7


  • Учителю
  • Класный час тема: Бағдаршам біздің досымыз

Класный час тема: Бағдаршам біздің досымыз

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: 31.10.2015 Класы: 2 «Ә»

Тақырыбы: Бағдаршам - біздің досымыз

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға жүргіншінің жолда, көшеде жүру тәртібі жайында мағұлмат беру. Бағдаршам туралы мәлімет беру және көше белгілерімен таныстыру. 2.Есте сақтау, қабілеттерін дамыту. 3.Тәртіптілікке, сақтыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Бағдаршам, көше белгілері интерактивті тақта, слайдтар.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру оқушыларды түгендеу

-Сыныпта оқушылар түгел ме? Кезекші :

-Апай, Дымбілместен басқасы түгел.

-Кім біледі,Дымбілмес қайда?

Осы кезде асығып-үсігіп Дымбілмес кіреді. Дымбілмес:

- Апай, кіруге бола ма? Ой, тамаша, машиналар қандай көп. Мен машинаға қағылып қала жаздадым жолда машиналар көп екен.

-Ал Дымбілмес сен көшеде жүру туралы білемісің?

Дымбілмес: Иә, білемін.

Мұғалім: Білсең айта ғой, жақын келіп қалған машинадан қалай өту керек?

Дымбілмес: Жүгіріп, жолды кесіп өту керек.

Мұғалім: Дұрыс па, балалар?

Балалар: Әй, Дымбілмес, сенің бұның дұрыс емес.

Мұғалім:Дұрыс айтасыңдар.Ал енді Дымбілмеске көмектесіп жіберейік, әйтпесе Дымбілмес бір күні машина астына түсіп қалуы мүмкін. Ол үшін балалар өзіміз не білуіміз қажет?

Балалар: Көше тәртібін.

Мұғалім: Дұрыс, балалар ! Ендеше, Дымбілмес сен дұрыс ұғып ал. Қазір біздің балалар көшеде жүру туралы айтып береді.

1-оқушы: Әрбір жаяу жүргінші сияқты, әр бала көшеде аса сақтықпен жүріп тұруы тиіс.

2- оқушы: Көше тәртібін орындамау, көліктердің жүріп -тұруына кедергі жасайды. Жұмысшылар жұмысқа, оқушылар сабаққа кешігеді.

3-оқушы: Көшеде қақпадан шығып келе жатқан машина көрсең, күте тұр.Тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт.

4-оқушы :Мектепке келе жатқанда өзіңе қауіпсіз болатын жерді таңдай біл, өтетін жер тар болса, кездескен үлкен кісіге жол бер.

5-оқушы: Көшеде қауіпсіз жүру үшін жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар бар.Адамдар жүргіншілер жолымен ала жолақпен және тротуармен жүру керек. Тротуардың оң жағына жүруге тырысу керек.

6-оқушы: Көшеден өтпес бұрын солға қара, егер жолдың жүретін бөлігі бос болса, онда өте бер, жолдың ортасына жеткенде, тоқта, егер көлік келе жатса «қауіпсіздік» аралында күте тұр, енді оңға қара, егер жүретін жол бос болса онда өте бер.

Мұғалім: Балалар , жол бойының қозғалысын не реттейді?

7- оқушы: Жол бойының қозғалысын бағдаршам реттеп тұрады.

Мұғалім: - Балалар, алғашқы бағдаршам темір жол бойында пайда болған. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. 1868 жылы Американың Лондон қаласында екі түсті (қызыл, жасыл) электірлі бағдаршам болды. Кейін үш түс қолданысқа енді. Кеңес Одағы бойынша алғаш рет бағдаршам 1931 жылы Мәскеу қаласының көшелерінің қиылысынан орын алды.

Ия, бағдаршам бізге жол қиылыстарынан өтуге көмектеседі. Жаяу жүрушілерді жол апатынан сақтайды. Жолдан өтерде өте мұқият болу керек. Жолдан өтуге болмайды. Бағдаршамның үш көзі - үш түрлі. Бағдаршам бар қиылыс жолдарда адамдар өтетін ақ жолақтар болады. Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда көліктер тоқтайды, ал адамдар жаяу жүрушілер ақ жолақтармен өтеді. Ал, ортадағы сары көзі жанса, көліктер дайындалады. - Ал жасыл көзі жанса, жол ашылады, көліктер жүреді. Бағдаршамның үш көзі жаяу жүргіншілерге және көлікпен жүруге де өте қолайлы, адам өміріне орасан зор. Бағдаршам болмағанда көліктер соқтығысып, жол апаты көп болар еді. Біздің өмірімізді сақайтын осы бағдаршам. Олай болса, көшеден өткенде арнайы ақ жолақтардан өту керек. Жол қиылысында аса абай болған жөн. Көшелерде, жолдарда доп ойнауға, шанамен сырғанап ойнауға болмайды.

Бағдаршам туралы мәлімет беру

7-оқушы: Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін,

Тоқта, сақтан, жол ашық.

Жүрме жолға таласып,

Қызыл көзін ашқанда

Сынық сүйем баспа алға.

8-оқушы:

Қызыл жанды, тоқтағын,

Көрдің жұрттың тосқанын.

Сары жанды дайындал,

Айналаңа қарап ал,

Жасыл жанды, тыңдағын,

Жолың ашық, тұрмағын.

9-оқушы:

Мен көшеден өтерде,

Бағдаршамға қараймын.

Қоймаған ғой бекерге,

Жәрдемшісі ол талайдың.



Мұғалім : Қане, балалар жұмбақ шешіп көрейік .

Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған,

Өміріңді күзеткен

Ысқырығы күшті адам. Бұл кім ?

Жол инспекторы.

Мұғалім: Оқушылар машина жолға ойнауға , велосипед тебуге бола ма?

Оқушылар: Жоқ болмайды.

Мұғалім: Қайда ойнау керек, кім айтады?

Аулада, ойын алаңдарында, спорт алаңдарында стадиондарда ойнау керек.

Мұғалім: Дұрыс , балалар

Мұғалім: Балалар біз бұлардан басқа тағы нені білуіміз керек ?

Оқушылар: Көшедегі жол белгілерін білуіміз керек.

Жол белгілері болып киінген оқушылар ортаға шығады.

10-оқушы: Қып-қызыл үшбұрыш ескерту белгісі мен болам

Қауіптен сақ бол деп ,сәт-сапар жолдаған.

Қызылмен боялған шеңберім аумақты,

Тиымшыл белгімін, қаталмын салмақты,

Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге

Қауіп бар бағдарла, көз салып жан-жаққа.

11-оқушы: Белгімін көрсетер, жылдамдық бағытты,

Міндетті бұрылыс, әйтпесе қауіпті

Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,

Абай бол шартымды міндетті орында!

12-оқушы:

Баратын жеріңнің бағытын тұрағын

Үн-түнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрамын,

Күндіз де, түнде де от болып жанады,

Көк түске боялған төртбұрыш шырағым

13-оқушы: Бұл белгі мектептердің және балалар парктерінің жанына қойылады. Жүргізушілер бұл жерде өте сақ болуы тиіс.

14-оқушы: Бұл белгілер жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге алдарында темір жол бар екенін ескертеді.

15-оқушы: Бұл белгі алдында жол қиылысы бар екенін ескертеді

16-оқушы: Бұл белгі жаяу жүргіншілердің жүруіне рұқсат береді және жаяу жүргіншілер жолы деп аталады.

17-оқушы: Үлкен-кіші қала бар,

Ой жүгіртіп қарап ал

Көше заңы тым қатты

Сақ болыңдар ,балалар

18-оқушы: Қай көше қалаға барсаңыз да

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.

Жол жүру ережесі заңды тәртіп

Ол ортақ үлкен -кіші баршамызға.

Бәрі: Жол тәртібін білейік

Аман- есен жүрейік.

Мұғалім: Ал, Дымбілмес, сен бүгінгі сабақта не білдің ? Бағдаршам деген не?

Дымбілмес:Бағдаршам -жол бойының қозғалысын реттеуші құрылғы.

Мұғалім: Жарайсың, Дымбілмес ендігі жерде көше тәртібін сақтап жүр.

Дымбілмес: Рахмет ,балалар сендердің арқаларыңда мен көптеген мағұлмат алдым,алдағы уақытта оны өз керегіме жарататын боламын.

Мұғалім:Жақсы ,оқушылар бүгін сендер өздеріңнің көше тәртібі, жол ережесін қаншалықты білетіндеріңді ортаға салдыңдар,сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Енді «Кім алғыр?» ойынымен сабағымызды қорытындылайық. Оқушылар викториналық сұрақтарға жауап береді.

Бүгінгі 2-класс оқушыларының «Бағдаршам-біздің досымыз» атты тәрбие сағаты аяқталды









































Бағдаршам - біздің досымыз

  • 0

Сабақтың мақсаты: Ойынды тәрбие құралы ретінде пайдаланып, бала сезімін кеңейтіп, тілін ұштастырып, жол ережесін жасына сай меңгерту. Көшеде жүру ережесін білу арқылы жолда жүру мәдениетін үйретіп, сақтыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: рульдер, белгілер, жол белгілерінің суреттері, бағдаршам.



Сабақтың барысы:

Тәрбиеші: Сабағымызды жұмбақпен бастайық

Аяғы бар жүрмейді,

Аузы жоқ сөйлейді. (Бағдаршам)

Қонаққа бағдаршам келді. Қатты қағаздан жасалған бағдаршамның үлкен суреті.

Бағдаршамның қызметі қандай?

- Жол тәртібін реттеуші.

- Бағдаршам сендерге хат әкеліпті, ашып көрейік, не жазыпты?



Ойын «Бағдаршам құрайық»

Қызыл көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға.

Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға.

Жасыл көзін ашқанда,

Өте бергін жасқанба.



Жүргізуші: Балалар жүргіншілер мынадай сұрақ қойыпты.

- Жүргіншілер қай жолмен жүру керек?

- Жиек жолмен жүреміз.

- Жиек жол болмағанда ше?

- Жер асты жолымен.

- Жолдың қай жағымен жүру керек?

- Оң қол жақпен жүреміз.

- Қоғамдық көліктерге қай жерден отырамыз?

- Аялдамадан отырамыз.



Тәрбиеші: - Өте жақсы, бағдаршамның берген сұрақтарына жауап бердіңдер.

- Балалар бағдаршамға арнап тақпақтарымызды айтайық.



1-оқушы:

Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін,

Тоқта, сақтан, жол ашық.

Жүрме жолға таласып,

Қызыл көзін ашқанда

Сынық сүйем баспа алға.

2-оқушы:

Қызыл жанды, тоқтағын,

Көрдің жұрттың тосқанын.

Сары жанды дайындал,

Айналаңа қарап ал,

Жасыл жанды, тыңдағын,

Жолың ашық, тұрмағын.

3-оқушы:

Мен көшеден өтерде,

Бағдаршамға қараймын.

Қоймаған ғой бекерге,

Жәрдемшісі ол талайдың.



Балалар, бағдаршам сендерге ойын әкеліпті.

«Белгілерді құрастыр және айтып бер».

Ойынның шарты: Балалар алған жарты белгінің екіншісін тауып құрастырыңдар, содан кейін атап беруіңіз керек.

Жанатын бағдаршам ортаға шығады.

Қызыл көзін жағады. Оқушылар қозғалмай тұрады.

Сары көзін жағады. Балалар қол шапалақтайды.

Жасыл көзін жағады. Балалар орындарында тұрып жүреді.



Қорытындылау:- Балалар, бүгін немен таныстық.

- бағдаршаммен.

- Бағдаршамның неше көзі бар?

- Үш көзі бар.

- Қандай - қандай түсті шамдар?

- Қызыл, сары, жасыл.

- Көшелерден белгіге қарамай жүгіріп өтуге бола ма?

- Жоқ.

- Ал, көшенің қай жерімен өтуге болады?

- Ала сызықты жерінен.

Балалардың белсенді қатысқандарын мадақтау, сыйлықтар беру.





























Бағдаршам

  • astaubaeva</</p>

  • 14 мам 2014

  • 18568

  • 0

  • 0

Сабақтың тақырыбы: «Бағдаршам»

Сабақтың мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесіне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру.

Балаларды жолда жүру ережесін мұқият cақтауға, жауапкершілік сезімдерін дамыту.

Баланы зейінді, епті болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс - тәсілі: Әңгімелеу, түсіндіру, ойын сұрақ - жауап.

Сабақтың көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілері, жол қауіпсіздігі туралы суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, түгендеу, назарын сабаққа аудару. Психологиялық сәт.

Қуан шаттан,

Қуан шаттан,

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң,

Қайырлы күн,

Күліп шықты, күн бүгін.



ІІІ. Жаңа сабақ.

Мұғалім: жұмбақ жасыру

Жасыл көзі «жүр» дейді.

Қызыл көзі «тұр» дейді

Сары көзі «дайын бол» дейді.

Бұл не? оқушылар -«бағдаршам».

Мұғалім - дұрыс айтасыңдар, балалар. Бүгін айналамен таныстыру сабағында «Бағдаршам» әмірі атты тақырыпты өтеміз, яғни

жолда жаяу жүру ережесімен танысамыз.(балалардың назарын суретке аудару)

Мұғалім:- суретте не көріп тұрсыңдар?

Оқушылар - үш түсті дөңгелек бар.

Мұғалім - үш түсті кім атап береді? Оқушының жауабы

-- Қызыл түс.

- Сары түс.

- Жасыл түс.

Мұғалім - өте дұрыс, бұл бағдаршам екен. Қазір мен бағдаршамның не үшін керек екенін айтып берейін. Сендер мұқият тыңдап алыңдар.(жол қиылысында тұрған бағдаршам бейнеленген суреттерді ілу ) Бағдаршам бізге жол қиылыстарынан өтуге көмектеседі. Жаяу жүрушілерді жол апатынан сақтайды. Жолдан өтерде өте мұқият болу керек. Жолдан жүгіріп өтуге болмайды.

Бағдаршамның үш көзі - үш түрлі. Бағдаршам бар қиылыста адамдар өтетін ақ жолақтар болады. Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда көліктер тоқтайды, ал адамдар жаяу жүрушілер

ақ жолақтармен өтеді.- Ал, ортадағы сары көзі жанса, көліктер дайындалады.- Ал жасыл көзі жанса, жол ашылады, көліктер жүреді. Бағдаршамның үш көзі жаяу жүргіншілерге және көлік пен жүруге де өте қолайлы, адам өміріне орасан зор.

Олай болса, көшеден өткенде арнайы ақ жолақтардан өту керек. Жол қиылысында аса абай бол, көшелерде, жолдарда доп ойнауға, шанамен сырғанап ойнауға, болмайды.

Оқулықпен жұмыс: «Бағдаршам өлеңін»оқып беру, мағынасын түсіндіру.

ІV. Сергіту сәті.

Қызыл көзі жанғанда,

Сынық сүйем бас па алға,

Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға,

Жасыл көзін ашқанда,

Өте бергін жасқан ба?

V. Жаңа сабақты бекіту.

- Олай болса балалар «бағдаршам» ойынын ойнаймыз.

- Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту.

- Шарты: Балалар қызыл түсті дөңгелекті көрсеткенде тыныштық сақтайды, ал сары түсті дөңгелекті көрсеткенде алақандарын соғады, ал жасыл түсті дөңгелекті көрсеткенде жүреді.

- Оқулықтағы сурет пен жұмыс.

- Суретте қай балалар ойын орнын дұрыс таңдаған?

Тәртіп керек баршаға. (өлеңін жаттау)

«Бұзба көше тәртібін,

Ұрынасың апатқа.

Қызықты өтсін әр күнің,

Жақын болма шатаққа»

- БАҒДАРШАМДЫ ЖАПСЫРУ.

VІ. Жаңа сабақты қорытындылау.

- Балалар бүгінгі сабағымызда не туралы өттік?

- Бағдаршам туралы.

- Бағдаршамның неше көзі бар?

- Үш көзі бар.

- Қандай?

- Жаяу жүрген кездегі белгілер қандай белгілер?

- Ақ жолақтар.

Жол тәртібін білейік.

Аман - есен жүрейік.

VІІ. МАДАҚТАУ:

- Балалар, сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Жолда жүру ережесін жақсы меңгерген сияқтысыңдар. Жолда қиналмай арғы бетке өтетіндеріңе сенімдімін. Сабағымыз аяқталды.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал