- Учителю
- жаман әдеттерден аулақ болайық тәрбие сағаты
жаман әдеттерден аулақ болайық тәрбие сағаты
Мақсаты: оқушыларды жамандықтан жиіркеніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын, зиянды әдеттермен күресе білуге мағұлмат беру. Тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі болар жас ұрпақ дені сау болса ғана шыңдарға қолы жетер, хақына қызмет етері даусыз екендігіне көз жеткізу.
Балаға ең бірінші тәрбие беру керек, тәрбиесіз берген білім - адамның қас жауы деген екен Әбунасыр әл -Фараби
Деніміз сау болмаса шалқыған байлықтан, қалтадағы ақшадан не пайда?
Байлық әрқашан денсаулықтың теңі болма бермейді. Сол денсаулығымызға кейбір залалды нәрселер әсерін тигізуде.
Нашақорлық - тұңғиық түбі., адамды еліктіретін аждаһаның бір басы.
Нашақорлық өмірі қайғы қасіретпен аяқталуының естіп те көріп те жүреміз.
Нашақорлық дертіне шалыққан адам онсыз өмір сүре алмайтындай күйгке түседі. Өзінің денсаулығын өмірін құртып қана қоймай жақындарының қоршаған адамдардың өмірін де қауіп туғызады.
Арақ:
Сәлем достар!
Аманбысың, Темекіжан, шоқ түтін,
Өкпелерге өкпелеген көк түтін.
Зияндысы адамның ми, басына -ай,
Аманбысың, аса сасық Насыбай!
Темекі:
Сәлем достым!
Аманбысың, пайдасы жоқ қарағым,
Жамандыққа сен қашанда жарадың.
Шайтандарға бас идірген талайды.
Мәртебесіз аса арсыз ардағым.
Қазақ халқы баланың жамандықтан жиіркеніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын қылықты болуын, сұлу сөз, сыйқырлы үн, әдемі өң мен түрден ләззат ала білуін шымыр болып өсуін ұл тәрбиесінің негізгі қағидасы деп ұстанған.
Абай атамыз айтқандай бес дұшпанның бар екеніне көздерің жетті.
Алдымызда ғажайып алма ағашы тұр. Алма ағашындағы алмаларды теріп алсаң әр алмада тек ғана «Жақсы қаиеттер бар екен.»
Жомарт , мейірімді, жүйрік ойлы, кішіпейіл, жанашыр, алғыр. Ол үшін жеке бас және қоғамдық тазалықты сақтап, спортпен айналысып, зиянды нәрселерден аулақ болуымыз керек.
Мақал -мәтел айтқызу.
Сөз қуған бәлеге жолығады,
Жол қуған қазынаға жолығады.
Жақсыдан үйрен жаманнан жирен.
Ақылды адам батпан-ақ,
Ақылсыз адам сасқалақ.
Үлкенді сыйласаң -қадірлі боласың.
Кішіні сыйласаң - құрметті боласың.
Жүргізуші:
Жаман әдеттерден аулақ болудың жолы- адам баласының өзін - өзі тәрбиелей білуі, өз денсаулығының қорғай білуі, адамдық қасиетін жоғалтпауы. Тәуелсіз мемлекеттің тірегі болар жас ұрпақтың дені сау болса ғана шыңдарға қолы жетері, халқына қызмет етері даусыз.
Ашық аспанымызға қара бұлт төндірген заман кеселерінен арылту - көкірегі ояу көзі ашық әрбір азаматтың борышы.
Олай болса біз нені қалаймыз?
Оқушылар: Біз салауатты өмір салтын қалаймыз!
Жаңаталап орта мектебі
Орындаған: Әділханова Мөлдір
5-сынып
2013-2014 оқу жылы