7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты: Ұстазым әрдайым есімде

Тәрбие сағаты: Ұстазым әрдайым есімде

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





</<font face="Times New Roman, serif">Тәрбие сағаты тақырыбы: Ұстазым әрдайым есімде!

Тәрбие сағат мақсаты: Ұстаздың адам өмірінде алатын орны зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дамыту әрі дарыту.

Көрнекілігі: Ұстаздар туралы нақыл сөздер, өлең үзінділері, жазылған көрнекіліктер, слайд, әр түрлі шаралар.



Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар. Бүгінгі ұстаздар мерекесі қарсаңында өткелі отырған «Ұстазым әрдайым есімде» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!



Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында

Ұстаз болу-жүректің батырлығы

Ұстаз болу-сезімнің ақындығы

Ұстаз болу-мінездің күн шуағы

Абайтұғын адамның алтындығы

Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.

Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың басты қонағы ардагер ұстаз Борашев Әділ ағай. 10 «Б» сынып оқушыларының Әділ ағайға арнап жасаған видео ролигіне назар аударайық.

Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық-ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солай ардақтауға міндеттіміз» деген

Мектептің тірегі әрі жүрегі - ұстаз. «Ұстаздық етпес жалықпас, үйретуге балаға» деп Абай атамыз айтқандай. Ұстаз ұлағатты есім, шәкірттерге білім беруде ұстаздардың еңбегі ұшан-теңіз.

Оқушылар осы сіздер «Ұстаз ұлағатты есім» дегенді қалай түсінесіңдер? Айгерім

Әр сабағың өтіп жатыр

Перне басқан оркестрдің үніндей

Әр баланың жүрегіне орын тауып

Тұрасыз сіз, дирижер болып күлімдей, демекші ендігі кезекте Әділ ағайымызға арналған сауалдарға кезек берейік. Оқушылар ағайға деген сұрақтарыңыз болса, қоя отырайық.

1.Ұстаздық өмірге калай келдіңіз? - Сара

2.Мектепте қандай қызықты жайттармен кездесе білдіңіз? - Бекслан

3.Мамандықты таңдау сырын айтып берсеңіз? - Улдана



Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына «Балбырауын » атты күймен ортада Күнтебай Нұржан.

Күй



Және де ақ лебіз, жылы тілектерімен ортада Санжар, Әсел, Мерей, Іңкәр



Санжар

Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын

Дендеріңнің саулығы мықты болсын

Білімменнен суарған шәкірттерін

Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!



Асель

Шәкірттерді сусындатқан біліммен

Мейірімің ақ жүзіңнен білінген

Ұмытпаймын есіміңді ұстазым,

Жүрегімнің нақ төрінде ілінген



Оқу білім еліміздің тірегі

Ұлағатты ұстаз-мектеп жүрегі,

Аман болшы, ауырмашы ұстазым,

Шәкіртердің сізге айтар тілегі!



Мерей

Ұстаз ана

Ұстаз ана бағыт берген балаға

Ұстаз ана білім берген санаға

Ғибрат айтып, өнеге берер адамға

Ұстаздық жол-белгілі ғой баршаға



Іңкәр

Кем көрмеймін сізді асыл анамнан,

Сізге ұқсап қудық біз де сан арман

Сіздей адам дүниеде көп болсын

Балалардың бақыты үшін жаралған



Ең аяулы есім ғой «Ұстаз»деген,

Бар тіршілік бақытты ұстазбенен.

Ұстазды жеткізгенше мұратына

Білім іздеп лапылдап жана берем



Ұстаздың оттай ыстық алақаны,

Болған соң ойлайтыны-бала қамы

Баладан ұстазыма мың сан алғыс

Өйткені ол ұстазымның ақ арманы.



Алғаш рет оятқансың санамды,

Алғаш рет ұстатқансың қаламды.

Сол үшінде мәңгі сыйлап өтермін

Түсіндірген жақсы менен жаманды.

Ендігі кезек біздің жас әншілеріміз, Лесбай мен Айгерімге, «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар.



Қорытынды: Ұстаз ақыл-ойы мен күш-қуатын балаларға арнап, жан аямай еңбек етеді. Өйткені ол, оның көкірек көзін ашып, дүниетанымен кеңейтіп қияға қанат қақтырады. Сондықтан болар кейбір дарынды ойшылдар да, тіпті арман қуған балалар да ұстазды пір тұтып қадірлейді. Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіңіздер. Мерекелеріңізбен! Мерейлеріңіз үстем болсын. Оқушылар ұстазды қадірлейік, ренжітпейік деген қорытынды жасай келе бүгінгі тәрбие сағатымызды тәмәмдаймыз.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал