7


  • Учителю
  • План урока на тему Көсемше,оның жасалуы мен түрлері

План урока на тему Көсемше,оның жасалуы мен түрлері

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныбы -6 сынып.

</ Пәні - қазақ тілі.

Көсемше,оның жасалуы мен түрлері

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: Оқушылардың негізгі теориялық ережелер бойынша талдау жасай білуі,яғни етістіктер туралы ережелерді толық меңгере білу.

2. Дамытушылығы: Оқушылардың теориялық ережелерді пайдалану арқылы сауаттылығын және сатылай кешенді талдауды кез келген сөзге жасай алу дағдысын жетілдіру.

3.Тәрбиелілігі: Оқушыларды адамгершілікке ,тапқырлыққа,білімділіке,жинақылыққа,достық комек корсетуге баулу.

Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты игеру сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: слайд

Суретті ойын

Ребус

Кестелер

Сабақ әдісі: Инновациялық сабақ.

Пән аралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру

А) сәлемдесу Б) класты түгендеу В)оқу құралдарын және класс тазалығын тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру есімше ,жасалуы

ІІІ. Жаңа сабақ

ІV. Жаңа сабақты бекіту

1. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» мәтелі арқылы сабағымызды жүргізсек.Суретті ойында Алладиннің алдында бірнеше кедергі тұр.Оған көмек көрсетіп,сиқырлы шамға жеткізсек.

2.Етістік бойынша өткен ережелерді еске түсіру

-етістік деген не?

-етістік қандай сұраққа жауап береді?

-етістіктің тұлғалық түрлері қандай?

-негізгі етістік деген не?

-туынды етістік деген не?

-етістіктің құрамдық түрлері қандай?

-дара етістік деген не?

-етістіктің мағыналық түрлері қандай?

-салт етістік деген не?

-сабақты етістік деген не?

-қимылдың жүзеге асу,аспауына байланысты етістіктің түрлері қан дай?

-болымды етістік деген не?

-болымсыз етістік деген не?

-етіс деген не?

-етіс түрлері қандай?

-өздік етіс деген не?

-өзгелік етіс деген не?

-ырықсыз етіс деген не?

-ортақ етіс деген не?

-есімше деген не?

3.Қосымшаларды бір-бірінен ажырату

4.Жаңа тақырыпты ребусты шешу арқылы ашу керек.

5.көсемше туралы мәліметті слайд арқылы беру

6.Көсемше - етістіктің ерекше түрі.

7. Абай да , Жұмабай да қызығады . (М.Әуезов)

Көзінде жайнай жанған от білінді . (М.Әуезов)

8. Көсемше - бірде жіктеліп келіп немесе күрделі етістіктің құрамында қимыл ,іс-әрекетті білді-ріп,екінші бірде кимыл,іс-әрекеттің өзін емес,оның әр түрлі сипатын,амал-сынын,себеп мақса-тын,мезгілін білдіріп,екі түрлі мәнде қолданылып,екі түрлі қызмет атқаратын етістіктің түрі.

9. Көсемшенің жауап беретін сұрақтары:

10. Көсемше

мына жұрнақтар арқылы жасалады:

1)-а,-е қайтіп? не істеп? не істегелі?

,-й:

айта,бере,ойлай;

2) -ып, -iп, -п:

айтып,берiп,ойлап;

3)-ғалы, -гелi, -қалы, -келi.

оқығалы ,айтқалы, көргелі

11. Көсемше тұлғасына көптік, септік, тәуелдік жалғаулар жалғанбайды.

12. Ажыратып айтыңыз!

Көсемшені табу

1. Дұшпан күлдiріп айтады,

Дос жылатып айтады.

2. Досы көптi жау алмайды,

Ақылы көптi дау алмайды.

3 Асқар тау алыстан көрiнедi.

4. Сын түзелмей, мiн түзелмейдi.

5. Ат баспаймын деген жерiн үш басар,

Ер татпаймын деген дәмiн үш татар.

6. Ақылды адам айтқызбай бiледi,

Ақсұнқар қаққызбай iледi.

7. Адамды түсiне қарап таныма,

Iсiне қарап таны.

13. Көсемше жасаңыздар.

Құнанбай өз басының жалғыздығын осы жолы қатты аңғар...ты.

-Әй,Қален аға-ай,досыңыз болған соң , жу...-шай... мақтайсыз ғой.

Егіс болса ,әне-міне бастал... тұр.

Мұқат... сөйлеген Шұғылдың сөзін Хакім де есітті.

14. Жақшаны ашып, жақша ішіндегі

етістіктерді көсемшеге айналдырыңыздар.



Абай соншалықты рақаттанып (сүйсіну) күлді .

Біз Жәнібек Кәрменовтың әнін (тыңдау) отырмыз.

Кәмиланы (көрмеу) үш ай өтті.

Бүгін бәрі де киіз үйлерін (жығу), жылы үйлеріне кіріп жатты.

Мақсат менімен (сөйлесу) келді.

Қамар анасының мойнынан (құшақтау), өзінің қуанышын айтты.

Алматы апорты Жетісу өңірінің төл жемісі (болу) есептелінеді.

Жетісудың алма бағын ерте ғасырлардағы саяхатшылар мифтік Эдем бағына (теңеу).

Алматының апорты Қазақстанның символы (болу) келгені - ақиқат.

Қазіргі таңда апорт ағаштарының азаюына байланысты

көкейкесті мәселелер (көтерілу) де біраз жылдар болды.

15.Жедел жауап

Етістікке зат есім тіркестіру.

Еңкейген...

Еңбектеген...

Жайнаған ...

Масайраған...

Марқайған...

Қауқиған...

Ербиген...

Селтеңдеген...

Елпектеген...

Сөйлер...

Айтылар ...

Келер...

Бітер...

Алатын...

Оқитын...

Істейтін...

Көретін ...

16.Болымсызды болымдыға айналдыру.

Ақ дәрігердей көрінбей ,

Үйдің сәні келмейді.

Шым ораулы болмаса,

Шидің сәні келмейді,

Егескен жауын мұқатпай,

Ердің сәні келмейді.

Қара жерден қар кетпей,

Көк орай шалғын шөп өспей,

Жердің сәні келмейді.

Қызыл-жасыл киінбей,

Қыздың сәні келмейді.

Қыз бозбала жиылмай,

Жырдың сәні келмейді.

(халық әні)

17.морфологиялық талдау жасайық.

Жанар әндетіп отыр.

18.Тез тауып,бөгелмей айтыңдар.

Зат есімге етістік тіркестіру.

Жел ...

Күн ...

Найзағай ...

Қой ...

Қоңырау ...

Мен ...

Палуандар ...

Радио ...

Тапсырма ...

Кино ...

Жиын ...

19.Қай дыбыс жетпей тұр.

Етістік жасау.

Ша...ша

Шы...шы

Та...та

Е...е

А...а

О...ы

То...та





V. Оқушылардың білімін бағалау. Бағаны талдап қою және күнделікке түсіру.

Біле бер қанша білсең, тағы тіле, Жетерсің мақсатыңа біле-біле.

Ж.Баласағұн.

VI. Үй тапсырмасын беру Ереже жаттау.259 - жаттығу.

VI I. Қорытынды көсемше -етістіктің ерекше түрі.













 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал