- Учителю
- Классный час на тему Жыр алыбы - Жамбыл
Классный час на тему Жыр алыбы - Жамбыл
Мақсаты: Оқушыларға жүз жасаған жыр алыбы Жамбыл Жабаевтің өмірі мен шығармашылығынан толық мәліметтер беру,өлеңдерді мәнерлеп айтқыза отырып, әдебиетке деген қызығушылықтарын ояту,тіл мәдениетінің сөз байлығын,сөздік қорын,көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту.Оқушылардың бойында қазақ халқына,тіліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру,оларға эстетикалық,патриоттық тәрбие беру.
</<font face="Times New Roman, serif">Көрнекіліктер: слайд, портрет ,белгілі ақын-жазушылардың Жамбыл туралы айтқан сөздері.
Әдеби-сазды кештің барысы:
1 жүргізуші: Қайырлы күн,құрметті қонақтар,ұстаздар,оқушылар!
2 жүргізуші: Жыр алыбы Жамбыл бабамыздың 170 жылдығына әдеби сазды кешімізді бастаймыз!
1 жүргізуші; «Жүз жасаған Жамбыл» әні.Орындайтын хор.
2 жүргізуші; Болашақ ақын 1846 жылы ақпан айында қазіргі Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының бөктерінде дүниеге келген.Ол жайында ақынның өзі «Менің өмірім»-деген өлеңінде ;
Қақаған қар аралас соғып боран,
Ел үрей -көк найзалы жау торыған.
Байғара,Жамбыл,Ханды мен туыппын.
Жамбыл деп қойылыпты атым содан,-
дейды.
Жүргізуші;Байдың қойын бағып жүргенде он үштегі кезінде ұйықтап қалып,түсінен ақын болып оянған Сүйінбай ұстазы сияқты,Жамбылға да ақындық түсінде аян беріп қоныпты.Ол туралы Жамбылдың өзі; «Бір күні Жетісай жайлауында жылқы бағып жүріп түс көріппін.Түсімде ақсақалды қария келіп. «Өлең аласын ба,көген аласың ба? -деген. Мен «Өлең!»-деппін.Оянып кетсем ,түсім екен,көкірегімді бір толқын кернеп,алқыма тығылғандай,дереу үйге жетіп ,домбыраны ала салдым да,оңды-солды төгіп жыберіп едім,кеудем ашылып,орта түскендей болды»-деп еске алады.
2 : «Шағым».Көрініс.Жамбыл-Әкесі
1: Жамбыл шығармашылығына шолу жасау.
1-оқушы
Балалар аманбысың шырақтарым,
Майысып көлге біткен құрақтарым.
Жүрмесем есендесіп тұра алмаймын,
Ішінен асып кетсе бір аптаның.
Білемін өмірлерің тұрған жайнап,
Күндіз ,түн жастық үшін жарық сайлап.
Ай,жұлдыз,күнні көзі,жел менен су-
Бәрі де сендердікі әлемге айғақ...
2-оқушы
Бай жалтаң ,кедей қалтаң ,халық дархан,
Көп жердің дәмін таттық сыбай-салтаң.
Елімнің азаматын таныс қылғын,
От жырым,қызыл тілім, сенің арқаң.
2:Жас талаптың Жетісу өңірінің даңқты ақыны Сүйінбаймен кездесіп,батасын алуы Жамбылдың ақындық бағын ашқан айтулы оқиға болады.Бірде 14-15 жастардағы ол жарапазан айтуды сылтауатып,Сүйінбай ауыоына келеді.Үйінің сыртында ат үстінде тұрып,жарапазанға жалғастыра өз жанынан өлең шығарып,ұзақ жырлайды.
Жамбыл
Ардақты үйдің иесі ,
Бата бер менің жырыма,
Қуат бітіп үніме,
Көңілін тапсын елімнің.
Жар бол да,өзің жәрдем ет,
Жібер мені бір демеп,-
Деп өтінеді жасөспірім ақын.
Сүйінбай:
Айтқандарына сүйінген Сүйінбай Жамбылды үйге шақырып,ұзақ отырып,өлеңін зор ықыласен тыңдайды.Бала ақынның болашағынан үлкен үміт күткен көреген жырау: «Осы шабысыңнан тайма!Өлең-жырыңды даулдата бер!Жолың болсын! Бақытың ашылсын,балам!Шындықты айт,әділдікті жырла!Көне,тозығы жеткен жолға түспе,жаңа жол,даңғыл жолға түс!Өлеңін бүкіл халық сүйсініп ,көңілімен иіліп тыңдайтын өлең болсын!Сенің көіліңнің асылы патшаның қазынасынан да бай болсын!»-деп бата береді.
1:Жамбыл Айкүміспен,Бақтыбаймен,Бөлтірікпен,Құлманбетпен,Шашубаймен,Досмағанбетпен,Сарыбаспен айтысқан суырыпсалма ақын.Жамбыл 35 жасында,яғни 1881 жылы күзінде Іле бойында өткен бір үлкен жәрмеңкеде сол кезде орта жастардағы атақты ақын Құлманбетпен айтысып ,жеңіске жетті.Сөйтіп ,Жамбыл осыдан былай Жетісу өңіріндегі №1 ақынға айналды.Бірақ,айтыстан кейін де екі ақын бірін-бірі құрметтеп,ардақтап өткен.
2:Жамбылдың Құлманбетпен айтысы (а)
Құлманбет:
Болғанда мен ақсұңқар,сен бір тауық,
Сен айғайлағыш әтеш ауық-ауық.
Болмаса аты шыққан-Сүйынбайдың ,
Басқасын қою керек жылы жауып.
Жамбыл:
Ешнәрсе қанша айтқанмен ете алмайсың ,
Бұлтарып мен тұрғанда кете алмайсың.
Адамдықты айт,ерлікті айт,батырлықты айт,
Ел бірлігін сақтаған татулықты айт.
Қарынбайдай сараңдар толып жатыр,
Оны мақтап әуре болмай,жөніңе қайт.
Жамбыл шығармашылығына шолу
9-оқушы
Ленинградтық өренім,
Мақтанышым сен едің.
Нева өзенін сүйкімді,
Бұлағымдай көремін.
Жабықпаған,Ленинград,
Отан әмір берген шақ.
Сап-сап болып қол барып,
Қорғап сені ол қалар...
2.Сүйікті ұлы-Алғадайы Днепропетровск түбінде қаза тапты.Ұлының қайғысы жүрегін тілгілесе де,елдің бүтіндігіне шүкіршілік етті.Жамбылдың «Алғадайды жоқтауы»-оның парасатты жан екенінің дәлелі.
10-оқушы.
Түнеугінгі кеткеннен,
Ғали,жаңа келдің бе?
Алғадайдың мүрдесін
Жол-жөнекей көрдің бе?
«Топырағың торқа боп,
Тыныш ұйықта!»-дедің бе?-
Қалай қиып қалдырдың
Қарт әкеңді еліңде?»
1:Күні-түні қисса айтып,шежіре шертуден Жамбыл алдына қара салмаған алғыр,шешен,өткірлігі мен сөзінің салмақтығымен ерекше болған ақын.Сонымен ол «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр»,т.б. атты дастандарын тудырған ұлы ақын.Сондықтан да біз Жамбылды «Дастан-ата», «Жамбыл-дастан», «Жамбыл-жыр» дейміз.
14-оқушы
Жамбылға арнау
Жыры да дария-Жамбылым
Сыры да дария-Жамбылым
Қаратау сынды қазынам
Шежіре қария-Жамбылым
2:Жамбыл ата,жүз жасаған жасың бар
Дәл өзіңдей бола алмайды асылдар
Өлеңдірің өлмейтұғын мұра боп
Жасайды ол жалғасып сан ғасырлар деп,бүгінгі жыр алыбы Жамбылдың
170 жылдығына арналған әдеби-сазды кешімізді аяқтаймыз.
1-оқушы
Балалар аманбысың шырақтарым,
Майысып көлге біткен құрақтарым.
Жүрмесем есендесіп тұра алмаймын,
Ішінен асып кетсе бір аптаның.
Білемін өмірлерің тұрған жайнап,
Күндіз ,түн жастық үшін жарық сайлап.
Ай,жұлдыз,күнні көзі,жел менен су-
Бәрі де сендердікі әлемге айғақ...
2-оқушы
Бай жалтаң ,кедей қалтаң ,халық дархан,
Көп жердің дәмін таттық сыбай-салтаң.
Елімнің азаматын таныс қылғын,
От жырым,қызыл тілім, сенің арқаң.
2:Жас талаптың Жетісу өңірінің даңқты ақыны Сүйінбаймен кездесіп,батасын алуы Жамбылдың ақындық бағын ашқан айтулы оқиға болады.Бірде 14-15 жастардағы ол жарапазан айтуды сылтауатып,Сүйінбай ауылына келеді.Үйінің сыртында ат үстінде тұрып,жарапазанға жалғастыра өз жанынан өлең шығарып,ұзақ жырлайды.