7


  • Учителю
  • Баяндама 'Отбасы - тәрбие бастауы'

Баяндама 'Отбасы - тәрбие бастауы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Отбасы - тәрбие бастауы


Мақсаты: Жақсы әсерлерді қабылдау, көңіл - күйін, сезімін анықтауға үйрету. «Мен» бейнесінің жағымдылығын қалыптастыруға жағдай жасау;
Күнделікті қарым - қатынаста түсінісіп сыйласуға, мейрімділікке, кішіпейілділікке, адамгершіліктің жоғарғы қасиеттеріне дағдыландыруға тәрбиелеу.
Барысы: Құрметті ата - аналар! Бүгін біз "Отбасы тәрбие бастауы» тренингін өткізгелі отырмыз.
1. Тренинг ережесімен таныстырып, ата - аналарды топтарға бөлу
Танысу: Әр ата - ана өзінің баласының есіміне әдемі теңеу сөзді қосып айтады. Мысалы: мейірімді Мейірлан, әдемі Айдана.
- Сәлеметсіздер ме, құрметті ата - аналар! Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз. Бүгінгі тренинг тақырыбы: "Отбасы - тәрбие бастауы".
Ой санасы дамыған, адамгершілік және дене тұрғысынан салауатты, мәдениетті тұлғаны жан - жақты қалыптастыруды көздеген тәрбиенің мәселелері мектепті де, ата - ананы да әрқашан толғандырып келеді. Тәрбие жұмысының табысты болуының басты кепілі мектеп пен ата - аналар арасындағы ынтымақтастық қарым - қатынаста. Өйткені адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы ата - ана. «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.» - деп елбасы айтқандай, бала әкеден ақыл, анадан мейір алып өседі. Қай ата - ана болмасын баласының тәрбиелі, білімді, мәдениетті,... болуын қалайды. Ал адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі баланың ата - анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Сол себепті бүгінгі тренингті ата - ана туралы ұлағатты сөздерден бастауға рұқсат етіңіздер.
«Ата - ананы ұмытқан жас - опасыздың опасызы, рақымсыздың рақымсызы»
(Ғ. Мұстафин)
Баланың жақсысы - әке мен шешенің ары, ата - ананың абыройы, жаманы - қайғысы, азап - соры.
(В. А. Сухомлинский)
Ата - аналарға сұрақ
- Бала тәрбиесінде қандай қағидаларды ұстанасыздар?
3 - 5 мин уақыт беріліп, пікірлері тыңдалады.
Психолог:
1. Баланы жас кезінен бастап сыйлап, қадір қасиетін, ар намысын бағалап, дұрыс сөйлеп, дұрыс қарым қатынас жасаған абзал.
2. Әдепсіз сөз, дөрекі айқай тәрбиедегі жаман әдіс. Бала оған үйреніп кетеді немесе соған орай дөрекі жауап береді.
3. Егер өзің баланы сыйламай тұрып одан өзіңе деген ілтипат, құрмет көрсетуін талап етудің өзі ұят.
4. Баланың айтайын деген өтінішін, ақылдасқысы келген мәселесін ата анасы тыңдап, ақыл кеңес беруі керек.
5. Ата - ана отбасындағы үлкендерді сыйлап, құрметтесе, кішілерге қамқор болса, бала да сондайға ұмтылады.
- Балалардың теріс әрекеттері үшін қалай жазалайсыз?
1. Баланы жас кезіне бастап сыйлап, қадір қасиетін, ар намысын бағалап, дұрыс сөйлеп, дұрыс қарым қатынас жасаған абзал.
2. Әдепсіз сөз, дөрекі айқай тәрбиедегі жаман әдіс. Бала оған үйреніп кетеді немесе соған орай дөрекі жауап береді.
3. Егер өзің баланы сыйламай тұрып одан өзіңе деген ілтипат, құрмет көрсетуін талап етудің өзі ұят.
4. Баланың айтайын деген өтінішін, ақылдасқысы келген мәселесін ата анасы тыңдап, ақыл кеңес беруі керек.
5. Ата - ана отбасындағы үлкендерді сыйлап, құрметтесе, кішілерге қамқор болса, бала да сондайға ұмтылады.
Қызықты сұрақтар
1. Балаңыздың туған күні?
2. Сынып жетекшісінің толық аты - жөні?
3. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?
4. Балаңыздың парталас көршісі кім?
5. Бүгін сабақтан қандай баға алды?
6. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
7. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
8. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
9. Балаңыз 1 - сыныпқа қай жылы барды?
10. Балаңызды еркелетіп қандай сөзбен айтасыз?
11. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен қандай сөз аузыңызға түседі?
"Өтінемін ойыны"
Мақсаты: Ата - ана мен балалар арасындағы қарым - қатынасты жақсарту, бір - біріне көңіл бөлу, бір - бірін тыңдай білуге үйрету.
Қатысушылар ортаға жартылай шеңбер жасап тұрады.
- Құрметті ата - аналар, балалар! Сіздер қандай «сиқырлы» күші бар сөздерді білесіздер?
- Рахмет, өтінемін, т, б
- Мен әр түрлі өтініштер жасаймын, егер мен «өтінемін» деген сөзді айтсам сіздер оны орындауларыңыз қажет. «Өтінемін» деген сөзді айтпасам, сіздер ол өтінішті орындамайсыздар.
- секіріңдер
- оң аяқтарын көтеріңдер
- өтінемін, алақанмен қол шапалақтаңдар
- өтінемін, бір - біріңді құшақтаңдар.
оң қолдарыңмен сол құлақтарыңды уқалаңдар
« Біз біргеміз!» жаттығулар
Мақсаты: Отбасындағы қарым - қатынасты нығайтуға өзара түсінушілікте ата - аналар мен балаларға қолдау көмек көрсету.
• «Қолынан танып біл!»
Көздері байлаулы ата - аналар балаларын тауып алулары керек.
«Біз бақытты жанұямыз!»
Алдын - ала салынған суреттер арқылы өз балаларыңыздың салған суреттерін тауып алыңыздар.
Талдау:
1. Өз отбасыңыздың суретін қалай таптыңыз?
2. Өз отбасыңызды табу қиын болды ма?
3. Суреттерден отбасыңыздың суретін тапқаннан кейін қандай сезімде болдыңыз?
«Біз қабылдаған шешім...» жағдаяттар шешу.
• Көктем мезгілі. Бала сабақ оқуын азайтып, ойынға көп көңіл бөлгендіктен сабақ үлгерімі төмендеді.
• Бала үйге сырттан қатты ашуланып келіп бөлмесіне кіріп шықпай қойса сіз не істейсіз?
"Ғажайып сөздер"
Қатысушылар тілек ағашына балаларыңызға еркелеткенде айтатын
мейірімге толы ғажайып сөздерін жазады.
Бала тәрбиесі бір күндік іс емес. Сондықтанда бала тәрбиесіне жете мән беріп, "Адамның бір қызығы - бала деген" ұлы аталарымыздың даналық сөзін естен шығармайық.
Ата - аналар "Сиқырлы қалам"арқылы тренингтен алған әсерлерін бір ауыз сөзбен жеткізеді.
Қыс өтіп, көктем келеді. Көктемде ақ жауын көп жауады. Жауын суы жерге сіңіп, жер ананы бусандырады. Сол сияқты сіздер де бүгінгі тренингтен алған әсерлеріңізді жүрек түкпіріне қалдыруларыңызды өтінемін.
Күніміз ашық болсын,
Түніміз тыныш болсын,
Ауамыз таза болсын,
Суымыз мөлдір болсын,
Ұл - қызымыз аман болсын!
Тренинг соңында ата - аналарға жапырақтар үлестіріліп беріледі. Оған ата - ана өзін қызықтыратын сұрақтары немесе ұсыныстары болса жазып кетуге болады.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал