7


  • Учителю
  • КЛАССНЫЙ ЧАС НА ТЕМУ МАМАНДЫҒЫМ- МАҚТАНЫШЫМ

КЛАССНЫЙ ЧАС НА ТЕМУ МАМАНДЫҒЫМ- МАҚТАНЫШЫМ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі





















АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ













«Мамандығым-мақтанышым»





















Дайындаған:

Өндірістік оқыту шебері Ақбаев Ж., жаратылыстану

ғылымдарының магистрі -

физика пәнінің оқытушысы

Алпамышева Қ.























2015-2016 оқу жылы





Ісім оңсын десеңіз,

Сол істің маманы болыңыз.

Даңқым шықсын десеңіз,

Көпшіліктің адамы болыңыз

Әл - Фараби

Тәрбие сағатының мақсаты:

1-жүргізуші: Армысыздар қадірменді қонақтар, ұстаздар және студенттер! Бүгінгі №69 және №83 топ студенттері ұйыстарып отырған «Мамандығым-мақтанышым» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны.

КЛАССНЫЙ ЧАС НА ТЕМУ МАМАНДЫҒЫМ- МАҚТАНЫШЫМ

1-жүргізуші: Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез - келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кімде - кім өзінің ыңғайына қарай өз жолымен қызмет етсе, өз басына да, әлеуметке де үлкен пайда келтірмек. Өз орнында істеген адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ, Ж. Аймауытов айтқандай, «Өмірде өз мақсаттарымызға жету үшін қабілетімізге қарай мамандықты таңдай білейік!» деген екен.

2-жүргізуші:

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсан әрқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар қалан,-дегендей өмірден өз орнымызды тауып, қажетті кәсіп иесі болу бәріміздің арманымыз.

Біздің таңдауымыз да әртүрлі. Біреуіміз ертең фермер, екіншіміз дәнекерлеуші, енді біріміз құрылысшы болуымыз мүмкін. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы. Соның ішінде өзіміз таңдаған мамандық-автокөлік жөндеу слесары мамандығы бәрінен де жаныма жақын.

1-жүргізуші: Ия. Қазіргі заманда ең қажет мамандықтардың бірі осы мамандық деп білемін. Өйткені көліксіз өмірді елестету мүмкін емес. Осы орайда автокөліктің шығу тарихы жайлы қысқаша баяндамаға кезек берсек.

Баяндама. Адам баласы ежелгі кезеңдерден бері қысқа мерзімде ұзақ қашықтықтарға жету, өз жұмысын жеңілдетумен қатар өнімділігін арттыру үшін ізденістерде болып келеді. Әуелгі кездерде жануарлар қолданылып, кейінірек жолаушы және жүк тасымалдау үшін механикалық құрылғылар жасала бастады. Біздің дәуіріміздің ең көп тараған көлік түрі автомобиль болып табылады.

Автомобиль сөзінің мағынасы өздігінен қозғалатын, жолаушыларды және жүкті, сондай-ақ өз қозғалтқышын тасымалдауға арналған дөңгелекті көлік түрі болып табылады. Автомобильдің тек бір өнертапқыш тарапынан тек бір күнде ойлап шығарылмағаны белгілі. Қазіргі автомобильді жүз мыңнан астам патенттер жасап шығарғаны жорамалданады. Дегенмен бірінші болып келгендерді атап өтуге болады. Солардың ішінде алғашқы рет қозғалтқышты көліктің теориялық есептеулерін суреттеген Леонардо да Винчи мен Исаак Ньютоннан бастасақ болады.

Өздігінен қозғалатын көлік түрлерін жасап шығару талаптары XVII ғ. басталғаны белгілі. 1769 ж. Францияда әскери инженер Никола Кюньо тарапынан бумен жұмыс істейтін қозғалтқышы бар үш дөңгелекті арба жасалды.

Дегенмен алғашқы жасап шығарылған автомобиль құрылысы жағынан қазіргі автомобильдерге ұқсас автомобильдер неміс инженерлері Готлиб Даймлер мен Қарл Бенц тарапынан жеке-жеке жасалған автомобильдер болып табылады.

XIX ғ. соңы мен XX ғ. басы әлемнің көптеген мемлекеттерінде автомобильдердің өнеркәсіптік өндірісінің басталуымен сипатталады. Автомобильдерді көптеп өндірудің басталуына америкалық кәсіпкер Генри Форд тарапынан қолайлы құрылысы бар «Форд-Т» жоделінің жасап шығарылуы және 1913 ж. оны жинап шығару үшін қолданылған арнайы конвейердің өндіріс көлемін арттыруға және соның есебінде автомобильдің өзіндік құнын түсіруге себеп болған деуге болады.

Автомобиль өнеркәсібінің тарихында елеулі кезең деп жанармай қоспасының қысылуынан тұтанатын іштен жанатын қозғалтқыштардың қолданылуы болып табылады. Осы қозалтқыштардың үлгісі неміс инженері Рудольф Дизель тарапынан 1892 жылы патенттеліп, автомобильдерге сериялы түрде XX ғ. 20 жылдарынан қолданыла бастады.

XX ғ. басына Екінші Дүниежүзілік Соғыс басталуына дейінгі кезең автомобильдің жеке жүйелерінің жетілдірілуі, қозғалтқыштардың қуатының және жүріс жылдамдығының көбейтілуімен сипатталады.

Екінші Дүниежүзілік Соғыстанкейін автомобильдердің өндіріс көлемі кенеттен артты. Осы кезеңнің революциялық шешімі болып жеңіл автомобильдер мег автобустардың құрылысында тіректі кузовтардың көптеп қолданылуы болып табылады. Бұл шешім автомобильдерді жеңілдетуге, автомобиль пішінін экспериметтеуге, қозғалтқышты автомобильге көлденең орналастыруға, алдыңғы дөңгелектерді жетекші қылуға және т.б. мүмкіндіктер тудырды.

Автомобильдердің республика үшін ерекше маңыздылығын Қазақстанның кең байтақ аумағы және халық тығыздығының сиректігі айқындайды. Бұл жекелеген өңірлер үшін жүктерді және жолаушыларды жеткізудің құралы болып табылады.

Қазіргі таңда автомобильдің атқаратын қызметі, техникалық сипаттамасы, бағасы және басқа да өзгешеліктері бар түрлері кездеседі.

2-жүргізуші: Келесі кезекті биге берсек «Қара жорға»

КЛАССНЫЙ ЧАС НА ТЕМУ МАМАНДЫҒЫМ- МАҚТАНЫШЫМ

1-жүргізуші:

Жастықта әр тараптың басын шалсаң,

Қармақты тәуекел деп суға салсаң.

Еңбегің еңбектенген кетпес зая,

Мақсатқа бір жетерсің ойыңа алсаң,-дей келе келесі кезекті көркем сөзге берсек.

2-жүргізуші: Абай атамыз айтқандай «Неге арналсаң, соны істе» демекші автомеханик мамандығында біліи алып жатқан курс студенттері бүгінгі тәрбие сағатымызға арнайы макет дайындап алып келіпті. Соған назар аударайық, алдарыңызда Арқабай Бауыржан және Аманов Сәулет.

КЛАССНЫЙ ЧАС НА ТЕМУ МАМАНДЫҒЫМ- МАҚТАНЫШЫМ

1-жүргізуші: «Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі-жар таңдау, екіншісі-мамандық таңдау» деп М.Мақатаев атамыз айтқандай, мамандық таңдау-жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Бүгін біздер өз қабілеттерімізге қарай мамандық пен бағдар таңдауда алғышарт жасадық. Біздің мақсат тек жақсы маман болып шығу ғана емес, сонымен қатар жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасу. Ендігі кезекті топ студенттерінен құралған көңілді тапқырлар клубының әзілдеріне берсек.

2-жүргізуші:

Түбінде баянды еңбек егін салған,

Жасынан оқу оқып білім алған.

Би болған, болыс болған өнер емес,

Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған.

1-жүргізуші:

Көк жүзіне алаулы,

Міндет емес ай болу.

Ең бастысы қалаулы,

Кәсібіңе сай болу,- дей келе келесі кезекті әнге берсек «Дүние-керуен».

2-жүргізуші: Мамандық жәй күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет етеін нәрсе деп Жүсіпбек Аймауытов айтып өткендей, мамандық-қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын, қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Мамандық таңдау-тағдырыңды таңдау деген сөз.

1-жүргізуші:

Болса кімнің талабы,

Өмірден жол табады.

Мақсатына лайық,

Мамандығын алады,-дей келе келесі кезекті биге берсек.

КЛАССНЫЙ ЧАС НА ТЕМУ МАМАНДЫҒЫМ- МАҚТАНЫШЫМ

2-жүргізуші:

Еңбек етсем ертеңгі-бақытыма сенемін,

Мақсатыма жеткізер-уақытыма сенемін.

Достық іспен қасты да-жеңеріме сенемін,

Ақыл-сана біліммен-өнеріме сенемін.

Арым-таза, ақ көңіл-адалдыққа сенемін,

Абыройлы, ақ ниет-адамдыққа сенемін!,-дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер-білім алуға барлық күш-жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі-болашақ маман иелері болуыңызға тілектестігімді білдіремін.

1-жүргізуші: Келесі кезекті әсем әнге берсек «Көк тудың желбірегені»

КЛАССНЫЙ ЧАС НА ТЕМУ МАМАНДЫҒЫМ- МАҚТАНЫШЫМ

1-жүргізуші: «Күшіне сенген адам ғана мақсатына жете алады» деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтып өткендей болашақта жақсы маман болатындығымызға сенімдіміз. Біздің мақсатымыз берік, болашағымыз жарқын!

«Адамдық борышың халқыңа еңбек қыл» деп Шәкәрім атамыз айтып кеткендей жақсы маман, елге елеулі тұлға болып қалыптасуды Аллам баршамызға нәсіп етсін!

Келесі кезекте хор Кәсіптік марш.

2-жүргізуші: Қадірменді қауым «Мамандығым-мақтанышым» атты ашық тәрбие сағатымыз осымен аяқталды. Келесі кезекті құттықтау сөздеріне берсек:

  1. Колледж директоры Ахметов Мадияр

КЛАССНЫЙ ЧАС НА ТЕМУ МАМАНДЫҒЫМ- МАҚТАНЫШЫМ

КЛАССНЫЙ ЧАС НА ТЕМУ МАМАНДЫҒЫМ- МАҚТАНЫШЫМ













 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал