, кебіс немесе етіктен тұрған.

Бұл қандай ұлт? (неміс ұлты)

Бұл ұлт өкілдері негізінен ислам дінін ұстанады. Ұлттық мейрамның ең көрнектісі - сабантуй. Мұнда ұлттық спорт түрлері - күрес, жаяу жарыс, ат жарысы өткізіледі.Ал ұлттық тағамдарына «катлама», куллама-аш», «шербет» т.б. жатады.Бұл қандай ұлт? (татар ұлты)

Бұл ұлттың тарихи-мәдени мұрасы өте бай. Кавказды мекен ететін халық.Танымал халық аспаптары ретінде сыбызғы, сырнай, тара, т.б. ал би өнерінде «лезгинка» биі танымал. Сонымен қатар дәстүрлі тағамдары ретінде «кәуәп», «мацун», «танапур» т.б. белгілі. Бұл қандай ұлт? (армян ұлты)

Символдар

Бұл ескерткіш Есік қорғанынан табылды. Ғалымдардың айтуы бойынша ескерткіш алтыннан жасалған. Кейіннен бұл ескерткіш «еліміздің тәуелсіздігі» символына айналды. Бұл не? (Алтын адам)

Бұл монумент Астана қаласында 2002 жылы президентіміздің бұйрығы бойныша жасалды. Жобаның авторы Ақмырза Рүстембеков. Биіктігі 97 метр бұл монумент кейіннен Астана символына айналды. (Бәйтерек)

Қазақстан Республикасының валютасы ның атауы. (теңге)

ІІІ турымыз ҒАЖАЙЫП ЖЕТІЛІК

Бұл турда арнайы 3 тақырып бойынша сұрақтар жасырылған. Сұрақтарға дұрыс жауап берген жағдайда 10,20,30, ұпайларға ие боласыңдар.

Фонетика 10

Қазақ тілінде неше әріп бар? (42 әріп)

Фонетика 20

А- қандай дыбыс? (дауысты, жуан, ашық, езулік)

Фонетика 30

Кітап сөзі неше буынға бөлінеді және қандай? (2 буын: ашық , бітеу)

Жұмбақтар 10

Әжеде бар,

Анада жоқ,

Әкеде бар,

Атада жоқ. (Ә дыбысы)


Жұмбақтар 20

ОЛЖА

Жұмбақтар 30

Оңға қарай оқысаң да - бір халық,

Солға қарай оқысаң да - бір халық.

Бір буыным - құс,

Бір буыным - түс. (қазақ)

Мақал-мәтелдер 10

Мақалды толықтыр.

Гүл өссе - жердің көркі,

. . . өссе - елдің көркі. (қыз)

Мақал-мәтелдер 20

Мақалды қазақша дұрыс айт

Өмір - большая школа. (үлкен мектеп)

Мақал-мәтелдер 30

Мақалды жалғастыр

Еңбектің наны тәтті,

....................................

Жалқаудың жаны тәтті.



І V турымыз - ПОЛИГЛОТ.

Мұнда сіздер жұмбақтар мен сұрақтарға қазақша, орысша, ағылшынша тілде дұрыс жауап берулерің керек. Ендеше бастайық.
1. Қыс мезгілінен кейін келетін жыл мезгілі.
(Көктем - весна - spring)
2. Мұрты бар, иегінде сақал жок,
Тон бар, киетін шапаны жок,
Пайдасы үй ішінекн табылған соң,
Далаға кіріп шығар сапар жоқ.
(Мысық - кот - cat)
3. Футболшының алаңдағы ойын заты
(Доп - мяч - ball)
4. Жеті қазынаның бірі, адамды қорғап жүретін досы
(Ит - сабака - dog)
5. Әр адамның шағын отаны
( Отбасы - семья - family)
6. Қалқиып ұзын құлағы
Елеңдеп қорқып тұрады
(Қоян - заяц - carrot)
7. Ер қанаты(Ат) Төрт түліктің бірі.
(Ат - конь - horse)
8. Бір санынан кейін келетін сан:
(екі - два - two)
Ұпай санын білсек. Ұпайы 2 аз оқушы ойыннан шығады.

V тур- «Жорға».

Әр сайыскер бір минут арасында берілген сұрақтарға жауап берсе, әр жауапқа 10 ұпай жинайды.

1-ші ойыншыға қойылатын сұрақтар:

1.Қазақтың ұлттық музыкалық аспабы (домбыра)

2. «Дружба» сөзінің қазақшасы қалай? (достық)

3.Халқаралық тіл (ағылшын)

4. Бір жылда 12 не бар? (ай)

5. Астана қаласының символы (Бәйтерек)

6. Жаздан кейін не келеді? (күз)

7. Мұсылмандар діні (Ислам)

8.Бала дәрігері (педиатор)

9. Үш байлық деген не?(денсаулық, ақ жаулық, он саулық)

10. Италияда Буратинаны қалай атайды? (Пиноккио)

11. Ұшақтың терезесі (иллюминатор)

12. Күрестің бір түрі. «Өзін-өзі қарусыз қорғау» дегенді білдіреді. Ол күрестің қай түрі? (самбо)

13. Экология апатқа ұшыраған теңіз (Арал)

14.Наурыз көжеден ауыз тию қандай ұғымды білдіреді? (тоқшылық)

15. 61 жас неше мүшел (5)

2-ші ойыншыға қойылатын сұрақтар:

1. Қазақ алфавитінде неше әріп бар? (42)

2. Қазақстан Республикасының президенті (Н.Ә:Назарбаев)

3. Солтүстік Қазақстанның бас қаласы (Петропавл, Қызылжар)

4.Қазақтың ішекті аспабы (домбыра)

5.1 аптада неше күн бар? (7 күн)

6.Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы (теңге)

7. Қазақша жаңа жыл мерекесі (22-наурыз)

8. Күздің бірінші айы (қыркүйек)

9. Мектеп басшысы кім? (директор)

10. Ең үлкен жұмыртқа салатын құс қалай аталады? (Түйеқұс)

11. Қазақ қыздарының ұзатылғанда киетін бас киім (сәукеле)

12.Үш арсыз (ұйқы, күлкі, тамақ)

13.Сүйекті пайдаланып ойнайтын ойын (ақсүйек)

14.Құстарды зерттейтін ғылымды қалай атайды? (орнитология)

15. Қыран құсты баулып, аңға салатын адам? (құсбегі)





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал