7


«Желбіре, Жеңіс жалауы!»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Ұлы Жең.іске 70 жыл!Тақырыбы: «Желбіре, Жеңіс жалауы!» Мақсаты: Жеңісті дәріптеу, өз Отанын елін, жерін сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.Көрнекіліктер: гүл шоқтары, шарлар, мәңгі алаудың макеті.Өтілу барысы: 1 жүргізуші: (ақырын күй ойнап тұрады)Жер жүзінде нұр шашып жеңіс к
предварительный просмотр материала

«Бобровка орта мектебі»КММ










Тәрбие сағаты:

Тақырыбы: « Желбіре, Жеңіс жалауы!»






Сынып жетекшісі: Торпакова А.Р






Бобровка селосы

2015 жыл

Ұлы Жең.іске 70 жыл!

Тақырыбы: «Желбіре, Жеңіс жалауы!»

Мақсаты: Жеңісті дәріптеу, өз Отанын елін, жерін сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: гүл шоқтары, шарлар, мәңгі алаудың макеті.

Өтілу барысы:

1 жүргізуші: (ақырын күй ойнап тұрады)

Жер жүзінде нұр шашып жеңіс күні,

Жақсы үміттің шырағы жануы міне.

Аспан бетін қаптаған қара тұман

Сертіліп зұлымдықтың сөнді түні


2 жүргізуші:

Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті,

Жер бетінен жамандық мүлде кетті.

Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз

Аспандатып жырлаймыз жақсылықты


1 жүргізуші:

Құрметті ардагер ата - апалар, ұстаздар, оқушылар Ұлы Жеңістің 70 жылдығына байланысты ұйымдастырылып отырған «Желбіре, Жеңіс жалауы!» атты мерекемізді назарларыңызға ұсынамыз.


Көрініс: «Соғыс басталған кезең»

Апа ұршық иіріп немесе тоқыма тоқып отырады, ата газет оқып, балалар асық, доп ойнап жүреді.

Осы кезде радиодан хабарлайды:

Тыңдаңыздар, Тыңдаңыздар

1941 жылы 22 маусым күні Фашистік Германия Кеңес Одағына опасыздықпен шабуыл жасады. Кеңес Одағында Ұлы Отан соғысы басталды. (Көріністегі адамдар абыр - сабыр болып, соғыс басталды деп шулайды)

1 жүргізуші:

Отанымызға Фашистік Германия опасыздықпен шабуыл жасап, соғыс ашты. Фашист әскерлері Кеңес мемлекетінің шекарасына басып кірді. Бұл халық үшін ауырда қиын кезең балды.


2 жүргізуші:

Отанымызға қатерлі күн туғанда елін, жерін, қорғау үшін бүкіл адамзат баласы соғысқа аттанды.


Оқушылардың тақпақтары:

  1. Соғыс деген, соғыс деген, қайдан шықты,

Авторы кім алғашқы.

Есіл адам, есі кетіп,

Оған несін жармасты.


  1. Соғыс деген, соғыс деген - сотқарлардың қолындағы найзасы,

Соғыс деген, соғыс деген - зұлымдықтың, зұлымдықтың айнасы.ң


3. Отанға жаулар қаптады,

Опасыз жаулар тапталды.

Қасиетті жер үшін,

Батырлар соғысқа аттанды.


4.Оқ борайды күн - түні

Жапты жерді от қарып,

Алға қарай ұмтылды

Батыр қазақ Тоқтаров.


5. Қасиетті жер үшін,

Қастерлеген ана үшін

Алия, Мәншүк, Мәліктер

Соғысты олар ел үшін.


6. Жерден көлден аспаннан,

Соқты жауды ел күнде

Берлинде алғаш басталған

Бітті соғыс Берлинде.


7. Әскердің берген антындай

Найзағайдай жарқылдай

Жауға қарсы тартынбай

Отан үшін құйылған

Жамбылдың да жыры бар.


8. Екі дүние айқасты

Майдандасқан шақта

Олар фашист - сұр жылан

Уын шашқан адамға


9. Денеге уын дарытпай

Езгіледі табанда

Бейбітшілік орнаттық,

Күн ортақ барлық адамға.

Ән: Отан


Би: Смуглянка»


2 жүргізуші:

Жеңіс, жеңіс

Елге таза ашық таң атырды

Ақ жаулықты күлімдеп ана тұрды

Ақбоз атты балалар сүйінші сұрап,

Ақбұлақтай аспанға шаң атылды.


1 жүргізуші:

30 сәуір 14 сағат 25 минутта рейхстаг төбесіне ту тіккен сержанттар Егоров пен ............ қатарында жас қазақ Рақымжан Қошқарбайевта бар еді. 1945 жылы 8 мамырда Берлинде Германия қарулы күштері тізе бүгу жөніндегі актіге қол қойды.

Жеңіс күні 9 мамыр талай жылдар бойы бейбіт өміріміздің бастауы болған күн. Адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс аяқталған күн.


2 жүргізуші:

Бұл күн - Фашистерді жеңген қаһарман халқымыздың мереке күні!

Бұл күн - аталарымыз бен ағаларымызды сарыға күткен сағыныш күні.


Көрініс: (Музыка ойналады, мәңгілік от жанып тұрады, ана сахнаға келеді)

Ана:

20 миллион отанның салдаттары

Қасиетиті бізге олардың әр аттары

Ескерткішке батыр қыз, нар жігітке

20 миллион от жақтық мәңгілікке

- Ей, адамзат ұлы отан соғысында қаза тапқан ерлерді үнесіз тұрып еске алайық!

- Еңді Қасиеті Жер Ананың төсінде бейбіт өмір, бейбіт күн орнасын. Енді соғыс болмасын!


Оқушылардың тақпақтары:

1. Жас ұланбыз жаны жарқын

Қайрат күш құрыш мығым

Тамылжыған жаны алтын,

Қорғаймыз ел тыныштығын


2. Желбіреген жалауымыз

Ұлы Отанның ұланымыз

Бейбітшілік қалауымыз

Асқақтаған жыр әніміз


3. Жанымдай сүйем халықты

Ерлері мәңгі даңықты

Өнеге тұтып өсемін

Бауыржан, Алия, Мәншүкті


4. Елге қауіп төнбесін

Есен аман болайық

Енді соғыс келмесін


5. Ағалар саптан шықпасын

Аналар қабақ шытпасын

Бақытқа жетіп бар адам

Сәбилер тыныш ұйықтасын


6. Енді соғыс болмасын

Елімде тыныштық сақталсын

Бақыт заман, той болып,

Думандатып ән мен би шырқалсын


Ән: 3 «а» сынып ұлдары

Би: «Қара жорға»

Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»

1 жүргізуші:

Жеңіс, иә, расында, бұл сөз бес әріптен тұрса да мән мағынасы зор. Біз бұл сөзді қуанып та, мақтаныпта айтамыз. Міне, Ұлы Жеңіске 65 жыл толады. Жеңіс күні - жыл сайын тойланатын, қуанышты, ардақты күн.

2 жүргізуші:

Сен неткен Отан - анам, ғажап едің

Әспеттеп көркем тілмен жазар едім

Болашақ ұрпағымыздың бақыты үшін

Жайнай бер, Ұлы Отаным - қазақ елім

Осымен біздің «Желбіре, Жнңіс жалауы» атты мерекелік кешіміз аяқталды. Назарларыңызға рахмет!





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал