7


  • Учителю
  • «н» және «ң» дыбыстарының жазылуы

«н» және «ң» дыбыстарының жазылуы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Адам баласы дүниеге келіп, есі кіре бастағаннан-ақ адамдық қасиеттерді қалыптастыратын әдептілікті, ізгілік пен ізеттілікке толы халықтың нұрлы, асыл сөздерін, тілдің жан тербетер әсер-күшін ана тілінде ұғып үйренеді. Яғни ғасырлар
предварительный просмотр материала



«н» және «ң» дыбыстарының жазылуы


Қазақ тілі - қазақ халқының ана тілі. Адам баласы дүниеге келіп, есі кіре бастағаннан-ақ адамдық қасиеттерді қалыптастыратын әдептілікті, ізгілік пен ізеттілікке толы халықтың нұрлы, асыл сөздерін, тілдің жан тербетер әсер-күшін ана тілінде ұғып үйренеді. Яғни ғасырлар бойы жинақталған саф алтындай тіл қазынасын, оның сөз байлығын адам жаны мен жадына мысқылдап енгізу анадан басталады. Ал ананың ақ сүтімен бойымызға қоса даритын тіл мұрасын бар байлығымен, көркемдік қуатымен ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші, сөз жасап, дамытушы, тілді мейілінше қастерлеуші халық - тіл анасы, тіл бұлағы. Сондықтан да халқымыз тілін басқаша емес, ана тілі деп атаған. Ана тілінің маңызы мен қоғамдық қызметі аса зор. Біріншіден, ол - қатынас құралы. Әр халық өкілдері бір-бірінің ойын ең алдымен ана тілі арқылы түсінеді, бір-бірімен ана тілінде табысады. Екіншіден, әр адам ана тілінде оқып, білім алады, тәрбиеленеді, өнер үйренеді, халықтың тарихымен, әдет-ғұрпымен танысып, тұрмыс-тіршілігін танып біледі. Үшіншіден, ана тілі - халықтың рухани, мәдени байлығының, экономикалық және тарихи дамуының құралы.
Қазақ тілі - қазақ халқы үшін әдебиет, мәдениет, ғылым мен білім тілі, оқу-ағарту тілі, түрлі іс-қағаздарының тілі. Тіл екі түрде қызмет атқарады. Бірі - сөйлеу тілі, екіншісі - жазба тілі. Сөйлеу тілі мен жазба тілдің бір-бірімен үлкен-үлкен айырмашылықтары бар. Сөйлеу тілі бетпе-бет сөйлеу арқылы жүзеге асады. Ол көбіне диалог, әңгімелеу, хабарлама түрінде өтеді. Ал жазба тіл - әр түрлі жазба әдебиеттердің тілі.
Қазақ тіліне тән дыбыстарды қолдану қиындығы жазба жұмыстарында үнемі кездесіп отырады. Оның себебі - біріншіден, бір сөз екінші сөзбен тіл дыбыстарының сапасы жағынан өзгеше болады. Дыбыстарының саны бірдей, бірақ сапасы жағынан бір ғана дыбысы өзгеше болатын бірнеше мысал келтіріп, олардың басқа-басқа мағыналы сөздер болып шыққанына көз жеткізу керек. Екіншіден, барлық дыбыстары бірдей, бірақ біреуінде бір дыбыс артық болса, ол басқа сөз болып шығатынын аңғару керек. Үшіншіден, тіл дыбыстарының сөздігі рет тәртібі де сөз мағынасын өзгертетіндігін байқаған жөн. Бұларды білу сөздерді біліп, дұрыс орынды қолданып, сауатты жазу үшін қажет екендігін оқушылар түсінуі керек. Тіл дыбыстарының сөз мағынасына әсері жаттығу ретінде берілген метаграммалардан айқын көрінеді. Метаграммалар оқушылардың ой қабілетін дамытады әрі қызықты әсер қалдырады. Метаграммаларды шешкізгенде, шешуін тез табуға ұмтылдырмау керек, ол сөздердің мағыналарын зер салуға мүмкіндік бермеуі мүмкін. Метаграммалардағы образды түрде қолданылған сөздерге назар аудартып, «сонымен қиынның қиыны не екен, биіктің биігі не, түтіндей боп көшетін не, ішкен жанға кесел болатын не екен, өмірдің ажары не, көмірдің қалдығы не?» деген сияқты сауалдармен ойлануға жетелеп үйрету қажет.


«Қазіргі қазақ тілінің фонетикалық жүйесі» деп атап, осы бөлімде фонетика тіл білімінің тілдің дыбыстық жағын зерттейтін сала екендігі,тіл білімінің басқа салаларымен салыстырғанда, фонетика өз нысанының тілдік қана емес, материалдық жағын да - дыбыстарды жасайтын адамның дыбыстау (артикуляция) жүйесін, дыбыстың айтылымын (акустикасын), естілімін (перцепциясын) қарастырады.Осыған байланысты қазіргі фонетиканың нысаны ретіндегі тіл дыбыстары тілдік (функционалдық), жасалымдық, айтылымдық, жазылу ерекшелігіне байланысты нәтиже жасалды.
Әр тілдің өзіне ғана тән төл дыбыстары болатынын қарапайым түрде былай түсіндірсек: бір тілдің дыбысталуы өте жағымды (қазақ, француз) болса, енді бір тілдікі мысалы қытай тілі шаң-шұң еткен өңкей ащы дыбыстар жүйесінен түзілген, алтай, якут тілдері дауыссыздар жүйесіне негізделгендіктен құлаққа түрпідей тиеді. Әр дыбыстың артикуляциялық, акустикалық, генетикалық сипаттамасы болады. Мысалы, қазақ тіліндегі дыбыстардың барлығы дерлік ауыз қуысынан шығады. Тіліміздегі кез келген дыбысты айту кезінде өкпеден шыққан ауаны ауыз қуысында еш кедергіге ұшыратпай, не мұрын жолымен айтып көріңізші. Тілдегі әр дыбыстың айтылуы құлаққа жағымды саздылыққа ие болуы да тілдің ұзақ даму жолын көрсетеді. Дыбыстардың саздылығынан тіліміздегі кез-келген сөзді бағындырып тұрған буын үндестігі мен дыбыс үндестігі келіп шығады. Сол сияқты қазақ тіл білімінің саласында да зерттеуді қажет ететін тұстары жеткілікті дегенге ешкім де дау айта алмас. Сол құбылыстардың бірі -ң дыбысының дұрыс айтылу, қолдану ерекшеліктері. Әрине, ң дыбысы мүлдем қарастырылмаған, не зерттелінбеген құбылыстар деп айта алмаймыз, бірақ оның толық зерттелінбегенін және әлі де болса қанағаттандыра алмай жатқан жақтары барлығын айқындай кеткіміз келеді.

Қазақ тілінің төл «ң» дыбысына назар аударайық: ң-үнді (мұрын жолды),тіл арты,шұғыл дауыссыз. Біріншіден, «ң» дыбысы қазақ тілінде сөз басында кездеспейді (алайда,1-сыныпқа арналған «Әліппе» оқулығында ң әрпінің бас әрпі неліктен көрсетіліп тұрғаны түсініксіз жайт), екіншіден, «ң» дыбысы жабық буында анық естіледі. «ң» дыбысын дұрыс айтқызу үшін түрлі әдістерді қолдануға болады. Атап айтсақ, «н» дыбысын созып айту, ұқсас дыбыстармен кезекпен буын айтқызу арқылы «ң» дыбысын айтқызуға дағдыландыру. Мысалы: ан-аң, он-оң, ын-ың, өн-өң, ін-ің, ұн-ұң. (слайдтар) Ұқсас буындарды кезекпен айтқызу әдісімен басқа да дыбыстарды айтуға болады:
Таң, шаң, кең, тең, Мен (я), Мең (родинка) .Нан жаңа піскен
Сен (ты) - Сең (льдина) бе?
Он (десять) - Оң (правый)
Біздің заманымыз - жазу заманы: жазу мен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман. Жазумен дүниенің бір шетіндегі адам екінші шетіндегі адаммен сөйлеседі. Сондықтан сөйлей білу қандай керек болса, жаза білудің керектігі одан да артық. Сөйлегенде сөздің жүйесін, қисынын келтіріп сөйлеу қандай керек болса, жазғанда да сөздің кестесін кетіріп жазу сондай керек. Сөздің жүйесін, қисынын келтіріп жазу білуге, қай сөзбен қандай орында, қалай өзгеріп, қалайша біріне-бірі қисындасып жалғасатын дағдысын білу керек.
Түрінде айту сөздердің орфоэпиясына байланысты екендігін ескерту керек.
Ол үшін әр уақыт буынды дыбыстарды ажырататын немесе дыбысты буынға, буынды сөзге біріктіру жолын, яғни аналитикалық тәсілді қолданып отырмын. Н-ң дыбыстары екеуі екі басқа дыбыс,екі басқа әріп. Жасалуы жағынан ң-н-ға мүлде жуықтамайды.

• Н-тіл ұшы дыбысы.

• Ң-тіл арты дыбысы.


Орыс тілінде - «Н» әріпінің бас әріпі және кіші әріпінің жазылуы үш элементтен тұрса, қазақ тіліне тән дауыссыз «Ң» әріпі төрт элементтен тұрады.
Жазба жұмыстарында «Н» және «Ң» әріптеріне байланысты сөздерде оқушылар көп қате жібереді. Бұл қателерді болдырмау үшін оқушы екі дыбыстың ұқсастығы мен айырмашылықтарын дұрыс меңгерген жөн.

Ендеше, қазақ тілінің төл «ң» дыбысына назар аударайық: ң-үнді (мұрын жолды),тіл арты,шұғыл дауыссыз. Біріншіден, «ң» дыбысы қазақ тілінде сөз басында кездеспейді, «ң» дыбысы жабық буында анық естіледі.
«Ң»-қазақ тіліндегі жалғыз төл дыбыс үндестік заңына бағынбайтын. Сөз ішіндегі дауысты дыбыстар біріңғай жуан не жіңішке болып үндесуі.Мысалы:

Аң-ең

Таң-тең

Алыңыз - беріңіз

Барыңыз - көріңіз.

Сондықтан да оның әліпби атауы «ңы» емес, «ың» болатынын, кезінде А.Байтұрсынұлы ескертіп кеткен.

« Ң » дыбысы ілік септік және тәуелдік жалғауларында қолданлады. Біз білеміз ілік септіктегі зат есімдер кімнің? ненің? кімдердің? нелердің? деген сұрақтарға жауап береді. Ілік септік жалғаулары: -ның, -нің, -дың, дің, -тың, -тің.

«Н»дыбысының дұрыс айтылу артикуляциясы мынандай;ерін сәл ашылып,жіңішкерген тіл ұшы дыбысы. «Н» - сөздің ортасында. «Н»-дыбысын ауада жазып көреді. Н дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі. Балалар бұл дыбысты меңгеру үшін, мен сабақта мынадай әдіспен қолданамын:

Біз бүгін дауыссыз «н» мен «ң» дыбыстарының емлесін оқып, танысамыз.
Дыбыстайық: н ң н ң н ң н ң н ң
«Н» мен «ң» дыбысты сөздер айтайық.
Сөздерді салыстыр. Мағынасын айт.
Он - оң тон - тоң
Шын - шың мен - мең
Күн - күң сен - сең
Ой тұжырымдамасы:
«Н» мен «ң» дыбыстары өзгергенде сөз мағынасы да өзгереді.
«Н» мен «ң» екеуі екі басқа әріп, екі басқа дыбыс.
«Н»- тіл ұшы дыбысы
«Ң» - тіл арты дыбысы
Көркем жазу. /Мен бір затты жұмбақтап айтам, сендер жауабын тауып, сол сөзді көркем етіп жазасыңдар./
1. Менің бір жолдасым бар. Жолдас болғанда бір түрлі. Қайда барсам да қасымнан қалмайды. Менсіз ешқайда бармайды. Тұрсам тұрады, жүрсем жүреді. Бірақ үндемейді. Жарықта қасымда жүреді, қараңғы болса ғайып болады. Сендерде сондай жолдас бар ма? Ол не? / Көлеңке/
2. Сені кішкентайдан жарық дүниеге әкеліп, өсіріп баққан еді. Сені еркелеткен еді. Саған тамақ беріп, ұйықтатқан еді. Ол кім? / ана/
3. Олар жабайы. Далада жүреді. Жыртқыш. Өлексемен қоректенеді. Кейбіреуі тамағын өздері табады.
Жүгіреді, секіреді. Ол не? / аң/
4. Ас атасы. Оны жерге тастауға болмайды. Қиқымын шашпаңдар, жерде жатса қастерлеп, торғайларға тастаңдар. / нан/
КӨЛЕҢКЕ, АНА, АҢ, НАН

Шығармашылық тапсырма: Суреттің аттарын қатесіз жаз.
Қоңырау, шаңғы, жаңғақ, қоян, қайың, елтаңба, күн
Ойын: «Жасырынған сөз» Берілген сөздердің кез - келген буынын алып, жаңа сөз құра.
Қайың Сараң Қа - раң - ғы Шаңғы
Өлеңді мәнерлеп оқы.
Қаңбақ, жаңғақ, аң, шың, жең,
Жаңбыр, қайың, таң, тың, сең -
Ң - нан сөз жоқ басталған -
Ң - үлестен бос қалған.
1 - жаттығу. Ң дыбысты сөздерді тауып, мағынасын айт, қатесіз жаз.
Амандық, аңғарғыш, енжарлық, жоңқа, заңғар, қант, перзент, шоңайна, таңдай, жаңқа, жайын, құ - лыншақ, сұңқар.
Өз бетінше жұмыс: Ң дыбысты сөздер жаз.
Не?
. ң /аң/
.. ң /соң/
... ң /қолаң/
.... ң /сараң/
Не істеді?
... /шаңдатты/
... /бұлаңдады/
... / жеңді/
... / тоңды/
Қандай?
Те... біл
Бойша...
Қы... ыр
Күре...

Грамматикалық әрбір ереже белгілі тұжырым, қорытынды болып табылады. Ол үшін мұғалім ережені түсіндіріп, оған қоыртынды жасаған кейін, бірден өтіліп отырған ережеге байланысты сөздер мен тұлғаларды тексеріп, табуды ұсынады, сол ережеге байланысты мысалдар ойлап айтқызады, сөздің жазылуын тексеруді ұсынады т.б. сың сияқты жаттығуларды - пысықтау жұмыстарын жүргізеді. Орфография тілдік ерекшеліктердің көрінісі болғандықтан, оның грамматикалық құрылысы, яғни ережені білу грамматиканың өзін жақсы білуді көздейді. Оқушы тілдік құбылыстарды, сөздердің грамматикалык топтарын, сөздің дыбыстық құрылымдарын, сөздердің өзара байланысын неғүрлым жақсы білген сайын, соғұрлым орфограмманы да жете танып, оған лайықты жеке ережелерді де жақсы білетін болады.

«Н» дыбысын созып айту, ұқсас дыбыстармен кезекпен буын айтқызу арқылы «Ң» дыбысын айтқызуға дағдыландыру.

Фонетикалық жаттығулар арқылы айтылған буындар мен дыбыстарды айыра алуын және оларды дұрыс, анық айтып берулерін қамтамасыз етуге болады. Біз үшін фонетикалық жаттығуларды дұрыс жазу емле үшін ғана пайдалы болып қоймай, сонымен қатар әдеби тіліміздің нормасын сақтап оқуға үйрену үшін тиімді болады.





ҚОСТАНАЙ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «ЗАРЕЧНЫЙ ОРТА МЕКТЕБІ»

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ЗАРЕЧНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА»

ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ АКИМАТА КОСТАНАЙСКОГО РАЙОНА


Баяндама

«н» және «ң» дыбыстарының жазылуы.

Дайындаған:

қазақ тілі мен әдебиті мұғалімі:

Козыбаева З.К.

2015 жыл



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал