7


  • Учителю
  • Жол ережесін білейік, Аман есен жүрейік!

Жол ережесін білейік, Аман есен жүрейік!

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Жол ережесін білейік,Аман есен жүрейік!

Сабақ мақсаты: 1.Оқушыларға көшеде жүру ережесін үйрете отырып,алған білімдерін пысықтау.
2.Ойларын ашық айтуға, көше белгілерін жатқа айтуға дағдыландыру.
3.Жолда жүру мәдениетін қалыптастыру.
Көрнекілігі:жол белгілері, бағдаршам, машина.
Ұйымдастыру.
Көрініс.
МАИ қызметкері :Балалар, біздің қаламызда кішкентай, өте ақымақ қоян өмір сүреді екен.Ол көшенің арғы бетіне өтпекші болады. Бағдаршамның жасыл түсі жанып, халық жаяу жүргіншілер жолымен өтті.Ол кезде қоян не істеді?
Қоян: Маған жол ережесін білу қажет емес.Сендерге бір құпия айтайын.Трамвай, автобус, машинадан қорықпаймын. Кез-келген жерден зу етіп өте шығамын.
(Үлкендерді тыңдамаған қоян жолдан жүгіріп өтпекші болғанда жеңіл машина оны қағып кетті.Бұл жағдайды көрген жол полициясы «Жедел жәрдемге» қоңырау шалады.)
МАИ қызм: Сәлеметсіздер ме? Бұл «Жедел жәрдем» бе? Тез келсеңіздер екен.Қоянды көшеде машина қағып кетті. Жағдайы өте нашар.
(«Жедел жәрдем» келіп, ішінен дәрігер түседі.)
МАИ қызм: Ұзын құлақ сұр қояным-ай, қайғы жамылдың-ау!
Дәрігер: Қай жерің ауырып жатыр? Қазір сені тексерейін.
Қоян: Аяғым ауырып жатыр.(Айқайлап жылап жібереді)
МАИ қызм: Жылама, шыда, қоянжан! Бағдаршамға қарап, жол ережесін сақтағаныңда мұндай пәлеге ұрынбас едің? Дәрігер, қоянның жағдайы енді не болмақ? Ол енді жүре ала ма?
Дәрігер: Қоянның аяғын гипстеп ауруханаға жатқызамын.(Жедел жәрдеммен қоянды алып кетеді)
МАИ қызм: Көрдіңдер ме, қоянның басынан қиын жағдай өтті.Сендер жолдан өткенде бағдаршамға қарайсыңдар ма? Бағдаршам дегеніміз не?
(Ортаға бағдаршамның үш түсі болып оқушылар шығады.)
Жасыл түс: Сақта көше тәртібін
Бағдаршамның ал тілін
Біліп алдым мен де
Жасыл жанса демде
Алға кетем лезде
Сары түс: Сары жанса сабыр
Сақтай тұрам әзір
Қызыл түс: Жанса қызыл шоқтай,
Қаламын кілт тоқтай.
МАИ қызм: Ал енді, балалар, ауруханаға телефон соғып , қоянның жағдайын білейін.
(Осы кезде бағдаршамның үш түсі дауласады.)
Қызыл түс: Мен мықтымын!1 Егер қаласам, машина, адамдар, бүкіл қозғалысты бір орнында тоқтатып тастаймын.
Сары түс: Жоқ, мен күштімін!(Бағдаршам бұзылып қалады)
Жасыл түс: Мен барлығына жолдан өтуге рұқсат беремін.
МАИ қызм: Бұл не деген айқай-шу? (ысқырады)
Балалар: Бағдаршамның шамдары айқайласып жатыр.
МАИ қызм: Енді бағдаршамсыз қалай болар екен,ә? Маған көп салмақ түсетін болды ғой.
Хормен(балалар) Дауласуды қояйық,
Жарықтарды жағайық
Бағдаршам-ау, бағдаршам,
Достасып тату болайық.!
МАИ. Рахмет, сендерге достарым! Сендерге айтатын қуанышты хабарым бар. Қоян бүгін ауруханадан жазылып шығады. Қоянды қарсы аламыз ба, балалар?
Қоян: Балалар, менен бір қателік кетті! Мен жол ережесіне мән бермеппін. Маған бағдаршам туралы айтыңдаршы,а?
1-оқушы:

Амансың ба, қоянжан!
Қорықпағын сен жолдан.
Үйретеміз барлығын,
Білеміз біз бағдаршам
2-оқушы:

Мынау тұрған бағдаршам
Қызыл, сары, жасыл шам
Кезекпенен жанады
Ұғып алғын, қоянжан!
3-оқушы:

Қызыл түс жанғанда,
Баспа қадам сен алға
Сары түсі жанғанда
Дайындалып тұр мұнда!
Жасыл түсі жанғанда
Жорта бергін сен жолда!
МАИ қызм: Қоянжан , сенің білмейтінің әлі көп. Сен, біздің балалар көше белгілері туралы не біледі екен,тыңдап отыр.
Бүгінде қалада да, ауылда да үлкен көшелер мен жүйткіген автокөліктер көбеюде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдар көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет.Жол заңы дұрыс жүріп ,абай болуды талап етеді.
Жол-көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде.Оның себебі,көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі.БҰҰ Бас ассамблеясының 2005 жылғы 26 қазандағы ұсынысы бойынша жыл сайын қарашаның үшіншіжексенбісінде жол-көлік оқиғалары құрбандарын еске алудың бүкіл әлемдік күні атап өтіледі
1.Бағдаршам деген не?

Жарықпен белгі беру арқылы көшедегі автомобиль жолы мен темір жолдағы қозғалысты реттеуге арналған құрылғы.
2.Жаяу жүргінші деген кім?

Көлік құралынан тыс және онда жұмыс жасамайтын адам.
3.Автобус деген не?

Жолаушвлар мен жүктерді тасымалдауға арналған, онда жүргізуші орнын қоспағанда сегізден астам отыратын орны бар автокөлік құралы.
4. Жол элементтерін ата.

Көше, бұрылыс, тротуар, жол жағалауы, бөлу жолағы
5.Тротуар деген не?

Жолдың жүргін бөлігімен қатарлас немесе одан газонмен бөлінген жаяу жүргіншінің қозғалуына арналған элементі.
6.Тыйым салу белгілері қандай түспен белгіленеді?

Қызыл дөңгелек.
7.Бағдаршамның қызыл көзі жанып тұрғанда қандай көліктерге жүру рұқсат етіледі? Өрт сөндіру, жедел жәрдем, полиция.
1 - оқушы

Бағдаршам аты
Көп көзі бар батыр
Тоқ болғанмен заты
Өзінде көп ақыл
Тұрады ол дәйім
Бұрышында жолдың
Қиып өткен сайын
Қарайтұғын балғын
2 - оқушы:
Көшедегі бағдаршам болмаса,
Кісі жоқ өзіңе жол сілтер.
Кідірме, абыржып онда аса,
Сенгейсің өзіңнің көзіңе.
3 - оқушы:
Көшеде ортаға жеткенше,
Әуелі көзің сол жаққа.
Балақай, ортадан өткен соң.
Мойының сол жақтан оң жаққа.

Мен білем, бәрін мен - деген.
Отырған жоқсың бөлмеде,
Машина өтіп кеткен соң.
Жолаушы алға беттесін.


5 - оқушы:

Ұшқалақ бала ұрыншақ.
Ойлалық, соны ұғынсақ.
Машина өтіп кеткесін.
Балақай алға беттесін.

6 - оқушы:

Жыламасын, аналар.
Жас ұландар өсе бер.
Сақ болыңдар балалар.
Сақ жүріңдер, көшеде!
7 - оқушы:

Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.
Жолда жүру ережесі заңды тәртіп.
Ол ортақ үлкен - кіші баршамызға.
Басталар әр қадамың аттауменен,
Жолда жүру ережесін сақтауменен.
Жол инспекторы: Футбол деген жақсы ойын саналар,
Стадионда ойнасаң, тек, балалар.
Көшеде доппен ойнама,
Қатерге басты байлама.

Оқушы

Асфальтта көлденең
Сызылған ақ жолақтар
Бар жерінен өткейсің.
Оқушы

Алдыңдағы бағдаршам
Жасыл көзі жанғанда,
Абайлап барып өткейсің.
Абай болшы мұндайда
Жаяу жүргінші болғанда!

Қоян: Рахмет, сендерге, балалар, мен көп нәрсе үйреніп қалдым. Енді жол ережесін бұзбаймын.
Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.
Арманға сапар тарту мүмкін емес,
Жол жүру ережесін білмей тұрып.
Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,
Жол жүру ережесі заңды тәртіп,
Ол ортақ үлкен кіші баршамызға.
Басталар әр қадамың аттауменен,

Жол жүру ережесін сақтауменен.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал