7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты 'Отаным - менің Қазақстан '

Тәрбие сағаты 'Отаным - менің Қазақстан '

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Отаным - менің Қазақстан!

Сабақтың мақсаты: а) Туған жер, туған ел,

Отан туралы әңгімелеу.

б) Оқушыларды Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін

біліп, қастерлеуге, тілді құрметтеуге, туған жерін

қорғауға тәрбиелеу.

в) Ұлтжандылыққа, адамгершілік сезімге баулу.

Көрнекіліктер: плакаттар, суреттер.

Сабақтың барысы.

  1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру.

Психологиялық дайындық.

II. Мұғалім сөзі.

Балалар, біз бүгінгі сабақты осыдан біраз жыл бұрын жазған «Республика күніне» атты өз шығармаммен бастағым келіп отыр.

Ғасыр бойы тәуелсіздікті аңсаған,

Алды елім егемендік бүгінде.

Құтылып қиын - қыстау заманнан,

Танылды «қазақ» аты бар әлемге

Неткен ғажап елім менің егеменді,

10 жыл толып қазағым бұлтқа өрледі

Тәуелсіздік тұғыры шегенделіп,

Иншалла, қазақ елін құт кернеді.

(24 қазан 2000 жыл)

1 - жүргізуші:

Әйнеге - күн, шатыры - аспан,

Кең дала... Төсітолқыған екен.

Көлдері көкке күместер шашқан

Қазақстан - Отаным менің!

2 - жүргізуші:

Отан. Отан - от басынан басталады. Отан - адамның туып - өскен жері, ата - анасы, туған - туыстары, достары барлығы бірге тұратын

атамекені. Қазақстан еліне тұратын адамдардың Отаны - Қазақстан Республикасы.

1 - жүргізуші:

Ал Отан деген ұғымды кім қалай түсінеді, сұрап көрейік. (бірнеше баладан жауап алынады)

2 - жүргізуші:

Біздің еліміз - Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңсем, Әнұранымен айбатты. Отанымыздың Мемілекеттік туына назар аударайық (көрсету) Көк жүзінде әлемге нұрын шашқан Күн сәулесі астында қияға қанат қаққан қыран. Айтыңдаршы тудың авторы кім?

1 - жүргізуші:

Елтаңбада (көрсету) көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген.

Шаңырақ - біздің ортақ отауымыз. Еелтаңбаның авторы кім?

2 - жүргізуші:

Отанымыздың Әнұраны - бірлікке, бейбіт өмірге, ынтымаққа, достыққа, татулыққа дәріптейді. Кім білгіш, Әнұранның авторы кім?

1 - жүргізуші:

Балалар, мен ойлаймын бәрімізде әнұранды жатқа білеміз, онда орындап жіберейік.

(Әнұран орындалады)

2 - жүргізуші:

Туған тілім - бабам тілі - өз тілім!

Туған тілім - анам тілі - өз тілім!

Туған тілім - далам тілі - өз тілім!

Туған тілім - адам тілі - өз тілім!

1 - жүргізуші:

Отанымыздың мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Әрбір адам өз тілінде еркін сөйлей білуі керек, оны құрметтеп, дәріптегені жөн.

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

2 - жүргізуші:

Балалар, енді бір сәт кімнің тілге жүйрік екендігін байқап көрелік.

  1. Әдеби монтаж (Қазақстан туралы өлеңдерін оқиды)

  2. Мақал - мәтел айтысы (2-3 баладан шығып айтысады)

  3. Үш бидің шешендік сөздерін айту.

1 - жүргізуші:

Бүгінгі біздің сыныбымыз тілге жүйрік - тер жиналған екен.

Енді, ата бабамыздың артына қалдырып кеткенасыл сөздерін бойымызға дарыта білейік, себебі оның барлығы тәрбие құралы. Төле, Әйтеке, Қазыбек билердің шешендік сөздеріне құлақ салайық.

Төле би:

  • Уа, халқым, сөз қадірін білмесең,

Жаңбыр жаумаса, жер жетім,

Басшы болмаса, ел жетім.

Әйтеке би:

  • Биікке шықсаң көзіңашылады,

Жақсымен жолдас болсаң, көңілің ашылады.

Қазыбек би:

  • Кекшіл болма,

Кесапаты тиер еліңе.

Өршіл болма-

Өркеніңді өшіресің.

2 - жүргізуші:

Кең байтақ Қазақстан біздің - Отанымыз, туған өлкеміз, оның асқар таулары мен айдын көлдері, жайқалған орманымен жасыл жайлауы - біздің ақ бесігіміз. Сондықтан да біз оны анамыздай сүюге, қорғауға міндеттіміз.

1 - жүргізуші:

Біз жас ұлан - Отан ана өркені,

Үміт артқан болашағы, ертеңі.

Туған елдің даңқын көкке өрлетіп,

Гүлге бөлеп жасартамыз өлкені.

2 - жүргізуші:

Балалар бәріміз қосылып «Атамекен» әнін айтайық (ән орындалады)

Мұғалім:

Отанымыздың даңқы арта берсін, аспанымыз ашық, бейбітшілік болсын деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал