7


Урок на тему 'Ұстаз болу. . . '

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ұстаз болу-жүректің батырлығы

Сабақтың мақсаты: ұстаз мамандығының қырлары мен сырларын ұғыну, оқушыларға ұстаздарды құрметтеуді, сыйлауды, бағалай білуді тәрбиелеу.

Жүргізушілер: 9-сынып оқушылары.

Ортаға 1,3,5,7,9 сыныптардан құралған бишілер тобы шығып вальс биімен салтанатты жиынды ашып береді.

Жүргізушілер:

1-оқушы: Ұстаз болу-жүректің батырлығы,

Ұстаз болу-сезімнің ақындығы.

Ұстаз болу-мінездің күншуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы-деп ақын Ғафу Қайырбеков жырлағандай сөзі маржан, ойы дана ұстаздардың бар болғанын мақтан етеміз.

2-оқушы: Ұстаздардың әсерлі үнімен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, жауапкершіліктің және дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай.

Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей қателігін сездіре білу бұл нағыз шеберлік еме пе?

3-оқушы: Ұрпақ тәрбиесі ұстазға байланысты. «Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.

4-оқушы: «Ұстаз болу өзгенің бақытын аялау, өз уақытын аямау», ұстаздық қызметтің бұдан артық анықтамасы болмас! Баланың өмірге танымал, оқуға құштарлығын оятып, дұрыс бағыт сілтеген ұстаздардың еңбегі сол балаың бақытты өмірімен есептелмес!

Ал біздің арамызда мұндай ұстаздар қаншама! Сондықтан да С.Мұқанов «Бұл адамның ардақты аты» деп жыр жазған.

1-оқушы: Армысыздар, аяулы ұстаздар! Қазан айында тойланатын ерекше мереке «Ұстаздар күні» құтты болсын! Сіздерге арналған салтанатты жиынымызды ашуға рұқсат етіңіздер!

2-оқушы: Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,

Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.

Шапағатты, шуақ сепкен ұстаздар,

Өздеріңнен бастау алар бар арман.

Асыл ұстаздар өздеріңіздің алдарыңызда басымызды иеміз!

Ән: «Ұстазым»

3-оқушы: Жүресіз баршамызды сүйсіндіріп,

Даналықтан қазына жүрсін жиып.

Шәкірттерді жетелеп ұлылыққа,

Тұғырында өмірдің тұрсыз биік.

Жас жүрекке білім ағаш ектіңіз,

Шәкірттерге білім нәрін септіңіз.

Мектептің абыройын биік ұстап,

Еліңізге адал қызмет еттіңіз.

Халқыңызға үстем болып мерейіңіз,

Бүгінгі мерекенің құттықтау сөз кезегі мектеп директорына беріледі.

4-оқушы: Сәлем бердік, ұстаздар, баршаңызға,

Сіздермен тола берсін ортамыз да.

Бүгінгі ел басқарған азаматтар,

Білім алған сіздердің арқаңызда.

Бүгінге күн құшақтарын гүлге толсын,

Дендеріңнің саулығы мықты болсын!

Білімменен суарған шәкірттерін,

Төл мерекен ұстаздар құтты болсын!

Құрметті ұстаздар, шәкірттеріңіздің жылы лебіздерін қабыл алыңыздар!

Құттықтау сөздер....

1-оқушы: Еркелеп, күліп есіп тау самалы,

Әлемге жаңалықты жар салады.

Меркемен құттықтап ұстаздарын,

5-сынып қыздары би билейді.

Би: «Қамажай».

2-оқушы: Ұстаз, ұстаз!!!

Осы сөзде жатыр қанша ұлылық,

Осы сөзде таусылмайтын жылылық.

Әл-Фараби, Ыбырай мен Ақаңды

Осы сөз ғой қойған бізге ұлығып.

Ұстаз шебер қисықтарды жөндейтін,

Тентектерді ақылменен емдейтін,

Болса дағы малға кедей өмірде,

Бар байлығым-шәкірттерім сен дейтін!

Ойын: «10 сұрақ».

3-оқушы: Нұр құйған бөбектердің зердесіне,

Білімнің сусындадым теңізінен.

Шәкіртпін асыр салған жер төсінде,

Нәр алып ұстаздың әр лебізінен.

Жасарып жайсаң жаны жадырайды,

Алдынан түлеп ұшса балғын бөбек.

Хор: «Ғалым да, шахтер де бас иетін».

Ойын: «Сәйкестік».

4-оқушы: Ұстаз деген-ұстаз болып туғандар,

Ұлылықты ұлықтаған имандар.

Ұрпағының ертеңіне жол ашып,

Өмірінің өр шақтарын қуғандар.

Қимағандар, ұстаз емес, мұғалім,

Мұғалім боп, ұстаз болмау-күнә мың.

Қара тақта, ақ бор ғана қолданып,

Ұстатты ұстаз дүниенің құлағын.

1-оқушы: Хан бол, мейлің қара бол,

Дарын бол, мейлің, дара бол.

Өтетін бәрі алдынан,

Ұстаздар-бейне сара жол.

Ұстаздар-ұлттың тірегі,

Ұстаздар-мектеп жүрегі.

Ұрпаққа жетер ұстазбен,

Халықтың ұлы тілегі.

Аманат жүгін көтерген,

Ұстаздық оңай іс емес.

Шаршауын шәкірт өтеген,

Ұстаздар осал күш емес

«Ұстазым» деген-ұлы сөз,

Жүректің берген бағасы.

Мұғалім ұстаз бола алса,

Баланың көпқой данасы.

Ойын «заттарды табу»

4-оқушы: Құрметті ұстаздар, қисайғанды түзеп, солғанға нәр беріп, төзімділікпен еңбек етіп жүрген сіздерді мақтан тұтамыз! Сіздердің сенімдеріңізді ақтаймыз. Егеменді еліміздің азаты болуға уәде береміз.

5-оқушы:Ұлы ұстазым мәпелеп,

Білім бердін бойыма.

Ілтипатты қалпыңмен

Шуақ бердін ойыма.

1-оқушы:Гүл-көңілдің жазирасы, байтағы,

Жеңімпаздар гүл көтеріп қайтады.

Адамға адам ең әдемі тілегі

«Қадамыңа гүл бітсін» деп айтады.

Біз де сіздерге қадамдарыңызға гүл бітсін демекпіз.

Құрметті ұстаз қауымы! Сіздердің бала көңілдеріңіздер оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шәкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»...Иә, бұл мектеп мұғалімі-ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сәттілік тілейміз.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал