7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты 'Бақытты балалық шақ' 6 - сынып

Тәрбие сағаты 'Бақытты балалық шақ' 6 - сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Бақытты балалық шақ

Мақсаты: 1. Ата-аналарға оқушылардың 1-ші сыныпта игерген білімдерін көрсету, білім дәрежесін анықтау. Оқу білігі, сурет, ағылшын тілі, математика пәндерінен игерген білімінің нәтижесін, сонымен қатар өнерлерін тамашалау.

2. Оқушыларды жан-жақтылыққа, көптілділікке тәрбиелеу. Өзін-өзі тануға, бағалай білуге, басқара білуге тәрбиелей отырып, эстетикалық, ақыл-ой, адамгершілік тәрбиелерін беру.

3. Оқушылардың логикалық ойлауын, шығармашылық қабілетін кең көлемде дамыту.

Технологиясы: дамыта оқыту технологиясы, сын тұрғысынан ойлау, өзін-өзі дамыту

стратегиялары.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, диалог, ойын, сурет салу, жарыс.

Формасы: Ұжымдық, жеке.

Көрнекіліктері: «Бақытты балалық шақ», «Атадан - өсиет, анадан - қасиет», «Балаң

жаман болса, көрінгеннің мазағы», «Білімдінің алды жарық, білімсіздің күні ғаріп», «Ақыл - дария, ой - теңіз» нақыл сөздер жазылған плакаттар, шарлар, минусовкалар, кітаптар, балалардың шығармашылық көрмесі, оқушылардың жұмыс папкалары, ата-аналар үшін сұрақтар жазылған қалташалар.

Өтілу барысы:

  1. Кіріспе бөлім

1-жүргізуші Армысыздар! Құрметті қонақтар!

Армысыздар! Ұстаздар, ата-аналар!

Міне, бүгін өнер-білім көрсетіп, оқушылар сіздерді тамсандырар.

2-жүргізуші Мектепке былтыр күз келген

Оқушымыз құлықты.

Аяқтадық біздер де,

Бірінші міне, сыныпты.

1-жүргізуші «Ән - көңілдің ажары» демекші «Бақытты балалық шақ» тақырыбындағы тәрбие сағатымызды әсем әнмен ашайық.

Ән. «Бала тілегі»

  1. Негізгі бөлім

Думанды дүбір, ән жырлы,

Жайқалған өмір, жас бағы.

Мінеки, тағы бір жылды,

Сырғытып кейін тастады.

Ұстаздардың жаны нұр,

Шаттық күйін бөліскен.

Аяқталды тағы бір

Оқу жылы жеміспен.

Жаза аламыз хат танып,

Оқуға да машықпыз.

Тақпақ та талай жаттадық,

Көп білуге асықпыз.

Өсіп ой мен санамыз,

Өмірге жол саламыз.

Білім қуған баламыз,

Біз оқушы баламыз.

1-жүргізуші Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Бүгін 1 «в» сыныбының оқушылары өз білімдерін, өнерлерін көрсетпек.

Үздік оқып сабағын

Бәрімізге жағатын

Суретті де салатын

Бағжан менен Дуланды

Шақырайық ортаға

2-жүргізуші Бағжан мен Дулан «Отан» және «Ана» тақырыптарында сурет салады, олар жұмыстарын аяқтаймын дегенше ағылшын әнін тыңдайық.

Ән: Are you sleeping

Би Ча-ча-ча

Оқушылар өздерінің салған суреттерін түсіндіреді.

1-жүргізуші «Мақал-мәтел сөз мәйегі» демекші кезекті мақал - мәтелге берейік. Біздің оқушылар мақал - мәтел біле ме екен?

(Мақал - мәтел сайысы жүргізіліп, жеңімпазы анықталады.)

2-жүргізуші Жаңылтпаштар сайысына кім қатысып, белсенділік көрсете алар екен? Жаңылтпашты жаңылмай айта алар ма екен, балалар?

Балалар: Айтамыз

(Жаңылтпаштар сайысы жүргізіліп, жеңімпазы анықталады.)

1-жүргізуші - Оймен, кәне, өсейік,

Жұмбақ шешіп көрейік.

Оқушылар қорапшадан жұмбақтарды алып, шешуін табады.

2-жүргізуші Айтқанда әнді әуелі

Ерекше шығар әуені

Биязы қыз Гүлжанат

Өзі де ұяң әдемі

«Қуыршағым» әні

Қойылымдар, балалардың орындауында.

  1. Компот

  • Оспан, 2 алмаға 3 өрікті қоссаң неше болады?

  • Компот болады.

  1. Не жедің?

  • Диас, сен бетіңді неге жумайсың? Бүгін таңертең не жеп келгенің көрініп тұр.

  • Иә, не жеппін?

  • Жұмыртқа.

  • Жоқ, жұмыртқаны мен кеше жегенмін.

1-жүргізуші Қазір, балалар «Әріп, буын, сөз, сөйлем» ойынын ойнаймыз. Мен әріп айтамын, сендер әріптен буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем құрайсыңдар.

Әріптер; А, Е, О.

2-жүргізуші Енді «Жылдам ойлан» ойынын ойнаймыз

Шарты: Жүргізуші сөз айтады. Оқушылар сол сөздің қай сөз табына жататынын сұрақ қоя отырып айтады.

Мысалы: Айна - не? Заттың атын білдіреді

Әдемі - қандай? - Заттың сынын білдіреді

Бірнеше - қанша? - Заттың санын білдіреді

Жүгіреді -не істейді? - Заттың қимылын білдіреді

1-жүргізуші Қазір ата-аналармен ойын жүргізіледі.

Шарты: столдағы сұрақтарды қалаған ата-ана алып, жауап береді.

  1. Төрт түлік малдың аталуы:

  2. Қазақша ай аттарының аталуы

  3. Қазақ халқының дәстүрлі той-томалақтарын атаңыз

  4. Ұлттық ойындарды атаңыз

  5. Балаңызды еркелетіп айтатын сөздеріңіз

Қойылым. Қайсысы жақын?

Кішкентай Самат пен Марат әңгімелесіп отырып:

  • Қалай ойлайсың, аспан жақын ба, әлде Мәскеу жақын ба?

  • Әрине, аспан

  • Неге?

  • Өйткені, біз аспанды көреміз, ал Мәскеуді көре алмаймыз.

2-жүргізуші Ойланайық, толғанайық

Есеп, мысал шешейік.

Математикалық жұмбақтар

  1. Бес алманың үшеуін

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі,

Өз қолыңда қалады? (2)

  1. Дүкеннен мен сабын алдым,

Оның қабын және алдым.

2 дәптер, 1 қарындаш,

Тіс ысқышты тағы алдым.

Есептеші сонда бәрі,

Қанша болды қолда бары? (6)

  1. Алмаға кеп күнара,

Қонушы еді бір ара.

Бүгін 9 туысын

Ертіп келді бұл ара

Сонда бүгін алмаға

Келіп қонды қанша ара? (10)

  1. Табақта 5 өрік

Қолында 4 өрік

Қосқанда барлығын

Болады неше өрік? (9)

  1. 2 адам тоғызқұмалақты 2 сағат ойнады.

Әрқайсысы неше сағат ойнады? (2 сағат)

  1. 4 жұмыртқа 4 минутта піседі,

1 жұмыртқа неше минутта піседі? (4 минут)

Хор. «Әрқашан күн сөнбесін» ата -ана, ұстаздар, балалардың орындауында.

Жүргізушілер: - Мен саған сұрақ қояйыншы?

  • Қандай сұрақ?

  • Аспанға ұшар ма едің қанат бітсе?

  • Жоқ, үйге тез қайтар едім сабақ бітсе. Біз әңгімелесіп тұрғанда тәрбие сағатымыздың соңына да келіп қалыппыз.

  • Олай болса, көрермен қонақтармен, ұстаздармен, оқушылармен қоштасайық.

  • Міне, құрметті көрермен қауым! Осымен біздің сіздерге дайындаған шағын тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті.

Ой қосылып ойыңа,

Бой қосылсын бойыңа.

Аман-есен жетейік

Келер оқу жылына!

Мұғалім: Міне, құрметті ата - аналар, кеше ғана бүлдіршін боп, өздеріңізге еркелеп отырған балаларыңыз өздерінің 1 жыл ішінде меңгерген білім, білік, дағдыларын алдарыңызға салды. Ендігі сөз кезегі сіздерде.

Қонақтар, ата-аналар сөз алады.

Хормен: Білімдіміз, өнерліміз біз деген,

Ұстаздарға бас иеміз құрметпен!




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал