7


  • Учителю
  • : «Айыр тілді атанған шешен» 6-8 класс

: «Айыр тілді атанған шешен» 6-8 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Іс -шара тақырыбы : «Айыр тілді атанған шешен»

Әйтеке бидің шешендік сөздерін мәнерлеп оқу.

Мақсаты : Оқушыларға Әйтеке бидің шешендік сөздерін мәнерлеп оқыту арқылы оның тәрбиелік мәнін ұғындыру, ақылды, тапқыр, әрбір істі ойланып жасай білуге тәрбиелеу, шешендікке баулу.

Көрнекілігі : интерактивті тақта, слайдтар, Әйтеке би суреті.

І. Мұғалім сөзі :

(23.03. 1644, Өзбекстан, Қазбибі тауы, Қызылша м. - 1700, Өзбекстан, Нұрата ауд. Сейітқұл қорымы) - казақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әлім тайпасының төртқара руынан шықкан. Әмір Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, кырғыз, қазақ, кұрама жұрты "Синесоф буа" (жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің - үшінші ұрпағы. Ә. Қоканға (1622 - 35) хан болған Ақшаның немересі, Самарқан өмірі

(1622 - 56) Жалаңтөс баһадүрдің немерелес туысы. Әйтеке бес жасында ауыл молдасынан сауатын ашқан. Шешендік касиетінің ерте танылуына әкесі Байбек пен Қосуақ бидің айрықша ықпалы тиеді. Алайда жеті жасынан бастап аталары Ақша хан мен Жалаңтөс баһадүр Әйтекені өз тәрбиесіне алады. Ол өуелі Самарқандағы Ұлықбек медресесінде, кейін Жалаңтөс баһадүр салдырған, сән-сәулетімен әйгілі "Тіллә-кари" (Алтынмен апталған), "Шердор" (Арыстанды) медресесінде оқиды. Дін, құқық, аспан әлемі, жағырапия, тарих, математика пәндерін, араб, парсы, шағатай, өзбек тіддерін меңгеріп шығады. Әйтеке Ақша атасынан ел басқару, елшілік байланыстар жасау жолдарын үйренсе, Жалантөс атасынан әскери қолбасшылық дәстүрлер мен дағдыларға жаттығады. Баланын он екі жасында Жалаңтөс атасы, он бес жасында Ақша атасы дүниеден озады. Әйтеке медресені бітірісімен туған ауылына оралып, әкесі Байбекпен, ұстазы Қосуақпен бірге ел баскару істеріне араласады.
Сөйтіп жиырма бір жасында бүкіл Бұкара мен Самаркан төңірегіндегі қазақ, өзбек, қарқалпақ, кұрама жұртының бас биі бодды. Ал жиырма бес жасында барша Кіші жүз халқы оны бас би етіп сайлады. 1680 ж. Салқам Жәңгірдің жасы үлкен балалары Уәлі мен Бақыны емес, кішісі Тәукені хан етіп сайлауға казақ халқының бетке ұстарлары: Әнет баба, Соқыр Абыз, Едіге, Майлы, Төле, Қазыбек, қарақалпақ Сасық, құрама Мұхаммед, қырғыз Қоқым билермен бірге Әйтеке би де айрықша ат салысты. Тәуке тақка отырғаннан кейін алғаш рет ресми түрде айрықша құқты "Хан кеңесі" сайланды. Әйтеке Кіші жүз жұртының атынан осы кеңестің мүшесі болды. Осы кезде бұрынғы "Қасым салған қасқа жолдың" "Есім салған ескі жолдың" заман өзгерісіне орай кейбір тұстарының ескіруіне байланысты жаңа заң үлгілерін жасау қажеттігі туды. Тәуке хан және жоғарыда аталған билердің қатысуымен 1684 ж. "Жеті жарғы" қабылданды. Күні бүгінге дейін негізі сақталып отырған ежелгі Солон заңымен (б.з.б. 7 - 6 ғ.) терезесі тең бұл заңның бытыраңқы елдің басын біріктіруге, жұртымыздың әл-аукатының артуына, ата дәстүрлеріміздің сақталуына, ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесі зор болды.
Әйтеке шешендігімен, "қара кылды қақ жарған" әділдігімен бірге жоңғарлармен болған ұрыстарда қол бастаған батыр да. 1685 ж. Нұрата маңына шабуыл жасаған Қалдан-Бошактының он мың жасағына Нұрата, Қыз Бибі, Ақтау, Тамды, Кенимех төңірегіндегі алшындар мен қарақалпақтардан және құрамалардан жиналған бес мың кол әскерімен Әйтеке қарсы аттанады. Ол әуелі Қалдан-Бошақтының өз әкесінен емес, есігінде жүрген қытай құлдан туғанын бетіне басып жерге каратады. Ізінше жан алып - жан берген соғыс басталады да, бір күнге созылады. Келесі күні Әйтекеге Самарқаннан, Бұкарадан қалың әскер көмекке келе жатыр деген кауесетті естіп, Қалдан-Бошақты негізгі жасағы калған Сайрам төңірегіне шегініп кетеді. Сол жылы Сайрам талкандалып, жыл сайын Күлтөбеде өтіп жүрген "Хан кеңесі" болмай қалады. Бұдан кейінгі қазақ жиыны Қарақұмда және Тәуке хан ордасын тіккен Түркістан маңында болғаны тарихтан мәлім.


II.Оқушылар Әйтеке бидің шешендік сөздерін мәнерлеп оқып мағынасын түсіндіру


Камилла :

Екі адам керіссе, оның, арты - қызыл шоқ.
Біз - үш жүз көріспейік, келісейік.
Ал керісе қойсақ, үшеуімізге де бірдей -
Хандық түгіл ондық та жоқ.
Мен - 29 рудан құралған Кіші жүзбін,
Әрі көппін, әрі батырмын, әрі бимін!
Керісер болсаң,
Осы үшеуі маған - жайсыз, сендерге - жоқ!


Алтын :

Ағасы келсе, ардақтап атын байлағандай;
Қонағы келсе, құрметтеп жайлағандай;
Тындырымды інісі болса;
Қанат-құйрығы сай болып,
Көңілі жай болып,
Ағаның алар тынысы болса;
Інінің міндеті - басқару,
Ағаның реті - бас бағу емес пе?


Мейрамбек :

Сарқылмайтын суат жоқ,
Тартылмайтын бұлақ жоқ.
Құйрығы суда тұрса да,
Уақтысы жеткенде,
Қурамайтын құрақ жоқ.
Дүние деген пәни бұл, би

Жігіттің жақсысы:
Дұрыс сөзге тоқтай білген,
Басқаны сөзіне тоқтата білген.


Серғазы :

Бай болсаң, халыққа пайдаң тисін;
Батыр болсаң, дұшпанға найзаң тисін.
Бай болып пайдаң тимесе,
Батыр болып найзаң тимесе,
Жұрттан алабөтен үйің күйсін!


Дильназ : Ораздының кәрісі қартайғанда қазына болады,
Шиырлының кәрісі қартайғанда қазба болады.


Айкөркем : Ертеде ұлы жүздің бір жігітіне атастырып құда түсіп қойған орта жүздің бір қызы арғынның жігітімен қашып кетеді. Екі ел арасында жесір дауы басталады. Бірінің жылқысын бірі барымталап кетеді. Төбелес, жанжал шығады. Екі жақтың кісілері Төле би мен Қазыбекке жүгініседі. Қазыбек:
- Аға болып алдымен туасың,
Барымталап жылқымды қуасың -
десе, Төле би оған:
Артымнан ерген еркемсің
Ағаңның көзі тірісінде
Жеңгеңді неге ертесің? - деп өкпе артады. Екеуі ұзақ-ұзақ сөз жарыстырады, бір мәмілеге келе қоймайды. Сонда ортадан Әйтеке би тұрып:
- Сабыр етіңдер, ағалар! Ашу бар жерде ақыл тұрмайды.
- Ашу деген ағын су,
Алдын ашсаң арқырар.
Ақыл деген дария,
Алдын тоссаң тоқырар.
Кісі бірге туыспау керек
Туысқан соң сөз қуыспау керек.
Сөз қуған бәлеге жолығады.
Жол қуған олжаға жолығады.
Төле, сен жылқысын қайыр!
Қазыбек, сен жесірін қайыр!
- деп, екеуін келістіріп, қол алыстырыпты. Ел Әйтекенің бұл билігіне риза болып, екі жағы бітімге келіп, тиышталыпты.

Алишер :

Асқар тау сенде бір мін бар-
Асу бермейсің;
Тасқын су, сенде бір мін бар-
өткел бермейсің;
Билер, сендерде бір мін бар-
Басқаға сөз бермейсің!


Лаура :

Ашу бар жерде ақыл тұрмайды.
Ашу деген - ағын су,
Алдын ашсаң, арқырар.
Ақыл деген - дария,
Алдын тоссаң, тоқырар.
Кісі бірге туыспау керек,
Туысқан соң сөз қуыспау керек.
Сөз қуған пәлеге жолығады.
Жол қуған олжаға жолығады.


Күміс :

Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.

ІІІ. Мұғалім қорытынды сөзі :

Әйтеке би үш жүзге озық, алғыр және терең ақылымен, тапқыр да ділмәр шешендігімен, әділ және түзу бидігімен белгілі болған қоғам қайраткері. Қазақ халқының қайғысына қайғырған, қуанышына қуанған, соғыста қолына қару алып алғы шепте жүрген жауынгер ұйымдастырушы. Әйтеке Күлтөбедегі үш жүздің құрылтайына қатысқанда 25 жас шамасында екен деп шегелейді шежіреші қарттар. Шынында да үш бидің кішісі Әйтеке болған. Билер тарихында қазақтың Төле би, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билердің орны ерекше. Бұл үшеуін өз дәуірінде елін, жерін шапқыншы жаудан қорғап қалуда, елдің, халықтың бірлігін, ынтымағын сақтауда, адамгершілік, парасаттылық, ата-баба намысын, дәстүр-салтын сақтауға зор еңбек сіңірген хандарға ақыл-кеңес берген билердің биі, ұлыстың ұлы биі, бас би, ата би, баба би, көсем би деп қадір тұтамыз.


Ақырап орта мектебі


Әйтеке бидің туғанына 370 жыл толуына арналған іс -шара.

Тақырыбы : « Жеті Жарғы» заңына үлес қосушы»

( «Жеті Жарғы» заңын талқылау )



Өткізген : тарих пәні мұғалімдері Жаканова Г.К, Жангасиев И.К.


2013 -2014 оқу жылы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал