- Учителю
- Разработка урока на тему Білім-жанып тұрған шырақ (9 класс)
Разработка урока на тему Білім-жанып тұрған шырақ (9 класс)
Сынып : 9
Сабақтың тақырыбы:Білім-жанып тұрған шырақ.
Сабақтың мақсаты:
Негізгі мақсат: Мемлекеттік емтиханға дайындық жасау. Жаңа сөздерді бекіту.
Білімділік: Оқушыларға білім жайында ақпарат беру, тақырып бойынша мәтіннен ең негізгісін таба білу, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік талдау жасай білу, сұрақтарға дұрыс, нақты жауап бере алу.
Дамытушылық:Оқушыларға Қазақстандағы орта, жоғары білім жөніндегі білімдерін дамытып, оқушылардың ой-өрісін кеңейту, өз ойларын қазақ тілінде еркін жеткізе білуге баулу.
Оқушылардың мемлекеттік емтиханға бойынша біліктілік деңгейлерін шындай түсіп, қазақ тілі салаларынан алған білім тәжірибелерін іс-жүзінде қолдана білу дағдыларын дамыта отырып, сауаттылықтарын арттыра түсу.
Тәрбиелік: Қазақ тіліне құрметін арттыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Түзету: есті, тілді дамыту
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, оқулықпен жұмыс, түсініп оқыту, ойландыру, іздендіру
Сабақтың көрнекі-құралдары: интерактивті тақта, суреттер, кәртішкелер;
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, ән-күй
Сабақ барысы
Сабақтың кезеңдері: Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал:
Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен,
Амандасып қалайық
Бір жадырап алайық!
- Қайырлы күн, құрметті оқушылар.
Қол алысып, кәне, біз.
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге
Тез тұрыңдар шеңберге.
Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!( Сердце)
Топқа бөліну.
Топқа бөліну: Балалар, біз бүгін топпен жұмыс істейміз, мен сендерге бір сөзден беремін, сендердің мақсатын өлеңді жинап алу, авторын анықтау, хормен оқу.
1топ
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге.
2 топ
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Бұл өлеңдерінің авторы кімдер?
Ал осы өлеңдерінің тақырыптары қандай?
-
Білім.
-
Сонымен, сабағымыздың тақырыбы белгісіз?
Қазір сендер білімдеріңізді ортаға сала отырып,сабақтың тақырыбын ашасыңдар.Сендердің мақсаттарын алфавит бойынша буындарды жинап, тақырыпты ашу.
Сабақтың тақырыбын ашу
В-ып; Ғ-ған; А-Бі ; Б-жан; Г-тұр; Ж-рақ, Ә- лім; Д-шы;
Бағалау парағыКластер
- Дұрыс, «Білімнің- жанып тұрған шырақ»
1. «Білім» сөзіне кластер жасау. (4 минут).
( 1 топ екінші топты бағалайды: «Бағдаршам» жасыл- өте жақсы, сары -орташа, қызыл- нашар)
(2 топ бірінші топты бағалайды)- саусақ- формативное оценивание
</ - Көп рахмет, достар! Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай: "Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында...." мен осыған сенемін.
Ал келесі тапсырмамыз «Араб сауат грамотасы», сендердің мақсаттарын сөздерді тауып алу, бұл сөздерде дауысты дыбыстар түсіріліп қалыпты, бұл қандай сөздер?
1 топ- Мкп
2 топ- Блм
-Қандай сөздер?
-Дұрыс, мектеп және білім, енді осы сөздерге 1 топ синквэйн, 2 топ синту құрастырады.
Синквэйн
-
Зат есім- мектеп
-
2 Сын есім- таза, жарық
-
3етістік- оқимыз, жазамыз, жаттаймыз
-
«Мектеп-кеме, білім-теңіз»
-
Білім ошағы- 2 үй
-
«Синту»
-
1 - зат есім -білім
-
2 сын есім- жоғары, орта
-
3 етістік- береді, алады, бекітеді
-
4 -2 сын есім сапалы, жақсы
-
5 - оқу
2.Жаңа сөздермен жұмыс Сөздерді аудару С) 1 топ 4 сөзді сөздік арқылы аударады, сөз тіркесі құрастырады
2 топ 4 сөзді электронды сөздік арқылы аударады, сөз тіркесі құрастырады
қазына- нәрсе- басу- парасаттылық- нұр- үздіксіз- нәтиже- жетістік-
«Бәйге» ойыны
Ал енді осы сөздерге байланысты келесі тапсырма: 2. Осы жаңа сөздердің ішінен қандай сөздер мына кестеге сәйкес келеді?
Түйық етістік-басу
Қатыстық сын есім- үздіксіз
Осы сөздердің арасынан
Байлық сөзге синоним табамыз
Зат сөзге синоним табу
Ең кішкентай сөз.
Ең үлкен сөз
Сергіту сәті «Қызылөрік».
Крестики-нолики ойын арқылы
Ал енді, әрі қарай жұмыс жасаймыз, х-о ойынын ойнаймыз.
Сендердің мақсаттарын «иә»-х, «жоқ»-0
-
«Басу» екі сөзде де ашық буын.
-
«Нұр» сөзінің аудармасы- богатство
-
«Парасаттылық» сөзде-12 әріп.
-
«жетістік»- сөз сан есім
-
«Жетістік»-не? деген сұраққа жауап береді
-
«нәтиже» сөзінің аудармасы-достижения
-
«нәрсе» сөзде 1-інші буын-бітеу буын, 2-нші буын ашық буын
-
«Білім» деген сөзде 3 буын
-
«Қазына »сөзде барлық буындар ашық буындар.
.Дәптерге көшіру
Мәтінмен жұмыс
Мәтінді оқып шығуға сіздерге 3 минут беріледі.
Білім-адам үшін ең бағалы іс. Сол білімді тарататын құралдарының бірі-көркем әдебиет. Әрбір мәдениетті адам алдымен әдебиетті жақысы білуі керек.Әдеби шығармаларды оқу арқылы біз көркемдікті, жақыс мен жаманды,қымбат пен арзанды түсінеміз. Кітапты түсініп оқу керек.Мазмұнын жазып немесе біреуге айтып бере алатын болу керек.Сондықтан көркем шығармаларды көп оқып, бағалай тиістіміз.
1.жалқы есім есімді тауып алып, мағынасын анықтау.
2 септік жалғауларды табу.
3. Жастар сөзінің антонимі қандай?
қымбат сөзінің антонимі қандай?
қазына сөзінің синонимі қандай?
Және жалғаулығының синонимдері қандай?
Қос сөз табу?
Ал енді, сендерді тыңдаймыз.
Сөйлемнің түрлерін анықтау синтаксистік талдау жасау.
1.Мен оқу -білім үздіксіз еңбектің арқасындав жақсы нәтижеге жетемін.
2. Мен бұл колледжде оқысам, жоғары деңгейге жетемін.
.Бекіту
- Ал енді жаңа тақырыпты қалай меңгергенін мына тест арқылы көреміз.
-
1.Рудный педагогикалық колледжі кім атында?
-
А). Н. Назарбаев Е.) Қ. Сәтбаев
-
М). А. Байтұрсынов Р)Ы. Алтынсарин Т) А.Құнанбаев
-
2.Білім адам үшін қандай?
-
А) Ең бағала іс. Е) көркем іс
-
М) Ең мейірімді адал Р) жақсы іс Т) оқу үшін
-
3. Қай сөзде төрт ашық буын бар?
-
А) университет Е) физика
-
М) жоғары Х) ботаника Т) енгізілген
-
4. Жалқы зат есімді тап.
-
А) Университет Е) Физика
-
М)Ыбырай Алтынсарин Р) Ғимарат Т)Кітапхана
-
5. "Бай" сөзінің антонимін тап.
-
А) Дәулет Е) Кедей
-
М) Жомарт Р) Байлық Т) Ақыл
-
6. Жіктік жалғауы бар сөзді тап
-
А) студенттер Е) студенттің
-
М) студенттер Р) Студентте Т) студентпін
-
"Алақай! Мен коледжге түстім!" бұл қандай сөйлем?
-
:) Бұйрықты -) Хабарлы ?) Жалаң !) Лепті ;) Толымсыз
-
ТЕСТ КІЛТІ
-
1. Р
-
2 .А
-
3.Х
-
4. М
-
5. Е
-
6. Т
-
7. !
-
-Балалар, қандай сөз шықты? Дұрыс, РАХМЕТ деген сөз шықты.
Үй тапсырмасы
-
Ал енді, күнделіктерімізді ашып, үй жұмысын жазамыз. «Білім» тақырыбына монолог құру. Бүгінгі сабақ үшін сендерге үлкен рахмет.