- Учителю
- Сынып сағаты қазақ тілі пәнінен 'Білгірлер' сайысы (7 сынып)
Сынып сағаты қазақ тілі пәнінен 'Білгірлер' сайысы (7 сынып)
Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орта мектебі
Сыныптан тыс жұмыс
Тақырыбы: «Білгірлер»сайысы
Қазақ тілі 5 - сынып
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Түбекбаева Баян Мырзатаевна
2013-2014 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы : «Білгірлер» сайысы
Сабақтың мақсаты :
а) Білімділік мақсаты: Егеменді еліміздің рухын асқақтататын ұлттық тіліміз,
мемлекеттік тіл-қазақ тілінің беделін көтеру.
ә) Дамытушылық мақсаты: Оқушының білімі мен біліктілігі арқылы ой-өрісін дамыту,
ұшқырлығын,ойлау қабілетін шыңдау,шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу.
б) Тәрбиелік мақсаты: Қазақ халқының әдет-ғұрпын,салт-дәстүрімен таныстыру.
Сабақтың түрі : Сайыс сабақ
Сабақтың әдісі : Шығармашылық ізденіс
Пәнаралық байланыс: Әдебиет
Сабақтың көрнекілігі : слайдтар, сызбалар,интербелсенді тақта.
Сабақтың барысы : а) Ұйымдастыру кезеңі
б) Негізгі бөлім
Сабақтың жоспары:
1 - бөлім - "Таныстыру"
2 - бөлім - "Ана тілі - дана тіл"
3 - бөлім - "Қырық өтірік"
4 - бөлім - "Өлең - сөздің патшасы,сөз сарасы"
5 - бөлім - "Мықты болсаң айтып көр"
6 - бөлім - "Жүйрік болсаң озып көр"
7 - бөлім - "Ойлы болсаң тауып көр"
Халықтың кемеліне келіп,өркендеп өсуі үшін - азаматтық пен білім қажет
Ш.Уәлиханов
1 - бөлім - "Таныстыру"
1. Жауап берер сұрақтарға дәл,анық,
Сабина атты тіл аруы тағы бар.
Серикова Сабина - Туған жылы,айы,күні: 28.02.2003. 5-сынып оқушысы
2. Ұстаз сөзін көкірегіне түйген ол,
Әли атты шапшаң,тапқыр,алғыр ұл.
Жанбеков Әли Қанатұлы - Туған жылы,айы,күні: 30.09.2003. 5-сынып оқушысы
3 . Жібек мінез,үлбіреген сұлу қыз,
Диана атты нар тәуекел ер қыз бар.
Қаирберлиева Диана Дәуренқызы - Туған жылы,айы,күні: 28.11.2002.5-сынып оқушысы
4. Ұшқыр ойлы жауап берер қазір ол,
Мұқият атты нар тәуекел батыр ер.
Шапай Мұқият - Туған жылы,айы,күні: 18.01.2003.5-сынып оқушысы
5. Әр сөзінде құпиялы бір сыр бар,
Жарқыраған Томирис деген бір қыз бар.
Билисова Томирис Нұрғалиқызы - Туған жылы,айы,күні: 23.05.2002.5-сынып оқушысы
6. Жаңалыққа жаны құмар әр кезде,
Аружан атты батыл,қайсар бізде бар.
Аманжолова Аружан Қуанышқызы - Туған жылы,айы,күні: 30.07.2002.5-сынып оқушысы
7. Ұтымды жауап берер қвзір ол,
Асанәлі атты қайсар қазақ ұлы бір.
Саматұлы Асанәлі - Туған жылы,айы,күні: 03.04.2002.5-сынып оқушысы
8. Ойлылығын түсінеді көрген жан,
Данагүл атты қайсар мінез қыз да бар.
Алишер Данагүл Бағдатқызы - Туған жылы,айы,күні: 02.05.2003.5-сынып оқушысы
Тілім менің - тірегім,дінім менің,
Күшім кетсе,не болады күнім менің?!
Өз халқына жетеді өз мәнінде
Өз тілімде жазылса жырым менің!
2 - бөлім - "Ана тілі - дана тіл" Ана тілі туралы өз шығармашылығынан өлең оқу.
3 - бөлім - "Қырық өтірік" Өзі шығарған өтірік өлеңі мен өтірік әңгімесін оқиды.
4 - бөлім - "Өлең - сөздің патшасы,сөз сарасы" Поэзиялық шығарма немесе
монологты жатқа мәнерлеп оқу.
5 - бөлім - "Мықты болсаң айтып көр" Мақал-мәтелдердің жалғасын табу.
Білекті бірді жығар,
....... ..... .....
Шешен сөз бастар,
..... ... ......
Киіміне қарап қарсы алады,
........ ..... ....... ......
Адам - досымен мықты,
.... - ......... .....
Ұлдың ұяты - әкеге,
...... .... .....
Балалы үй - базар,
....... .. - .. .....
Көп ойласаң - дана боласың,
... ....... - .... .......
Отан үшін күрес -
.... ..... ....
Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
Шешен сөз бастар,
Батыр қол бастар.
Киіміне қарап қарсы алады,
Біліміне қарап шығарып салады.
Адам - досымен мықты,
Ағаш - тамырымен мықты.
Ұлдың ұяты - әкеге,
Қыздың ұяты - шешеге.
Балалы үй - базар,
Баласыз үй - қу мазар.
Көп ойласаң - дана боласың,
Көп ойнасаң - бала боласың.
Отан үшін күрес -
Ерге тиген үлес.
6 - бөлім - "Жүйрік болсаң озып көр" Тұрақты тіркестердің мағынсын ашу
1. Арасынан қыл өтпейді -
2. Қабырғасы қайысу -
3. Жер жұту -
4. Ине шаншар жер жоқ -
5. Сөзі мірдің оғындай -
6. Сабақ алу -
7. Тісін қайрау -
8. Мұзға отырғызу -
1. Арасынан қыл өтпейді - өте тату
2. Қабырғасы қайысу - қатты қиналу
3. Жер жұту - жоқ болу
4. Ине шаншар жер жоқ - толық,тығыз
5. Сөзі мірдің оғындай - өткір сөз
6. Сабақ алу - үйрену
7. Тісін қайрау - ыза болу
8. Мұзға отырғызу - алдау
7 - бөлім - "Ойлы болсаң тауып көр" Тыйым сөздерді дәл тауып көрелік
1
Жіп
2
Есік
керме
3
Терезе
1
Тізені
2
Бел
құшақтамайды
3
Адам
1
Тұз
2
Су
сынамайды
3
Тамақ
1
Жер
2
Еден
теппейді
3
Есік
1
Иық
2
Жауырын
таянба
3
Бел
1
Ана
2
Әке
кәрі жілік берілмейді
3
Қыз
1
Ымырт
2
Кеш
айнаға қарамайды
3
Түн
1
Көрпе
2
Жастық
баспайды
3
Кілем
Жауаптары:
1. Есікті керме
2. Тізені құшақтама
3. Тамақта сынамайды
4. Есікті теппейді
5. Белді таянба
6. Түнде айнаға қарамайды
7. Қызға кәрі жілік берілмейді
8. Жастықты баспайды
Қорытынды:
Бойларыңда от бар екен,байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен,байқадым.
Әрқашан да шоқты өшірмей,
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым.
Өрендер,өрлей берсін өнерлерің,
Айналаң бәрі сенің көрерменің.
Тілеймін,дәл осылай барлығыңның
Тек қана биіктерден көрінгенін