- Учителю
- 'Ізгі жүрек ізгілікке ынтызар' тақырыбындағы сынып сағаты.
'Ізгі жүрек ізгілікке ынтызар' тақырыбындағы сынып сағаты.
Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды.
Н.Ә.Назарбаев
Сабақтың тақырыбы:
Ізгі жүрек ізгілікке ынтызар
Сабақтың мақсаты,міндеті
Күтілетін нәтиже
Ресурстар
Ізгілік туралы ұғым қалыптастыру, әдептілік, инабаттылық жайында оқушылардың ойын дамыту, қоғамдық ортада өзін - өзі ұстай білуге, ізгілікке, мәдениеттілікке, үлкенді сыйлауға, кішіге үлгі бола білуге тәрбиелеу. Ой-өрісін кеңейту,тілін байыту,өз ойларын ашық жеткізіп,пікірлерін ортаға салу,ой бөлісу.
Өз ойларын, пікірін ашық жеткізеді.
Түйін: Ізгілік-адамгершіліктің белгісі.
Интерактивті тақта, плакат, сурет, қанатты сөздер, кітаптар
Модуль:
ОмОЖТ, СТО, АКТ, ТжДОЖ, ОБжК,ОҮБжОБ
Әдістер: «Топтастыру», «сұрақ-жауап», «Ішке-сыртқа», шығармашылық жұмыстар. №
Сабақтың кезеңдері
Жүргізуші әрекеті
Оқушы әрекеті
2 мин.
Ұйымдастыру.Шаттық шеңбері. Сергіту сәті.
I топ -Мейірімділік.
II топ- Сүйіспеншілік.
III топ- Кешірімділік.
Шаттық шеңберін құрып, сергіту сәтін орындайды.
Шаттық шеңберін құру арқылы сергіту сәтін орындайды.
5 мин.
10 мин.
I.Кіріспе. Сұрақ-жауап.
II. Ойбөліс.
1топ. Суреттер сөйлейді.
2 топ. Даналық сөзден дән ізде.
3 топ. Зерделі сөзге зер сал.
Аамгершілік, ізгілік жайында бірнеше сұрақтар қояды.«Ішке-сыртқа» әдісі арқылы адам бойындағы қасиеттерді ажырату.
Мақал-мәтел сұрайды
.Берілген суретке қарап жағдаят құрастыруға тапсырма береді.
1. Өгіздің өзі қартайса да,
Мұрыны қартаймайды.
Жақсының өзі қартайса да,
Көңілі қартаймайды.
2. Адалдық - ардың ісі.
3. Ауырлықты көтеру - нардың ісі.
4. Жақсы іске жан сүйінер.
Ы. Алтынсариннің «Әдеп» әңгімесіноқып, талдатады.
Сұрақтарға жауап береді.
Өз ойларын ортаға салады.
Формативті бағалау.
3 мин.
III. Поэзия минуты.
Өлең шумақтарын әр топқа мәнерлеп оқытады, өлең тақырыбын, идеясын сұрайды.
Мәнерлеп оқиды, талдайды.
Формативті бағалау
3мин
ІV. Бекіту кезеңі.
Тапсырма:
V. Қорытындылау:
Жүректен жүрекке.
Жақсы адам болудың алтын ережесі:
1. Сыпайы, қамқоршы бол;
2. Адамдарға жақсы көңілмен қатынас жаса;
3. Жақсы, ізгілікті әрекеттерді жасап отыр;
4. Жамандыққа жамандықпен жауап қайтарма.
Ізгі жүрек ізгілікке ынтызар
Ж. Баласағұн:
Ізгі жүрек ізгілікке бұлқынар,
Асыл текті тазалыққа ынтызар.
Ізгілікке іңкәр адам баласы,
Ардақтаймын,болса кісі сарасы.
Ой бөліседі.
Оқушылар шеңберге жиналып,бір-бірінің алақандарының жылуын сезіне отырып, бір-біріне, өзгелерге деген жақсылық пен бақыт тілеп, адамгершілік қасиеттерді ұмытпауды тілейді.