7


  • Учителю
  • Урок Сәулесіңмен санаңның, жігерленсін талабың

Урок Сәулесіңмен санаңның, жігерленсін талабың

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Бекітемін:

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары: Г. Алғалиева





Мектеп: «Көктүбек орта мектебі»КММ Мерзiмі: 30.09.2016

Мұғалiм: Нугыманова Г.К Сынып: 7 Оқушылар саны: 8 Тақырыбы: Сәулесімен санаңның, жігерленсін талабың

Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: адалдық, мейірімділік, қайырымдылық



Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адалдық, ерік - жігер туралы түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.



Міндеттері:

1. Білімділік: Оқушыларды өмірде әр ісін саналы түрде адалдықпен, шынайылықпен атқара білуге үйрету;

2. Дамытушылық: Оқушылардың ерік - жігерін, талаптана білу дағдыларын дамыту;

3. Тәрбиелік: Оқушыларды мейірімділікке, қайырымдылыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.





Ресурстар:

геометриялық пішіндер арқылы топқа бөлу,слайд,

өсиет әңгіме, ақ қағаздар мен түрлі - түсті бояулар, «Ертеңіме сенемін!» әнінің әуені.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. 5 Т ережесін еске түсіру. Екі топқа бөлу (геометриялық пішіндер арқылы)

Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену»

Үй тапсырмасын тексеру

21,22 беттегі 3 - сабақта берілген Қ.Толыбаевтың «Күш қайдан келеді?» атты мәтінін оқып келу.

Мәтін бойынша сұрақтар:

  1. Баланың оқиғасы неден басталды?

  2. Бала табиғаттың құбылыстарынан қандай кеңес сұрады?

  3. Баланың бойынан қандай қасиеттер байқадыңдар?

  4. Бала өмірде жігерлі бола білуді кімнен үйренді?

  5. Ол қандай әрекеттер еді?

  6. Сендерді өмірде кімдер жігерлендіріп келеді? Қалай?



Ескерту

Дәйексөз



Үш -ақ нәрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

Абай

  • Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Берілген дәйексөзді оқушылар бәрі бірігіп оқиды.







Оқиғаларды әңгiмелеу

Қалам туралы (өсиет әңгіме)

Сиқыршы шебер қорапқа салар алдында қаламды қолына алып, оған былай депті: - адамзатқа қызмет етуге аттанар алдында сен білуге тиісті бес нәрсе бар. Егер жақсы қалам болғың келсе, олар жайында әрдайым ойлауға және ешқашан ұмытпауға тиістісің. Біріншісі - сен көп нәрсе жасай аласың, бірақ біреудің көмегіне сүйене отырып қана. Екіншісі - жақсы болу үшін саған жиі - жиі жаның ауырып, ұшталап отыруға тура келеді. Үшіншісі - өзің жіберген қателерді өзің түзетуге мүмкіндігің болады. Төртіншісі - сенің ең маңызды бөлігің сыртында емес, ішінде болады. Бесіншісі - қандай жағдайда, нендей жазықтықта қолданылсаң да артында із қалдыруың керек. Бастысы - жағдайыңа, мүмкіндігіңе қарамастан, қашан жарамсыз болып қалғанша, үнемі жұмыс жасауға тиіссің.



Талқылау сұрақтары:

  • Сиқыршы шебер нені ойлап тапты?

  • Сиқыршы қаламға қандай талап қойды?

  • Қалам қойылған талаптарды орындайды деп ойлайсыңдар ма? Неге?

  • Өздерің қаламның орнында болсаңдар не істер едіңдер?

  • Өмірлеріңде үлкендердің берген кеңестері өздеріңе көмектесе ме? Қалай?





Шығармашылық іс - әрекет, топтық жұмыс



І топ: «Өзіңе сен, өзіңнің күшіңе сен...» тақырыбына әңгіме құрастыру

ІІ топ: Өлең жолдарын қарасөзге айналдырып, ойларыңды өз сөздеріңмен өрнектеп жазыңдар.

Жанбасаң, жарық бермейсің

К.Салықов

Жанбасаң, жарық бермейсің,

Жалынсыз бекер терлейсің,

Жігерлі жанға ергейсің.

Ұлым-ау жердің бетінде,

Жақсылық сырын тергейсің,

Өмірге екі келмейсің.



Топпен ән айту



Ертеңіме сенемін!

Ш.Сариевтікі

Өмірімнің мәні - өлеңім,

Жайқалған нұр жасыл желегім.

Мен өміріме, өлеңіме

Сенемін, сенем....

Жайқалған нұр жасыл желегім,

Ертеңім деп табар қорегім.

Мен ертеңіме, ертеңіме

Сенемін, сенем....

Сенемін,



Бақытқа бастайтын жолға,

Арманым жетелер алға,

Тағдырдың тезіне көнемін,көнем...

Көнемін,

Ыстығы, суығы қатар,

Жаныма аяздай батар,

Ғажайып ертекке ертеңгі сенем...

Еркемін мен, ойлар ертеңін

Мәңгіліктің жырын өркеп ем

Мен жырларыма, нұр бағыма

Сенемін, сенем...

Өлмесін деп жаяр өркенім,

Өмірімнің күйін шертемін

Ертеңім - менің ертегім,

Ертеңіме сенем...





Үй тапсырмасы

26-28 беттегі 4 - сабақта берілген Б.Айтуқызы «Ерік -күшің мықты болсын» атты мәтінді оқу. Дәптердегі 1,2 - тапсырмаларды орындау.





Сабақтың соңғы тыныштық сәтi



Баяу әуен қойылады.

Балалар,бүгінгі сабақтан білімімізді ойға түйіп, алған жақсы қасиеттерді жүрегімізге сақтайық. Рахмет, сау болыңдар!















Бекітемін:

Мектеп директоры: М. Салқынбаев





























«Өзін - өзі тану» сабағының жоспары

</ Тақырыбы: Сәулесімен санаңның, жігерленсін талабың













Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: адалдық, мейірімділік, қайырымдылық

















Пән мұғалімі: Г. Нугыманова

















2016 - 2017 оқу жылы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал