- Учителю
- Сыныптан тыс тәрбие сағаты 'Ел болашығы-білімді ұрпақ'.
Сыныптан тыс тәрбие сағаты 'Ел болашығы-білімді ұрпақ'.
Тақырып: Ел болашығы-білімді ұрпақ.
Мақсаты: Дарынды оқушыларды анықтау, олардың қабілетін ашу, алған білімдерін өмірде қолдана білу шеберліктерін арттыру. Оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру. Еркін сөлеу қабілеттерін ашу. Сергектік, зеректігін дамыту. Өзін-өзі тануға, сұраққа мәдени түрде жауап беруге, айналадағы ортамен қарым-қатынас жасауға, адамгершілікке, ана тілін сүйіп қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, қазақ тілі.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта,слайттар, қима қағаздар.
Кіріспе сөз.
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!-деп Мағжан ақын жырлағандай, құрметті ұстаздар мен оқушылар апталығымыздың бүгінгі күні 8-11 сынып оқушыларымен өткізілетін «Ел ертеңі - дарынды ұрпақ» атты тіл сайысымызға қош келдіңіздер!
- Сайысқа төрелік айту үшін қазылар алқасымен таныстырып өтейін. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері Балтабаева А.С.және сурет сабағының мұғалімі Сокова Е.Ю. Әр бөлімнен кейін қазылар алқасы , ұпайларың бағалап, түсінік беріп отырады.
- Ана тілі қазағымның қаймағы,
Тілің сенің өміріңнің айғағы.
Бүгін міне, тіл туралы сайысқа,
Әр сыныптың білгірлері шығады.
-Бүгінгі біздің сайысымыз 4 бөлімнен тұрады:
1-бөлім - БӘЙГЕ
2-бөлім - ЖОРҒА
3-бөлім - ДОДА
4-бөлім - ЗЕРДЕ
Бәйге.
Сұрақтарға жауап беру. Дұрыс жауапқа 1 ұпай.
-
М. Әуезовтың атақты романы.
-
Жатыс септігінің жалғауларын ата.
-
Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
-
Ыбырай Алтынсарин қай жылдары өмір сүрген?
-
"Ит өлген жер" фразиологизмінің мағынасы қандай?
-
«Ғылым таппай мақтанба,
-
Орын таппай баптанба » - деген өлең шумағын кім жазған?
-
Белгісіздік есімдігі қандай сөздерден жасалады?
-
"Үш арыс " кімдер?
-
Бір жылда неше ай бар?
-
Қазақ тілінде неше септік бар?
-
Төбе шашы тік тұру - тұрақты сөз тіркесінің мағынасы қандай?
2-оқушы
-
ҚР-ның валютасы?
-
ҚР-ның Ата Заңы күні ?
-
Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспабы.
-
Алыс сөзінің антонимі
-
Жалғаудың неше түрі бар?
-
Қазақтың тұңғыш ғарышкері
-
Мұғалім сөзінің синонимі
-
Сілесі қату -тұрақты сөз тіркесінің мағынасы қандай.
-
Жиі-сөзінің антонимін ата
-
Жазушы Мұқановтың есімі кім?
-
Алғаш рет мектеп ашқан кім?
-
Қазақтың батыр қыздары кім?
-
Қазақтың үш биін ата.
-
Фонетика нені зерттейді?
-
Қазақстанда алғаш ғарышқа ұшқан кім?
-
Атақты, алғашқы күрес шебері?
-
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні?
-
Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақтың батыр қыздары кімдер?
*Атақты суретші кім
3-оқушы Күй атасы кім?
-
«Бөбек» қорының президенті кім?
-
Қазақ тілінде неше дыбыс бар?
-
Қос сөздер нешеге бөлінеді?
-
Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар.
-
Есімдік неше түрге бөлінеді.
-
Етістіктің райларын ата.
-
Есімшенің неше түрі бар.
-
Үш жұртты ата.
-
Абайдың әжесі кім?
-
Шоқан Уәлихановтың шын аты.
-
Абай Құнанбаев кім?
-
Айша Биби кесенесі қай қалада?
4-оқушы.
-
Әбілхан Қастеевтың суреттерін ата.
-
Тұрлаулы мүшелерді ата.
-
Асан Қайғы қай ғасырда өмір сүрген?
-
"Соғым басына" шақыру деген не?
-
Абылай ханның шын аты кім?
-
Заттың атын білдіретін сөз табы.
-
Еліміздің бас қаласы қай қала?
-
ҚР Конституциясы қанша бөлім, қанша баптан тұрады?
-
Қазақ хандығының негізін қалаған хандарды ата.
-
Тәуке ханның заңдар жинағы
-
Жыл басынан құр қалған жануар?
-
Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы
-
Астана қаласының бас символы
-
Қазақ өлкесінде тұңғыш мектеп ашқан
Таңдалған ұяшық бойынша сұрақтар
-
ЖОРҒА . Дұрыс жауапқа 50- ұпай
-
Жұмбақ
Тіл жоқ өзінде,
Сөзі бар ізінде. (қалам, ручка, реn)
-
Жұмбақ
Көкке шаншып құйрығын,
Келеді шауып жүйрігім. (жылқы- лошадь- horse)
-
Жұмбақ
Тастан тасқа секірген,
Ұзын салпаң құлақты
Қойдан маза кетірген. (ешкі- коза- goat)
-
Жұмбақ
Қабат-қабат қапталған,
Асыл сөзбен апталған,
Парағы бар сөйлейтін,
Ол қазына өлмейтін. (кітап, книга, book)
-
Жұмбақ
Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар. (сиыр- корова - cow)
-
Жұмбақ
Үй үстінде алтын тас,
Алайын десем табылмас. (жұлдыз, звезда, star)
-
Жұмбақ Аласа ғана бойы бар,
айналдырып киген тоны бар. (қой- баран- sheep)
-
Жұмбақ
Бір нәрсе жоғарыда от жағып тұр,
Дабылдап дабылын ол қағып тұр.
От жағып, дабыл қағып тұрғанында,
Сабалап төмен қарай су ағып тұр. (жаңбыр, дождь, rain)
ДОДА .
Мақал-мәтел сайысы
Берілген мақалдағы жасырын сөзді тауып, мақалды жалғастыру. Дұрыс жауапқа 10 ұпай
1-оқушы
*Тіл - адам ойының … (айнасы)
-
Аңдамай сөйлеген … (ауырмай өледі)
-
Ойнап сөйлесең де… (ойлап сөйле)
-
Тисе терекке, тимесе … (бұтаққа)
-
Айтылған сөз, … (атылған) оқпен тең
-
Бал тамған тілден … (у) тамар
-
Көп сөз - … (бос сөз)
-
Көп сөз - күміс, аз сөз - … (алтын)
-
Жасыңда қылжаң болсаң, өскенде …(мылжың) боласың.
-
Таза сөйлеу - биік … (мәдениеттілік)
2-оқушы
* Жолдасы жақсы жолды болар, (жолдасы жаман қолды болар).
-
Ұсталы ел озар, (ұстасыз ел тозар).
-
Дос жылатып айтаты (Дұшпан күлдіріп айтады).
-
Ерлік білекте емес, (жүректе).
-
Талапты ерге (нұр жауар).
-
Ақылды қария - (ағып жатқан дария)
-
Досы көпті жау алмайды, (Ақылы көпті дау алмайды). Жолдасы жақсы жолды болар, (жолдасы жаман қолды болар).
-
Ұсталы ел озар, (ұстасыз ел тозар).
-
Дос жылатып айтаты (Дұшпан күлдіріп айтады).
-
Ерлік білекте емес, (жүректе).
3-оқушы
-
Талапты ерге (нұр жауар).
-
Ақылды қария - (ағып жатқан дария)
-
Досы көпті жау алмайды, (Ақылы көпті дау алмайды).
-
Жігіт бір сырлы. (Сегіз қырлы болсын).
-
Туған жердей жер болмас (Туған елдей ел болмас)
-
Ел үмітін (ер ақтар).
-
Жігіт бір сырлы. (Сегіз қырлы болсын).
-
Туған жердей жер болмас (Туған елдей ел болмас)
-
Ел үмітін (ер ақтар)
-
Тіл тас жарады, тас жармаса…( бас жарады).
4-оқушы
-
Сөз тапқанға … (қолқа жоқ)
-
Дос жылатып айтады … (дұшпан күлдіріп айтады)
-
Шебердің қолы ортақ … (шешеннің сөзі ортақ)
-
Білекті бірді жығады … (білімді мыңды жығады)
-
Туған жердің күні де ыстық … (түні де ыстық)
-
Адам жерге нәр береді … (жер адамға нан береді)
-
Жалғыз адам орман емес … (жалғыз кірпіш қорған емес)
-
Батыр туса ел ырысы … (жаңбыр жауаса жер ырысы)
-
Бірлігі жоқ ел тозады … (бірлігі күшті ел озады)
-
Ауылдан асқан байлық жоқ
ЗЕРДЕ
Сөзден сөз шығару. Әрбір сөзге 1 ұпай
Қазақстан
Қызылорда
Көкшетау
Қорытынды
Mұхтар Әуезов «Темір тозады, ұрпақ озады. Дүниеде өлмейтін сөз ғана, халқымызбен бірге жасап келе жатқан асыл мұра сөзімізді арзандатып алмайық!» - деген екен. Қазақ тілімізді жете білу арқылы ғана біз өз халқымызды әлемге таныта аламыз. Ұлттық мінез, ұлттық намыс танытайық, құрметті оқушылар! Тіліміздің жұлдызын биіктетейік!