7


  • Учителю
  • Сыныптан тыс жұмыс/жоғары сыныптарға арналған/Мұқағали-мәңгілік ғұмыр

Сыныптан тыс жұмыс/жоғары сыныптарға арналған/Мұқағали-мәңгілік ғұмыр

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

"Мұқағали-мәңгілік ғұмыр»

Кештің басталуы(музыка әуені ойналып тұрады)

1-жүргізуші

Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар! Бүгін біздер қазақ поэзиясында ерекше нұрланып, жарқырап өткен ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жайлы, оның өрелі жырлары туралы ой өрбітпек мақсатта "Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» атты әдеби-танымдық кеш ұйымдастырып отырмыз.

2-жүргізуші:

Әдебиет-түбі терең тұңғиық дария, ақын мен жазушы мұрасы дария түбіндегі ақ маржан лағыл қазына. Қазақтың дархан даласына, жарық маңдайына сыймай кеткен,жас жанын ауру атты әзәзіл меңдеген,одан құтылуға шарасы болмаған ақын жарық дүниені, бүкіл адамзатты, бүкіл табиғатты барлық болмысымен сүйіп, бүкіл жырын адам баласы мен табиғатқа,тіршілікке арнаған ақ сұңқар ақын,жыр дүлділі Мұқағали -сол түбі терең тұңғиық, лағыл қазына . Оның жыр мөлдірінен қанып ішкен сайын,ынтыға түсесің, ынтыға түсесің.

1-жүргізуші:

Бүгін менің туған күнім, ой-пәлі-ай,

Мына халқым неге жатыр тойламай.

Банкет жасап берер едім өзім-ақ,

Тағдырымның жарытпай-ақ қойған-ай!-деп ақын өзі жырлағандай, туған күнін тойламасақ та,Муза жырдың иесі Мұқаң жайлы, Мұқағали жайлы бір үздік сыр шерту,оның ұрпаққа қалдырған мол мұрасы туралы сөз етпеуіміз ақын алдындағы ұрпаққа үлкен сын екендігін жүрекпен түсінуіміз қажет.

2-жүргізуші:

Бір күндік сәуледей ағып өткен қысқа ғұмырында қазақтың ұлы ақыны Мұқағали Мақатаев өзінен кейінгі әдебиетке де,артынан ерген қалың жұртына да ұланғайыр мұра қалдырып кетті.

2-жүргізуші:

Қарасаз қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам жұртым маған елеңдестің

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас алайда, өлеңді ешкім-деп өзі айтқандай, артқыға өресі биік өлең құдіретін қалдырып кеткен қазақтың өр тұлғасы ,аймаңдай ақыны жүріп өткен шежірелі ғұмыр не дейді? Олай болса,ақынның өмір-дерегіне арналған шағын бейне сюжетке назар аударайық.



Баяндама: «Бала Мұқаметқалидан-ақиық ақын Мұқағалиға дейін»

( Ақынның өскен ортасы, жанұясы,қызметтестері, шығармашылығы, ескерткіштері жайлы слайд көрсету)

1-жүргізуші:

Осы орайда ақын поэзиясының арнасын ағытып, «Менің анкетам» өлеңіне кезек берсек, ақынның өмір жолына терең бойлай түсеріміз сөзсіз.

Өлең: «Менің анкетам»

Серікова Іңкәр, Мүсілім Жансая (8 сынып)

2-жүргізуші:

Дарытып дархан елдің тектілігін,

Муза-жыр мойындатқан өрлік үнін.

Қара сөздің семсері-Мұқағали,

Ұрпағың есіне алды сені бүгін.- деп Жанат апай айтқандай, ақынның сөзіне жазылған «Есіңе мені алғайсың» әнімен әншілерге қосыла отырып,ұлы ақынды есімізге алсақ,кешіміз әрлене түсері сөзсіз.

Ән: «Есіңе мені мені алғайсың» Қуатова Ақтоты, Оралбекова Гүлжан (9 сынып)

1-жүргізуші:

Мұқағали... Ақиық ақын жырлары әркімнің көңілінде күллі қазақ даласының образын оятып,оның ұлан ғайыр кеңдігін, көкмұнар таулары мен жан баспаған қара орманын, терең тұңғиық көлдерінің көрінісін көз алдыңа әкеледі. Өмір атты бір нәзік сәулеге деген шексіз іңкәрлікке, жарық пен жақсылық атаулыға деген ұлы сағынышқа толы Мұқағали жырлары жаныңды тебірентпей тынбайды.

2-жүргізуші:

Олай болса ,ақынның өмір, дүние ,тіршілік жайлы жырларының мөлдіріне бірге қанайық!

Іңкәр Жанабілова (8 сынып)«Қайырлы таң»

Инабат (9 сынып)«Өмір туралы»

Шыңғыс пен Әли (8 сынып)«Өмір дейтін»

1-жүргізуші

Өлеңің ән боп көкте қалықтады,

Тыңдаудан халқың әсте жалықпады.

Қасиетті қазақтың қара өлеңі,

Өзің боп көк әлемде шарықтады -деп жыр жолдарын арнай отырып, Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған тағы бір әсем әнге кезек береміз.



Ән:

Хадисова Айман (8 сынып)

2- жүргізуші:

Туған жерге,туған елге, Отанына деген махаббат сезімі ақын ретінде оның басты тақырыбы еді. Өз ұлтын, туған тілін ерекше құрметтеген ақын бұл тақырыпқа да өзінің жалынды жырларын арқау еткен.

1-жүргізуші:

Ия, жалынды жырдың иесі бұл тұрғыда:

Түзу ,түзу жыртылған аңыздайын,

Аңызыма неге нәр тамызбайын.

Қара өлеңі қазақтың қаза болса,

Қара көзден неге қан ағызбайын?!-дейді.

Ендеше, ақын жырлары тағы да өздеріңізбен бірге.

Жанбота (8 сынып) «Үш бақытым»

Мүсілім Жансая (8 сынып) «Елім барда»

Ернұр (10 сынып) «Қара өлең»

1-жүргізуші:

Поэзия

Сен менімен егіз бе едің?

Мен сені сезесің бе,неге іздедім?

Алауратқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таулардан сені іздедім

2- жүргізуші:

Сені іздедім кездескен адамдардан,

Бұлақтардан,бақтардан, алаулардан.

Сені іздедім жоғалған замандардан,

Сені іздедім иесіз аралдардан, -шынымен де өлең мен ақынды бөле алмайсың. Мұқағали-өлең, өлең-Мұқағали.Ендеше,Мұқағалидың сөзіне жазылған ән әуенімен бишілер тобын қарсы алыңыздар.

Би:Қыздар тобы «Қош енді, қош бол күрең күзге вальс»



1-жүргізуші:

Ақын жүрегі нәзік, сезімтал. Кей-кейде тағдырдың тәлкегінен шаршаған ақын жүрегі өзіне сүйеніш, тірек болар жан іздейді.Кез-келген адам ақын жанының терең қатпарына бойлап,жан дүниесін дәл өзіндей сезіне алмайды.Ақын деген жұмбақ дүние. Ақынды ақын жұбатады.

2-жүргізуші:

Ақынды ақын оятпаса, ол қайғы,

Ақынды ақын таяқтаса, ол қайғы.

Ақынды ақын күйелесе, ол қайғы,

Ақынды ақын сүйемесе, ол қайғы.

Сондай уақытта ақын Фаризаны тапты. Фаризаға мұңын шақты, Фаризаға сырын ашты.

Назарларыңызда «Фариза,Фаризажан, Фариза қыз» өлеңі

Шолпан(8 сынып)

Айзат (8 сынып)

Айда (8 сынып)

2-жүргізуші:

Ақын жырлары толастамайды,толастамақ та емес.Ақын жайлы естеліктер, ақын жайлы жайсаң сырлар қаншама. Мұқағали есімі мәңгілік есім.Жыл сайын ақын рухы- туған халқымен туған тілінің арқасында, өлмес ,өршіл жырының арқасында,әппақ мұнарға оранған ақпан айында қауышып,жасай береді, жасай береді. Ақын өзі не дейді? Тыңдап көрелік.

Гүлбаршын (8 сынып) «Жазылар естеліктер мен туралы»

Думан (10 сынып) «Автограф»

1-жүргізуші:

Мұзбалақ Мұқағали жайлы халық қалаулылары не дейді?

Меруерт (7 сынып) Б. Төлегенова,әнші

Толқынай (7 сынып) Ф.Оңғарсынова,ақын

Жантас(7 сынып) Ш. Мұртаза,жазушы

Нұрбек (7 сынып) Мұхтар Құл-Мұхамед, министр

Толқынай (7 сынып) Жүрсін Ерман «Мұқағалиға арнау»

Ән: «Аңса жаным»

Қыдырмолда Жансая (11 сынып)



2-жүргізуші:Иә, Мұқағали осындай еді. Осындай өр болмысты,өр мінезді,тау тұлғалы,қайталанбас дарын,таптырмас талант,тот баспас асыл еді.Ол қыран еді,тағдырдың дауылына қанаты қайырылмады,ол алмас еді, аурудың азабына шыжғырылса да жүзі майырылмады.

1-жүргізуші:Ол аққу еді.Аққу болып ұшты да кетті.

Ақын шығармаларының ендігі бір саласы-оның поэмалары.

Ақынның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасыннан үзіндіні назарларыңызға ұсынамыз.

Көрініс. «Аққулар ұйықтағанда» (9 сынып)

1-жүргізуші:

Ендігі кезекте «Болмасаңда ұқсап бақ» дегендей ортаға нәзік ойларын өлең өрнектерімен қағаз бетіне түсіріп жүрген мектебіміздің жауқазын жыр иелерін және осы кешті өткізуге ұйытқы болған ұстазымыз Жанат апайды шақырып өлең -базарлықтарын тыңдасақ деп отырмыз.

Жанат мұғалім «Мұқағалиға арнау»

Іңкәр Жанабілова «Мұқағали» ,еркін тақырыпта

Мүсілім Жансая

Аяулым Оралбекова

Меруерт Мәдениетова

Ақтоты Қуатова

2-жүргізуші:

Ақын поэзиясының тұнығына сүңги түссек, өзіңді де ,өзгені де ұмыт қалдырарың бесенеден белгілі. Ақын поэзиясын қаншалықты қанып іштім десең де оның мөлдірлігіне, тәттілігіне, рахатына ешқашан қанбайсың. Шөлдей бересің, жұта бересң, тауыса алмайсың.

1-жүргізуші:Өйткені, Мұқағали мұрасы-мәңгілік таусылмас телегей-теңіз. Бүгін біз сол телегей теңізден бір шөміш су алғандай, ақын мұрасын сөз еттік. Нұр жауып тұрған көктемде емес, арқырап тұрған ақпанда поэзия пайғамбары, жыр дүлділі, ақиық ақын Мұқағалидай халқын сүйген, халқы сүйген дара перзентті есімізге алдық.

2-жүргізуші:Жыр музасы Мұқағали Мақатаев тұп-тұтас дара талантымен, ақындықтағы қыран қимылымен жыр дүниесінде біздің есімізде мәңгілік сақталмақ дей келе «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр » атты әдеби-танымдық кешімізді аяқтаймыз.Назарларыңызға рақмет! Осы кешті өткізуге ат салысқан 7,8,9,10 сынып оқушыларына алғыс айтамыз.

















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал