7


  • Учителю
  • Вне классная работа на тему 'Сөзмерген' тіл танымдық ойыны

Вне классная работа на тему 'Сөзмерген' тіл танымдық ойыны

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Сөзмерген» тіл танымдық ойыны

Мақсаты :

а) Білім алушыларға туған тіліміздің қыр-сырын меңгерту, жас ұрпаққа ана тіліміздің қадір-қасиетін дарыту, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру; ә) Ойын нақты жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға үйрету. Тіл байлығын, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
б) Ана тілге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, тілді құрметтеуге, қадірлеуге, ұлттық қасиеттерді сіңіре отырып, имандылыққа, мейірімділікке, елін-жерін, Отанын сүйетін патриот тұлға тәрбиелеу. Ұлағатты сөздерден үлгі-өнеге алуға баулу.
Негізгі идеялар: Әр топтан ойынға белсенді білім алушылар қатысып, ана тіліміздің мәртебесін көтеру мақсатында әр тапсырманы кезең-кезеңімен нақты орындап, өз білімдерін көрсетеді.
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, «Қазақтың мақал-мәтелдері» М.Рахметова,
жұмбақтар, жаңылтпаштар жинағы.

Жүргізуші:
- Армысыздар, бүгінгі «Сөзмерген» сайысына қатысушылар! Студенттер! Оқытушылар! Әділ-қазылар алқасы!


Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың...

Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың! - деп ақын ағамыз Мағжан Жұмабаев

жырлағандай Тәуелсіздігіміздің арқасында қазақ тілі -мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болды!

Ана тілім, дана тілім бақытым

Қазақ тілін білу менің парызым.

Тілім менің ұмытылмас тірлігім,

Кім біледі тіліміздің тағдырын.

Тілім саған арналады бар күнім

Сен арқылы таси түсті шаттығым.

Қазақ тілін білмесең сен егер де,

Онда сенің қазақ тілге жоқтығың,- дегендей «Текелі кәсіптік колледжі» студенттерінің арасында өткелі отырған «Сөзмерген» тіл танымдық ойынын назарларыңызға ұсынамыз!


Ақталған ақ арманы, үміттері,

Қашан көрсең жүреді күліп тегі.

Қаумалаған ағайын, аманбысың,

Аманбысың сайыстың үміткері - дей отырып, ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз!

1. Жұртыбаев Данияр, ТП-20 тобының 2 курс студенті

2. Сабырова Балқыз, ТБ-28 тобының 1 курс студенті

3. Қалимолда Нұржан, ПО-17 тобының 2 курс студенті

4. Несибжанова Дамиля, ТБ-28 тобының 1 курс студенті

5. Керимжанов Нұрбек, ТБ-28 тобының 1 курс студенті

6. Кабитаева Гулима, ТБ-28 тобының 1 курс студенті

Шын жүйрік шабысымен танылады,

Нақты білім, терең ой сыналады.

Баға берер әділқазы ортамызда,

Сіздерге құрметпен қол соғылады -дей келе, әділқазылар алқасын таныстырып өтейін.

1. Ерманова Меруерт Болысбековна, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

2. Свинарева Нина Васильевна, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

3. Ботантаева Самал Сарсенбаевна, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы, әдіскер


Жақсылық адамдардың тілегі екен,

Тілейтін жақсылықты жүрегі екен.

Дәстүрі қазағымның сарқылмаған,

Шарттарын сайыскерлер біле ме екен?- дей келе сайысымыздың жобасымен таныстырып өтейін.

І кезең. «Мықты болсаң, тауып көр». Тұрақты сөз тіркестерін тауып, мағынасын ашу.
ІІ кезең. «Жүйрік болсаң, шауып көр». Мақал- мәтелдердер құрастыру.
ІІІ кезең. «Ойлы болсаң, озып көр». Көнерген сөздердің мағынасын ашу.
ІҮ кезең. «Тапқыр болсаң, шешіп көр». Жұмбақтар шешу.
Әр дұрыс жауап 10 ұпай болып есептеледі.


І кезең «Мықты болсаң, тауып көр». Тұрақты сөз тіркестеріне мықты екендеріңізді байқаймыз. Кестедегі сөздерді байланыстыра отырып, тұрақты сөз тіркестерін табу, мағыналарын ашу.

Су


бауыр


«Тас бауыр» - мейірімсіз

Тас

Жел

Өкпе

1.


Су


жүрек


«Су жүрек» - қорқақ

Тас

Жел

Өкпе


2.


Малға таңба


басқандай


«Тайға таңба басқандай» - анық

Киізге ою

Тайға таңба

Жүнді түтіп

3.

Аттың


жүгіндей

«Қыздың жиған жүгіндей» - әсем, көрікті

Малға

Сандықтың

Қыздың

4.


Ат


салмады

«Ат ізін салмады» - келмей кетті

Есікті

Көрпе

Киіз


5.


Күні


туды

«Айы оңынан туды» - жолы болды.

Айы

Жолы

Қолы

6.

Мал

қаптады

«Ит терісін басына қаптады» - ұрысты, балағаттады

Ат

Мысық

Ит

7.

Көзінен

шықты

«Бетінен оты шықты» - ұялды

Аузынан

Бетінен

Жүзінен

8.



тебу

темір үзеді

«Тепсе темір үзеді» - қайратты, күшті

ұру

соғу

қағу

9.


Қамал

тікті

«Отау тікті» - үйленді


Бекініс

Отау

Қала

10.


ІІ кезең «Жүйрік болсаң, шауып көр». «Мақал - сөздің мәйегі. Мақал-мәтелдерде халықтың ой-санасы, дүниеге көзқарасы, ақыл-өнегесі мол көрініс тапқан. Халық терең ойды аядай қалыпқа сиғызып, шебер беруге тырысқан.
Кестедегі сөздерден мақал құрастыру.


Жұрт

бесік

«Ел іші- алтын бесік»

Ел

Халық

Отан

1.

2.

Еркіндігі


тозар


«Бірлігі жоқ ел тозар»

Бірлігі

Татулығы

Елдігі

Көп


болар

«Көп түкірсе көл болар»

Аз

Уыс

Мол

3.

Жұрт


елу

«Ел құлағы - елу»

Ел

Халық

Отан

4.


Көз


өткір

«Тіл қылыштан да өткір»

Құлақ

Тіл

Бас

5.


Көзге

тілден

«Басқа бәле- тілден»

Құлаққа

Тілге

Басқа


6.

Сөзге


семірер

«Жақсы сөзге жан семірер»

Өлеңге

Мәтінге

Әнге

7.


Парасатты


жауар

«Талаптыға нұр жауар»


Талапты

Білімді

Ақылды

8.


Өнер

қанаты

«Өнер - ердің қанаты»


Білім

Оқу

Еңбек


9.


ІІІ кезең «Ойлы болсаң, озып көр!». Тілімізде көнерген сөздер өте көп. Сол сөздердің мағынасын ашамыз, сол сөздерді бүгінгі өмірде қолдансақ, пайдалансақ - нұр үстіне нұр болар еді.
1. Мал қора
2. Үй
3. Құрал лашық
4. Ауыл
1. Лашық - адамдар тұратын баспана үй
1. Дәрігер
2. Мұғалім
3. Ауыл басы қоқшы
4. Етікші
2. Қоқшы - ауыл басы.
1. Ағаш жонатын
2. Тоқыма ағашы
3. Алаша тоқитын сабау
4. Жүнге арналған
3. Сабау - жүнге арналған шыбық ағаш
1. Мадақтайтын
2. Кемсітетін
3. Алдайтын бұрт
4. Келісетін
4. Бұрт- қырғыздарды кемсітетін атау
1. Ойын түрі
2. Ауыл іші орда
3. Кітаптар
4. Киімдер
5. Орда - асық ойынының бір түрі
1. Өтірік
2. Үлгі
3. Мазақтау ғибрат
4. Өсек
6. Ғибрат - үлгі, өнеге
1. Садақ
2. Айбалта
3. Найза қорамсақ
4. Семсер
7. Қорамсақ - садақтың жебесі
1. Анаға
2. Әкеге
3. Әжеге Ит көйлек
4. Балаға
8. Иткөйлек - жаңа туылған баланың көйлегі.
ІҮ кезең «Тапқыр болсаң, тауып көр». Сұрақтарға жауап беру

1. М.Әуезовтың қандай пьесасы алғаш Әйгерімнің отауында қойылды?
(«Еңлік - Кебек»)
2. Айша-бибі мавзолейі қай жерде? (Таразда)
3. Қазақ халқын дүниежүзіне танытқан шығарма қандай?
(М. Әуезовтың «Абай жолы» роман эпопеясы)
4. Бір топ аттылар тартыспағын қазақта қалай атайды? (Көкпар)
5. Б.э.д. VI ғасырда өмip сүрген сақтардың патшайымын атаңыздар?
(Томирис) 6. Қазақтын атақты бишісi кім? (Шара Жиенқұлова)

7. Қазақта топ аттылар жарысын не деп атайды? (Бәйге)
8. Қазақтар қандай дала өсімдігін отанның символы деп есептейді? (Жусан)
9. «Бес қатер» деген не? (От, жау, борыш, ауру, сөз)
10. Б. Майлиннің әйел бостандығы тақырыбына арналған әнгімесі?
(Шұғаның белгісі)
Кіршіксіз қардай сақтаңдар
Ана тілін, жамағат!
Шұбарлама тіліңді,
Аманат саған, аманат!
Бабаларымыз қалдырған асыл мұрамызды мына жаһандану заманында жадымызда ұстап қайта жаңғыртайық. Тәуелсіздігімізді баянды етер басты қаруымыз - тілімізді шұбарламай, көзіміздің қарашығындай сақтай білу - бүгінгі біздің парызымыз.

Әділқазылар алқасы сайысымыздың қорытындысын шығарғанша әнге кезек берейік.
«Жүзден-жүйрік, мыңнан-тұлпар» шыққан, сөзге жүйрік, тілге шешендігімен көзге түскен студенттерді марапаттау рәсімін әділқазылар алқасына ұсынамыз.



Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы: Мукашева Б.А.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал