7


  • Учителю
  • Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл толуына байланысты өткен ашық тәрбие сағаты

Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл толуына байланысты өткен ашық тәрбие сағаты

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«ШҚО Семей қаласының білім бөлімі» ММ

«№19 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі.

5 «Д» сыныбында өткен тәрбие сағаты





Өткізген: Назарбекова А. С








2015-2016 оқу жылы

Тақырыбы: «Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі»

Қазақстан халқы ассамблеясының құрылғанына 20 жыл болуына байланысты өткізілген ашық тәрбие сағаты

Мақсаты: Қазақстанда тату - тәтті өмір сүретін халықтардың әдет - ғұрпын, дәстүр - тарихын, тілін қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміз үшін бірлігімізді нығайту басты борышымыз екенін ұғындыру.

Қазақстанда мекен еткен халықтардың тілі мен мәдениетіне деген құрметті шыңдау.

Еліміздегі халықтар достығын, бірлігін нығайту.

Көрнекілігі: қанатты сөздер, видеопроектор, слайдтар, ұлттық киімдер

1 - жүргізуші: (Динара)

Пай - пай, киелі неткен жер!

Батырлар дүбірлеп өткен жер!

Тұлпарлар дүрілдеп төккен тер,

Ғашықтар бір - бірін өпкен жер,

Сарылып сал - сері кеткен жер,

Бас иіп иіскеп топырағың,

Тағзым жасамай өтпеңдер!

Мына өлке, мына аймақ,

Бұл маңда

Құлшылық етемін тұрғанға,

Құлшылық етемін құмдарға.

Тағзым жасаймын қырларға

Шүкірлік етемін қашан да

Осы бір Отанда тұрғанда.

1. «Жаса Қазақстан» әніне әр ұлттың өкілдері шығып, билейді.


2 - жүргізуші (Алмас)

Таңы атты шындықты қолдайтұғын,

Басымызға бақ - дәулет орнайтұғын.

Қазақ деген елім бар құшақ жайған,

Өзгені өз ұлындай қорғайтұғын

Міне осындай бар менің Республикам!

Кеш жарық! Ауылымның ақжаулық

аналары мен ардақты азаматтары!


1 - жүргізуші(Динара)

Еліміз бауыры бүтін, мызғымас мемлекетке айналып, жүз жылға татитын жиырма жылда ортақ жауапкершілік жолын жүріп өтіп, бекемдей түскен бірлігімізбен елдікті еселеп, биік белестер мен алынбас асуларды бағындыра білді. 20 жыл ішінде Қазақстанды 120 - дан астам ел танып, 130 - дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері бір шаңырақтың астында еркін де ерікті, тату - тәтті өмір сүруде!


2 - жүргізуші (Алмас)

Қазақстанды, қазақты достықтың киелі шаңырағына теңесек, түрлі этностар оның алтын арайлы уықтары іспеттес.

1 - жүргізуші:

Тату елге тыныштық орнайды, бейбіт елде ғана береке болады деп бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз

Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен «Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшіліктің келісімнің және жасампаздықтың 20 жылы»деген тақырыпта Қазақстан халқы Ассамблеясының ХҮІІ сессиясын өткізген болатын. Қазақстан халқына бақ болып қонған келісім мен бірлік «Бір ел - бір тағдыр» ұстанымына сүйене отырып, Қазақстанның барша азаматын Елбасының ел тұрғындарына жолдаған «Болашақтың іргесін бірге қалайық» атты Жолдауындағы міндеттерді іске асыру жолында бір елдің баласындай, бір қолдың саласындай жұмылуға шақырды.

Ассамблеяның ХҮІІ сессиясының қатысушылары Қазақстан халқының ұлттық рухы - дәстүр, отансүйгіштік, жаңару мен жеңіс рухын нығайтуға шақырды.

Біз, ел азаматтары, Ұлт көшбасшысы Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен бірлесе отырып, күшті, ырыс - ынтымағы тасыған, өркені дамыған Тәуелсіз Қазақстанды құратынымызға сенеміз!


2 - жүргізуші:

Елді бүгін қарасам,

Айналам бақыт кең жатыр.

Бірімен - бірі туысқан.

Қол ұстасқан ел жатыр

Қырғыз, қазақ, Өзбектер

Армян, түрік, грузин.

Орыс пенен Украин

Терезесі тең жатыр,

Алатау Кавказ ұласып

Баурайы бұйрат кең жатыр.

Бақыттың әні асқақтап

Құлаққа даусы кеп жатыр - деп өлең жолдарында айтылғандай Қазақстан барлық мемлекеттермен тату - тәтті, достық қарым - қатынаста.

1 - жүргізуші:

Бүгінгі мерекемізге бір шаңырақ астында мекендеп жатқан, достығы жарасқан, Тәуелсіз еліміздің дамып, қарыштауына өз үлестерін қосып жатқан өзге ұлт өкілдерін ортамызға шақырамыз. Қырғыздар, Молдавандар, Грузиндер, Орыстар, Өзбектер, Украиндар өз өнерлерін ортаға салып, баптарын сынау үшін қонақтарын қарсы алайық. Біз өзіміздің салт - дәстүрімізді қалай құрметтесек, достығы жарасқан өзге ұлт өкілдерінің мәдениетін де дәл солай асқақтата білуіміз керек. Елбасымыздың «Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ» - деген сөздерін татулықтың туы етіп ұстаймыз. Өйткені, біздің бәріміздің мүддеміз бір. Олай болса осындай бірлігі жарасқан, өз жеріміздегі әр ұлт өкілдерінің өнерлерін тамашалап, бағалау үшін әділ қазылар алқасын сайлап алайық.

Әділқазылар алқасы әр елдің өнерін бастауыш, ортаңғы, жоғары буын бойынша бағасын береді.


2 - жүргізуші: Фестиваліміздің бағдарламасында әр ұлт өкілдері өз елін таныстырып, 5 минут аралығында өз елінің салтын, өнерін көрсетіп, әнін шырқап, мың бұрала биін билейді.

Осы бағдарлама аралығында әр ұлт өкілдерінің киім үйлесімділігін, таныстыру мәнерлерін, сахнада өздерін ұстау, би элементтерінің бір - бірімен жалғасуы, ән шырқау мәнерін сарапқа салып, жоғары ұпай - 5 деген балдық жүйемен есептелінеді.

Сонымен бірге бүгінгі фестивалімізде «Әуезді ән», «Үздік би», «Үздік киім», «Шебер модельер» номинациялары бойынша марапатталады.


1 - жүргізуші:

Қазақ жері достықтың гүлстаны

Дархан өлкем - мерейлі ырыс - бағы

Күрестерде, еңбекте, мерекеде

Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады - деп сайысымызды аяқтаймыз.


2- жүргізуші:

Ұлы мақсатқа, «Мәңгілік елге» сапар шеккен Елбасы идеяларының өміршең болуына біз жауаптымыз. Сондықтан қазақ айтқандай, «Саусақ ашса - қылдырық, жұмса - жұдырық», барлығымыз - бір, тірлігіміз нұр болып болып қызмет етсек, асқақ асу да алынады. Біздің қоғамда ешкімнің де этностық артықшылығы жоқ және бар қазақстандықтардың заң алдында терезесі - тең, керегесі - кең. Біртұтас Қазақстан халқының бөлінбес бір бөлшегі ретінде баршамызды толғандыратын мәселе, ол - әрқайсысымыздың Қазақстанның бір азаматы ретінде ұлтаралық тұрақтылықты нығайтып, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту. Біздің бәріміздің мақсатымыз бір: туған топырағымыздың, ортақ Отанымыздың, қасиетті мекеніміздің өркендеуі. Бұл - біздің ортақ табысымыз, ортақ мақтанышымыз.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал