7


  • Учителю
  • Урок по самопознанию на тему 'Денсаулық- зор байлық'

Урок по самопознанию на тему 'Денсаулық- зор байлық'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Денсаулық - зор байлық

Сабақ мақсаты:

Сабақ көрнекілігі:

Сабақ түрі: Топтық, ұжымдық.

Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі

а) амандасу-Сәлеметсіздер ме?

б) Бүгінгі сабағымыз (тақырыпты атып тақтаға жазу)

2. Оқушыларға денсаулық туралы баяндама оқу.


Денсаулық - баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш - жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек. Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімінде қиюға болады. Денсаулық - адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек .Біз денсаулығымызға немқұрайлы қарап, оған үлкен зиян келтіреміз. Әркім өзінің денсаулығының нашарлануына өзі кінәлі. Ауруды ағзаларға жолатпау, адамдардың өз қолында. Сол себепті, әр адам салауатты өмір салтын қалыптастыру керек. Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, зиянды әрекеттерден аулақ болып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымыз қажет.

Денсаулық дегеніміз - адам жаны мен тәнінің амандығы. Денінің сау болуын қандай адам қаламайды?

Дені сау адам өзі үшін де, ол өмір сүріп жатқан қоғам үшін де керек. Қоғамадағы не бір жұмысты да сол денсаулық иесі ғана атқара алады. Адам бұл өмірде мәңгілік емес. Сол берілген аз ғұмырды дұрыс пайдалана білмесең, ғұмырың текке өтті дей бер. «Денсаулық - зор байлық» деп атамыз қазақ бекер айтпаған болар. Әр адамның өмірінде денсаулықтың орны бөлек. Сондықтан денсаулығымызға көңіл бөліп, дұрыс сақтанғанымыз жөн. Деніміз сау болмаса, ауру меңдеп, қалжыратса, шалқыған байлықтан, ақшадан не пайда?! Осыдан біз ненің бірінші байлық екенін аңғарамыз.

Шопенгауердің «Дені сау кедей - ауру корольден бақытты»,- деген қанатты сөзі өте орынды айтылған.

Дені саудың - жаны сау. Әрине денің сау болмаса, рухани сауыға алмасың тағы бесенеден белгілі.

Бүгінгі дені сау ұрпақ - елдің ертенгі жалғасы.

Халқымыздың тіршілігі мен бірлігі, жарқын келешегі көп ретте денсаулық мәдениетінің қаншалықты дәрежеде қалыптасуына байланысты. Денсаулық - ел дамуының басты арқауы. Денсаулық сақтау біздің өміріміздегі келелі мәселелердің, үшінші мыңжылдыққа атаған еліміз үшін өзекті міндеттердің бірі.

Жеке адамның да, мемлекеттің, қоғамның да басты байлығы - денсаулық. Осынау байлығымызға балаған денсаулығымыздың қамын ерте бастан ойлауымыз қажет екенін естен шығарып алатынымыз өкінішті-ақ. Ынтымақ, бірлігі жарасқан елімізде адам денсаулығын нығайту жолында үкіметіміз ерекше көңіл бөліп отыр. Республикамызда салауатты өмір салтын сақтау барысында Елбасы Н.Назарбаевтың бастауымен «2002 жыл - Денсаулық жылы» жарияланғаны баршамызға аян.

Табиғаттың ең қымбат жемісі - адамдардың өз денсаулығына көңіл бөлгені - өзін-өзі сыйлағаны.Осыдан-ақ табиғаттың берген сыйы тұла бойына таза қарап, өмірдің соңына шейін денсаулығы зор болып, адам атына кір келтірмей өту абзал.

Адамның денсаулығы - өмір тіршілігінің ең бірінші шарты болып табылады. Сондықтан үкіметіміз денсаулық сақтау ісіне, адамдарымыздың дені сау, ағзасының күшті болуына үнемі қамқорлық жасап отыр.

Дені сау болса, адамның өзі де, жан-жағындағы адамдар да бақытты.

Адамға денсаулықтан не бар қымбат,

Ауру төнсе кең дүниені тар қылмақ,-дегендей, өкінішке орай, қымбат байлығымызға кереғар әсерін тигізетін зиянды нәрселер де баршылық.

Бір кездері мақтаныш көріп,жерге салып тастаған сан түрлі зауыттардың түтіні адам ағзасын тұншықтыруда. Шашты тік тұрғызар «Семей полигоны» аталған аймақта әлі күнге шейін ауру балалар дүниеге келуде. Айдаһардың үш басындай арақ, темекі және наша - ауруға жол ашатын мүмкіндіктердің басты себептері. Нашақор адамдар - өмірлерінен күдер үзген, болашағы жоқ адамдар деп ойлаймын. Саралап алсақ, осының барлығы адам қолымен жасалып, қоғамның ілгері дамуына кері әсерін тигізуде.

Ашық аспанымызға қара бұлт төндірген заман кеселдерінен арылу, арылту - көкірегі асу, көзі ашық әрбір азаматтың борышы.

Жаңа ғасыр табалдырығынанаттанған болашақтың тағдыры - оның денсаулығында. Ұлы Абай атамыздың «Бес нәрсеге ғашық бол, бес нәрседен қашық бол» қағидасын берік ұстап, ертедегі ата-бабаларымыздың әскерлі сөз мәйектерімен жеткізе білген денсаулық жайлы ойларының қадірін түсіне білу керек.

Сау дене, азат ақыл, адам көңіл,

Үшеуімен бақытты болады өмір,- дегендей, өмірге адам болып келген соң, адам болып өту, өмірімізді мәнді де, сәнді өткізу, келешекке оң көзқараспен қарау - міндетіміз. Бұл өмірді дұрыс өткіземін десең, салауатты өмір салтын ұстан.

Салауаттылық - саулық кепілі, ал саулық - байлық негізі.

Өркениеттің жолындағы елдің ертеңі - халқының саулығына байланысты. Дені сау халық - бай халық, халқының дені сау болып тұрса, мемлекеттің де мықты болып тұрары сөзсіз. Жаны сұлу, тәні сау ұрпақ, саған аманат еткен тәуелсіз мемлекетіміздің алтын кілтін жоғалтпай, көк туын көкке қарай биік көтер!

Есірткі, нашақорлық - азаматты жұтатын аждаһа екенін бір сәт естен шығармайық!

Өміріміз - өз қолымызда. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. Адамға өмір бірақ рет беріледі. Бұл ретте оның денсаулығы мықты, рухы күшті болғаны абзал!

Жаңа ғасыр азаматы - дені сау, рухани бай адам!




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал