- Учителю
- Разработка классного часа на тему 'Маужырап барқыт қоңыр күз'
Разработка классного часа на тему 'Маужырап барқыт қоңыр күз'
Тақырыбы: Маужырап барқыт қоңыр күз.
Мақсаты : Оқушыларды мерекелік шараларға тарту, балалардың үлкенге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу.
Оқушылардың таным қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі:күз көріністері плаката, қанатты сөздер, безенендірілген кабинет.
Мұғалім : Құрметті мұғалімдер, оқушылар көрегенді де тәрбиелі азамат болып өсуіне ықпал ету баршамыздың міндетіміз.Ата-анамен мектеп арасындағы байланыстьы нығайта түсу мақсатында өздеріңізбен біріге отырып ұйымдастырылған «Маужырап барқыт қоңыр күз» сайысын бастаймыз. Баршаңыз мерекеге қош келдіңіздер .
Жүргізуші:
Күз келсе сағынғаны қарашаны
Ата-ана баласымен жарасады.
Қарсы алайық келеді жанұялар,
Қызықтайық қыздырып тамашаны.
Ортаға сайысқа қатысушы оқушыларды қол соғып қарсы алайық(Байқаудың шартымен таныстыру.)
-
Жүздің түсін танығанша, бірдің атын біл. /Өздерін таныстыру/
-
Шебердің қолы қолы алтын(Бұйымдарын таныстыру)
-
Кім жылдам(Жұмбақтар шешу)
-
Өнерлі өрге жүзеді (Өз өнерлерін көрсету)
-
Күзгі сән үлгісі(Оқушылармен бірге)
-
Менің қиялым (Сурет салу, жапсыру)
-
Қиыннан қиыстырғанда(Күз тақырыбына шағын шығарма жазу)
-
Қорытынды.
Жүргізуші:
1 бөлім «Жүздің түсін танығанша, бірдің атын біл»
Өнер қуып әрбірі өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген оқушылар кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер дейміз.
2 бөлім. «Шебердің қолы -алтын».
Үй тапсырмасы бойынша әкелген бұйымдарын таныстыру.
3 бөлім. «Кім жылдам» жұмбақ сайысы.
Асемгуль :
Алтын сары тон бар.
Қойынында дәні бар.
Не екенін тауып ал...(Бидай)
Қалың киім ұнатады,
Шешіндірсең жылатады.(Жуа)
Ажар :
Үстіне тігіп дәу шатыр
Астында қызғылт дән жатыр.(Қызылша)
Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні.
Құйрығынан суырып,
Әкелді әкем бір күні.(Сәбіз)
Камшат :
Аласы бар,Жасылы бар,көгі бар,
Ішін ашсаң,қара мөлдір дәні бар.(Қарбыз)
Күннен көзін алмайды,
Мойыны бірақ талмайды. (Күнбағыс)
Мейрімгүл :
Қос құлағы қалқайып,
Су ішкен сайын марқайып,
Күн ысыса тон жинайды,
Доп болғанда ел жинайды.(Қырыққабат)
Қызыл жасыл кемелер,
Су бетінде қалқиды.
Соқса егер салқын жел
Ырғалады толқиды. (Жапырақ)
Айжан :
Әрі Қызыл, әрі тәтті,
Татқан жанды таңырқатты. (Алма)
Қауын, қарбыз дей алмайсың,
Піскенменен жей алмайсың,
Жарғанменен қап -қатты,
Ал асқаныңда тәп-тәтті. (Асқабақ)
Дарын:
Аласа ғана бойы бар,
Қабат-қабат тоны бар. (Қырыққабат)
Көк аланы көгенде көрдім,
Көгеннен жиып жегенде көрдім. (Қауын)
4.бөлім. «Өнерлі өрге жүзеді»
5.бөлім. Күзгі сән үлгісі
- Сайысқа қатысушылар дайын болғанша ортаңғы топ оқушыларының өнерлерін тамашалайық.
Оқушылар тақпағы. Көкеністер мен жемістер
Ән « Гүлжазира Қазақстан»
6.бөлім. «Ас адамның арқауы»
Күзгі көкеністен жасалған дәмді тағамдар түрімен таныстыру.
7.бөлім. «Менің қиялым».Сурет салу,жапсыру. Би «Алмалар » биі
8.бөлім. «Қиыннан қиыстырғанда»
Күз тақырыбына байланысты 1-2 ауыз сөзбен шағын шығарма жазу.
Жүргізуші: Құрметті мұғалімдер, көрермен қауым, әділқазылар алқасы өз шешімін шығарға дейін, Ақбулатова Асемгуль сіздерге ән салады.
Құттықтау, әділқазылар шешімі, марапаттау.
Қант зауыты орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығы бар
мемлекеттік мекемесі
Маужырап барқыт қоңыр күз
/ Ашық сынып сағаты/
7 «Б» сынып жетекшісі:
Рахимова Б.С.