7


Қош келдің әз Наурыз!

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Қош келдің, әз Наурыз!

Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл, қанатты сөздер, киіз үй, дастархан, суреттер көрмесі.

Жүру барысы:

- Армысыздар, ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз - «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн - біздің ата - бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!





Жүргізуші: Наурыз - көктем мерекесі.

Наурыз - жыл басы.

Наурыз - жаңа серпін, жаңа леп.





Жүргізуші: Наурыз - қуаныш мерекесі,

Бақыт пен шаттық мерекесі.





Жүргізуші: Наурыз - шаруаның мерекесі.

Наурыз - еңбек мерекесі.

Ал, халайық, тұрмайық, Әндетейік жырлайық! Ортамызды ашайық, Ырыс тілеп бұл жылға, Жырдан шашу шашайық!

Хор: «Наурыз той»





Жүргізуші: Наурыз айы - Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.





Жүргізуші: Ақпан кетті араз боп Наурызбен, Наурыз жүр жоғалған бағын іздеп. Көктем жетті көрісіп, жанын үзген Қыс аттанды қоштасып тағы бізбен.

Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен,

Мейірім танысын деп тасып өткен.

Наурыз сән - салтанат, ұлттық рух,

Бақытты Наурызы бар халқым неткен!





Жүргізуші: Келер күнге бар үмітті табынтып, Бар халықты қуантатын бұл қай кез? Хормен: Наурыз!





Жүргізуші: Әнім де саған, биім де,

Құт қонақ өзің үйімде.

Қуаныш сыйлар еліме,

Күлімде, Наурыз, күлімде.

Құттықтау сөз директордың бастауыш сыныптар бойынша оқу - тәрбие жөніндегі орынбасарына беріледі.



Жүргізуші: Құрметті ұстаздар және оқушылар мерекелеріңізбен!

«Ұлыстың ұлы күні құтты болсын»

«Наурызға ақ жол»

«Жыл басы наурыз»

Мол болсын дәм - тұз»

Бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтаймыз. Жанарларыңыздан жылу, жүздеріңізден күлкі кетпесін! Зейін қойып тыңдағандарыңызға РАХМЕТ!



</</span>









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал