7


ҚОш бол, бастауыш!

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.2. Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерек
предварительный просмотр материала

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Жезді аралас орта мектеп-интернаты КММ



Тақырыбы:

«Қош бол, бастауыш »


4 "А" сынып жетекшісі

Кыстаубаева Г.А




2014-2015 оқу жыл


Қош бол, бастауыш!

Мақсаты:

1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.

2. Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт - сапар тілеу.

3.Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру.Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Нұрын төккен 4 жыл» фотомонтажы. Слайдтар.

Қанатты сөздер мен тақырып.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, қадірлі қонақтар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн, оның ерекшелігі сол - 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балғындар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш білім сатысынан орта буынға ұшқалы отыр.


Бесіктегі баланың, күлгенін көрген бірмұрат.

Алдына түсіп ананың, жүргенін көрген бір мұрат, -

дегендей, бұл да бір қуанышты күн.


Мұғалімнің сөзі:

Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады.Міне бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып бір жылға тағыда есеигелі отыр. Ендеше қызықты да, ғаламат озгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.

Мұғалімнің сөзі:

«Талаптарыңа нұр жаусын!» деп "Бастауышым бастамам, бізді алға бастаған!"атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық 4 сыныты ортамызға


Құрметті ұстаздар мен ата-аналар,

Кез келді сіздерден ақ бата алар.

Ұл-қыздарың көрсетпекші өнерін,

Бар қауым тамсана таңдай қағар.

(музыка әуеніне ілесіп ұл-қыздар ортаға шығады.)


Ұлдар:Ассалаумағалейкум,ағайындар!

Қыздар:Армысыздар,аяулы ұстаздар,ақ жаулықты аналар,ардақты әкелер!

Барлығы:Қош келіпсіздер,құрметті қонақтар!

Мұғалімнің сөзі:

Бұл күнге жәйдан-жай жете салмағанымызды ескерсек,бүгінгі күні сіздердің алдарыңызда рахаттана еске алатын сәттеріміз де аз емес.Бір сәт елестетер болсақ…….

(слайд көрсетіледі.)

Аружан:

Ағайын жұрт ардақты, армысыздар!

Бәріңіз де есен-сау бармысыздар?

Көрермен күә болсын бастауышқа

Болашақ шәкірттердің жалғасы бар.


Рауан:

Мектеп,мектеп бақытқа толды үйің,

Ұша білмек, болмас-ау қону қиын.

Бастауыштың соңғы әнін шырқап бүгін,

Бастауыштың билейміз соңғы биін.

Асель:

Аяулы менің мектебім,

Өзіңде өткен көктемім.

Өзіңнен алар әлі де,

Арманым асқақ көп менің.

Мұғалімнің сөзі:

Алтын ұя мектептен атамыз да, әжеміз де, әкемізде, анамыз да тәлім алған.

Келесі кезекте шырқалар « мектебім » әнін мектебімізге арнаймыз.


Хор: "Мектебім"


И.Санжар:

Алғашқы басқан өткелім,

Білімді сарқып төккенің.

Сусындап сенен нәр алсам,

Алатын шыңым көп менің,

Аяулы менің мектебім.


Перизат:

Тұрмыз міне, бастауышпен қоштасып,

Жетіліп ек бәріміз қол ұстасып.

Іс ілгері, толады біліміміз,

Теріс басып, жүрмейікші шоқ басып.

Әлібек:

Ұрпағымыз қазақтың,

Бермейміз елдің намысын.

Күткен үміт біздерден,

Баба аруағы қолдасын.


Мұғалімніңсөзі:

Өнерліге толар ел іші,

Өнердің мол кеніші.

-Қарсы алыңыздар! Көңілді қонақтар 4 «а» сынып КВН командасы. Капитан команды Өтеубай Анвар

1. 5 литрлік коко-кола :

Қатысатындар :

Сатушы: Аружан( дүкенші)

Сатып алушылар: Анвар.И.Санжар Әлібек

2. Ымды түсінбейтін хан

Асет(хан) Уәзір (И.Санжар)


3. Сабақтан кешігіп,ұйықтап қалатындар

4.Суға кетіп бара

5.Аяқ астындағы төбелес

6.

Капитан :Күле білу өмір

Күле білу өнер

Ал күлкіге қалу өліммен тең,

Ендеше күле біл,күлдере біл,

Шаттан! Тек күлкіге қалудан сақтан!


Мұғалімнің сөзі:

Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей оқуға, жазуға үйреткен бастауыш сынып мұғалімдеріне арнап «Ұстазым » әні шырқалады. Қабыл алыңыздар!


Ән: Анвар " Ұстазым, менің ұстазым!"


Шыңғысхан:

Мектебім- білім берер алтын ұям.

Ер жетіп сенде өстім, артты санам.

Баулыған 4 жыл бойы ата- анамдай.

Әрқашан қасиетті атың маған.

Арада өтсе дағы дүркіреп жыл ,

Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.

Өзіңе борыштармын өмір бойы

Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.


Нұржан:

Құрметті ұстаздар, біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз, сөздеріңізді ынта қойып тыңдаймыз.Жан-жақты білім бергені үшін әрбір пән мұғаліміне алғысымыз шексіз!


Мейірхан:

Мы боялись, волновались,

Когда в школу нас вели.

Думали уроки-скуки,

И что зря нас привели!

Волновалось мы напрасно,

Оказалось все о-кей!

На уроках было классно,

И учитель не злодей!


Әзіл би: қыздар Аружан, Асель, Альбина, Аяулым.


Б.Санжар

Сен менің әкемдейсің,анамдайсын,

Мен үшін армандайсың, алаңдайсың.

Ұстазым, сенен артық ақылшым жоқ,,

Адалдық пен парасаттан жаралғансың


Диас:

Бар білгенін біздерден аямаған,

"А" деп алғаш үйретіп,аялаған.

Сіз біз үшін құрметтісіз,

Сіз біз үшін бағалысыз, аяулы адам.

Бойымызға нәр берген, білім берген,

Жүріңізші жадырап, күлімдеумен.

Өзіңізді бәріміз ұмытпаймыз,

Құрметті Гүлжан апайымыз!


Альбина

Мы учились, мы старались,

Книжек много мы прочли.

И ругались, и мирились,

И друзей приобрели!

Все доклады мы писали,

Стенгазеты выпускали,

Посещали мы музей.

Оказалось вес о-кей!


Ән: Сапқа тұр РАУАН АНВАР


Бақыт:

Осы күнге жеткенің

Ата-анаңның еңбегі,

Өлшеусіз сол еңбекті,

Ақта деді ұстазым.


Асет:

Дүниеге әкелген, ол да сенсің, анашым,

Ақ сүт беріп өсірген,ол да сенсің, анашым.

Тіл алмасам, кешірген, ол да сенсің, анашым,

Мәпелеген баласын, ол да сенсің, анашым.


Анвар:

Ыстық-ау кім-кімге де әке деген,

Суыққа шалындырмай мәпелеген.

Өмірдің сщқпағымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген.

"45 МИНУТТЫҢ ҚЫЗЫҚТАРЫ"

(МАТЕМАТИКА САБАҒЫ)

Мұғалім: Сенің қолыңда 8 қалам бар.Оның төртеуін досыңа бердің, өзіңде қанша қалам

қалды?

Оқушы:Мен оларға бергенше, үйдегі сіңіліме бергенім жақсы ғой.

Мұғалім: Қатты зат килогараммен, сұйық зат литрмен өлшенеді.Ал ара қашықтық немен өлшенеді?

Оқушы: Сызғышпен


(Дүниетану сабағы)

Мұғалім:Табиғаттың негізгі төрт элементін ата!

Оқушы: Жер,ауа,от,.....

Мұғалім: Енді біреуі қандай? Білмейсің бе? Тамақтың алдында қолыңды немен жуасың?

Оқушы: Таптым, таптым, сабынмен!


Мұғалім: Балалар, қалай ойлайсыңдар, осы жерден Ай алыс па,Африка алыс па?

Оқушы: Әрине,Африка алыс.Өйткені біз Айды көреміз,Ал Африканы көрмейміз.

Ашық сабақ болып жатқан кезде...

Мұғалім: Аяулым, Ыбырай Алтынсариннің "Өзен" өлеңін жатқа айтшы.

Аяулым: Артта отырған мұғалімдерден ұяламын....


Оқушылармен ата-аналар өмірінен көріністер:

"Есеп"

БАЛА:Әке, кешегі шығарып берген есебіңіз түп-түгел қате екен.

Әкесі: Не дейді?Мүмкін емес!

Баласы: Ашуланбай-ақ қойыңыз, өзге балалардың әкелері де сол есепті шығара алмапты.


"Ең қиын есеп"

Баласы: Мама, мен бүгін бүкіл сынып оқушылары жауап бере алмаған сұраққа жауап бердім

Анасы:Өте жақсы, балам, ол қандай сұрақ?

Баласы:"Сынып бөлмесінің терезесін кім сындырды?" деген сұрақ.

Би.Ұлдар

Мұғалімнің сөзі:

Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын,

Ұстаз -ғалым толастамас мәңгі ісін.

Тыншымайтын асыл жандар аяулы,

Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын.

Оқушы: Аружан

«Қамқор және мейірімді» номинациясымен бастауыш сыныптар бірлестігінің жетекшісі Гүлшат Тұяққызы марапатталады.

Оқушы:

Анамдай мейірімді құшақ ашып,

Гүлшат Тұяққызы апай амандасып.

Әр уақыт жылы сөзің шабыт беріп,

Барамын болашаққа қадам басып.

Оқушы: Рауан

«Түсінігі мол ұстаз» номинациясымен музыка мұғалімі Роза апай марапатталады.
Өмірдің мағынасы-ән мен күй,

Одан артық болмайды ешқандай сый.

Мектеп олсыз өтпейді ешбір шара,

Деніңіз сау болсын дейміз Роза апайға


Оқушы: Анвар

«Ұлағатты ұстаз»номинациясымен мектеп мұғалімі, тәрбиеші Сәуле апай марапатталады.

Оқушы:

Кемшілікті кезінде

Кесіп айтар өзіне.

Өнеге мол өзінде,

Өсиет көп сөзінде.

Көңіліңнің хошын-ай,

Көп шәкірттің досындай,

Ақ ниетті кең пейіл

Сәуле апай осындай.

Оқушы: Асель

«Инабатты» номинациясымен даярлық топта бізге білім беріп, ең алғаш қалам ұстауды үйреткен және орыс тілі пәнінің қыр - сырын үйреткен ұстазымыз Ташенова Жазира марапатталады.

Сөз сөйлесе жарқын - ақ,

Күніміздей жарқылдап,

Қызық өтіп сабағы,

Өсіреді ой-сананы.

Біздермен ойнап күледі,

Сырымызды біледі.

Қасымызда қашан да,

Қамқор болып жүреді.

Ташенова Жазира

Алғыс айтады түлегі.

Оқушы: И.Санжар

«Тәні саудың, дені сау» номинациясымен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Гүлжан Құдабаева марапатталады.

Спорттан талай шәкірт даярлады,

Шәкіртіне бәрін берді, аямады,

Әзілі бірге жүрер өзімен

Гүлжан апай қашып кетсек аямады.

Оқушы: Асет

Мектептің тазалығын сақтайтын апайымызды марапаттауға рұқсат етіңіздер.

«Адал еңбек үшін» Тұрсынкүл апай марапатталады.
Тазалықты сақтайық,
Тұрсынкүл апайды тыңдайық.
Тазалықтың пайдасын
Жақсылықпен ақтайық.


Кітапхана меңгерушісі Жанат Александрқызы


Нұржан:

«Баға жетпес, өнегелі» номинациясымен біздің сынып жетекшіміз Гүлжан Амангелдіқызы марапатталады.

Көрмеген артық күліп, артық жүріп,

Шәкіртіңді баулыдың тәртіпті ғып.

Қоштасамыз біз бүгін, Гүлжан апай,

Шәкірттердің алғысын айтып тұрып.

Мың алғыс жолдаймыз түлектер атынан.


Хор: "Ұстазым"

Құдайберген:

Қызықты бір күн, бір күннен,

Бастауышым- балғын ғұмырым.

Япырау бұрын кім білген,

Қоштасудың қиынын?!


Аяулым:

Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым-балбұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.


2-жүрг:Құрметті оқушылар, салтанатты сәт келді. Сендер енді 5-сынып оқушыларының антын беру керексіңдер.
1-оқ: Біз Жезді аралас мектеп-интернатының 5-сынып оқушыларының қатарына ене отыра, достарымыздың, ата-аналарымыздың, ұстаздарымыздың алдында...
2-оқ:Ұстаздардың берген ақылын, білімін, тәрбиесін естен шығармауға...
3-оқ:Ұстаздардың жүйке-жүйесін тоздырмауға...
4-оқ:Бес пен төрттің құшағында қалықтауға,сүңгуге...
5-оқ:Мектеп ішінде жүгірмей,алыспай, жұлыспай, бірақ шапшаң қимылдауға.
6-оқ:Тақта алдына шыққанда ең үздік қақпашы сияқты бір де бір сұрақты жауапсыз қалдырмауға...
7-оқ:Ұстазымның атына кір келтірмеуге...
Хормен:Ант етеміз, ант етеміз, ант етеміз.
/1- сынып оқушылары ортаға шығады/
1-оқ: О, мынау қандай керемет!
2-оқ: Сіз кімсіз, ал сіз ше? Мен де сіздер сияқты болғым келеді.

1-оқушы

Не жетеді көңілдің байлығына,

Мойындатар еңбегімен жұртты мына

Ізбасары ниеттес боп қолын бұлғап,

Сәттілік тілеп тұр ғой сіздерге кеп.

2-оқушы

Бос жіберме ешқашан уақытыңды,

Аялай біл ақылың жақұтыңды.

Келешкте ел сыйлар азамат боп,

Болашақтан табыңдар орын мықты

3-оқушы

Қуаныш көп болуда сүйікті елде

Ақылды адам - бәрінен биік пенде.

Болашағың жарқын болсын өмірде,

Жұлдызың болсын әр кез биіктерде.

4-оқушы

Риза болшы ұстаз қауым ардақты

Шәкірт жүрек сізге арнау арнапты

Жылдар жылжып, айлар зулап өтсе де

Бастауышты орта буын жалғапты.

5-оқушы

Ақырын жаймен жүретін

Жымиып ақырын күлетін.

Әдеппен бәрін сыйлайтын.

4 - сынып жарадың!

-Мерекелерің құтты болсын! Мұғалімнің сөзі: : Ұмтылысын жақсы екен. Олай болса, «Бастауыш білім кілтін» сендерге табыс етейік. Бұл кілт арқылы сендер ұмтылған нәрселерінің барлығына қол жеткізесіңдер.
1-оқ: Білім алуға, үлкенді сыйлауға, Отанды қорғауға...
2-оқ:Тәртіпті болуға, еңбек етуге, үлгілі болуға...
Хормен: Ант етеміз!

Хор: Бейітшілік



Абзал жан бар биік тұлға байсалды,

Құшақ жая шәкірттерін қарсы алды.

Бүгінгідей салтанатты шақта бір,

Құттықтайды мектеп басшысы баршаңды.

Құттықтау сөз мектеп басшысы: Есенгалиев Серік Диханбайұлы мен оқу ісінің меңгерушісі Қыдырманов Айгүл Сабырқызына беріледі:

Балаларға диплом беріледі.

Ұстаз оқушыларға грамоталар ұсынады

Диплом тапсыру рәсімі

Не жетеді көңілдің байлығына,

Мойындатар еңбегімен жұртты мына

Мектебі ниеттес боп қолын бұлғап,

Сәттілік тілеп тұр ғой Перизат та


Асель мінезі бар жанға жайлы,

Ешкімді еш уақытта алдамайды.

Күліп жүр өмірде дәл осылай

Қиындыққа кездессең болма қайғы.


Рауандай әншіміз бар мақтанамыз,

Әніне рахаттанып шаттанамыз.

Талантымен талайды табындыртар,

Рауанға ақ тілекті ақтарамыз.


Аяулым адал жүрек, ақкөңіл қыз,

Сыйлаймыз жақсы қыз деп сіз бен біз

Өнері бар бойында тұнып тұрған,

Жолың болсын қашанда кішкене қыз.


Еңбекқор, әзілкеш бойында бар,

Қате ісі әрқашан мойындалар.

Әр ісіне жауапты Құдайберген

Арманың болашақта орындалар.


Жаның бай , өзің сұлу ертегісің,

Мінекей ұшып барады ерке құсым.

Жақсы істі жүрегімен ұйымдастырар,

Нұржан - сен еліміздің ертеңісің


Айтар сөзім, тілегім бар.

Көп жинап білім деген тірегіңді ал.

Диас сенің көңілің ақ, жүзің жылы,

Кең дархан сәбидей пәк жүрегің бар.


Үлкені боп келеді жанұяда,

Сөз айтайын ендеше Аружанға

Өнерпаз, әсем қызды айтпай болмас,

Жақсының жақсысын жарияла.


Болашақ біздің жазушы,

Сөз құдыретін танушы.

Шыңғысханды біз бағалаймыз,

Әдебиеттен бес алушы.


Бос жіберме ешқашан уақытыңды,

Аялай біл ақылың жақұтыңды.

Б.Санжар сен ел сыйлар азамат боп,

Болашақтан табарсың бақытыңды.


Асет мінекей кезек келді,

Қызыл тілім жыр айтып безектеді.

Жігіт болды айтсақ та сенбейді ешкім,

Қаншама бұзық оны десек те енді


Қуаныш көп болуда сүйікті елде

Ақылды адам - бәрінен биік пенде.

Бақыт болашағың жарқын болсын

Жұлдызың болсын әр кез биіктерде.


Анвар сондай салмақты,

Сабақ оқудан бір талмапты

Әр іске де жауапты екенін сезінумен

Кімге болса да ол ардақты


И.Санжар спортты сүйеді

Мектеп үшін намысты бермей күйеді

Бірақ оның қай жерде жүретінін

Тек бір өзі ғана біледі.


Әлібек намысшыл болып келеді,

Атқарады әр істі

Жауаптылық сезініп,

Уәдесінде тұрады


Тойымызға бүгінгі

Ақ тілегін арқалап,

Келді ата-анамыз,

Кезек беріп соларға,

Сөзіне құлақ салалық

Ата-аналар сөз алып, тілектерін білдіреді.

Ата-аналарға сұрақ"слайд"

-нашар оқитын оқушы сөмкесіндегі ұнамсыз зат (күнделік)

-сабақ білмейтін балаларға жаймен не беруге болады? (подсказка)

-мектептегі басты адам (оқушы)

-мұғалімдер күні тойланатын ай (қазан)

-Мектеп өмірінде директордың өзі оған бағынады, ол не?(қоңырау)

-Қалам мен карындаштың үйі (пенал)

-Әріптері жиыны (алфавит)

-Балалар білім алатын жер (мектеп)

-Бұрышсыз фигура (шеңбер)

-Түнгі жарық (ай)


би:


Мұғалімнің сөзі: : Кім ұғады, оқушының тілегін,

Кім ұғады, оқушының жүрегін.

Ұғатын кім, үйден аттап шыққан соң,

Ұғатын ол - ұстаздар деп білемін.

Оқушыға мейірімі мол анадай,

Ол қуанса қуанады баладай.

Түсе қалса қабағы мен қасы егер,

Жұбатады жылы сөйлеп аялай,

Үйретеді жалықпастан өнеге,

Отырғызып білім атты кемеге.

Теңіздейін тереңіне бойлатып,

Маржан терсе көтереді төбеге.

Өрелі боп өссе ұл-қыз бағына,

Асып-тасып мерейленіп тағыда!

Міне, менін, шәкірттерім осындай,

Деп өткенін еске алады тағыда!

Жақсы шәкірт, жақсы ұстаздың жалғасы,

Өзендердей ортаймайтын арнасы.

Ұлт ұстазы, ұлағаты келіскен,

Ар-білімін ұрпағына арнашы.

Мен үшін бәрің бірдей түлектерім,

Орындалсын арман-тілек, талаптарың

Осымен " Бастауышым бастамам, бізді алға бастаған" атты ертеңгілігіміз аяқталды.Сәт- сапар тілеймін сендерге,балалар!Сау болыңыздар!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал